Кластерлік саясат аймақтық экономиканы дамытудың негізі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Култанов, Батырбек Бакытбекұлы. Кластерлік саясат аймақтық экономиканы дамытудың негізі / Батырбек Бакытбекұлы Култанов, Алмат Оразгалиулы Сейсекеев, Д. У. Сегизбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 20-21. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67891/ (дата обращения: 19.12.2024).



Кластер - бұл өндіріс топтары, яғни өзара байланысқан компаниялардың тобы. Аймақтардағы кластерден тыс жеке жұмыс істейтін компаниялар кластердің дамуын тежейді. Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір-біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге байланыстырылған. Мысалы, Италияда экспорттың 40 пайызын, Швецияда экспорттың 50 пайызынан астамы кластерлердің үлесіне келеді.

Әлемдік тәжірибеде кластерлерді қалыптастыруға екі негізгі тәсілді бөліп көрсетуге болады:

1) Классикалық либералдық тәсіл 80-90-ші г. Г.М. Портермен ұсынылған және «еркін нарық» тетіктері шеңберінде экономикалық агенттердің өзін-өзі ұйымдастыруына негізделген.

2) «Бәсекеге қабілеттілік полюсі» деп аталатын заманауи еуропалық тәсіл 2006 жылдан бастап Францияда дамып келеді және бизнес, орталық және жергілікті билік әріптестігіне негізделген [1, 25-30 бб.].

Талдаулар бойынша келесі жағдайларда нақты кластер бола алады:

- тиісті инфрақұрылымдардың болуы;

- басқарушылық (өзін-өзі басқару) қызметтерін орындайтын және бизнеспен, орталық және жергілікті билік орындарымен әріптестікте әрекет ететін аумақты дамыту субъектісі ретінде инновациялық қоғамдастықты қалыптастыруды қамтамасыз ететін ресімделген ұйымдық-коммуникативтік құрылымның болуы;

- жергілікті инновациялық қоғамдастық қабылдайтын орталық биліктің өнеркәсіптік және өңірлік саясаты шеңберіне кластердің үйлесуі;

- жаңа басқарушылық технологияларын пайдалану [2, 12-15 бб.].

Кез келген кластер бірнеше кезеңдерден өтеді. Олар барлық кластерлер үшін бірдей болмауы мүмкін және олардың даму қарқыны өзгеруі мүмкін. Нақты нысан мен бағыт белгілі бір жағдайларға байланысты болса да, кластер өмірлік циклдің келесі сатыларынан өтеді:

Атауы

Сипаттамалары

1

Агломерация

Аймақта компаниялардың және басқа да жұмыс істейтін тұлғалардың кейбір саны бар кезең.

2

Пайда болатын кластер

Осы кезеңде агломерацияның кейбір қатысушылары негізгі қызметтің айналасында кооперациялана бастайды және өз байланысы арқылы жалпы мүмкіндіктерді іске асыра бастайды.

3

Дамыпжатқан кластер

Аймақта сол немесе байланысты қызметтің жаңа қатысушыларының пайда болуына немесе тартылуына байланысты осы кезеңде барлық жаңа жұмыс істейтін тұлғалар арасында жаңа байланыстар пайдаболады. Ынтымақтастықты қолдаудың ресми және бейресми институттары пайда болуы мүмкін. Аймақ пен қызметке байланысты атаулар, веб-сайттар, жалпы мазмұн жиі пайда болады.

4

Жетілген кластер сатысы

Оның шеңберінде жетілген кластер жұмыс істеп тұрған тұлғалардың кейбір сыни массасына қолжеткізді. Жаңа фирмалардың пайда болуы, бірлескен кәсіпорындар, бөлу арқылы құрылуының ішкі динамикасы бар.

5

Трансформация

Бұл кезең уақыт ағымында нарықтар, технологиялар мен процестер кластерлер сияқты өзгереді. Кластер үшін аман қалу, өміршең болу, іркіліс пен ыдырауды болдырмау үшін жаңашылдық енгізу, өзгерістерге бейімделу қажет. Ол басқа қызметтің айналасында шоғырланатын бір немесе бірнеше жаңа кластерлерге түрлендіру нысанын таңдай алады немесе жай ғана өнімдер мен қызметтер жеткізілетін жолдарды өзгерте алады.

Кесте 1. Кластердің өмірлік цикл сатылары

Кластердің ерекшелігі - ол бірыңғай заңды тұлға ретінде ресімделмейді және бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъект болып табылмайды [3, 54-55 бб.].

Қорыта айтқанда, әлеуетті кластерді дамыту аймақ экономикасының тиімділігін арттыруға мүдделі билік органдарының белсенді араласуын талап етеді деп айту әділ. Кейбір жағдайларда кластердің тиімді дамуы елеусіз күш-жігерді талап етеді, басқаларында - ауқымды жобаларды іске асыруды талап етеді.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Черноуцан Е.М. Полюса конкурентоспособности как важнейшиё институт реализации нового курса промышленной и региональной политики Франции // Проблемы государственной политики регионального развития России. Материалы Всероссийской научной конференции. – М.: Центр проблемного анализа и государственно-управленческого проектирования, 2008.
  2. Куценко Е.С. Кластеры в экономике: Основы кластерной политики государства // [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://publications.hse.ru/articles/
  3. Частно-государственное партнерство в России: финансирование проектов в условиях международной конкуренции: Матер. междунар. конф. - М.: ЗАО «КПМГ», 2007. - 98 с.
Основные термины (генерируются автоматически): Кластер.


Задать вопрос