Бүгінгі таңда отандық саяси ғылымдар өкілдері үшін рейтингтік журналдарда жариялану мәселесі өзекті саналады. Мойындауымыз қажет, мұндай жарияланымдар саны өте аз. Жарық көрген ғылыми зерттеулердің басым бөлігі PhD бағдарламасы бойынша оқушыларға тиесілі. Бұл да түсінікті, ғылыми дәреже алу үшін кемі бір мақала Scopus базасында тіркелген журналдарға жариялануы керек. Аталмыш мақалаларда докторанттардың ғылыми жетекшілерімен бірлесе отырып жариялануы еңбектің деңгейін арттырып отыр ма деген сауал мазалайтындығы да белгілі.
Мәселенің өзектілігі ең алдымен ғылыми атақтарды алу бойынша ереженің, жақында ғана ғылыми дәрежелерді алу бойынша ережеге өзгерістердің енуімен байланысты. Бүгінде бұл өзгерістер Скопус базасындағы жаңартуларды тұрақты түрде қарауды талап етіп отыр. Осы өзгерістер шеңберінде Скопус базасындағы ай сайынғы жаңартулары қызықтыратындығы белгілі. Осы уақытқа дейін ағымдағы жылдың SiteScore көрсеткіштерін келесі жылы көретін авторларға психологиялық жағынан қиындау болып тұр. 2019 жылғы көрсеткіштерін көре отырып, процентилі өсетініне сеніп мақала да беруге болмайтын сияқты. Отандық ғылым өкілдері үшін аталмыш базада тіркелген журналдарға мақала жариялау мәселесі әлі де өзекті болса, батыс ғалымдары үшін еңбектеріне көп сілтеме берілуі маңызды саналады. Сондықтан отандық саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасындағы көрсеткіштерді талдау өзекті деп ойлаймыз [1, 95-100 бб.].
Бұл талдауда әлемдік саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасындағы «саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштеріне ерекше назар аударылады. Жалпы ғылымда «political advertising» пен «political advertisement» түсініктері қатар қолданылады. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы барлығы 584, «political advertisement» кілт сөзі бойынша 145 материал табылды. Осы көрсеткіштерге байланысты «political advertising» түсінігіне мән беруді жөн көрдік. Жарияланған материалдар базаның 16 саласына қатысы бар және 1 жарияланымның салалары белгісіз. Көрсеткіштер нәтижесін төмендегі кестеден байқауымызға болады.
Кесте 1
«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы табылған материалдар саны (08.02.2020 көрсеткіш)
№ |
Зерттеу саласы |
Саны |
№ |
Зерттеу саласы |
Саны |
1 |
Social Sciences |
503 |
10 |
Chemical Engineering |
3 |
2 |
Business, Management and Accounting |
118 |
11 |
Agricultural and Biological Sciences |
2 |
3 |
Arts and Humanities |
78 |
12 |
Earth and Planetary Sciences |
2 |
4 |
Economics, Econometrics and Finance |
44 |
13 |
Health Professions |
2 |
5 |
Psychology |
42 |
14 |
Mathematics |
2 |
6 |
Computer Science |
19 |
15 |
Multidisciplinary |
2 |
7 |
Environmental Science |
7 |
16 |
Energy |
1 |
8 |
Engineering |
6 |
17 |
Undefined |
1 |
9 |
Medicine |
6 |
|
«Скопус» базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы ең алғаш жарияланған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрсеткіштерді жылдар бойынша анықтауға болады. Базада көрсетілгендей, 1972 жылы «political advertising» түсінігі ең алғаш рет тіркелген [2]. Скопуста табылған материалдардың соңғы он жылдық жалпы көрсеткіштеріне мән берсек. Осы он жыл ішінде барлығы 314 материал базаға тіркелген, 2020 жылы бір мақала базаға тіркеліп үлгеріпті:
Кесте 2
«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы табылған материалдардың соңғы он жылдық жалпы көрсеткіштері (08.02.2020 көрсеткіш)
№ |
Жыл |
Саны |
1 |
2010 |
18 |
2 |
2011 |
28 |
3 |
2012 |
27 |
4 |
2013 |
35 |
5 |
2014 |
34 |
6 |
2015 |
26 |
7 |
2016 |
23 |
8 |
2017 |
56 |
9 |
2018 |
36 |
10 |
2019 |
31 |
ЖАЛПЫ: |
314 |
|
Сонымен қатар, «political advertising» кілт сөзін көп пайдаланған авторлардың да ондығын анықтауға болады:
Кесте 3
«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі көп пайдаланған авторлардың ондығы (08.02.2020 көрсеткіш)
№ |
Автор |
Жарияланым саны |
№ |
Автор |
Жарияланым саны |
1 |
Ridout T.N. |
31 |
6 |
Matthes J. |
9 |
2 |
Kaid L.L. |
24 |
7 |
Goldstein K. |
8 |
3 |
Fowler E.F. |
14 |
8 |
Cho J. |
6 |
4 |
Franz M.M. |
12 |
9 |
Garramone G.M. |
6 |
5 |
Holtz-Bacha C. |
11 |
10 |
Tedesco J.C. |
6 |
Қорыта айтқанда, берілген жұмыста әлемдік саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштеріне байланысты сандық көрсеткіштерге қысқаша тоқталдық. База үнемі жаңартылып отыратындықтан, зерттеу мәселесінің өзектілігін алдағы уақыттағы көрсеткіштерден біле аламыз.
Алғыс білдіру
Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.
Әдебиет:
- Насимов М.Ө. Отандық саяси ғылымның даму перспективалары шарттарындағы Скопус базасы // Қазақстан саясаттанушылар конгресінің материалдар жинағы – Алматы, 2019. – 313 с.
- Surlin S.H., Gordon T.F. How Values Affect Attitudes Toward Direct Reference Political Advertising // Journalism and Mass Communication Quarterly. 1972. - Volume 54. - Issue 1. – P. 89-98. DOI: 10.1177/107769907705400113