«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №48 (286) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 03.12.2019

Статья просмотрена: 1291 раз

Библиографическое описание:

Сансызбаева, К. З. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру / К. З. Сансызбаева, А. К. Айпеисова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 48 (286). — С. 497-500. — URL: https://moluch.ru/archive/286/64600/ (дата обращения: 18.12.2024).



Статья посвящена формированию и развитию гражданско-патриотического воспитания на основе национальной идеи «Мәңгілік ел». В статье подчеркивается, что идея «Мәңгілік ел» должна способствовать развитию патриотических ценностей личности и формированию Казахстанского патриотизма.

Ключевые слова: патриотизм, гражданско-патриотическое воспитание, национальная идея, Казахстан.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізіп, дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретін тұғырлы идея. «Мәңгілік ел» — жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы», — дейді Елбасы. Мұндағы «ұлттық» ұғым түсінігі барша Қазақстан халқын қамтыған мағына білдірсе, «Мәңгілік ел» идеясы мемлекет құраушы халықтың сан ғасырлық құндылығын ұлықтауын, көпұлтты, межесі мен мәресін айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың қойнауында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен сынақтардан шыңдалумен бүгінге жеткен бабалар арманы қаланды. Қазақстанда елдікті нығайтып, тәуелсіздікті баянды ету үшін Елбасы «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» бағдарламасының 85-қадамы «Мәңгілік ел» идеясына арналды. Қазіргі кезде республикамыздың егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында», «Бала құқығы туралы декларацияда» және үкімет құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басылым беттерінде айқын аңғарылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында тәрбие жүйесін жетілдіруге байланысты «қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. ХХІ жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениетті өзара кіріктіре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделіп отыр. Қазіргі қоғамдық-әлеуметтік жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру басты міндет болып саналады. Ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор — бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел. Патриоттыққа тәрбиелеу — күрделі педагогикалық үрдіс. Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес. Патриоттық тәрбиені қалыптастыру процесінің өз идиологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені даусыз. Ал оларды тәрбие беру құралына айналдыру елтану бағытында жасалған оңды шара. Мысалы, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар. Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Тәлімдік ой пікірмен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың педагогикалық тұжырымдары өміршеңдігімен құнды.

Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм, елжандылық проблемаларына көптеген тарихшылар мен философтар (М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, А.Қалмырзаев, А.Ахметова, К.Меңлібаев және т. б.) филолог жазушылар (М.Әуезов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Ә.Нұршайықов және т. б.) аса назар аударған. Педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің бірқатар салалары, атап айтсақ, оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру (К. К. Жампеисова, Ю. Г. Наумова, Е. З. Батталханов), жас жеткіншектерді революциялық ерлік және еңбек дәстүрі рухында тәрбиелеу (К.Құнантаева, Ә.Жұмақанов, Ш.Әміралиев, С.Ешімханов, Д.Құсайынова және т. б.), оқушылардың адамгершілік-құқықтық (А. А. Калюжный, В. В. Трифонов, Л. К. Керімов және т. б.) азаматтық (С. Б. Омарова, Ж.Мақатова) тәрбиесін жүзеге асыру болашақ мамандардың патриотизмін қалыптастыру (А.Қ.Қалимолдаева) сияқты салалары зерттелген. Қазақ халық педагогикасын патриоттық тәрбие беру мақсатында пайдалануға байланысты орындалған жұмыстардан С.Иманбаеваның (ұлттық жауынгерлік дәстүрлер арқылы оқушыларды ерлікке тәрбиелеу), Л.Бейсембаеваның (қазақ ерлік эпосы арқылы жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу) зерттеулерін, Қ.Б.Жарықбаевтың (Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда педагогикалық ойлардың дамуы), С.Қалиевтың (Қазақ халық педагогикасында тәрбие мен білім берудің ғылыми-педагогикалық негіздері), С.Ұзақбаеваның, Р.Төлеубекованың, К.Қожахметованың, Р.Дүйсембінованың патриоттық тәрбиені ішінара қарастыратын зерттеулерін, Ә.Табылдиевтің (қазақ ерлік эпосын оқыту әдістемесі) атты зерттеуін атауға болады [1;45].

Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақталу, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтық батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Егер, бала жас кезінен ұлттық жырларымыздың сұлулығын сезініп, мазмұнындағы адами құндылықтарды бағалай білсе, оның өз Отанына, халқына, төл өнеріне сүйіспеншілігі артатыны сөзсіз. Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі — ертегілер. Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өз заманының адамдарына да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген. Философиялық сөздікте «патриотизм (грекше patris — отан) — адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны — Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс. Патриотизм — адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Туған жерге, тілге, салт дәстүрлерге адал болып, олардан қол үзбеу түрінде патриотизмнің тарихи элементтері көне заманда-ақ қалыптаса бастаған» — деп тұжырымдайды [2;80]. Патриотизм — жеке тұлғаның «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Патриотизм- отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриоизм грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Б.Момышұлы: «Патриотизм — Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасты білдіреді» — деп патриотизм ұғымына анықтама берген болатын [3; 95]. Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік- қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, қамқорлықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап-қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады. Қазақ совет энциклопедиясында “Патриотизм дегеніміз (грек patrіotes-отандас, patrіo-отан туған жер) отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш пен қуаты білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет- ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизим элементтері ерте заманнан қалыптаса бастады”- деп атап көрсетеді. Ал, қазақ ұлттық энциклопедиясында: «Патриотизм — Отаншылдық, отансүйгіштік, адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», — деп анықтама берілген [4; 95]. Патриоттық тәрбие — жастармен жүріп жатқан қазіргі жұмыстардың басым бағыттарының бірі. Қазақстан қоғамында патриоттық тәрбие деген ұғым — Отанға деген, өзінің халқына деген махаббат, адалдық, азаматтық және қоғам игілігі үшін қызмет ету деген сияқты түсініктер ретінде қалыптасқан. Патриотизм — азаматтардың ұлттық санасының жалпы және ажырамас бөлігі ретінде қоғамның рухани-адамгершілік тұрғыдан жаңғыртуы. Сонымен, патриотизм — кешенді рухани және әлеуметтік феномен, оған өз еліне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, өзінің күші мен қоғамның күштеріне деген сенім кіреді. Патриотизм сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адам бойына дарыта білу керек. Бұл — күрделі, көп жоспарлы процесс. Оған тарихи сананы, яғни елдің батырлық және қайғылы оқиғаларын сараптап, елдің тарихына, мемлекеттік рәміздеріне, заңдарына, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау кіреді. Бұл процесс отбасы тәрбиесіне, күнделікті қолданылып жүрген дәстүрлерге, еліміздегі өмірдің деңгейі мен сапасына, әлеуметтік бағдарламалармен қанағаттандырылғандыққа, яғни адамның өз елін мақтан тұтуына мүмкіндік беретін барлық факторларға едәуір дәрежеде байланысты болады. ХХІ ғасыр жаһандану үрдісі бүкіл әлем халықтарын біріктіру арқылы өркениеттілікті сақтап қалу барысында бар күш-жігерін жұмсап отырған тұста патриотизм ұғымы кең тұрғыда тек Отан емес, әлемдік тұрғыда қарастырылуды қазіргі қоғамдағы және әлемдегі даму үрдісі талап етеді. Бүгінгі жаһандану үрдісінде, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсау, яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан қарастырылады. Сондай-ақ, патриотизм ұғымын жан-жақты талдау «елжандылық» ұғымын анықтау оны «ұлтжандылық» ұғымымен салыстыра қарастыруды қажет етеді.

Оқушылардың бойында азаматтық — патриоттық сана — сезім, іс -әрекет адам бойына өздігінен қалыптасатын қасиет емес екендігін, оның өзі білім мен тәрбие барысында Отанды ұлағаттау, халықтың төлтума мәдени — рухани әлеміне терең бойлау арқылы қалыптасатынын теория мен тәжірибе дәлелдеп келеді.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында патриоттық тәрбие берудегі жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде тәрбие маңызы ерекше. Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға — бала екендігін ұмытпауымыз қажет.

Әдебиеттер:

  1. Қалыбекова Г. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі. Ұлт тағылымы, № 4, 2010, 76–78б.
  2. Философиялық сөздік. Ред. кол: Р. Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов және т. б. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы 1996, 80 б.
  3. Момышұлы Б. Совет баблаларын патриотизмге тәрбиелеу. — Алматы 1989, 95 б.
  4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Алматы. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 2001, 95 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, патриотизм, гражданско-патриотическое воспитание, национальная идея.


Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың маңызды ролі

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізуде әр түрлі әдістерді қолдану мәселелері

Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіндегі дуалдық оқытуды енгізу эксперименттері мен нәтижелері

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың маңызды ролі

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізуде әр түрлі әдістерді қолдану мәселелері

Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіндегі дуалдық оқытуды енгізу эксперименттері мен нәтижелері

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Задать вопрос