Берілген мақалада Қазақстан Республикасының суррогат ана болу келісім-шартының құқықтық табиғаты және де суррогат ана келісім-шартындағы кейбір талаптарға қатысты мәселелер қарастырылған.
Кілт сөздер: суррогат ана, суррогат ана болу шарты, қосалқы репродуктивтік технологиялар, тапсырыс берушілер, бедеулік, суррогат ана болу келісім-шарты.
В данной статье рассматриваются правовая природа суррогатного договора в Республике Казахстан и некоторые требования суррогатного договора.
Ключевые слова: суррогатное материнство, договор о суррогатном материнстве, вспомогательные репродуктивные технологии, заказчики, бесплодие.
Бүкіл адамзат тарихында некенің ең басты негізгі мақсаттарының бірі- баланың дүниеге келуі болып саналады. Олардың пайда болуымен және тәрбиесімен, біздің арманыныз бен үмітіміз байланысты. Бірақ, әке мен ана болу қуанышын барлығы бірдей сезіне алмайды, өйткені медициналық статистикаға сүйінсек, ерлі-зайыптылардың 15 пайызы ғана балалы болуынын табиғи мумкіндігі жоқ болса, шамамен жұптың 30 пайызы көмекші репродуктивті технологияларды қолдануын қажет етеді екен [1]. Алайда адамдар ежелден-ақ бұл шешімін табуға тырысқанына қарамастан, тек соңғы жылдары адамның көбеюінің жасанды әдістерін қолдану арқасында жағдайды өзгерту мүмкіндігі табылды.
Елімізде отбасылық идеологиясы адам мен қоғам өмірі мен дамуы үшін көптеген заңнамаларда, нормативтік актілерде көзделген. Сол құқықтардың негізгі ережелерінің бірі- қоғамның отбасын нығайту және қорғау, ұлттық отбасы саясатын жасау болып табылады. Бүгінгі таңда медицина ғылымының қарқынды дамуы мен ғылыми жетістіктерді медициналық тәжірбиеде қолдану арқасында бедеулікті жеңу мүмкіндігі едәуір көбейді.Қазіргі таңда Қазақстанда әйелдермен ерлердің бедеулігін емдеуде репродуктивті технологиялардың заманауи әдістері сәтті енгізілді. Солардың бірі- экстракорпоральды жолмен ұрықтандыру, эмбриондық криконсервации, донорлық жыныс жасушалары бар бағдарламалар, және суррогат ана. Сол себепті де суррогат ана бұл бедеулік ауруының жеңудің бір әдісі болып табылады.
Алайда осы репродуктивті әдістерін қолдану түрлі медициналық және құқықтық сипаттағы көптеген мәселелерді тудыруда. Жоғарыда атап кеткендей, сарапшылардың пікірінше, шамамен 30 пайыз жұптың көмекші репродуктивті технологияларды қолдануын қажет етеді. Бұл әлеуметтік құбылыстын жоғары кідірісіне қарамастан,суррогат ана келісім шартының нәтижесінде пайда болған қоғамдық катынастарды реттейтін азаматтық құқықтықтық реттеуді жетілдіру болып табылады.
Бүгінде еліміздің азаматтары суррогат ана келісім- шартқа қатысты кұқықтық қатынастарға жиі түсуде. Мысалы, тек 2011-ші жылы 200-ден астам жұп Қазақстанда суррогат ана қызметіне жүгінді [2]. Мұның көптеген себептері бар,кейбіреулері құқықтық қатынастарда медициналық себептер бойынша жүгінсе, ал басқалары экономикалық және басқа себертері бойынша жүгінеді. Бұл құқықтық қатынастарды реттейтін заңнама Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Кодексінің 1-ші баптың 32–35 тармақтарында толығырақ 9-шы тараудың 52–59 баптарында көрсетілген [3]. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексі қоғам үшін маңызды отбасылық қатынастарды реттеп ғана қоймай, сонымен қатар отбасы мүдделерінің құқықтарын қорғайды.Заңнаманы әзірлеу барысында негізгі ең басты мақсат азаматтық құқықты реттейтін заңға қайшылықтарды жою, оның ішінде суррогат ана болу мәселелері болды.
Жоғарыда корсетілген мәлімдемеде, суррогат ана келісім-шарты туралы барлық тарау енгізілді, онда келісім- шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері, құқықтық салдары, түсініктілігі, репродуктивті әдістері мен технологияларын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының лауазымды тұлғаларының құпия сақтау міндеттемесі туралы ережелер көрсетілген. Жалпы мақаланың мақсаты суррогат ана келісім-шартына түсініктеме беру,және сол келісім- шартындағы кейбір мәселелерді карастыру болып табылады. Осы тұста суррогат ана келісім-шартына түсініктеме бермес бұрын, суррогат ана деген кім?, деген сұраққа жауап туындайды. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңына сәйкес, суррагат ана түсініктемесі 1-ші баптың 33-ші тармағында көрсетілген, яғни суррогат ана- суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел делінген [4]. Бірақ басқада суррогат анаға қатысты мағлұматтар заңнамада берілмеген. Суррогат ана болу келісім шартында медициналық аспект технологиялық тұрғыдан шешілгенмен, құқықтық, психологиялық, моральдық- этикалық мәселелер шешілмей жатады, тіпті қолданастағы заңнамалық актілер жетік меңгерілмеген.
Көбінесе Ресей авторлары өз еңбектерінде суррогат ана туралы келісім- шартындағы мәселелерді оның заңды табиғатын әртүрлі жолдармен анықтайды. Сонымен Митрякова Е. С. суррогат ана келісім- шартын жалдау, сату сияқты қызмет көрсетудегі азаматтық- құқықтық келісім- шарттарға ұқсас дейді. Атап айтқанда Е. С. Митрякова суррогат ана болу құқығындағы құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін кеңейту керек, бала туудың әдісіне медициналық себептер бойынша тек ерлі- зайыптылар емес, сонымен бірге өз бетінше бала көтергісі келмейтін ерлі-зайыптыларға жүгінуге мүмкіндік беруі делінген [5].
Бүгінгі таңда кейбір елдерде суррогат ана болу заңдылық деңгейде рұқсат етілмеген. Атап айтқанда Франция, Германия,Норвегия, Австрия, Түркия, Швеция және Қытай елдерінде заңсыз болып саналады. Ал, Ұлыбритания, Канада, Израиль, Данияда тек коммерцилық емес суррогат анаға жол берілген. Сонымен қатар, суррогат ана қызметтері үшін материалдық өтемақы алуға құқығы жоқ елдер бар. Мысалға Израильде суррогат ана туралы келісімді әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер және дін басқармаларының арнайы комитеті мақұлдауы керек [6].
Сонымен қатар, кез — келген әйел суррогат ана бола алмайды, бұған яғни, суррогат анаға койылатын белгілі бір талаптар бар: бұл физикалық жағынан да, психикалық тұрғыдан да дені сау, жас ерекшілігі 20–35 жасқа дейінгі әйел, ең болмағанда бір дені сау баласы болуы керек, және егер тұрмыста болса, куйеуінің ресми рұқсатын алуы тиіс [7].
Қазіргі таңда суррогат ана келісім-шартының табиғатын зерттейтін ғалымдар әлі күнге дейін бір нақты шешімге келмеді. Атап айтсақ, С. П. Журавлева суррогат ана болу келісім- шартын ақысыз деп санаса [8], ал Е. С. Митрякова суррогат ана болу келісім-шартын ақылы және ақысыз төлем болуы мүмкін делінген [9]. Осыған орай суррогат ана болу келісім-шартын акылы немесе ақысыз болуы абден мүмкін,оған себеп мысалға тапсырыс берушілердің жақын туыстары суррогат ана болуы ықтимал. Мысалға Ұлыбританияның 55 жастағы тұрғыны Эмма Майлзз өз қызына қыз сыйлады [10].
Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, ерлі-зайыптылардың суррогат анаға жүгінудін түрлі жағдайлар көрсетілген. Соның ішінде жүктілік кезеңінде кейбір мемлекеттерде сау ана яғни (тапсырыс беруші) физикалық ауырсынуды және өзіннің дене бітіміне байланысты колайсыздықты болдырмауды талап етуі мысал бола алады. Бірақ біздің Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Кодексінде бұған тыйым салынған. Бұл үшін медициналық көрсетілімдер қажет. Осыған орай суррогат ана болу келісім-шартының кейбір мәселелеріне тоқталғым келіп отыр.Солардың бірі бірінші мәселе суррогат анаға қойылатын талаптар. Жоғарыда атап өйткендей суррогат ананың өзінің дені сау баланың болуы медициналық қызметкерлер арасында көптеген сұрақтар туғызуда.
А. А. Пестрикованың пайымдауынша біріншіден, әйел адам өзінің балалары болмаса да, дүниеге сау бала әкелуі әбден мүмкін, екіншіден, сау баланың болуы екінші және үшінші баланың денсаулығының сау болуына кепілдік бермейді, үшіншіден дені сау критерийге жатпайтын баласы бар әйел, дүниеге мүлдем сау баланы әкелуі мүмкін дейді [11]. Сонымен қатар екінші мәселе, азаматтық некеде тұратын, жалғызбасты айелдер және ерлер бұл қызметті пайдалануға рұқсат етілмейді. Заң бойынша тек ерлі-зайыптылар ғана құқылы. Бірақ бұл үрдісті өз басым дұрыс деп санамаймын. Өйткені адамдардың кімнің балалы бола алатыны және кімнің балалы бола алмайтындарға бөлуге болмайды. Мысалы О. А. Хазованың пайымдауынша, жасанды көбеюге тек ерлі-зайыптылар қол жеткізе алатын елдерде, бұл үрдіс яғни, бола алмайтын жалғызбасты әйелдер және ерлерге байланысты кемсітушілік деп санайды [12]. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-ші баптың 2-ші тармағына сәйкес «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген. [13]. Е. В. Григорович айтуынша некеге тұрмаған әйелдің балалы болу құқығынан айыру, отбасы құру құқығын бұзу болып табылады [14].
Үшінші мәселе бұл суррогат анаға қойылатын талаптарды, тапсырыс берушілерге яғни (ерлі- зайыптылар) қой керек. Мәселен тапсырыс берушілердің денсаулығына байланысты олардың бала өсіре алатындығына және оларға тәрбие бере алатына көз жеткізу, олардың ата-ана құқығын жүзеге асыра алмайтын аурулардың тізімін және олардың толық құқықтық қабілеттілік туралы міндетті сараптама қорытындысы қажет.
Шынында да,суррогат ана- бұл қазіргі медициналық технология әдістерінің бірі, көптеген отбасыларға көртен күткен ата-ана болу мүмкіндігіне ие болады. Жыл сайын Қазақстанда суррогат ананың арқасында 100-ге жуық отбасы өздерінің генетикалық балалары дуниеге келеді [15]. Сол себепті суррогат ана бедеулік мәселесін шешуге бағытталған күрделі әлеуметтік көз қарас екенін атап өткім келеді. Заңнамада көрсетілген бағдарламаға сәйкес қатысушыларды таңдау кезінде ескерілген заң шығарушының ұстанымы, суррагат ана болу институтын одан әрі дамыту үшін қажет кепілдік пен қорғаныс дәрежесін қамтамасыз етілуі қажет.
Осылайша суррогат ана болудың құқықтық табиғаты ерекше сипатқа ие, және ол нақты құқықтық реттеумен іске асыру механизміне ие болуы керек, өйткені жаңа адамның дүниеге келу мәселелеріне үлкен жауапкершілікпен назар аудару керек.
Әдебиеттер:
- Славикова Н. Долгажданные дети // Казахстанский медицинский Журнал. — 2011.-№ 2 (20).
- Амирова Д. Мама по договору. Сайт газеты. «Юридическая газета».
- Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі. (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518 сайтынан).
- (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518 сайтынан).
- Митрякова Е. С. Правовое регулирование суррогатного материнства в России: автореф. дис.... канд.юрид.наук.- Тюмень, 2006. -23 с.
- Цена суррогатного материнства в Казахстане. (https://mkkz.kz/social/2019/06/26/cenasurrogatnogo-materinstva-v-kazakhstane.html.сайтынан).
- Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі. (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518 сайтынан).
- Журавлева С. П. Правовое регулирование договора о суррогатном материнстве в Российской Федерации: автореф. дис. … канд. юрид. наук.- М., 2011.- 27 с.
- Митрякова Е. С. Правовое регулирование суррогатного материнства в России: автореф. дис.... канд.юрид.наук.- Тюмень, 2006. -23 с.
- (https://almaty.tv/kz/news/v-mire/1604–55-dgastagy-ayel-oz-nemeresin-omirge-akeldi сайтынан).
- Пестрикова А. А. Обязательства суррогатного материнства // [Электронный ресурс]: дис. … канд. Юрид. наук. — М., 2007. С.59.
- Хазова О. А. Проблемы гендерного равенства и репродуктивные права супругов. (// http:www.owl.ru/syostri/ gender3.htm сайтынан).
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. (http://www.akorda.kz/kz/official_documents/constitution сайтынан).
- Григорович Е. В. Некоторые аспекты правового регулирования искусственных методов репродукции // Юрист. 1999. № 2. С. 30.
- https://mk-kz.kz/social/2019/06/26/cena-surrogatnogo-materinstva-v-kazakhstane.html сайтынан)