Аймақта өнеркәсібінің инновациялық дамытудың ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №11 (301) март 2020 г.

Дата публикации: 15.03.2020

Статья просмотрена: 44 раза

Библиографическое описание:

Маханбетова, У. Р. Аймақта өнеркәсібінің инновациялық дамытудың ерекшеліктері / У. Р. Маханбетова, Ж. К. Жетибаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 11 (301). — С. 277-280. — URL: https://moluch.ru/archive/301/68148/ (дата обращения: 19.12.2024).

Бұл мақалада аймақ өнеркәсібінің инновациялық ерекшелігін зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Ғалымдардың ғылыми еңбектерін сараптау арқылы, аймақ өнеркәсібінің дамуы, олардың ерекшеліктері мен тамақ өнеркәсібінің жағдайының негізгі зерттелу бағыттары айқындалды.

Түйін сөздер: аймақ, инновация, өндіріс, жаңа өнім, технология, инновациялық қызмет

В данной статье проанализированы труды казахских ученых, занимающихся исследованием инновационной специфики промышленности региона. Анализ научных трудов ученых показал, что развитие промышленности региона, их особенности и основные направления изучения состояния пищевой промышленности.

Ключевые слова: регион, инновации, производство, новая продукция, технологии, инновационная деятельность.

Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту өз алдына инновациялық үрдістің тиімді құрылымын жасаудың, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің аймақтық жағдайға бейімделуі болып табылады.

Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамуы өз алдына нақты тәжірибелік шешім шаруашылық салалары мен кәсіпорындардың өндіріс үрдісінің сапалы жаңа деңгейіне өту мақсатында, кейбір техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық-экономикалық идеялар мен әзірлемелердің үздіксіз үрдіске айналдырылуы болып табылады. АӨК-ң инновациялық үрдісінің мәніне шаруашылық жүргізудің табиғи-экономикалық жағдайына тиісті ерекшелігі әсер етеді, сонымен бірге инновациялық қызметті табысты жүргізуге қабілетті мамандармен қамтамасыз етудің аймақтық айырмашылығы әсер етеді.

Сонымен қатар, аймақ өнеркәсібін инновациялық дамуының ерекшеліктеріне жаңашылдықтарды шаруашылықтардың қабылдауына даярлығының дәрежесін, ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктерінің жағдайын, ғылыми жетістіктердің тәжірибеге дейін қозғалысын ынталандыруды кіргізу қажет. Инновацияны тарату үшін оларды шаруашылыққа және өнеркәсіптік өндіріске ендірудің толық торапты торы болуы қажет. Олардың ішіндегі мамандарды дайындау және қайта дайындау бойынша басқару ұйымдарының қызмет жүргізуі, сонымен қатар, жалпылама кәсіби қызметкерлерді, ақпараттық насихат қызметі өте тиімді болып келеді.

Инновация қазіргі жағдайда белгілі бір нақты мақсатты және кешенді техникалық-экономикалық негіздеуді талап етеді. Инновациялық қызмет инновацияны құрумен, игерумен және таратумен байланысты. Заңгерлер оған принципиалды жаңа өнімді, технологиялық үрдісті, экономикалық айналымға дайын өнімді беруге бағытталған ғылыми-зерттеу, тәжірибелік- құрастырушылық және технологиялық жұмыстар қызметтерін жатқызады. Нарыққа жаңа бәсекелестік өнімнің шығуы инновациялық қызметтің бөлінбес белгісі болып табылады.

Инновациялық қызмет дегеніміз жаңа өнімді жасауда, ойлап табуда, игеруде және таратуда қызмет көрсету мен технологияны, шикізат және материалдарды, өндірісті ұйымдастыру және басқару әдістері бойынша іс-шаралар кешенін түсіндіреді. Алайда инновациялық қызмет іс-шаралардың жыйынтық құрамы емес, өйткені ол инновацияны құрумен, оны жүзеге асырумен және таратумен байланысты, ол кезекпе-кезек, өзара байланысты кезеңдер мен кезектер арқылы өтеді.

Алдашов Б. А., Ткач Е. В. инновациялық қызмет деп, — инновацияны құруға, қоғамдық тәжірибеге іске асыруға бағытталған — дайын жаңашылдық бойынша қызметтің жүйелі түрін түсіндіреді. Автор инновациялық қызметтің жүйелі сипатын ерекше көрсетеді. Бірақ жүйелі сипатсыз, мәні бойынша, жаңа өнімді жасау да немесе ескі өнімді қолдануда да, кез-келген үйлесімді қызмет жүргізу мүмкін емес [1].

Сабден Оразалы инновациялық қызметті «аяқталған ғылыми зерттеулердің және әзірлемелердің нәтижесін жасауға және жүзеге асыруға бағытталған, болмаса нарықта сатылатын, жаңа немесе жетілдірілген өнімге, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіске бағытталған жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді, сонымен қатар соларға байланысты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер үрдісі» деп, — анықтайды [2].

Инновациялық қызметтің басты қызметі болып өзгеріс қызметі саналады, ал оның басты мақсаты жаңа идеяның пайда болуы, инновацияны құру үшін жағдай жасау. Инновациялық қызмет әрқашан қолданбалы сипатқа және белгілі кезеңділікке ие, осы қызметтегі барлық қатысушылар арасындағы байланыс түріне ие.

Инновациялық қызметті қалыпты жүзеге асыру үшін инновацияны коммерциялық қолданудың қажеттілігі және мақсаттылығы туралы инновациялық шешім қабылдау өте маңызды мәнге ие. Инновациялық қызметтің маңызды сипаттамасына инновацияның инновациялық және өмірлік циклын жатқызады. Инновациялық цикл — бұл инновациялық идеяларды іздеу кезеңінен бастап, оның қолданбалы пайдалануы немесе белгілі нәтижені алуына дейінгі кезең. Инновацияның өмірлік циклы оның өндіріске ендіру кезеңінен бастап, оның ескіріп және қолданыстан шыққан кезеңіне дейін қамтиды.

Азық-түліктік инновациялар жаңа материалдар мен жартылай шикі заттарды қолданумен, тікелей түрде жаңа өнімді алумен байланысты. Азық-түліктік инновацияны ендіру жаңа тауарлар мен қызметтерді игеру, тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, тиімді бағаны орнату, өтімділік нарығын жаулап алу құралы болып табылады.

Қазақстан аймақтарында инновацияның барлық түрлері бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 2013 жылдан бастап инновацияны зерттеу халықаралық ұсынымдарға сәйкес өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша жүргізілген. Аймақтардың инновациялық белсенділік денгейі әртүрлі дамып жатқанын байқаймыз. Инновациялық дамуы басқа аймақтарға қарағанда жоғары өңірлер: Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды қаласы, Қызылорда облысы, Қостанай облысытары болып табылады. Аймақтардың инновацияның барлық түрлері бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі жоғарлағандары Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды қаласы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысытары болып таьылады [3].

Сонымен қатар, Түркістан облысының инновациялық өнім көлемі 2013 жылы 9612,6 млн. тенгенің өнімі өндірілген, сонымен қатар, 2015 жылы 10535,0 млн тенге, 2016 жылы 14727,1 млн тенге, 2017 жылы 13140,0 млн тенге, 2018 жылы 13375,7 млн тенге құрап жылдан жылға өсу қарқыны байқалады [3].

Аймақтың инновациялық дамуы бір қалыпты қызмет етуі инновацияның инфрақұрылымымен негізделеді, ол өз ішіне төмендегілерді ендіреді:

– өзіне сәйкес нормативтік-құқықтық және заң базасын;

– ғылыми-техникалық өнімнің қалыптасқан нарығын;

– ғылыми әзірлемелерді коммерциялық және капиталға айналуын жүзеге асыратын ұйымдар желісін;

– кеңестік орталықтар және ақпараттық-дәнекерлік ұйымдарды (қызметтерді);

– жаңашылдық бойынша экспорттық-импорттық операцияны жүргізетін ұйымдарды;

– инженерлік, аудиторлық, басқарушылық, реттеуші және басқа ақылы қызмет атқаратын ұйымдар желісін;

– жаңашылдықты қабылдауға дайын ғылымдағы және тәжірибедегі мамандар.

Инновациялық қызметтің және инновациялық үрдістің бір қалыпты жүзеге асуы және құрылуы үшін белгілі жиынтығы бойынша инновацияны типтерге бөлу маңызды мәнге ие: әзірлемелердің түрлерін, әдістерін және тәсілдерін таңдауда пайдаланылатын, жаңашылдықты игеру және тарату.

Ғылымы дамыған қала — бәсекелікті қамтамассыз ететін ғылыми-техникалық және интеллектуалдық әлеуетті қала. Техеологиялық парктері мен ғылыми дамыған қалалар.

Мемлекет аймақтарының экономикасы әлеуметтік-экономикалық дамуында дағдарыстық кезеңдерінде математика-статистикалық, эксперттік бағалау, сценарий және басқа да әдісітер қолданылуда. Әр түрлі елдердегі әлемдік банк эксперттері экономиканың дамуына басымдықтарын негіздегенде және экономикалық бағалауда Дельфи әдісін сценарий әдісімен қажеттілік көлемде біріктіру негізінде, кең қолданады. Қазіргі кезеңдері болжамдаудың мақсатты мен міндеті және мөлшерленген (нормативті) әдістерді қолдануда.

Әдебиеттер:

  1. Алдашов, Б. Инновационная инфраструктура: понятие, основные элементы и направления развития [Текст] / Б. Алдашов, Е. Ткач // Транзитная экономика. — 2007. — № 2. — С. 110–115. Рубрики: Инновации—Казахстан
  2. Сабден Оразалы. Инновационная экономика. Монография — Алматы, ИД «Эксклюзив», 2008. -492с.
  3. https://stat.gov.kz/, https://old.stat.gov.kz/ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. Статистика комитеті
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Өндірісте тexнoлoгиялық иннoвaцияның орны мен маңызы

Бұл мақалада өндірістің инновациясын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Инновациялық даму ел экономикасына оның ішінде өндіріске тікелей қатыстығы талданды. Сонымен қатар, ғалымдардың ғылыми еңбектерін сараптау арқылы, Қаз...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы

Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологияларм...

Менің инновациялық сабағым

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні — білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы — ақпаратп қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оны...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау

Мақалада солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау үшін климаттық жағдайлардың оның ішінде, жылу және жауын-шашын режимі өзгеруінің әсері қарастырылып, Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті (ГТК...

Өңірде қалааралық жолаушылар әуе көлігін дамыту мақсатында туризмді жетілдіру және дамыту (Түркістан облысы мысалында)

Мақалада ішкі туризмді дамытудың маңыздылығы мен Түркістан қаласының рөлі қарастырылады. Оның халықаралық, туристік және аймақтық контекстегі ерекшеліктері. Түркістан облысының статистикасы және бүгінгі күнгі жағдайы.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және гендерлік реттеу саясаты

Əйелдер мен ерлердің теңсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарту жобаларының тиімділігін төмендетеді. Гендерлік т...

Қазақстанда монополиялардың пайда болу себептері мен бәсекелестікті тежеуші кедергілері

Мақалада монополиялардың шығу себептеріне, қазіргі таңда Қазақстанда кең тарлған монополия түрлері мен кәсіпорындарға анализ жүргізілген. Елімізде экономикалық даму мақсатында кәсіпорындар арасында бәсекелестік болуы маңызды екені көрсетілген, соныме...

Задать вопрос