Білім беру мазмұнының психологиялық мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жаримбет, А. О. Білім беру мазмұнының психологиялық мәселелері / А. О. Жаримбет. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 14-15. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67892/ (дата обращения: 16.11.2024).



Білім беру мазмұнының психологиялық мәселелері

Жәрімбет Айдана Оңғарбекқызы, оқытушы

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты, «Болашақ» университетінің жоғары колледжі (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Білім беру мазмұнында объективті түрде, оның барлық түрлері мен процестерінде, ғылыми психологияның толық қатысуын талап ететін көптеген өзекті мәселелер, міндеттер мен проблемалар бар. Тақырыптың өзектілігі қазіргі әлеуметтік жүйеде болып жатқан өзгерістер барған сайын жаһандық маңызға ие болуында. Әлеуметтік жүйенің маңызды бөлігі болып табылатын білім өзгеріссіз болмайды.

Білім берудің психологиялық проблемаларының ішінде оқыту мен психикалық процесстердің дамуы тығыз байланысқан өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін педагогика мен психологияда әр түрлі әдістер бар. Оқыту – білім мен дағдыны, шығармамылықты, дүниетанымды және өзіндік көзқарасты өзгертуге бағытталған педагогикалық үрдіс. Психикалық үрдістер көмегімен қоршаған ортаны тану, білім мен дағдыны және оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Оқу процесінде интербелсенді әдістерді қолдану ең тиімді шешім болып табылады. Интербелсенді әдістер - білім алушыларға сыну тұрғыдан ойлауға, ақпарттық технологияларды пайдалануға, таланты және дарынды балаларды оқытуға, жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және лидерлік кабілетті қалыптастырға көмектеседі.

«Шаттық шеңбері» әдісі - сабақ басталар алдында қолданылатын әдіс. Әдіс білім алушылар арасында сабақ алдында жағымды қарым- қатынас тудырудың тапсырмас құралы.

Кластер әдісі - білім алушыларды топқа бөліп, идеялар мен ақпарттар жинақталып, талқыланады. Бұл әдіс арқылы білім алушылардың зейіні шоғырланып, білім және идея алмасып және өз ойын анық әрі нақты жеткізуге дағдыланады.

«INSERT» әдісі – берілген материалмен танысып, түртіп алу әдісі болып табылады. «Білемін, жаңалық, білмеймін, білгім келеді» кесте жүйесі бойынша материал жинақталып, сараланып және бағаланады. Бұл әдіс білім алушылардың зейінінің шоғырлануының, есте сақтау қабілетінің, ойлауын, қиялынын дамуына, өз-өзіне сыни тұрғыдан қарауға, бағалауға ықпалы зор.

«SWOT-талдау» әдісі - сабақты қорытындылау кезеңінде және кері байланыс түрінде қолданылады. Берілген мәселені ойлауға, талдауға және салыстыруға негізделген.

«Кейс-стади» әдісі – білім алушыларға жағдаят беріледі, мәселеге талдау жасалып және өз ойларын ортаға салады. Білім алушылардың есте сақтау қабілеті және өзіндік ой пікірін қалыптасуына ықпал етеді.

Білім беру процессінің тиімділігін арттыру үшін Бенджамин Блум таксономиясын қолдануға болады. Таксономия сын тұрғысынан ойлаудың және ойлау дағдыларының иерархиялық моделі. Таксономия – 6 белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша қадамдарға жіктеледі.

1

Білім

Тізім жасау, көрсету, әңгімелеу, атау

2

Түсіну

Айтып беру, түсіндіру, белгілерін анықтау, басқаша жеткізу

3

Қолдану

Қолдану, иллюстрациялау, шешу

4

Талдау

Талдау, тексеру, эксперимент жүргізу, ұйымдастыру, салыстыру, айырмашылығын табу

5

Жинақтау

Қорытынды жасау, әзірлеу, жасау, дизайн ойластыру, жоспар құру

6

Бағалау

Аргументтер келтіру, өз көзқарасын қорғау

Кесте 1. Б. Блум таксономиясының 6 қадамы

Қорыта айтқанда, педагогика және психология ғылымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Аталған мәселе екі ғылымда да тұлғаның танымдық үрдістеріне әсер ете отырып, арнайы әдіс тәсілдерді тиімді қолдану арқылы шешіледі.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының «ЖОО-дағы білім беру және тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология (жантану негіздері). Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. А.М. Құдиярова басшылығымен. – Алматы, Заң әдебиеті. – 2009. - 268 б.
  2. Сейталиев Қ. Жалпы психология. - Алматы: Білім, 2012. – 360 б.
  3. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарына қолдану. – Алматы, 2009. - 263 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос