Көркем мәтін аудармасының ерекшеліктері және аудармашының рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (299) февраль 2020 г.

Дата публикации: 29.02.2020

Статья просмотрена: 3410 раз

Библиографическое описание:

Адилова, Т. Б. Көркем мәтін аудармасының ерекшеліктері және аудармашының рөлі / Т. Б. Адилова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9 (299). — С. 202-204. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67798/ (дата обращения: 19.12.2024).

Мақалада көркем аударма, оның тәсілдері және көркем шығарманы аударатын мамандарға қойылатын талаптар қарастырылады.

Кілтті сөздер: көркем аударма, көркем шығарма, көркем аударма түрлері, аудармашы біліктілігі.

В статье рассматривается художественный перевод, его методы и требования к переводчикам художественных произведений.

Ключевые слова: художественный перевод, художественное произведение, виды художественного перевода, компетенции переводчика.

Әр халықтың өмірінде көркем шығармалардың алатын орны маңызды, себебі көркем мәтінде кез келген ұлттың рухани қазынасы сақталады. Көркем шығарма дегеніміз — эстетикалық құндылықтың белгілі санаттарына жауап беретін көркем шығармашылықтың жемісі және онда автордың ойы көрініс табады [1]. Түрлі әдеби туындылардан нақты бір халықтың өмір сүру салты, тілі, ділі және ұлттық құндылықтары жайлы қызықты мәліметтер алуға болады. Көркем шығармалардың көңіл аударарлық тұстарының бірі — олардың мәдениеттер, тілдер және оқырмандар арасындағы көпір қызметін атқаруы. Бұл қызмет үшін кемінде екі тілді жоғары деңгейде меңгерген, арнайы біліктілігі бар аудармашылар еңбек етеді. Демек, белгілі бір тілде жазылған көркем еңбекті өзге тілдерге аудару арқылы сол елдің тарихы мен болмысын басқа тілде сөйлейтін немесе әлемнің келесі бөліктерінде тұратын оқырмандарға таныстыруға мүмкіндік туады. Берілген мүмкіндік көркем мәтін аудармасы мен оның ерекшеліктеріне назар аудартады.

Көркем аударма бір тілде жазылған көркем туынды екінші тілге аударылып қайта жазылатын әдеби шығармашылықтың бір түрі [2]. Көркем мәтіндер аудармасы кітаптардың, мақалалардың, оқиғалардың және басқа да қара сөз үлгілерінің; поэзияның; жарнама деректерінің, шығармашылық және икемділік қабілеттерді талап ететін өзге де мәтіндердің аудармасын жүзеге асырады.

Көркем аудармада әдеби мәтінді аударудың бірнеше тәсілдері белгілі. Мысалы, адаптация әдісі түпнұсқа мәтінін аударылып отырған тілде сөйлейтін халық үшін үйреншікті етіп аударуды қарастырады. Келесі, лингвистикалық кеңейту техникасы бойынша аудармашы бір тілде бар сөзді не тіркесті екінші тілге аудару сәтінде оны басқа сөздермен түсіндіруге тырысады. Бұл әдіске қарама-қарсы тәсіл элизия деп аталады, себебі түпнұсқа мәтініндегі кейбір ақпаратты алып тастау арқылы аудармашы сол бөліктің аудармада болмауын қадағалайды. Ал, компенсация тәсілі мәтіннің бір бөлігінің немесе мәтінде қолданылған көркемдеуші компоненттердің аударма мәтінінде орын ауыстыруын көрсетеді. Бұл тәсіл аудармашының интенциясына байланысты пайдаланылады. Тағы бір әдіс — кірме деп аталады, ол бойынша аудармашы нақты бір сөздерді, тіркестер мен ұғымдарды өзгертпей өз еңбегінде қалдырады [3].

Барлық аудармашыларға белгілі аударма жасаудың екі жолы бар: тікелей және еркін аудармалар. Тікелей аударманың мәні әдетте қате түсіндіріледі, нақтырақ атағанда, контекст мәні жоғалатын нағыз сөзбе-сөз аударма деп қарастырылады. Негізінде, тікелей аударма — мағынаның дәл аудармасы, аудармашы тарапынан артық ой қосылмайды және алынбайды [4, б. 9].

Еркін аударма да теріс түсіндірмелерге жиі кезігеді: аудармашы әдеби мәтінді аударғанда қалаған бөлігін өзгертіп, орнын алмастырып немесе өшіріп аударады-мыс. Аударманың еркін болуы — оның тілі мен стилі бойынша еркіндікке ие болуы, ақпаратты оқырманға жеткізудегі еркіндік емес. Бұл аударма жолы екі түрде жүзеге асады: біріншісі — шектелген еркін аударма, келесісі — шектелмеген еркін аударма [4]. Егер бірінші түрі аудармашыға түпнұсқа мәтініндегі деректерді мағынасын өзгертпей, бірақ оқырманға әсер ету үшін кішігірім асыра сілтеу сынды амалдарды қолдануға мүмкіндік берсе, екіншісі — мәтіннің түпкі мағынасын ашу және бейнелеу үшін аудармашы жұмысына мол еркіндік беріледі.

Әдеби туындыларды басқа тілдерге аударудың негізгі қағидасы — тілдің поэтикалық қызметінің орындалуы. Оқырмандарға қаламгер ойын жеткізу үшін оның аудармасы да көркем болуы қажет. Оқырманда шығарма, оның кейіпкерлері және тілдік өзгешелігі жайлы белгілі бейне қалыптастыру аудармашының басты тапсырмасы, сол себепті аударманың бұл түрі белгілі тілдік нормалардан ауытқуы мүмкін. Бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударма жасау арқылы әдеби шығарманың тереңдігін түсіну қиын. Бұл тұста аудармашының еңбекке деген көзқарасы және оны қалай қабылдағандығы маңызды. Көркем аудармада тіл тек қана қарым-қатынас қызметін атқармайды.

Көркем туындыны аудару барысында туындайтын мәселелердің бірі -түпнұсқа мен аударылған мәтін арасындағы тепе-теңдікті сақтай алмау қаупі. Бір сөздің өзі аударма үдерісіне әсер етеді, себебі аудармашының белгілі бір сөзді таңдауы оқырманның шығарманы дұрыс түсіну не түсінбеу барысына ықпал етеді. Демек, әдеби туындыны аударғанда түпнұсқаның мағынасын көрсете отырып, автор бейнелеген сезімдер мен көңіл-күйді жеткізе алу керек.

Автордың ойын, сезімін немесе көзқарасын өзге тілді оқырмандарға баяндау кезінде аудармашының рөлі және жауапкершілігі зор, сол себепті олар өз алдарына қойған тапсырманы ойдағыдай етіп орындау үшін бірнеше кеңестерді ұстанғандары жөн. Мысалы, сөзбе-сөз аударма көркем шығарманың мағынасын өзгертіп тастайды және түпнұсқада контекстке назар аудару маңызды, себебі қаламгер өз еңбегін жазу кезінде әр сөзді ойланып, керегін іздеп, нақты мақсатпен қолданады. Автордың ойлаған идеясын бірден түсіну әдетте қиындық туғызады, сондықтан аудармашы шығармамен терең әрі жан-жақты танысқаны жөн. Келесі ұстаным — мәдени ерекшеліктерді ескеру: әр халықтың өзіне тән менталитеті болатынын ұмытпаған дұрыс. Үлкен энциклопедиялық сөздікте менталитет деген ойлар бейнесі, жеке адамға немесе жалпы топқа тиесілі ойлау қабілеттері мен рухани қағидалар жиынтығы деп көрсетілген [5]. Сонымен қатар, әдеби туындылар әдетте ауқымды болғандықтан, аудармашы алдында үлкен еңбек күтіп тұр. Мысалы, американдық жазушы Донна Тарттың 10 жыл жазған атақты «Щегол» туындысын аудармашы 9 ай бойы аударған. Сабырлық пен істі соңына дейін жеткізуде табандылық көрсету аудармашының жеке жеңісі іспетті.

Кез келген шығарманы автор ойы мен көңілін оқырманға тура жететіндей етіп аударма жасау үшін аудармашы мамандарға бірнеше талаптар қойылады. Олар:

  1. Бір тілден екінші тілге кез келген мәтінді аударғанда ой қосу, автор ойын өзгерту немесе алып тастау сынды әрекеттер жасалынбауы тиіс. Бұл еркіндікке қоғамдық, діни, мәдени, идеологиялық және т. б. тұрғыда дәлелденген жағдайда рұқсат беріледі.
  2. Түпнұсқада кішігірім немесе аса маңыздылыққа ие емес бөліктердің өзі тікелей аударылмаса да, назарға ілінуі тиіс.
  3. Аудармашыда түпнұсқа тілін де, аударылып отырған тілді де грамматика, сөздік қор және дыбыстық ерекшеліктер жағынан танып, орынды қолданатын біліктілігі болу қажет.
  4. Автор мақсатпен қолданған сын, әзіл, салмақтылық, асыра сілтеу сынды шығарма сарыны аудармада да маман арқылы берілуі қажет.
  5. Аудармашы қос тілдің де стильдік ерекшеліктерін ескеру қажет.
  6. Аударылып отырған тілді қолданатын халықтың мәдениетімен жақсы таныс болу аударма барысында туындаған түсініспеушіліктерді шешуге көмек болады.
  7. Қоршаған ортаны жақсы білу, әлемде болып жатқан оқиғалардан, жаңа ашулардан хабардар болу да аудармашының дүниетанымын кеңейтіп, түрлі жанрдағы мәтіндерді аударғанда үдерісті жеңіл етеді.
  8. Аудармада біліктілік көрсету: аударма теориясы (негізгі қағидалары, нұсқаулар, түпнұсқа, жазушы мен аудармашы интенциясы, жазушы мен аудармашы позициясы, тілдік нормалар, проблемалар және олардың шешімдері) және аударма әдістері (тура не мағыналық, еркін не қарым-қатынастық, прагматикалық не прагматикалық емес және т. б.) жайлы білімнің болуы.
  9. Бір тілді немесе қос тілді сөздіктер мен сілтемелердің болуы аударма барысында түсініксіз не күмән тудыратын мысалдарды тез шешуге көмектеседі.

Қорытындылай келе, аударма ісі еңбекті, біліктілікті, төзімділік пен мақсатшылдық сынды қасиеттерді қажет ететін жауапкершілігі мол іс. Көркем шығармаларды бір тілден екінші тілге аудару арқылы бір ұлтқа не мәдениетке тән рухани қазынаны әлемге немесе оның бір бөлігіне танытуға болады. Өзге тілде сөйлейтін оқырман үшін автор жазбасын түпнұсқа дәрежесінен төмендетпей аудару кез келген аудармашының қолынан келе бермейтін жетістік.

Әдебиет:

  1. Жуковский В. А. О поэте и современном его значении. — М.: Сов. Россия, 1985.
  2. Литературный энциклопедический словарь / под общ. ред. В. М. Кожевникова, П. А. Николаева. — М.: Сов. энцикл., 1987.
  3. Albir A. H. Translation and Translation Studies: Introduction to Translation, 2001.
  4. Ghazala H. Translation as problems and solutions: A textbook for University Students and Trainee Translators. Beirut: Dar El-Ilm Lil-Malayin, 2008.
  5. Большой энциклопедический словарь: В 2 т. / Гл. ред. А. М. Прохоров. — М.: Сов. энцикл., 1991.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, художественный перевод, автор.

Ключевые слова

көркем аударма, көркем шығарма, көркем аударма түрлері, аудармашы біліктілігі

Похожие статьи

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Қазақы жылқылардың ет және сүт өнімділігі

Шығыс Қазақстан облысы «Шөптіқақ» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, 12-айлық жылқылардың ет және сүт өнімділігінің көрсеткіштері мақалада келтірілген.

Жеткіншектердің танымдық қабілеттерінің даму ерекшеліктері

Бұл мақалада жеткіншектік кезеңіндегі танымдық сала, танымдық процестердің сапасын арттыру, жеткіншектің оларды қолдануға саналы көзқарасы қарастырылады. Ғалымдардың, мұғалімдердің жеткіншектердің сипаттамалары мен олардың танымдық саласы туралы әртү...

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Еуропа елдерінің қазіргі сәулет өнеріндегі негізгі көркемдік бағыттары

XIX ғасырда шарықтау шегіне жеткен өнеркәсіптік революция қала өмірінің көптеген аспектілеріне әсер етті. Адамдар өздерінің жетістіктері туралы көркемдік және визуалды аспектілер арқылы есеп бере бастады. Мұның бәрі жаңа сәулеттік стильдердің пайда б...

Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту

Берілген мақалада көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселелері қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Қызанақ жемістерінің өнімділігі мен сапасына өсу реттегішін қолдану әдісі мен түрінің әсері

Қызанақ өсімдігінің өсуі мен қалыптасуын қадағалау — көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи технологиясының негізгі көзі болып табылады. А. Борисов және О. Ганичкинның мәліметтері бойынша өсімдіктің қалыптасуы қызанақтың жеміс беруімен қатар, өсуін қад...

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Задать вопрос