Әл-Фарабидің өнер поэтикасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Медетбаев, Тасбулат Сиезбайулы. Әл-Фарабидің өнер поэтикасы / Тасбулат Сиезбайулы Медетбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 23-24. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67890/ (дата обращения: 19.12.2024).



Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабында» сөз өнері мен өнер саласындағы қолданған (тәжірибесі) эксперименталды-теориялық әдісі жалпы жағдайда осылай беріледі. Біз бұл мәселеде осы жағдайды ерекше атағанымыз жөн.

Поэтика мен көркем бейне. Әл-Фараби осы сала бойынша да бірнеше ғылыми еңбектер жазғанын айтады. Олар «Музыканың үлкен кітабы» (Китаб ал мусика ал-Кабир»), «Ғылымдарды жіктеу және мақсатын айқындау» (Ихса ал-улумуа-тағириф биаградаха»), «Ырғақтарды кластарға жіктеу» (Китабихса ал-ика»), «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» («Рисала фи кауанин сина аташ ши-р»), «Сөз өнері туралы» («Сина-аташ-ши-р»). Өлең өнері және басқа да сөз өнерімен өнер туралы жазылған бұл еңбектердің қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше. Яғни Аристотель «Поэтикасынан» кейінірек жазылғанына қарамастан бұл ғылыми еңбектер өзінің әдеби маңызы жағынан шын мәніндегі аса құнды эстетикалық еңбектер ретінде танылады [1, 62 б.].

Бұл екі еңбек гректің поэзия өнерін тек қана араб тілдес оқырмандарға таныстару үшін ғана емес, ол қазіргі кезде әдебиеттану ғылымымен айналысатын ғалымдарға аса қажет ғылыми еңбек. Оның бұл еңбектері тікелей сөз өнерін талдауға арналады. Ол еңбектердің бірсыпырасы бізге жетпеген, кейбіреулері толық емес, жартылай жеткендері де бар.

Әл-Фарабидің поэтикасы оның зерттеуге алынып отырған әдеби- эстетикалық мұрасының күллі табиғаты деген сөз. Сонымен оның поэтикасы көркем творчество табиғаты туралы ғылым. Оны әл-Фараби поэтика [2, 152 б.] деп атаған. Себебі поэтика қамтымайтын әдебиеттің бір де саласы жоқ. Оның бірден бір саласы-көркем бейне немесе образ болса, оның да өз поэтикасы-теориялық түзіліс заңдылықтары, оның қалыптасу жүйесі бар... [1, 61-63 бб., 46-49 бб.].

Әл-Фараби өз поэтикасында көркем ой (образ) мен оған қатысты нәрселерді сезіммен, қиялмен бірдей байланыста алады. Ол, көркем бейненің өлеңде біздің сезімімізге, қиялымызға, ақыл санамызға әсер ететін сыртқы дүниенің көрінісін қайта еске түсіру екенін айтады. Ал әсер деген сөз көңілдің сан түрлі күйін көрсету үшін қолданылады. Ол соңғы жағдайда сол белгілі бір қиысулар арқылы сөз құрайтын фонемамен байланысады да, фраза құрып кәдімгі тілдің заңдылығына сәйкес көркем бейне ретінде танылады. Сонымен Әл-Фарабидің өзі айтқанындай поэтика деген сөзге мағына берсек, онда оның мазмұны, өлеңнің қалыптасуы мен оған белгілі бір тартымдылықпен толыққанды (кемелдік) жайттар енеді.

Көңілде ақиқат елес туғызатын нәрселерге поэтика деген ат дәл келеді. Ол сезім түрінде көңілде елестету әсерін туғызады. Әл-Фараби өлеңге тән екі түрлі шарттың орындалуы тиіс дейді. Біріншіден, көңілде бірнеше, күй фразасының түрлері туса, екіншіден соны көркем ой елегінен өткізіп, оны белгілі бір қимылға келтіретін көркем бейнеге керекті ырғақты қимыл арқылы қайта сездіру ғана.

Ол поэтикалық пайымдау арқылы іске асады. Өзінің «Сөз-ғылымдардың классификациясы туралы» еңбегінде оны логика ғылымдарының тарауында қарағанымен мұны адамның көңіл-күйіне қатысты алып пайымдаудың бір түрі ретінде қарайды. Осы ойды «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаттары» мен «Өлең өнері туралы» ғылыми еңбектерінде дамыта түсті. Онда әл-Фараби поэзияны да өнердің негізгі саласы деп қарап, ол логикалық пайымдауларды, поэзиядағы теңеу, метафоралармен салыстыра талдайды. Егер де Аристотель логикалық пайымдауларды - дәлелдемелік, диалектикалық, софистикалық деп бөлген болса, оған әл-Фараби риторикалық және поэтикалық пайымдау түрлерін жаңадан қосты. Бұл пікірді белгілі ғалымдар М.С. Бурабаев, Г.К. Курмангалиева, А.В. Сагадеев, В.А. Брянов өз еңбектерінде қуаттай түседі [3, 140-144 бб.].

Осы тектес көркем бейне сезімге лайықталынып жасалады. Оны жасалу әрекетінен бөліп алуға болмайды. Ақын өзі жасамақ болған келешектегі көркем бейнесін қиял түрінде елестете алатын көре білу қабілетіне ие. Сондықтан да бұл әрекет белсенді түрде өтеді. Ол ақиқат сезімге жақын келсе, бейнесі (образы) де соншалықты әсерлі болады. Қиялда туған бейнелерді талғап, іріктеу ақынның өзіне байланысты. Жалпы алғанда, бұл бейнелер сезім арқылы елестетуге мүмкіндік беретін бейненің (образдың) ең негізгі және соған тән қасиеттеріне тәуелді болады. Әл-Фараби әр түрлі өнерді жасайтын өнер иелерінің қандай болуы керек екендігін оның дарындылығы мен табиғи таланттылығына қарай топтастыра қарайды. Ол осы сияқты талант (дарын) иелерінің өлеңді өзінің қиялына сәйкес келген жағдайда ғана шығара алатындығын айтады.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руханият» ғылыми-зерттеуорталығының «Сыр бойының рухани мұрасы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Қабдолов З. Сөз өнері. - А., 1983. – 456 б.
  2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - А., 1973. – 446 б.
  3. Бурабаев М.С., Курмангалиева Г.К., Сагадеев А.В., Брянов В.А. Социальные, этические и эстетические взгляды аль-Фараби. – А., 1984. – 176 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос