Ойын технологиясының педагогикалық түсініктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Шакен, Ф. К. Ойын технологиясының педагогикалық түсініктері / Ф. К. Шакен. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 32-33. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67883/ (дата обращения: 19.12.2024).



Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі көзі, өсіп келе жатқан ағзаға, сезімі мен толғанысына қажеттілігі мол. Ойын қызықты және қол жетімді, бала үшін сезімдері мен эмоцияларын тудырады және балаларға қуаныш сыйлайды, ол білім мен шындыққа, шығармашылық, қиял тәжірибесі арқылы баланы қызықтырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынында алғашқы мінез-құлық сатылары: білу, өзара іс-қимыл, басқа балалармен байланысқа түсе отырып, олармен әртүрлі қарым-қатынастар, келісу және жүзеге асыру үшін бірігу мүмкіндігі. Ойында балаға әсер ететін бірнеше псикикасы қалыптасады, кейіннен ол табысқа жетіп, басқа адамдармен қарым-қатынасы дамып, оқуда, жұмыста, жеңіске жетуге талпынады. Оқытудағы ойын технологиялары балаларға білім берк және тәрбиелеу мақсатында ақпаратты берудің тиімді тәсілі ретінде бұрыннан бері қолданылады. Бұл ересек ұрпақтан кішіге білім алмасудың дәстүрлі әдісі. Интерактивті ретінде оны халықтық педагогикада қолданған. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептен тыс мекемелерде осы әдістерді пайдалану жағдайлары жиі кездеседі. Қазіргі таңда мектепте дамып келеді, педагогтар оқу үдерісін белсендіруге және қарқындатуға көбірек көңіл бөлінеді. Ойындар тек жекелеген жағдайларда ғана қолданылады. Ойында болып жатқан елеулі өзгерістер, жеке тұлғаны дамытуда зияткерлік саласындағы іргетасы болып табылады. Барлық ойындар таптырылмайтын тәрбие құралы мен баланың өміріндегі ең негізгі қызмет формасын құрайды.

Педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, ойынның көптеген көзқарастары мен теориялары жетерлік. Ойын мотиві іс-қимыл нәтижесінде емес, ойын процесі барысында сипатталады. Мысалы, бала ойын кубтарымен ғимаратты өз еркімен жасаса, бұл іс-қимылдардың нәтижесі. Бұл тек мектепке дейінгілерге ойнату үшін ғана емес, сонымен қатар бұл ойын үлкендер үшінде шынайы, әділ болғандығында. Ойын жеңіске немесе ойнауға емес – бұл ойында ынталандырудың жалпы мотивтік формуласы болып табылады. Ойын шығу тегіне қарай әр түрлі мазмұнда болады.

Бала ойын барысында өзінің шынайылығымен ерекшеленеді. Балалар ойыны – сыныпта немесе балалар бақшасында заттық – қол қимылының (пирамида, текшелерден үй құрау) даму жасына дейін жетеді. Мысалы: «Керекті фигураны тап!», «Суретті есте сақта!». Осы ойындарды ойнау арқылы баланы сөйлеу, ойлау қабілетін қалыптастырады. Бірінші құбылыс ойын процесінде атқарған жұмыстар, ойын шарттары алдын ала типтік үшін туындайды. Осы кезде ойын негізгі іс-қимыл шаттарға байланысты бола отырып, ұзақ уақыт бойы ойын баланың көлеңке іспеттес мағынасын береді. Екінші құбылыс, баланың динамикасын сипаттайтын қарым-қатынас ойыны – бұл құбылыс заттық мазмұны мен мағынасы. Мысалы: «қуыршақтар бөлігі» бақша және т.б. Белгілі болғандай бала ойында ескі қуыршақты, яки жаңа қуыршақты айыра алады. Бұл жоғарыдағы айтылып жатқан ойлардың негізі көзі – ойыншықтар болып табылады.

Себебі ойыншықтар арқылы балалар өздеріне керегін алып, топтық ойынға, сюжеттік, рөлдік ойындар ойнайды. Мектеп жасына дейінгі баланың ойынында іс-әрекеттір әрқашан нақты және шынайылғын сақтайды. Ойын – бұл бала үшін шынайы жол. Танымды мәні бар ойынды балалар ерекше қабылдайды. Себеп баланың бейнесі ойында нақты қарым-қатынасты және әрекеттерді жалпылау болып табылады. Сонымен қатар, баланың құзыреттіліктерін дамытатындай сюжеттік, рөлдік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде баланың сұранысы мен тәрбиешінің тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Дәрігер» ойыны, «Менің сүйікті кейіпкерім!», т.б. Баланың дәрігер немесе сүйікті кейіпкері болатыны, өзінің саған еліктейтіне белгілі, ол баланың сол кейіпкер рөлін сомдауы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді. Осылайша ойын барысында балаға міндет қойылады: біріншіден ол біреуге көмектесуі тиіс. Осы көмектесу арқылы балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Меңгеру ережесіне – өзінің мінез-құлығын басқару, бағындыруға үйрену, оның белгілі бір міндеті. Яғни, олардың педагогикалық мәні мынада – бала үшін маңызды процесс жеке тұлғасын қалыптастыру және өзін-өзі бағалау. Бала ол ойында өзін басқалармен салыстыру арқылы өзін бағалауды үйренеді.

Қорыта келе, ең алдымен мынаған басты назар аудару қажет: шығармашылық сипаттағы ойынға, оны дамытуға, жәрдемдесуге, қиялына, ойлануға назар салу керек. Ойын мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі «іс-әрекеттері». Ойын балалар өмірінің нәрі, сонымен қатар, рухани жетілуі мен өсуінің қажетті құралы. Ойын арқылы бала өзінің педагогикалық ерекшелігін қалыптастырады меңгертеді. Ойын баланың жан-жақты қарым-қатынасын көздейтін, оның тілін дамытатын, өзге балалармен ұйымшылдығын арттыруға бағытталған негізгі жолы.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығының «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті // [Электрондық ресурс]. Көру режимі: https://infourok.ru/oyin-mektep-zhasina-deyingi-balani-negizgi-isreketi-2267748.html
  2. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту // [Электрондық ресурс]. Көру режимі: https://infourok.ru/didaktikali-oyindar-arili-balalardi-logikali-oylau-abiletin-damitu-552259.html
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал.


Задать вопрос