Әлеуметтік желідегі саяси жарнама | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. Әлеуметтік желідегі саяси жарнама / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 26-27. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67878/ (дата обращения: 19.12.2024).



Кез келген қоғамдық ортада саясат және оның белгілері болатындығы анық. Ол үшін әрине аудитория керек. Сондықтан болар, түрлі деңгейдегі топтардың белсенділігін арттыру үшін әлеуметтік желілерге сүйенгеніміз дұрыс. Демек, Интернетте өз аккаунттыңды ашу арқылы билік өкілдері қоғаммен байланыс жүргізе алады. Жеке адамның парақшаларымен бірге түрлі топтар мен онлайн-қауымдастықтар арқылы өз саяси ұйымын ілгерілету тәжірибесі кеңінен тарап отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде тікелей саяси жарнамаға қарағанда, жанама саяси жарнама жүргізуге тиімді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіде белсенді болуы керек екендігі айтылған соң [1] отандық саясаткерлердің әлеуметтік желілердегі парақшалары арта түсті. Айта кетуіміз қажет, мемлекет басшысы әлеуметтік желіде өте белсенді. Мәселен, Қ.-Ж. К. Тоқаев Твиттерде 2011 жылдың шілдесінде дербес парақшасын ашқан. Аталмыш әлеуметтік желіде 2020 жылдың 22 ақпанындағы көрсеткіш бойынша 144 мың оқырманы бар және 166 қолданушыны оқиды. Ал Инстаграмда іздеу бойынша төрт аккаунтқа кезігуге болады: tokayev_online (1,1 миллион оқырманы бар); tokayev_online01 (546 оқырман бар); tokayev_life (64 мың оқырман бар); kasim_zhomart_tokaev (7020 оқырман бар). Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Б. Уәли соңғы уақытта Инстаграм желісінде президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кеткенін, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес екенін атап өтті. «Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекенжайы @tokayev_online» [2], — деп жазады ол.

Жалпы кейбір мәліметтерде Твиттер әлеуметтік желісінде 125 мемлекеттің басшылары тіркелгендігі жөнінде айтылады. Твиттерден танымал ғалымдар, жазушылар, актерлар сынды белгілі тұлғалардың жазбаларын оқуға болады. Бұл әлеуметтік желінің басты ерекшелігі — идеяларды таратуда қабілетті және саяси жұмылдыруда өте жүйрік. Мұны көптеген заманауи революциялар мен қозғалыстарды ұйымдастырудан байқадық. Сонымен қатар, Фейсбукқа қарағанда, Твиттер қолданушылар мәліметтерінің заңсыз таратылуы секілді шатақтарға ілікпеді. Бірақ, Твиттер Орталық Азия елдерінде кеңінен таралмаған [3].

Инстаграмда танымал саяси алаңға айналып келе жатыр. Бұл әлеуметтік желіден де саяси пікірлер мен таластарды кездестіруге, танымал саясаткерлердің парақшаларымен танысуға болады. Негізі Инстаграмның фотосуреттер мен бейне жазбаларды желіде алмасуға, өзіндік қызметі арқылы өзге әлеуметтік желілерде таратуға мүмкіндігі бар. Жалпы Инстаграмдағы ықпалды әлемдік лидерлердің көрсеткіштерін түрлі сайттардан табуға болады [4, 5].

Бұл тұста Brand Analytics компаниясының медиа саласындағы талдауы қызығушылық тудырып отыр. Олардың мәліметі бойынша елімізде «ВКонтакте» барлық аспектілер бойынша ең танымал әлеуметтік желі болып табылады. Рейтингтің екінші және үшінші орындары Инстаграм мен «Мой Мирге» тиесілі. «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің 1781760, Инстаграмның 1008360, Фейсбуктің 413026, Твиттердің 27776 белсенді пайдаланушысы бар. Әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі бойынша ел тұрғындарының 10,6 пайызы ешқандай әлеуметтік желіге тіркелмеген. Әлеуметтік желідегі кеңінен тараған белсенділік ретінде өзгенің постттарына пікір қалдыру саналады (24,81 %). Екінші орынға жаңа таныстарды іздеу мен табу жайғасқан (21,9 %). Ал, қолданушылардың 12,44 пайызы түрлі талқылауларға қатысады. Тұрғындардың әлеуметтік желілерде, форумдар мен блогтарда жарияланған ақпараттарға сенімділік көзқарасына да қызығушылық басым. Сұралған азаматтардың 16,54 пайызы толықтай сенсе, 65,28 пайызы кейде сенеді. Тек 12,22 пайыз қолданушы толықтай сенбейді [6].

Байқап отырғанымыздай, осыдан бірнеше жылдар бұрын саясаткерлердің әлеуметтік желіде онлайн болуы қажеттілік болса, бүгінде бұл міндеттілік деп ойлаймыз. Расында бұқараға өз ойлары мен пікірлерін жеткізген әлеуметтік желі қоғамдық өмірдің бір түріне айналып отыр.

Алғыс білдіру

Зерттеу «Болашақ» ҒЗИ жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» жобасы аясында университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Каждый госслужащий должен быть активным в соцсетях — Токаев // [Электронный ресурс].– Режим доступа: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kajdyiy-gosslujaschiy-doljen-aktivnyim-sotssetyah-tokaev-373886/
  2. Тоқаев танымал әлеуметтік желіден өз парақшасын ашты // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://sputniknews.kz/politics/20190401/9714537/Qazaqstan-Toqaev-instagram.html
  3. Почему Твиттер — самая лучшая платформа для обмена идеями и почему она не развита в Центральной Азии? // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://caa-network.org/archives/16348
  4. Самые влиятельные мировые лидеры в инстаграм // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://instabase.ru/politiki
  5. ТОП самых популярных инстаграм блогов политиков // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adinblog.ru/топ/категории/политики/
  6. Названа самая популярная социальная сеть в Казахстане инстаграм // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://tengrinews.kz/internet/nazvana-samaya-populyarnaya-sotsialnaya-set-v-kazahstane-377526/
Основные термины (генерируются автоматически): Электронный ресурс, бар, мена, Режим.


Задать вопрос