Абай даналығы, шығармашылығы, ұрпақ сабақтастығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абай даналығы, шығармашылығы, ұрпақ сабақтастығы / К. З. Кипшакбаев, Г. С. Каденова, М. И. Мырзанова [и др.]. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 7 (297). — С. 344-347. — URL: https://moluch.ru/archive/297/67397/ (дата обращения: 18.12.2024).



Берілген мақалада авторлар Абай Құнанбаевтың ұрпақтарын қарастырады.

Кілт сөздер: ақын, әулет, отбасы.

В данной статье авторы рассматривают потомков Абая Кунанбаева.

Ключевые слова: поэт, род, семья.

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер данасы, ғұлама-ойшыл, ағартушы ұлттық әдебиетінің негізін салушы, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланатын болады. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар бастауын алды. Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтып, оны заман талабына сай бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отырғанын айтты. Дүние жүзінде бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар бар. Атап айтқанда, Қытай дегенде Лаоцзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо болса, Қазақстан дегенде Абай есімін атайтындай дәрежеге жетіп, өзге жұрт қазақ халқы — Абайдың халқы деп бізге ілтипат білдірсе, бізге зор мәртебе болары хақ. Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғымы сияқты, әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын. Ұлы кемеңгер Абайдың 175 жылдығына орай 500-дей іс-шара ұйымдастыру көзделіп отыр. Түп мәнісі — Абай мұрасы -біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз, өсиет-өнегесі XXI ғасырдағы жаңа Қазақстанның темірқазығы болып елді биіктерге жетелейтін болуы керек. Ғасырлар өтседе, Ұлы Абай ұлағаты, өсиеттері қазақ халқының руханият байлығы болып қала беретін болады. Абайдың басқалардан өзгешелігі — бүкіл адамзаттың ұстазы биіктігіне көтерілген ақындығы. Мақала барысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының отбасы туралы аз-кем тоқталып өтсек.

Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан — Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан, екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағыл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Ділдә Алшынбайқызы (1843–1924) — Абайдың бәйбішесі. Құнанбай мен Алшынбай Тіленшіұлы құда-жегжат болуға уағдаласып, 1860 жылы 15 жастағы Абай мен 17 жастағы Ділдәны қосады. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абайға сегіз бөлмелі қыстау салдырады. 1860–1923 жылдары Ақшоқыдағы қыстауда тұрады. Кеңес үкіметінің асыра сілтеуі тұсында, 1923 жылы Ділдә Ақшоқыдан кетуге мәжбүр болады. Абай мен Ділдә тұтынған дүние-мүліктің бір сыпырасы әлдекімдердің қолында кеткен. Абайдың өтінішімен 1880 жылы тобықтыдан шыққан ағаш ұстасы, зергер-шебер Еспенбет жасаған зерлі ағаш төсек қана аман қалған. Оны 1939 жылы Абай аулының адамы Нығыман Өтепбаев Жидебайдағы Абайдың музей-үйінің қорына тапсырған. Ділдәдан-Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Ділдә анамыздың мазары Аралтөбедегі Әйгерім басына тұрғызылған төрт құлақты тамға жерленген. Ділдә бәйбішеден туған балаларына тоқталсақ.

Ақылбай Абайұлы (1861–1904) Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған тұңғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады. 9–10 жас шамасында Құнанбайдың указной молдасы Ғабитханнан білім алып, ол 4–5 жылдан әрі оқымайды. Құнанбай өзімен тең жерден қыз айттырып, Ақылбайды үйлендіріп, еншісін береді. Жеке ауыл болған Ақылбай сауық-сайран құрып,сері-мырза атанады. Домбыра тартып,ән салады. Жас күнінен әкесі Абайдан аулақ өскенін, ақкөңіл аңқаулығын пайдаланып, Абай дұшпандары әке мен баланың арасына от жағады, ажыратпақ болады. Абай баласына «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлең жазады. Өлең Ақылбайға ой салып, толғантты. Жігіт ағасы болған Ақылбай Абай алдында, ақын-шәкірт ретінде жақындап, домбыра, сырнай, скрипкада шебер ойнайтын мақтаулы өнерпаз болып, «Құнанбайдың мырзасы» атанады. Қазақтың ескі күйлері «Азаматқожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыл қалша» деген күйлерді, скрипкада Мұқадан үйренген бірнеше орыс музыкасын таратқан. Ақылбайдың жастық-шақ, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған. 1895 жылы бауыры Әбдірахман өліміне арнайы жоқтау — өлең шығарған. 1904 жылы інісі Мағауия қайтыс болғанда шығарған жоқтауы сақталған. Ақылбайды ақын ретінде танытқан шығармалары-дастандары қатарында - «Дағыстан», «Кәрі Жүсіп», «Зұлыс», «Жаррах батыр» сақталмаған. Орыс мәдениеті мен әдебиетінен алған үлгі-өнегісі арқасында, А. Пушкин, Ю. Лермонтов шығармаларымен таныс болған. Ақылбай қазақ әдебиетінде Кавказды тұңғыш жырлаған ақын. Тау халқы өмірінен «Дағыстан», Африкадағы зұлыстар жайлы «Зұлыс» сияқты дастандар жазған. Әкесі Абаймен бірге 1893–94 жылдары Семей қаласындағы бастауыш білім беру ісіне қамқорлық жасайтын Қоғамның толық мүшесі болды. Ақылбайдың бейіті қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы өз қыстауы — Тышқан бұлағының қасына жерленген. 1993 жылы Ақылбай бейітінің басына ұлу тастан ескерткіш — мазар тұрғызылды.

Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869–1895) Абайдың Ділдәдан туған баласы. Семей қаласындағы уездік мектепке береді. Әбдірахман 1886–89 жылдары Түмен қаласындағы Александров реалдық училищенің 5, 6, 7-кластарын оқып бітіреді. 1889–1892 жылдары Санкт-Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде 3 жыл оқып білім алады. Училищеге әуелі қатардағы юнкер дәрежесінде түскен Әбдірахманға 1890 жылы унтер-офицер, 1892 жылы портупей-юнкер, сол жылы тамызда подпоручик деген әскери атақ береді. Училищені өте жақсы деген бағамен бітіріп, 1892 жылы Ташкенттегі бекініс горнизонының артиллериясына қызметке жібереді. Мінездемеде Әбдірахманның мінез-құлқы өте жақсы, ашық ақжарқын, әскери қызметіне жауапты қарайтыны, таңдаулы офицер болады тұрғанын, бірақ денсаулығының нашар екені жазылған. 1892 жылы Әбдірахман елге демалысқа келгенде Мағрипаға (Мағыш) үйленеді, олардан Рахила деген қыз туылады. Орыс ақындары — Г. Державин, Н. Карамзин, В. Жуковский, И. Крылов, М. Лермонтов, А. Пушкин, Н. Гоголь, А. Грибоедов, И. Гете шығармаларымен таныс болған. Әкесіне қажетті кітаптарды жіберіп тұрған. Өзінің ой-қиялына, әлеуметтік көзқарасына, ақындық шабытына рухани дем беріп, ақылшысы, сырласы бола білген Әбдірахманға Абай зор үміт артқан. Абай Әбдірахманға арнап «Алланың рахматын», «Орынсызды айтпаған», «Көзімнің нұрысыз», «Тілім саған айтайын», «Кешегі өткен ер Әбіш», «Жылағанды тоқтатып», «Бермеген құлға, қайтесің» тағы басқа хат-өлеңдер, жоқтаулар жазған. 1895 жылы 15 қарашада Әбдірахман Ташкентте қайтыс болып, сүйегі Ақмолаға жерленеді.

Күлбадан Абайқызы (1862–1932) Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Абай қызы Күлбаданды жастайынан Семейдегі орыс мектебіне оқытқан. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке өлген соң, Күлбадамды әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған. Күлбадан Дүйсекеден — Хамза, ал Дүтбайдан — Мүкен, Мұхтар, Муштар, Мәкен, Хадиша деген балалары тараған. Күлбадан туралы толық мәліметтер Абайдың Семейдегі әдеби-мемориал музейі қорында сақтаулы.

Әкімбай Абайұлы (Хакімбай) (1866–1873) Абайдың Ділдәдан туған баласы. 7 жасында қайтыс болған. Абай жинақтарының кейбір басылымдарында «Әкімбай өлгенде» деген атпен жарияланып жүрген өлеңнің Әкімбайға еш қатысы жоқ, өйткені өлең Әкімбай қайтыс болғаннан кейін 22 жылдан соң, 1895 жылы жазылған.

Мағауия Абайұлы Құнанбаев (1870–1904) Абайдың 25 жасында, Ділдәдан туған кенже ұлы. Жас шағында ауылда мұсылманша аз оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училище дейтін орысша мектепке түсіреді. Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін жұқарып, науқасқа шалдыға бастайды, амалсыздан оқуын тоқтатып, ауылға қайтады. Үнемі Абайдың қасынан қалмай, әкесінің өз тәрбиесінде болады. Әкесіне ілесіп орысша кітапты Абайша қатты зер салып оқиды, оқымысты жастың бірі болады. Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған Мағауия өзі де, Ақылбай, Көкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі. Ол жазған поэмалар «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде сақталса да, оқушыларға тарамаған. «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы да қазақтан жырақ, алыс елдер өмірінен алынған. Ақылбай ізденген жолмен жүріп, мейірсіз байдың ер құлдан саза тартқанын әңгіме етемін деп, ақын өз тақырыбының айшығын танытады. «Медғат-Қасым» поэмасында өлең, теңеу, сөздік жағынан өз шығармасының төркін-тегін аңғартып, білікті ақын екенін көрсетеді. «Еңлік-Кебек» поэмасында Кеңгірбайдың образын, ісін бейнелеуде айқын суреттеп, жаңа буынға надан заманның қараңғы ортаның қатал мінездерін — Кеңгірбайдің билігін батылдықпен ашып, әшкерелеп жырлайды. Мағауиянің бейіті Жидебайдағы қорымда.

Райхан Абайқызы (1871–1896) Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. Райханның естелігіне қарағанда Абай осы ауылда талай рет болып, дойбы ойнаған. Өзі ұтса, «ми ұтады ғой» қарсы жағы ұтса «тақтай баққан, ойын аңдыған қу ұтады ғой» деп, елді күлдіріп отырады екен. Райханның әкесі туралы естеліктері Абайдың республикалық әдеби мемориалдық музейінде сақтаулы.

Абайдың екінші әйелі — Әйгерім (шын есімі — Шүкіман) (1856–1919) Абайдың сүйікті жары. Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген, Әйгерімнен балалары — Тұрағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже туған. Абай Семей қаласынан қайтқан сапарында Орда тауындағы Бекейдің үйінде Әйгерімді алғаш көріп, әнін естіп, қатты ұнатады. Атын Шүкіман емес, Әйгерім қою керек қой деп, содан кейін оны Әйгерім деп атап кетеді. Көп ұзамай құда түсіп, айттырып алады. Әйгерім Абай әндерін нақышына келтіріп, орындаған, балаларының да ән құмар болып, халық әндерін құлақтарына құйып, жүректерімен сезініп өсуіне Әйгерімнің ықпалы көп болған. Бикен Римованың Ақын және Әйгерімнің махаббатын арқау еткен пьесасы 1981 жылы Қазақ драма театрында қойылды. Бейіті Жидебайдағы қорымда.

Тұрағұл Ибрагимов (1876–1934) Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп, орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. 1904 жылы Күшік Тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917–1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Тұрағұл бала әкесінің қолында тәрбиеленген, шығармаларымен етене таныс болған. Ол Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте бастырып шығарған. Тұрағұлдың Абай мұрасын жинастырып бастыруда аса құнды мағлұматтар жазып, ақын шығармаларының текстологиялық әуелгі тұпнұсқасы қалпына келтіруде Абайтану ғылымына үлес қосты, ол М. О. Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді естелік жазып берген. Оның Абай туралы естеліктерінің қысқаша нұсқасы 1933, 1940 жылдары Абай шығармалары жинағында, баспасөз беттерінде жарияланған. Тұрағұл ақын болумен қатар, домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған. Ол А. М. Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, («Таң» журналы, 1924, № 3, 4) А. Неверовтың «Мен өмірге жерікпін» (Москва, 1927), Джек Лондонның «Балалық туралы ертегі» (1927) және «Балалы әйел не білу керек» (Москва, 1927) деген ғылыми-медициналық кітапты аударып, бастырып шығарған. Тұрағұлдың өз ағасы Әбдірахманға арнаған тағы басқа өлеңдері Абайдың мемлекеттік қорық музейі қорында сақтаулы тұр.

Мекаил (Мекеш) Абайұлы (1884–1931) Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Арабша, орысша сауатты болған, Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген. Домбыра тартып, ән салып, әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп, халыққа таратқан. М. Әуезовте Мекаилден Абай туралы әңгімелерін жас шағында көп естіген. Ағасы Тұрағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапқан.

Ізкаил (Зікеш) (1895–1929) Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Домбыра мен скрипка тартатын, ән салатын өнері болған. Арабша оқып, білім алған. 1917 жылы Ойқұдықта тұңғыш рет қойылған М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыздың ролін сомдаған. Ізкаилдің үш шекті домбырасы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейінде сақтаулы.

Кенже Абайқызы (1901–1932) Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. Алтыбақан, ойын-сауық кештерінде Абай әндерін нақышына келтіре орындап, оны халық арасына таратуға көп үлес қосқан. Кенже 1914 жылы Мұсабайдың інісі Әубәкірге ұзатылады. Көп ұзамай Әубәкір қайтыс болып, Ғабитхан молданың шөбересі — Сәлімғазыға тұрмысқа шығады, кейін тұрмыстары нашарлап, 1932 жылы Тоқмақта тұратын Тұрағұлдың қолына көшіп келіп, сонда қайтыс болады.

Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ жоқ. Еркежан Ибаққызы (1858–1927) Абайдың әмеңгерлік жолмен алған әйелі. Еркежан Тобықтының Мәмбетей Тасболат атасынан, оны Құнанбай баласы Оспанға айттырып әперген. 1891 жылы Оспан қайтыс болған соң, Еркежан өз ықтиярымен Абайды таңдаған. Зере мен Ұлжанды өзіне өнеге тұтып, жақсы қасиеттерін бойына сіңірген Еркежан атасы Құнанбайды, Оспан мен Абайды, Ділдә мен Әйгерімді ақ жауып, арулап өз қолынан ақтық сапарға аттандырған. Жидебайдағы Абайдың мұражай үйінде Еркежан тұтынған, бетін үйектеп оюлап, күмістеп жасаған ағаш төсегі, төсек жапқышы, бет орамалы, қамзолының көзіне құнды тас қондырылған екі түймесі сақтаулы. Еркежанның бейіті Жидебайдағы Оспан мен Абайдың төрт құлақты зираты қасына жерленген.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өзінен тараған ұрпақтары жиналған мәліметтер әлі толықтырылу үстінде, әлі де зерттеушілер толықтырып, кемеңгер, дана ақынның балаларынан тараған немерелері, шөберелері, кейінгі ұрпақтары туралы зерттеулер жалғасын табатын болады.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. 2017. — 12 сәуір.
  2. Тоқаев Қасым-Жомарт. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан // Сыр бойы. — 2020. — 11 қаңтар.
  3. Өмірбекова Н. Абай ұрпақтары // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://kazgazeta.kz/?p=39929
  4. Өмірбекова Н. Абайдың әулеті // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://abaialemi.kz/kz/post/view?id=932
Основные термины (генерируются автоматически): Абай, мена, абай мен, Лермонтов, Москва, Пушкин.


Ключевые слова

ақын, әулет, отбасы

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Сыр бойының Кете тайпасының батырлары

Мақалада Сыр бойының Кете тайпасының батырлары туралы зерттеледі.

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқыту

Берілген мақалада орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқытудың мәселелері қарастырылады.

Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Балабақшадағы музыкалық тәрбие құндылықтары

Берілген мақалада балабақшадағы музыкалық тәрбие құндылықтары қарастырылады.

XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық

Бұл мақалада XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық мәселелері қарастырылады.

Серәлі Лапинның шығармашылық қызметі

Берілген мақалада С. М. Лапиннің шығармашылық қызметі қарастырылады.

Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы

Мақаланың авторы ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдерді қарастырып, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін сипаттап, айғақтайды.

Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы

Мақалада көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Сыр бойының Кете тайпасының батырлары

Мақалада Сыр бойының Кете тайпасының батырлары туралы зерттеледі.

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқыту

Берілген мақалада орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқытудың мәселелері қарастырылады.

Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Балабақшадағы музыкалық тәрбие құндылықтары

Берілген мақалада балабақшадағы музыкалық тәрбие құндылықтары қарастырылады.

XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық

Бұл мақалада XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық мәселелері қарастырылады.

Серәлі Лапинның шығармашылық қызметі

Берілген мақалада С. М. Лапиннің шығармашылық қызметі қарастырылады.

Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы

Мақаланың авторы ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдерді қарастырып, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін сипаттап, айғақтайды.

Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы

Мақалада көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Задать вопрос