Алматы қаласының экологиялық жағдайын бағалау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №6 (296) февраль 2020 г.

Дата публикации: 10.02.2020

Статья просмотрена: 8951 раз

Библиографическое описание:

Акшораева, Г. О. Алматы қаласының экологиялық жағдайын бағалау / Г. О. Акшораева, А. С. Мадибеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 6 (296). — С. 318-322. — URL: https://moluch.ru/archive/296/67222/ (дата обращения: 19.12.2024).

Алматы экологиясын қарастырған кезде ең басты мәселе атмосфералық ауаның ластануы болып табылады. Өкінішке орай, Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болып сипатталады. Экологиялық ақпараттармен қалыптасқан талдауда ірі мегаполистің жылуэнергетикалық өнеркәсіп жүйесінің нысандарынан, автокөліктен лас заттардың шығарындылары әсерінен елеулі мәселе туындап отырғаны көрсетіліп тұр.

Алматы қаласында ауаның, жауын-шашынның және топырақтың ауыр металдармен ластануы негізгі экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Олай болса атмосфералық ауаның, топырақтың, жауын-шашынның құрамына талдау жасап, бөлінетін зиянды заттардың қоршаған ортаға әсері жан-жақты зерттеліп, ластауды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Алматы облысы станцияларындағы жалпы ластағыш заттардың 2002–2009 жылдардағы жауын-шашын құрамындағы мөлшерін және Алматы қаласы бойынша ауа құрамындағы ластаушы заттардың концентрациясы қарастырылды.

Түйін сөздер: ауа, атмосфералық жауын-шашын, ауыр металдар, аниондар, катиондар, ластаушы заттар.

При рассмотрении экологии Алматы главным вопросом является загрязнение атмосферного воздуха. К сожалению, уровень загрязнения атмосферного воздуха в городе Алматы характеризуется высоким. Анализ, сформированный с экологической информацией, показывает, что у крупного мегаполиса возникает серьезная проблема в влиянии выбросов загрязняющих веществ от объектов теплоэнергетической промышленности, автотранспорта.

Одной из основных экологических проблем является загрязнение воздуха, осадков и снега, почвы тяжелыми металлами в городе Алматы. На сегодняшний день актуальной проблемой является анализ содержания атмосферного воздуха, почвы, снега, осадков, всестороннее изучение воздействия выделяемых вредных веществ на окружающую среду, установление эффективных мер по предотвращению загрязнения. Рассмотрена концентрация загрязняющих веществ в воздухе по городу Алматы и содержание в осадках на станциях Алматинской области за 2002-2009 годы.

Ключевые слова: воздух, атмосферные осадки, тяжелые металлы, анионы, катоны, загрязняющие вещества.

Бір миллионнан астам халқы бар Алматы қаласы Қазақстаның ең ірі урбанизацияланған орталығы болып табылады. Алайда қаланың дамуы мен индустрияландыруы мегаполис аумағында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Қаланың таулы жердің етегінде орналасуы атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына, сонымен қатар тозаң қоспасының түзілуіне әкеліп соғады. Мегаполисте ең өткір өзекті мәселенің бірі автокөліктердің артуына байланысты автокөлік тығындары болып табылады. Алматының әуе ортасына зиянды шығарындылардың 70 % — ы көлік үлесіне тиеді. Алматы жол полициясы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда қалада 850 мыңнан астам автомобиль тіркелген. Олардың басым көпшілігі іштен жану қозғалтқыштары бар автомобильдер. Мұндай автомобильдер отынды жағу кезінде уытты қоспалар мен ауыр металдардың ең көп санын бөледі: күкірт оксиді, альдегид, бензопирен, күйе, соның ішінде онкологиялық ауруларды тудыратын қорғасын қосылыстары.

Алматы қаласы аумағында ірі кәсіпорындар, жылу электр станциялары және жеке үй құрылысы жүйесі орналасқан, олар автокөлікпен қатар қоршаған ортаны ластаудың қарқынды көздері болып табылады. Жалпы алғанда, кәсіпорынның Алматы қаласының ластаушы заттардың түсуінің негізгі көзі,айтып кеткендей, автокөлік болып табылады (92 %),өнеркәсіптік кәсіпорындардың стационарлық көздерінен шығарындылар (3 %). Жылу энергетикасы объектілеріне ластаушы заттар шығарындыларының жиынтық көлемінің шамамен 7 % тиесілі. Автокөліктің негізгі ластауышының жағымсыз әсерін төмендету үшін табиғатты қорғау шаралары қолданылады: көшелерді жүйелі көгалдандыру, шаңды суару машиналары, ең көп жүктелген қиылыстарда көлік айрықтарын құру.

Зерттеу нысаны

Алматы қаласы Тянь-Шань тау массивінің Іле Алатауы тауларының етегінде орналасқан. Жергілікті жердің рельефі көбінесе тегіс, кей жерлерде қырлар, аласа биіктік төбешіктер кездеседі. Алматы қаласы теңіз деңгейінен 800 м биіктікте орналасқан.

Алматы қаласы — ертеден Жетісу деп аталатын қазақ жерінің әйгілі өлкесі. Алматы қаласы Қазақстанның мына аудандарымен: батысында Жамбыл қаласымен, солтүстік батысында Қарағанды қаласымен шектеседі, солтүстік шығысында Шығыс Қазақстан қаласы орналасқан. Қала айтарлықтай күрделі географиялық сипатқа және сан алуан рельефтерге ие. Солтүстік бөлігі жартылай елсіз дала, Балқаш көліне қарай ығысады және ежелгі Іле өзенінің арнасы қиып жатыр, олардың ең кереметі — Бақанас. Жеке екі сілем бар — оңтүстігінде және шығысында — тау жоталары созылып жатыр: Жетісу Алатауы және Жоңғар Алатауы (Тянь-Шань таулы жүйесі). Олардың жапсарында ақырындап төмендейтін баурайы мен Іле өзенінің орташа арнасы орналасқан. Қалатың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап.

Зерттеу нәтижесі және талдау

Алматы қаласының ластанған ауасынан басқа атмосфералық жауын-шашындағы және қар жамылғысындағы ластаушы заттардың шоғырлануы қарастырылды. А. С. Мадибеков, В. С. Чередниченко атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысындағы ластаушы заттардың шоғырлануына салыстырмалы талдау жұмыстарын жүргізді. Қар жамылғысында аниондар мен катиондар жинақталмайды. Сонымен қатар, қар жамылғысы атмосфераның өлшенген заттармен ластануын зерттеудің маңызды құралы болып табылады. Өйткені қар жамылғысында тек қармен бірге түсетін заттар ғана емес, сондай-ақ қар түсуі арасында өлшенген бөлшектер тұндырады. Бұл тұндыру қар жамылғысының барлық кезеңінде жүреді. Мысалы, Мыңжылқы станциясында қар жамылғысының жатуының орташа кезеңі 181 күнді құрайды, алайда онда Cd мөлшері (0,05 мг/м2 жауын-шашын құрасында және 0,014 мг/м2 қар жамылғысында) жауын-шашынмен түскенCd-мен салыстырғанда түскен мөлшері аз. Бұл станцияда қар жамылғысында қорғасын мөлшері 0,44 мг/м2 құрайды, ол қорғасынның жауын-шашынмен түскен мөлшерімен салыстырғанда, қар жамылғысындағы мөлшері көп екенін көрсетіп тұр. Мыстың ең көп мөлшері Алматы және Мыңжылқы станцияларындағы қар жамылғысына түседі — 3,10 мг/м2 және 2,32 мг/м2 [1].

Біз 2002–2009 жылдар аралығында Алматы станциясындағы жауын-шашынның құрамындағы аниондардың және катиондардың кеңістіктік таралуын қарастырдық. Ол келесі суретте көрсетілген.

1-сурет. 2002–2009 жылдар аралығында Алматы станциясындағы жауын-шашынның құрамындағы аниондардың кеңістіктік таралуы

2-сурет. 2002–2009 жылдар аралығында Алматы станциясындағы жауын-шашынның құрамындағы катиондардың кеңістіктік таралуы

Төмендегі суретте, Алматы станциясындағы 2004–2009 жылдар аралығындағы жауын-шашынның құрамындағы ауыр металдардың кеңістіктік таралуы берілген.

3-сурет. Алматы станциясында 2004–2009 жылдар аралығындағы жауын-шашынның құрамындағы ауыр металдардың кеңістіктік таралуы

3-суретте көрсетілгендей, As мен Cd жауын-шашын құрамында кездесуі барлық станцияларда шамалас болып келген. Тек мыстың мөлшері Алматыстанциясында басым болған, яғни 2005 жылы 28,4 мг/л.

Алматы қаласының ауасының ластануы бойынша зерттеу жүргізген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтсақ, Бабенко В. жұмысында, Казгидрометтің хабарламасы бойынша, Алматы қаласының ауа ластануы 11,5 бірлікті құрайды, бұл шекті мүмкіндік нормадан 3 есе жоғары екендігін көрсетеді (төменгі деңгей — 0–4). Бұл ақпарат бойынша Алматы Қазақстандағы ең лас қала болып саналады. Алматы ауасына негізінен күкірт диоксиді, азот, фенол диоксидтерінің қосылыстары кіреді. Бірақ ең қауіпті болып формальдегид саналады, ол онкологиялық ауру тудырады. Алматыда тыныс ауруларының даму тәуекелі 8 есе, ал жүрек-тамыр аурулары 4есеге дейін жетеді. Форумда Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин қаладағы экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы сөйледі. Оның айтуынша, ТЭЦ-1 отыннан газға ауысу жұмысы аяқталды, енді ТЭЦ-2 ауыстыру сұрағы қарастырылуда. Осы жылы жеке секторды газдандыру жұмыстарының аяқталуы жоспарлануда. Форумда одан басқа «жасыл экономикаға» көшу концепциясы 2013 жылдан бастап жасалуда. «Жасыл экономика» — адамға таза ауа, энергия, тағам беретін таза технологиялар болып табылады. Бұл жоба бойынша автобустарды табиғи газға ауыстыру, троллейбустарға, велосипедтерге жол бөлу жұмыстарын жүргізу болады. Ауа ластануының басты көзі көліктердің көп болуы болып табылады. Бүгінгі күнде қалада сегіз жүз мыңдай көлік есептелінді. Бұлардың көбі сапасыз отынмен жүреді немесе қазіргі стандарттарға сәйкес келмейді [2].

Бидакыметов Е. С. Алматы қаласының экологиялық жағдайын қарастырған. Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі нақты ұсыныстар:

  1. ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3 жыл бойы табиғи газбен жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  2. Жеке секторды газификацияландыру;
  3. Алматы қаласында көліктерді табиғи газға ауыстыру;
  4. Көліктердің пайдаланылған газдарының түтін мен уыттылықтың нормасын қадағалауын күшейту;
  5. Қаланың автомоторлық отынның сапасының мониторингін жүргізу;
  6. Метрополитен құрылысы;
  7. Көліктің жол айрығының құрылысы және жолдардың күрделі жөндеуі, жолдардың құрылысы;
  8. Отырғызу жұмыстарын жүргізу;
  9. Өндірісті экологизациялау үшін экономикалық ынталандыру мақсатында механизмдер қажет.

Табиғаттың қөзінің табиғи тазалануы жөніндегі сұрақты атап кеткім отыр. Экологтардың айтуынша, қалаға экологиялық апат қауіп төніп отыр. Бірнеше апта ішінде Алматыда аль-Фараби даңғылы мен Саина көшесінде жаңа жолдар мен жол айырығына орын босату үшін, үш мыңнан аса ағаштарды шапқан. Жасыл екпелермен әйгілі болған қала тас джунглиге айналуда. Табиғи ресурс басқармасында кесу заңды негізінде жүргізіліп жатыр дейді. Алматы билігі орнына басқа қаланың басқа аудандарына тоғыз мың жаңа ағаш саламыз деп уәде берді. Бірақ олар өскенше бірталай жыл керек. Ағаштарды тек қаланың шет аймақтарында ғана емес, сонымен қатар оңтүстік астанамыздың «жүрегінде» де шауып жатыр.

Алматы қаласының экологиялықжағдайын жақсарту үшін қоршаған ортаға станционарлы шығарындылар көздерінен, автокөліктерден шығатын ластаушы заттардың эмиссиясын төмендету, автокөліктің теріс экологиялық әсерін төмендету және қала құрылысы іс-шаралары, абаттандыру қажет [3].

Аккозиев О. айтуынша, Алматы экологиясын қарастырған кезде ең басты мәселе атмосфералық ауаның ластануы болып табылады. Өкінішке орай, Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болып сипатталады. Экологиялық ақпараттармен қалыптасқан талдауда ірі мегаполистің жылуэнергетикалық өнеркәсіп жүйесінің нысандарынан, автокөліктен лас заттардың шығарындылары әсерінен елеулі мәселе туындап отырғаны көрсетіліп тұр. Ауа бассейні ластануының негізгі үлесі, қырық пайызын құрайтын, автокөліктерден шығатын шығарындылары. Зиянды заттардың алпыс пайызы қоршаған ортаға орташа және кіші кәсіпкерліктің, жеке сектордың, жылуэнергетикалық нысандардың құбырларынан келеді. ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 және Батыс жылу жүйесі АО «Алматы электрикалық станциялар» электрикалық және жылуды аралас өңдеу бойынша жылуэлектр орталықтар аумағында ірі болып табылады. ТЭЦ-2 негізгі отыны ай сайын 400 мың тонна және одан да жоғары тонна мазут жұмсайтын экибастұз көмірі пайдаланылады.

Дегенмен экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Электроэнергияны жылына 200 млн.кв/сағ дейін жоғарылатуға негізделген, градирнялардың реконструкциялануының өзін атап айтқанда жеткілікті. Сонымен қатар, ТЭЦ-1 мен ТЭЦ-2 арасында қосу магистралін салуда жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс осы жылы аяқталады, бұл максималды түрде ТЭЦ-1 түсіреді, 1933 жылдан бастап қала ортасында орналасқан ТЭЦ-1 қуаттылығын алмастыру мақсатында ТЭЦ-2 қуаттылығын пайдалануға мүмкіндік береді. «Алматы ТЭЦ-1 реконструкциясы және кеңейтуі» жобаның реализациясы нәтижесінде ТЭЦ-1 толығымен табиғат газына ауысуы нәтижесінде станциялардың қаланың экологиялық жағдайына техногендік әсері төмендейді.

Соңғы жылдар бойынша, станцияларда шаң ұстағыштар, 99,2 % дейін күл ұстағыштар дәрежесімен жаңа ұрпақ эмульгаторлар орнатылған. Бірақ жылуэнергетикалық нысандардың қаланың экологиялық жағдайына әсері әлі де жоғары. 2013 жылдың бірінші жартысында департамент мегаполистің ірі ластаушылардың бірі АО «АлЭС», ТЭЦ-2 нысанын ҚР экологиялық заңнамасының талабына сәйкестігін тексерді.

Экологияны жақсарту мақсатында көліктер санының көтерілуіне байланысты жол айрығын айтып кетсе болады. Қазіргі кезде олардың саны жиырмаға жетті. Осы жылдың соныңа дейін дейін тағы да алтауын салуда. Осы жұмыстың негізінде муниципалді автобус жүйесі ашылды, бұнда 400 автобус газбен жүреді. Осыдан басқа тағы 200 автобус алуда. 200 көлік газбен жүретін муниципалді такси жүйесі ашылуда. Бұл қала адамдарын өз көліктерін газға ауыстыруды жетелейді. Қаланың кірер жолында 13 экологиялық пост тұрады, олар автокөліктің уыттылығын қадағалау жұмыстарын жүргізеді [4].

Қорытынды

Алматы қаласы бойынша АЛИ көрсеткішінің ең жоғары деңгейдегі мәні 1993–1994 жылдар аралығында 16,7–16,8 арасында байқалған, ол дегеніміз өте жоғары деңгейді көрсетеді. 1998–2000 жылдар аралығындағы төменгі көрсеткіштердің негізгі Алматы қаласындағы бақылау посттарындағы экономикалық жағдайға байланысты. 2000 жылдардан бергі ақпараттарды қарастыратын болсақ, ең жоғары көрсеткіш ретінде 2009 жыл алынады, 15,8-ге тең болып табылады.

Алматы қаласы бойынша зиянды заттармен ластануда ерекше орында тұратын азот диоксиді (NO2), күкірт диоксиді (SO2), көміртек оксиді (CO) және өлшенген заттар болып табылады.

Алматы қаласы 2011 жылғы Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. 2006 жылдың 4-ші кварталы мен өткен жылдары салыстырғанда автокөліктердің атмосфераға шығарылатындыларының массасы 3-есеге дейін, ал жылдық кезеңдерде салыстырғанда — 3,5 есе артады.

Экологияны жақсарту мақсатында көліктер санының көтерілуіне байланысты жол айрығын айтып кетсе болады. Қазіргі кезде олардың саны жиырмаға жетті. Осы жылдың соныңа дейін дейін тағы да алтауын салуда. Осы жұмыстың негізінде муниципалді автобус жүйесі ашылды, бұнда 400 автобус газбен жүреді. Осыдан басқа тағы 200 автобус алуда. 200 көлік газбен жүретін муниципалді такси жүйесі ашылуда. Бұл қала адамдарын өз көліктерін газға ауыстыруды жетелейді. Қаланың кірер жолында 13 экологиялық пост тұрады, олар автокөліктің уыттылығын қадағалау жұмыстарын жүргізеді.

Әдебиеттер:

  1. Чередниченко В. С., Мадибеков А. С. Сравнительный анализ концентраций загрязняющих веществ в атмосферных осадках и в снежном покрове // Научный журнал Вестник КРСУ, 2011. С.171–174.
  2. Бабенко В. Литер. 2014. № 54 (2451)
  3. Бидакыметов Е. С. Қазақстандық халықаралық құқық ассоциациясының хабаршысы // Ғылыми-құқықтық журнал. 2012. № 1 (17).68 с.
  4. Аккозиев О. Вечерний Алматы. № 103 (12622). 5 с.
Основные термины (генерируются автоматически): Алматы, мена, атмосферный воздух, город Алматы, автобус, вещество, оса, осадок.

Похожие статьи

Нұр-сұлтан қаласының атмосфералық ауасының автономды қазандықтармен ластануы

Қазақстан қатал климаттық аймақта орналасқан, сондықтан тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Орталық қазандықтар мен ЖЭС жабдықтарының біразінің нақты қызмет ету мерзімі техникалық құжаттамада көрсетілгеннен біршама ...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Тұтынушыларға арналған адалдық бағдарламаларын қалыптастыру кезеңдері

Өркениеттің дамуымен тұтынушылық адалдық қазіргі нарықтағы маңызды мәселеге айналды. Адалдық бағдарламалары клиенттердің адалдығы мен сенімін қалыптастыруға арналған құралдар жиынтығы болып табылады. Бәсекеге қабілетті нарықтарда клиенттердің адалдығ...

Лирикaлық шығармаларды oқытудың дидaктикaлық мәселесі

Лирикалық шығарма дегеніміздің өзі ақынның әр түрлі табиғат, қоғам көріністерін сезіне отырып әлеуметтік тақырыптарды қозғауы. Әр түрлі мәселелерге көзқарасы, күйініш, сүйініш сезімі. Оны оқырманның ішкі сезімімен үйлестіре алу, санасына бекіту дидак...

Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолданудың ғылыми негіздері

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың тиімді әдістері қарастырылған. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың ...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы

Осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салала...

Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу

Бұл жұмыста «Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу» тақырыбы қарастырылған. Желінің қауіпсіздігі туралы алаңдағанда, сіздің желіңізді рұқсатсыз кіруден қорғаудың көптеген жолдары бар. Ықтимал қо...

Экономикалық потенциал: теориялық негіздері, бағалау әдістері

Кәсіпорын қызмет ету негізінде оның экономикалық потенциалынық қалыптасуы мен оңтайлы пайдаланылуы жатады. Сондықтан, мақалада алдымен «экономикалық потенциал» термині түрлі тәсілдемелермен қарастырылған. Экономикалық потенциал құрауыштары анықталып,...

Оптикалық дисграфиясы бар 2 сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін зерттеу ерекшеліктері

Мақалада жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысының түрі — оптикалық дисграфия туралы жазылған. Жалпы дисграфия дегеніміз — жазудың жартылай бұзылуы болып табылады. Сонымен қатар, жазбаша сөйлеу тілінің тарихына шолу жасалған. Оны жан-жақты зерттеген және жа...

Задать вопрос