Фразеологияның Қазақстанда дамуы мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (298) февраль 2020 г.

Дата публикации: 21.02.2020

Статья просмотрена: 451 раз

Библиографическое описание:

Жуманбекова, Н. З. Фразеологияның Қазақстанда дамуы мәселесі / Н. З. Жуманбекова, А. М. Узакбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 8 (298). — С. 335-337. — URL: https://moluch.ru/archive/298/67532/ (дата обращения: 15.11.2024).

Бұл мақалада фразеологияның қырларын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Аталмыш зерттеушілердің ізденіс жұмыстарынан негізгі топтастырулар, ой-пікірлер мен тұжырымдар талдана отырып, фразеологияға қатысты іргелі еңбектерге шолу жасалынды. Ғалымдардың ғылыми еңбектерін сараптау арқылы, Қазақстандағы фразеологияның негізгі зерттелу бағыттары айқындалды.

Түйін сөздер: фразеологизм, фразеологиялық сәйкестік, салыстырмалы-тарихи фразеология, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология, когнитивтік фразеология

В данной статье проанализированы труды отечественных ученых, занимавшихся исследованием аспектов фразеологии. Анализируя основные идеи, классификации и выводы из исследовательских работ ученых, был проведен обзор фундаментальных трудов по фразеологии. Изучая научные труды ученых, были определены основные направления фразеологических исследовании в Казахстане.

Ключевые слова: фразеологизм, фразеологическая эквивалентность, сравнительно-историческая фразеология, сравнительно-сопоставительная фразеология, когнитивная лингвистика

Фразеология — тіл білімінде ғылыми қызығушылық тудыратын салалардың бірі, сол себепті, фразеологизмдерді зерттеуге үлес қосқан ғалымдар қатарынан қазіргі таңда шет ел ғалымдарын да, Қазақстандық ғалымдарды байқауға болады. Добровольский Д. О., Амосова Н. Н., Кунин А. В., Чернышева И. И., C.Carciari, P.Tabossi, S.Glucksberg, R. W. Gibbs, S.Sprenger, P.Corradini, H.Jackson, M.McShane, W.Eismann, E.Piirainen, C.Schindler тәрізді шет елдік ғалымдармен қатар, тұрақты тіркестерді зерттеумен айналысқан отандық ғалымдар легінен І.Кеңесбаев, Г.Смағұлова, Қалиев Ғ., Копыленко М. М., Болғанбаев Ә., Исабеков С. Е., Дуйсекова К. К., Қожахметова Х., Сагинтаева А. К. сынды т. б. ғалымдарды атауға болады. Адамзат үнемі өзін қоршаған жанды және жансыз дүниелердің барлығын адамның бойынан табылатын мінез-құлықтық ерекшеліктерге теңеп-салыстыру арқылы әлемді тануға ұмтылған [1, 4 б.]. Мысалы, қойнына жылан салып жібергендей, құс қанаты күйгендей, үстінен құс ұшырып, астынан ит жүгірту, to be packed like sardines, to cry wolf, to kill two birds with one stone, to hound somebody, as stubborn as a mule және т. б.

ХХ ғасырдың 60 жылдары фразеологияның салыстырмалы-салғастырмалы бағыты ғылымда танымал бола бастады. Әртүрлі тілдердің фразеологиялық қорын салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулер Қазақстанда да нәтижелі болды. Мысалы, М. М. Копыленко фразеология саласының даму тарихы, тілдер арасындағы идиомалардағы ұқсастық, көне славян тілдеріндегі тұрақты тіркестерді басқа тілдердегі фразеологизмдермен салыстырып зерттеу мәселелерімен айналысып, қазақ-орыс фразеологиялық сөздігін жинақтады. Сонымен қатар, М. М. Копыленко М.Балақаевпен бірлестікте кросс-лингвистикалық тұрақты тіркестердің сәйкестік дәрежесіне қарай: 1) баламалық сәйкестік. 2) аналогиялық сәйкестік 3) сипаттау түріндегі сәйкестік; 4) құрамдастырылған сәйкестік; 5) абсолюттік сәйкестік түрлерін бөлді. Ал І.Кеңесбаев қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің ауқымды қорын қазақ әдебиеті туындылары мен басылымдардан теріп жазып, жинақталған тіркестерге лексикалық варианттарын ұсынып, әрбір фразеологизмнің қолданылуына кем дегенде бір мәнмәтіннен беріп, жиырма бірінші ғасырда, Қазақстандағы қазақ тілінің фразеологизмдерін шет тілдердегі фразеологизмдермен салыстырып-салғастырып зерттеуде міндетті түрде ғалымдар сүйенетін, ең үлкен (он мыңнан астам тұрақты тіркестен тұратын) «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін» жасақтап шығарды. Сонымен қатар, ғалым қазақ тіліндегі анималистік компонентті тұрақты тіркестердің басым бөлігі неліктен төрт түлік малға қарасты дүниеге келгенін біршама дәйектеді. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. құрылымы әртүрлі тілдердегі фразеологизмдерді пайда болу негіз-себептеріне байланысты бірнеше салаларға бөлді: 1) халықтың әдет-ғұрпына байланысты туындаған; 2) дін және мифологиядан туындаған; 3) жаугершілік жылдары туындаған; 4) даулы мәселелер және оларды шешу төңірегінде туындаған; 5) адамның ерекше белгі-қасиеттеріне сүйенген; 6)уақытқа байланысты пайда болған; 7) кеңістіктің өлшеміне сүйенген; 8) жан-жануарларға қатысты туындаған фразеологизмдер. [2, 215–216 б.]

Тұрақты тіркестердің құрылымы, этимологиясы, фразеологиялық бірліктердің уәждемесі мен номинациясы мәселелерін Оспанова Ф. А. зерттеді. Мықтыбаева Т. зерттеу жұмысы нысаны ретінде анималистік фразеологизмдерді алды. Ғалым салыстырып-салғастыру әдісін қолдану арқылы қазақ және ағылшын тілдеріндегі жан-жануарларға қатысты тұрақты тіркестердің коннотативтік мағынасына үңіліп, үстеме мағынаның туындау себептерін түсіндірді. Арғынғазина Ш. Б. қазақ және ағылшын етістікті тұрақты тіркестерінің мағыналық ерекшеліктерін зерделеп, салыстырып жазды. Смағұлова Г. Н. мағынасы жағынан өзара ұқсас тұрақты тіркестерді тізіп, «мағыналас фразеологизмдер сөздігін» жасақтап шығарды.

Салыстырмалы фразеологияда тұрақты тіркестерді этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру әртүрлі тілдердегі фразеологизмдердің тек құрылымын ғана зерттеумен шектелмей, олардың ұлттық-мәдени мәнін пайымдауға жол ашты. Ал бұл жағдай, өз кезегінде, фразеологизмдердің негізінің тілдерде әртүрлі болу себебін түсіндіруге септігін тигізді. «Фразеологиялық мағынаның сырын, фразеологизмнің жасалу төркінін сол apipектегі тіл кұбылыстарынан, тілдін ішкі зандарынан, экстралингвистикалық факторлардан іздеу керек» — дейді I. Кеңесбаев. Мысалы, жұлдызы қарсы деген фразеологизмнің шығу тегі «аспан әлемінде әр адамның меншікті жұлдызы болады» дейтін ескі наным-түсінікке жетелейтін болса, ак түйенің қарны жарылу фразеологизмінің түп негізінде казактың тұрмыстық салт-дәстүріндегі кұрбандық шалу рәсімі жатыр. Көшпелі халықтар ерте заманнан тәнірге сиынды. Қазак тіліндегі келесі фразеологизмдерде көне дәуірдегі мифтік салт-сана іздері сакталған. Мысалға: ат кекілін [кұйрығын] кесті [кесісті]. Кұныкер (кісі өлтірген) жақ пен кұн талап етуші (кісі өлген) жақтын ешбір бітімге, тоқтамға келе алмауы «Тұл аттың (иесі өлген аттын) кекілін кесyi» аркылы кісісі өлген жактың «соғысамын» деген белгі беруі.

Когнитивтік лингвистика ХХ ғасырдың екінші жартысында туындаған. Когнитивтік лингвистика — тілді ақпараттың бейнеленуі мен өзгертілуіне қатысатын, белгілер жүйесінің когнитивтік құралы және жалпы танымдық механизм ретінде негізге алатын лингвистикалық бағыт [3, 53 б.]. Когнитивтік лингвистиканың Еуропада құлаштап дамуы отандық тіл білімі саласындағы зерттеушілерді когнитивтік бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге итермеледі. Сагинтаева А. К. ағылшын фразеологизмдерін үш түрлі метафора бойынша топтастырды: 1) сәйкестендіруші метафора негізіндегі тұрақты тіркестер; 2) концептуалды метафора негізіндегі тұрақты тіркестер; 3) бейнелік метафора негізіндегі тұрақты тіркестер. Сонымен қатар, когнитивтік-психологиялық бағытта, фразеологизмдерді санада қабылдау барысында жүзеге асатын үш түрлі үдерістің (1.Фразеологизм мағынасын санада қорытпай тұрып, алдымен, прототиптің тура мәнін ой елегінен өткізу; 2.Фразеологизм негізінің тура мағынасынан бұрын бейнелік мәнін ұғыну; 3.Фразеологизмнің қос мағыналық құрылымын бір уақытта санада қорыту) кезектілігі туралы өз тұжырымдарын берді [4, 336–339 б.].

Дуйсекова К. К. концептуалды әдісті қолданып, қазақ, ағылшын, француз тілдеріндегі концепттердің моделін ұсынды. Мысалы, «қонақжайлылық» концептісін айқындау барысында ғалым, алдымен, үш тілдегі түсіндірме, синонимдік сөздіктердің көмегімен сөздің мағынасын ашты, екіншіден, үш базалық компонентті (образ, ақпараттық мазмұн, интерпретациялық өріс) құрылымдық модель негізінде үш тілдегі «қонақжайлылық» концептісінің салыстырмалы талдауын жүргізді. Ғалым интерпретациялық өріске бағалау, энциклопедиялық, утилитарлы, регулятивті, әлеуметтік-мәдени, идио-этникалық аймақтарын кіргізді. Содан соң, концепт төңірегіндегі фреймдік, дистрибутивті талдау жүргізді. Осылайша, концепттің когнитивтік белгілерін ажыратты [5, 48–68 б.].

Қорытындай келе, Қазақстандағы фразеологиялық зерттеулерді мынадай бөлімдерге бөлуге болады: 1)салыстырмалы-тарихи фразеологиялық зерттеулер (І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә., Копыленко М. М., Ә.Қайдаров т. б.) 2)салыстырмалы-салғастырмалы фразеологиялық зерттеулер (Мықтыбаева Т., Исабеков С. Е., Смағұлова Г. Н., Оспанова Ф. А., Арғынғазина Ш. Б. т.б.) 3)этнолингвистикалық/лингвомәдени фразеологиялық зерттеулер (Дүкембай Г. Н., Қожахметова Х., Жайсақова Р. Е., Қожахметова Ш. О., Сабитова М. Т. т.б.) 4) когнитивтік фразеологиялық зерттеулер (Дуйсекова К. К., Исабеков С. Е., Сагинтаева А. К., Жанпеисова Н. М. т.б.)

Әдебиет:

  1. Кунин А. В. Курс фразеологии современного английского языка. 2-ое изд. перераб. — М.: выш.шк.Дубна:Изд. центр «Феникс», 1996–381с.
  2. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. — Алматы, «Сөздік- Словарь», 2006–264 б.
  3. Краткий словарь когнитивных терминов. Под ред. Е. С. Кубряковой. М.: фил.ф. им. М. В. Ломоносова, 1997–245 с.
  4. Сагинтаева А. К. Когнитивные аспекты фразеологического значения. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, 6(130), 2010–335–341 б.
  5. Дуйсекова К. К. Когнитивная лингвистика: состояние и перспективы исследований. Коллективная монография. Под ред. д.ф.н., проф. А. Е. Бижкеновой — Алматы: Эпиграф, 2017–380 с.
Основные термины (генерируются автоматически): Когнитивная лингвистика, мена, фразеология.

Ключевые слова

фразеологизм, фразеологиялық сәйкестік, салыстырмалы-тарихи фразеология, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология, когнитивтік фразеология

Похожие статьи

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Құран, хадис және тәпсірлердегі эсхатология ұғымының ерекшеліктері

Зерттеу исламның эсхатологиялық ілімдерінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар оның маңызды элементтері болып табылатын өлім, қайта тірілу, ақырет, қиямет күні ұғымдарын қарастырады. Жұмыста исламдағы эсхатологиялық негізгі ұғымдарды...

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Дәурен Қуаттың «Аспан таулар аясында» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

Мақалада жазушы Дәурен Қуат әңгімесінің көркемдік ерекшелігі талданады. Шығармада қазақтың байырғы әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін жаңғырту арқылы жазушы пәлсапалық көркем ой түйеді. Қаһарманын қайсарлыққа, табандылыққа, батырлыққа ел тарихын, жер қадірі...

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті

Қазіргі заманда бір күнімізді әлеуметтік желілерінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметік желілерді пайдалану адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы үшін сөйлесудің ең қолайлы, тиімді, оңай және тез жолы болып табылады. Әлеуметтік желілер XXI ғасыр...

Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелер

Мақалада мәдени таңбаланған сөздердің қатарына кіретін идиомалардың ерекшеліктері көрсетілген. Ағылшын тіліндегі идиомаларды қазақ тіліне аудару барысында туындайтын мәселелер қарастырылады және отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары кеңінен т...

Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Бастауыш сынып оқушыларында пайда болатын оқушының жеке басының дамуына психологиялық әсер

Мұғалім балаға әсер еткенде, ол көптеген параметрлерді ескеруі керек: эмоционалды-психологиялық жағдай, мәдени және жас дамуының жалпы деңгейі, қарым-қатынастың қалыптасуы, рухани және интеллектуалдық даму. Нәтижесінде сыртқы көріністер негізінде бал...

Задать вопрос