Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетігі: тиімділігі мен қолдану жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 26 октября, печатный экземпляр отправим 30 октября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (298) февраль 2020 г.

Дата публикации: 24.02.2020

Статья просмотрена: 353 раза

Библиографическое описание:

Калдыбай, Кайнар Калдыбайулы. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетігі: тиімділігі мен қолдану жолдары / Кайнар Калдыбайулы Калдыбай, Бердуали Абдужапбарулы Отеген. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 8 (298). — С. 337-340. — URL: https://moluch.ru/archive/298/67689/ (дата обращения: 17.10.2024).

Бұл мақалада діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетігі: тиімділігі мен қолдану жолдары маңызды мәселе ретінде қарастырылады. Біз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Қазақстан жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік аясындағы мәселелерді зерттеудің мынадай тұғырнамаларына тоқталып өтеміз.

Түйін сөздер: экстремизм, терроризм, қауіпсіздік, рухани жаңғыру, мәңгілік Ел.

В статье рассматриваются вопросы механизмов борьбы с религиозным экстремизмом и терроризмом. Автор исследует проблемы в сфере национальной безопасности в условиях Казахстана при обеспечении безопасности страны.

Ключевые слова: экстремизм, безопасность, Казахстан.

Бұл ахуал маңызды мәселе ретінде қабылданғандығы түсінікті жайт. Біз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Қазақстан жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік аясындағы мәселелерді зерттеудің мынадай тұғырнамаларына тоқталып өтеміз.

Біріншіден, құрылымдық-функционалдық талдау. Елімізде қауіпсіздіктің саяси сахнасында, біз білгендей, зерттеу аймағымызға сәйкес мынадай зерттеу үрдістері құрылады:

а) Құрылымдық-функционалдық талдау әдісін бұл тұрғыда, біз, былайша Д. Жандосұлы атап айтқандай қолданана аламыз [1, 44б.]. Ұлттық қауіпсіздік тұтасынан алғанда, кең ауқымды саяси стратегия, сондықтан, оны жікке бөлу логикалық тұрғыдан қарағанда, шешімін табуға ұмтылатын іргелі мәселе. Осыған орай, құрылым жүйесі мен отандық ғалымдардың ой оралымдарына байланысты алғанда бізге кеңінен таныс. Отанымыздағы ұлттық қауіпсіздік және отансүйгіштік заман талабынан туындаған өткен мен болашақтың және қазіргі заманның тарихи санасынының бірлігін насихаттайды [2,70б.]. Біз, құрылымдық-функционалдық тәсілді қолдана отырып, еліміздегі бұқаралық және теориялық сананың тұтастығын қамтамасыз етуге ниеттіміз. Демек, әрбір қоғамдық сананың бөлшегі біз үшін әлеуметтік құндылық.

ә) К. Г. Юнгтың бейсаналық туралы тұжырымына сүйенсек [3], өткен ата-бабалардың отаншылдық рухы «ретроспективтік-интроспективтік» бағдардарларды құрайтындығы күмәнсіз. Яғни, біздің ата-бабаларымыз қазіргі заманғы жастардың отаншылдық рухын ерлікті ерікті-еріксіз түрде тәрбиелеп отыр. Бұл — психологияның бейсаналы түрде құрылған қоғамдық сананың келбеті. Осындай архетиптік [3] келбет болашақ жастарға сіңірілген тәрізді. Осыған, орай, Қ. Оразқұлова бейнелеу өнері туындылары арқылы жастардың бойында қазақ халқы жастарында отаншылдық сезімді қалыптастыруға болатындығы туралы арнайы диссертация жазып шықты [4].

Екіншіден, ұлттық қауіпсіздік жағдайында жастардың бойында отансүйгіштік сана қалыптастырудың тетіктерін, біз, былайша ұсына аламыз және оның қатерлерін тізімдемелейміз:

а) еуропаландыру саясаты. Мысалы Норвегия, Голландия сияқты мемлекеттердегі гейлік парадттары, яғни, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жұптасуына заңды түрде рұқсат берілген болса, ал Африканың кейбір мемлекеттерінде моногомия келбеті өзгеріп, әйелдік полигамия жария етіліп жатыр. Сондықтан, біз, келешектегі адамзаттың рухани даму үлгілерін құрып бере аламыз;

ә) эволюцияда отансүйгіштіктің және қауіпсіздіктің мынадай үлгілері бар. Мысалы, биологиялық ареал және аймақтық (қызғаншатық) хайуанаттарда да жі кездесетін жағдай. Егер адамзат сүт қоректі жоғары дамыған субьекті екендігін ескерсек, әрбір халық немесе этностар өз жерін қорғауға ұмтылады. Міне, отансүйгіштіктің бұл геофизикалық көрінісі деп айта аламыз.

Үшіншіден, ұлттық қауіпсіздік ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қашанда әлемдік деңгейде орын алады. Ол жеке мемлекеттерге ғана қатысты емес. Сондықтан, біздің Қазақстан қоғамы «Рухани жаңғыру» және «Мәңгілік Ел» бағдарламасы аясында отаншылдық тәрбиені басты жолға қойды. Бұның тарихи-әлеуметтік астарлары терең. Мысалы, Жошы ханды немесе оның әкесі Шыңғыс ханды Қазақ халқының түпатасы ретіндегі зерттеулер қазіргі тарихи айғақтарға сәйкес келеді.

Төртіншіден, біз ұстанған тарихи сананы жаңғырту, құлдық психологиядан арылумен келіп орайласады. Б. М. Аташ айтқандай, құлдық психологиядан арылмай, отаншылдық сезімді қалыптастыру болашақта іргелі мәселеге айналады [5, 95б.]. Ол үшін құлдық психологиядан азат болудың тетіктерін ғылыми-теориялық түрде ұсынуымыз керек.

Бесіншіден, ұлттық қауіпсіздіктің алдын-алу тетіктерінің эндогенді және экзогенді факторлы бар. Эндогенді факторды былайша жіктеп көрсетуімізге болады.

а) көне заманнан қалыптасқан түркі және Қазақ халқындағы көре алмаушылық және оны жеңудің жолдарын ұсыну әдіснамасын құру;

ә) эндогенді фактор еліміздің ішкі саясатына қатысты болғандықтан, рушылдық пен трайболизм қоғамның, оның ішінде, Қазақстан қоғамында белең алған жағымсыз үдеріс. Эндогенді фактордың келесі бір қыры — қазақтар арасындағы біріне-бірін сілтеу. Ол мысалы, З. Фрейд айтқандай, [6,153б.], қорғаныш тетіктеріне байланысты. Австрияның психолог-философы З. Фрейд қорғаныш тетіктерін былайша әдептеп берген еді. Оның бізге қатысты тұсы, ол — проекциялау (көшірмелеу). Бұл теорияда біз және басқа да адамдар күнәсін басқа заттарға немесе өзге адамдарға аударады. Бұл — бейсаналы құбылыс. Осы бейсаналық ықпал біздің қоғамға аса зиян келтіруі ықтимал.

Алтыншыдан, ұлттық қауіпсіздік жағдайында мәселені қозғаған Б. Иманмолдаева мынадай қортындыға келді: «Ұлттық Мен» және «Ұлттық Өзіндік сананы» зерттеу бағдарында нақты шешім Ұлттық бірегейлікті орнықтырудың нақты ұстанымдары [7,5–6бб.].

Жетіншіден, ұлттық қауіпсіздікті сақтау қазіргі жаһандану заманында отансүйгіштікті қалыптастыру және оны жастардың бойына сіңіру жағдайында әр түрлі қатерлерге тап болып отырған сыңайлы. Атап айтсақ, жаһандану және оның қатерлі тұстары америкаландыру, еуропаландыру, орыстандыру, арабтандыру және сол сияқты әр түрлі идеологиялардың ықпалы. Біз бұған қарсы қорғаныш тетігі ретінде қазақтандыру жобасын ұсынып келеміз. Оның отандық белсенді өкілі Ж. Молдабеков болатын [8].

Бұндағы күрделі ахуал қандай идеологияның тарих сахнасында әйгілене алатындығына байланысты. Дегенмен, ұлттық бірегейлікке ұмтылу стратегиясының өзіндік мазмұнына сәйкес тарихи-әлеуметтік астарлары бар екендігі күмәнсіз.

Сегізіншіден, отанымызда патриоттық тәрбиеге және қауіпсіздік мәселесі саяси әлемдік кеңістікте өршіп тұр. Бұл тұста, Қазақстан мемлекеті жан-жақты қамдануға тиісті, әсіресе, оның ішінде, рухани тірегі тарихи сананы жаңғыртумен келіп шартталады. Бұндай дәстүр Қазақстан қоғамындағы тарихи-рухани мұраларды қайта өркендетудің бірден-бір өлшемі екендігі күмәнсіз. Осыған орай, қазіргі руханияттық даму аясында елімізде саяси стратегиялық бірнеше бағдарламалар құрылған. Оның практикалық және теориялық ұстанымдары жүйелі түрде ұлттық ділімізге байланысты ұсынылған. Сонымен қатар, утопиялық бағдарымыз айқындалған тәрізді. Мысалы «Мәңгілік Ел» стратегиясы.

Ұлттық қауіпсіздік деңгейінде отаншылдық тәрбиені қалыптастырудың үлгісін біз ұсына аламыз.

  1. Еліміздегі ұлттық қауіпсіздікті отаншылдық тәрбие негізінде берудің инновациялық әдістері бар.
  2. Елбасы айтқандай, шынайы тарихты жазу.
  3. Ұлтымыздың ділін, тілін, дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қазақ қоғамы мен әлемге жариялап қана қоймай, оның астарындағы терең мәнді іздеп табумен келіп тоғысады. Мысалы, ұлттық тағамдар қымыз, шұбат Германия елінде деликатес ретінде қабылданған.
  4. Отаншылдық, алдымен, қазіргі қазақ қоғамындағы құлдық психологияны жоюмен байланысты. Біз орыс тілін ұлтаралық тіл ретінде ҚР Конституциямызға тағайындап қойғанымыз еке ұдайлық мәселені туындататын сияқты, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж Тоқаев қазақ тілінің еліміздегі қолданылду мәртебесі жөнінде сан рет айтқан болатын. Р.Гамзатов айтқандай, «Менің ұлттық тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге дайынмын». «Тіл» — ХХ ғасырда өмір сүрген неміс философы М. Хайдеггер айтқандай: «Болмыстың баспанасы». Демек, біз өзіміздің тіліміз арқылы қазақ әлеміндегі бірегейлікті сақтай аламыз. Мысалы, «заман», «құт», «он сегіз мың ғалам» т.б. ұғымдар басқа тілге ааударылмайды.
  5. Отаншылдық сезім ұлттық қауіпсіздік аясында, біз білгендей, еліміздің тарихи заманауи құндылықтарын сақтап қалумен өлшенеді. Атап айтқанда, жаһандану үдерісі негізінде келіп жатқан интернет құралдары, келіп жеткен зиянды ақпараттардан қорғануды мақсат етеміз. Мысалы, «Көк Кит» ойыны. Қоғамымызда діни экстремизм мен терроризм қаупі туындаған жағдайда дінтану, психология, философия, саясаттану т. б. сияқты ғылымдар өзектілене түсті.
  6. Ұлттық отансүйгіштіктің тарихи тамырлары алыстан бүгінгі ұрпаққа өзін-өзін жария етеді. Мысалы, біздің эрамызға дейінгі мыңыншы жылдықтағы сақтардың Томирис патшайымы айтқандай, парсы елінің әскери қолбасшылары еліміздегі табан тіреп, «Әуелі біздің ата-бабаларамыздың қорымдарын шауып көрсін, одан кейін біз соғысты бастаймыз». Бұл — сақ тайпаларының ата-баба ел мен жерді қорғап қала алатындығының шүбәсіз кепілі. Осы тұста біздің айтарымыз, ол қорымдар қазақ немесе көне ғұн-сақ дәуіріндегі шекаралары іспеттес екен.
  7. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі — тарихи логикалық ұстаным. Біз тарихқа үңілген сайын перспективті жобалар құра аламыз. Бұл «өткен-қазіргі-болашақ» жобасын ұйымдастыра алады, осы тұста, отаншылдық былайша екі масштабқа бөлінеді. Бірінші, ұлттық қауіпсіздік сыртқы саясаттың ықпалынан туындайтын факторлар. Бұл жағдайда өзге мемлекеттердің идеологиялары Қазақстанның, оның ішінде, ұлттық бірегейліктің сақталмауына кері әсерін тигізеді. Ол үшін ең бастысы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиістіміз. Мысалы, интернет желісінде жалған ақпараттардың қиылысы бойынша өтірік мәліметтер беріледі.
  8. Біздің қоғамда қайталанған идеологиялар қайта қазақтандыру (реэтнизация) үрдісінде жаңа инновациялық парадигмалар негізінде пайда болды. Бұл әлемдік масштабтағы ойдың орнықты тәжірибелік саяси-әлеуметтанулық ұғымына да сай келеді.

Қорыта келе, ұлттық қауіпсіздік, алдымен, отансүйгіштік және оны жастардың бойында қалыптастырумен тікелей байланысты. Бірақ бұл көне дәуірден сабақтасқан өсиет айтумен ғана емес, заманауи инновациялық үлгіде құрылуы тиіс деп айта аламыз.

Әдебиеттер:

  1. Жандосұлы Д. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр жүйесін діни сенімдер мен діндер бойынша құрылымдық-функционалдық тұрғыдан жіктеу.- Маг. дисс.дінтану. ғыл.-Алматы, 2012.-120б.
  2. Сатершинов Б. М. Тарихи сана — тәуелсіздіктің рухани тұғыры.- Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФжСИ, 2011. — 291б.
  3. Человек и его символы. Карл Густав Юнг и последователи//К вопросу о подсознании,Янко Слава (библиотека Fort/Da) slavaaa@online.ru yanko_slava@yahoo.com //http://yanko.lib.ru. http://members.fortunecty.com/slavaaa/ya.html//http://yankos.chat.ru/ya.html [Электрондық нұсқа]. (Қаралған уақыты 21. 01.2020).
  4. Оразқұлова Қ.С. Қазақстан суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана философиясы. — Филос.ғыл.канд.дисс. А., 2010.-123б.
  5. Аташ Б. М., Маханова Г. И. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру философиясы//Қоғам және дәуір. Ғылыми сараптамалық журнал.-№ 3–2013.-90–98бб.//Қоғам және дәуір. Ғылыми сараптамалық журнал.-№ 3–2013.-90–98бб.
  6. Зағыпаров Қ.Ф. Философиялық терминдер сөздігі.- Павлодар: ПМПИ, 2011.-138б.
  7. Иманмолдаева Б. Л. Ұпақтар сабақтастығы негізінде ұлттық бірегейлікті сақтаудың психологиялық тетіктері// Жантану журналы.-№ 5.- 2019.- Сентябрь-Октябрь.-5–9бб.
  8. Молдабеков Ж. Ж. Қазақтану және жаңару философиясы: Оқу құралы. − Алматы: Қазақ университеті, 2009. − 282 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, экстремизм мен.

Похожие статьи

Білім беру ұйымының қазіргі кезеңдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшелігі

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі білім беру ұйымының персоналды басқару ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны білім беру ұйымы қызметінің ерекшелігі, персонал функциялары, мотивациялық механизм мен мұғалімдердің дамуына тән ерекшелікт...

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Ғимараттар мен құрылыстардың энергия тұтынуын оңтайландыру әдістері

Бұл мақалада жылу жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі — энергия тиімділігін арттыру және оны оңтайландыру мақсаттары сипатталған. Ең жоғары энергия тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралар кешені ұсынылды.

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Жасыл экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Мақалада жасыл экономика ұғымы туралы және оның халықаралық тәжірибесі туралы баяндалады. Халықаралық практикада жасыл саясатты іске асырудағы елдердің табыстарын бағалау үшін Жасыл экономика индексі талқыланады. Жасыл экономиканы реттеудің мемлекетт...

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Тірі салмақ өзгергіштігі және қозылардың өсу қарқындылығы

Шығыс Қазақстан облысы «Қуат» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларын гемпшир тұқымды өндіруші қошқарлармен будандастыру нәтижесінде будан алынған. Мақалада будан және таза тұқымды қозылардың тірі салмағы, экс...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және гендерлік реттеу саясаты

Əйелдер мен ерлердің теңсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарту жобаларының тиімділігін төмендетеді. Гендерлік т...

Задать вопрос