Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетін зерттеуші | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №39 (277) сентябрь 2019 г.

Дата публикации: 27.09.2019

Статья просмотрена: 822 раза

Библиографическое описание:

Кыяхметова, Ш. А. Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетін зерттеуші / Ш. А. Кыяхметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 39 (277). — С. 285-287. — URL: https://moluch.ru/archive/277/62654/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада Ілиястың алғашқы қазақ әдебиетін зерттеуші екендігі дәйектеледі және қазақ әдебиеттану тарихындағы орны белгіленеді.

Кілт сөздер: қазақ әдебиеті, зерттеуші, әдеби сын, текстология.

В статье подтверждается, что Ильяс является первым исследователем казахской литературы и в истории казахского литературоведения.

Ключевые слова: казахская литература, исследователь, литературная критика, текстология.

Әдебиет зерттеушісі Ілияс Жансүгіровтің Құл ақын, Қабан жырау, Бақтыбай, Сүйінбай, Абай, Шал ақын, Шортанбай, Албан Асан және т. б. ақындардың ел аузында жүрген әңгіме — жырларын жинақтап жариялауы, оған алғы сөз жазуы қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуына ықпал етті.

Белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев Ілиястың әдеби мұраларға сіңірген орасан еңбегі жайлы былай дейді: «Ұмытпасам, 1933 жыл болса керек. Ілияс өзі жинаған бірқатар ауыз әдебиеті нұсқаларын: Бөгенбай батыр жырын, Сүйінбай, Албан Асан, Бөлтірік ақындардың шығармаларын маған оқуға берді. Тағы сол жылдың жазында екеуміз көшеде кездесе қалып, біраз уақыт әңгімелестік. Ілияс ол кезде Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Мен оған таяуда Мәскеуге оқуға кеткелі жүргенімді айттым. Ол бұған қуанышты екенін білдірді. Ілекең адамды қадірлеп, қолынан келгенше қамқор болуға икемді еді».

Ілияс Албан Асан ақынның «Ақыр заман» деп аталатын кітабын 1934 жылы алғы сөзін өзі жазып жарыққа шығарды. Ақын Албан Асанның жыр-толғауларын барынша жан-жақты талдай келіп: «Асанның өзінің кім екенін қоя тұрып, сөзін алғанда — Асан төңкерістің алдындағы заманға кезіккен ру, тектік қалыптағы ескі ауылдың тілі болған, өзінің айтуынша «ақыр заман» ақыны. Мұның жазған өлеңінің басынан аяғына шейін түңілу, торығу, сары уайым. Асан сөзінше, баяғы елдің өзбек заманы «кең заман», «еркін заман», өзбектен кейінгі орыс патшасының қол астына қарағаннан бастап тар заман туып, зар заман басталды. Сондықтан Асан өлеңінің басында аяғында бір сыдырғы ізде отыратын уайымшыл жыраудың күні өткен, үміті біткен ақынның сарыны болып шығады. Бұл екінші Асан Қайғы», — деп толғаса, құрастырушы өте әділ, ақ сөз айтқан деп білеміз.

Ақыр заман. Алматы, 1933ж.

1929 жылы Iлияс «Еңбекшi қазақ» газетiнің онжылдық мерекесiн өткiзуге Семей қаласына барады. Абай жөнiнде жазылған шығармалармен танысады. Біреулер оған «Қуанышбай» өлеңiнің қолжазбасын тауып береді. Өлеңде Құнанбай әулетінің дәулетi, байлығы сипатталған екен. Iлияс 1933 жылы шыққан Абай кiтабына жазған алғысөзiнде сол фактiлердi пайдаланған. Қуанышбайдың «Малы жүр Құнекемнiң жерге сыймай» дегенін сол қалпында көрсетеді. Қуанышбай өлеңі ескi арап әрпiмен жазылғандықтан өлеңдi жаңа емлеге көшiрiп берудi Семей облыстық «Жаңа ауыл» газетiнің қызметкері Сәду Машақовқа тапсырады. Осы газеттiң әдеби қызметкерi Ибади Матаков Абайдың қолжазбасы бар екенiн, оның әкесi Шәймерденнiң сандығында сақтаулы екенiн Iлиясқа айтады. Iлияс сол қолжазбаны алу үшiн Жаңа Семейдегi Ибадидің әкесінің үйiне барып, Абайды көрген Шәймерден қартпен әңгiмелесіп, Абайдың өз қолымен бiреуге жазған хатын және басқа да көп мағлұмат алады.

Әдебиет зерттеушісі ретінде 1933 жылы М.Әуезов құрастырған Абайдың толық жинағына алпыс сегіз беттік алғы сөз жазып, абайтану ғылымының негізін салуға өзіндік үлесін қосты.

Абай Құнанбайұлы 1933ж.

Сүйінбай Аронұлы- XIX ғасырда Жетісу өлкесінің тарихында өзіндік өшпес із қалдырған белгілі қоғам қайраткері және өз елінің, жерінің қамын ойлаған ірі тұлғаның бірі «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» (М.Әуезов).

I. Жансүгіров 1935 жылы Сүйінбайдың толғаулары мен айтыстарын жинақтап, «Сүйінбай ақын» жинағын шығарады (Ф.Ғабитовамен бірге).

Сүйінбай ақын. Алматы, 1935 ж.

Ілияс жинақтың алғы сөзінде: «Сыпатайдың асында Сүйінбай мен Майлықожа айтысты дей келіп, ұлы ақын Сүйінбайға баға береді. «Сүйінбай — өлеңді кәсіп еткен, ұлы дүбірде жарысқа түскен, өлеңді ойдан желше соқтыра беретін жезтаңдай ақын. Сүйінбай шұбыртып жырласа, төгіп жібереді, сипалап кетеді», — деп ғылыми талдау жасаған. Халқымыздың салт-дәстүрінен мол мәліметтер бере келе, Сыпатай батырға берілген сол кездегі ұлан-асыр асты да жан-жақты сөз ете келіп: «Ұлы жүздегі Ботпай Сыпатай батырға ас берілгені бұдан 70–80 жыл шамасы бұрын. Ел кәрілерінің айтуынша бұл батырдың асы үш жүзге сауын айтқан ұлы дүбір астың бірі болған. Астың бас бәйгесіне жүз атан, жүз құндыз, жүз жамбы — күміс тігілген. Үш мың ат айдалып, бас бәйгені Шапырашты руынан Сұраншы батырдың Ақ тұяғы алған екен», — деп жазады.

Ілиястың құрастыруымен шыққан жинақтың негізінде Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов 1940 жылдан бастап Сүйінбай шығармашылығын оқыту үшін орта мектептің оқу бағдарламасына енгізген.

1975 жылы «Жазушы» баспасы «Ақиық» атты ақынның жинағын шығарды. Бұл жинақ 1990 жылы тағы басылды. І.Жансүгіров құрастырып, шығарған Сүйінбай жинағы мен осы жинақтарды салыстырып қарағанда, біраз өзгешеліктердің бар екендігін байқадық.

Құл ақын Жетiсу өлкесiнде, бұрынғы Талдықорған облысының Бөрлiтөбе ауданына қарасты Шұбартүбек ауылында 1844 жылы дүниеге келген. Әкeсi Назар Мамырханұлы — ағаш шеберi болған. Елiне қажеттi ертұрман, қазақ үйдің ағаш сайман-жабдықтарын жасаған екен.

«Құлдың мінезі, іс-әрекеті, жүріс-тұрысы өзгеге ұқсамаған. Ол мал жинамаған, дін қуып сопы да болмаған. Сөзқуып, белгілі шешен де атанбаған. Ел ақтаған дуана, жұрт мақтаған болыс та болмаған. Ақынды көргендер оны «сері» дейді екен. Ілияс Құлдың бұл мінезін «ел ішіндегі салдар өмірінің сарқыншағы» десе, ақынның өзін «салдықтың сарқыны» деп бағалаған. Оны Арқадағы салдармен салыстырған. Кемшілігін айтқан. Бірақ, соған қарамастан, Ілияс Құлақынның ел аузында қалған өлең-жырларын жазып алып отырған. Ақынның мұрағатында Құлдың 40-тан астам мұрасы сақтаулы. Солардың ішінде: Құлдың «Құманға», «Ораз бен Есімтөреге», «Жақанбайға», «Тұманбайға», «Маманға» елдегі басқа да адамдарға айтқан арнауы және әртүрлі тақырыптағы толғаулары бар.

Ілияс Жансүгіров Құлақынның ауызша тараған өлең, жыр, толғауларын, ол жайындағы аңыз-әңгімелердіел аузынан жинап, 1934 жылы Қызылорда қаласында «Құл» жинағын жеке кітап етіп шығарды.

Описание: 4-77-1

Құл. Алматы, 1934 ж.

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін жинап, жариялау, зерттеуде кейінгі ұрпаққа аталық сөз қалдырды. Олай болса, оның мұрасын аялау, халқымыздың сөз байлығын жинаудағы оның алатын орнын ғылыми еңбектерде ескеріп отыру — әрбір әдебиетшінің, мәдениетті ұрпақтың азаматтық парызы, ғалымдық борышы болуға тиісті.

Әдебиет:

  1. Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы. 3-том. — Алматы: Қазығұрт, 2007. — 403 б.
  2. Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы. 8-том. — Алматы: Қазығұрт, 2007. — 414 б.
  3. Ғабитова Ф. Өртеңде өнген гүл. — Алматы: Ғылым, 1992.
  4. Кыяхметова Ш. Ілияс Жансүгіровтің рухани әлемі. — Талдықорған, 2016. — 200 б.
  5. Жансүгіров С. // Жас қазақ. — 2007. — 27 шілде.
Основные термины (генерируются автоматически): Алматы, Асана, казахская литература.

Ключевые слова

текстология, қазақ әдебиеті, зерттеуші, әдеби сын

Похожие статьи

Тарихи географияның өзекті мәселелері

Берілген мақалада тарихи географияның өзекті мәселелері қарастырылады.

Медициналық қызметкерлердегі кәсіби стрестің негіздері

Бұл әдеби шолуда кәсіби стресстің медицина қызметкерлерінің негізгі денсаулығына әсері жайлы әлемдік мәліметер келтірілген. PubMed, Springer мен Google-Академия базалары қолданылып, әдеби шолу жасалыңды.

Қазақстанның Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалар мен олардың тиімділігі

Мақалада автор қазіргі кедегі ең өзекті мәселелердің бірі ретәнде әлеуметтік кәсіпркерліктің экономикадағы алатын орнын анықтауға тырысты.

Райымжан Мәрсековтың өмірі мен шығармашылығы

Мақалада Қазастан Республикасының XX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихына үлес қосқан ұлы тұлға заңгер Райымжан Мәрсеков туралы деректер берілген.

Қазақы жылқылардың ет және сүт өнімділігі

Шығыс Қазақстан облысы «Шөптіқақ» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, 12-айлық жылқылардың ет және сүт өнімділігінің көрсеткіштері мақалада келтірілген.

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы

Мақалада саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы талданады.

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Задать вопрос