Рапс өнімділігіне фунгицидтердің әсері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (305) апрель 2020 г.

Дата публикации: 07.04.2020

Статья просмотрена: 46 раз

Библиографическое описание:

Аринов, Б. К. Рапс өнімділігіне фунгицидтердің әсері / Б. К. Аринов, Н. Ж. Алпысбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 15 (305). — С. 418-420. — URL: https://moluch.ru/archive/305/68607/ (дата обращения: 19.12.2024).

Ауыл шаруашылығы өндірісінде рапс майлы және малазықтық дақыл болып саналады. Сол себепті жылдан-жылға рапс дақылына деген сұранс артуда. Біздің зерттеуіміздің мақсаты рапс дақылының өсіп-дамуы барысында ауруларға шалдығуын бақылау жіне өнімділігіне фунгицидтердің әсерін зерттеу.

Кілттік сөздер: фунгицидтер, альтернариоз, пестицид, өнімділік.

В сельскохозяйственном производстве рапс является масличной и кормовой культурой. Поэтому из года в год увеличивается спрос на семена рапса. Целью нашего исследования является изучение влияния фунгицидов на урожайность и контроль заболеваемости в процессе развития культуры рапса.

Ключевые слова: фунгициды, альтернариоз, пестициды, урожайность.

Ауыл шаруашылығы — біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар [1].

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеңін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: майлы дақылдардың егіс алаңы 2015 жылы 2,0 млн. гектарды немесе жалпы егіс алаңының 9,5 %-ын құрады. 2011 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың жалпы алаңындағы күнбағыстың үлес салмағы 15,6 пайызға қысқарды, бұл ретте рапстың үлесі — 3,6 %-ға, зығырдың үлесі 13,4 %-ға, май бұршақтың (соя) үлесі — 1,3 %-ға ұлғайды [2].

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШС-гі жағдайында рапс дақылынафунгицидтерді қолданану және сараптама жасай отырып өнімділігіне баға беру.

Зерттеу жүргізудің орны мен әдістемесі:

Зерттеу жүргізу орны Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШC-гі жағдайында зерттеу жұмыстары атқарылды. Рапс дақылын себу жұмыстары — 17 мамыр, себу тәсілі қатардағы, себу мөлшері — 2,5 млн/га, суармасыз аймақ жағдайында зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде — рапстың «Герос» сорты алынды.

Зерттеудегі тәжірибе алаңының ені — 12 м, ұзындығы — 100,0 м. Бір мөлдектің жалпы ауданы 1200,0 м2. Тәжірибедегі қайталанымдар саны — 3.

Зерттеу жүргізу жұмыстарының әдістемелері: Рапс дақылының фенологиялық даму кезеңдерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ауылшаруашылық дақылдары сорттарын сынау әдістемесі негізінде жасалынды [3].

Рапс дақылының өнімділік құрылым элементтері мен биологиялық өнімділіктерін әдістемеге сай зертханада жұмыстар атқарылды [4].

Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер анықтамалығына сәйкес фунгицидтер таңдалынып алынды [5].

Рапс дақылынан алынған ғылыми зерттеу нәтижелерін Б. А. Доспехов әдістемесі бойынша математикалық талдаулар жүргізілді [6].

Зерттеу нәтижелері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШC-гі жағдайында рапс дақылының зерттеу жұмыстарының нәтижелері төмендегі кестелерде көрсетілген. Рапстың фенологиялық кезеңдерін бақылау барысында, шанақтану-гүлденуі кезеңінде альтернариоз ауруына шалдығу байқалды (кесте 1).

Кесте 1

Рапстың өсіп-даму кезеңдері бойынша аурулармен залалдануы, 2019

Рапстың өсіп-даму кезеңдері

Аурулармен залалдануы

Өну

-

Егін көгі

-

Жапырақтану

-

Сабақтану

-

Шанақтану

Альтернариоз

Гүлдену

Альтернариоз

Бұршаққындардың пайда болуы

-

Пісу

-

Өнімді пісу

-

* Ескертпе: (-) ауру байқалмады.

Рапс өсіп-даму кезеңдері барысында шашақтану және гүлдену фазаларында альтернариоз ауруымен зақымдалуы байқалды.

«Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШС-гі жағдайында рапс дақылының аурулармен залалдануы деңгейі төмендегі кестеде көрсетілген (Кесте 2).

Кесте 2

Рапс дақылын альтернариоз ауруына қарсы фунгицидпен өңдеу тиімділіктері (%), 2019 ж.

Зерттеу нысаны-рапс дақылы (Герос сорты)

Аурулармен залалдануы,% оның ішінде: альтернариоз ауруына қарсы

өңдегенге дейін

өңдегеннен кейін

1

Өндеусіз (бақылау)

29,5

32,5

2

Амистар экстра 280, с.к

29,9

8,4

3

Пиктор, 40 % к.с

28,9

14,7

Рапс дақылының альтернариоз ауруымен залалдануы: шанақтану-гүлдену кезеңінде байқалды. Осыған орай Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген фунгицидтер анықтамалығына сәйкес Амистар экстра 280, с.к. фунгицидімен өңделген танап 29,9 % дан -8,4 % -ға кеміді. Сонымен қатар Пиктор, 40 % к.с фунгицидімен өңделген танап өңделгенге дейін 28,9 % аурулармен залалданса, өңдеуден кейінгі нәтижесі — 14,7 %-ды құрады.

Танаптағы рапс дақылының шанақтану-гүлдену кезеңінде Пиктор, 40 % к.с фунгицидімен өңдеу өте жоғары көрсеткішке ие болды.

Кесте 3

Рапс дақылының танаптық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталуы, 2019 ж.

Зерттеу обьектісі рапс дақылы

Танаптық өнгіштігі

Өсімдіктердің сақталуы

дана, м2

%

дана, м2

%

1

Өндеусіз (бақылау)

206

82,4

145

70,3

2

Амистар экстра 280

213

85,2

167

78,4

3

Пиктор, 40 % к.с

215

86,0

165

76,7

Рапс дақылының танаптық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталуы көктемгі танаптық өнгіштік өңдеусіз мөлдектерде (бақылау нұсқасы) 206 дана/м2, бұл 82,4 %-ды құрады, ал өсімдіктердің сақталуы 145 дана/м2, яғни 70,3 %-ды қалыптастырды. Ал, Амистар экстра фунгицидің қолданғанда танаптық өнгіштік 213 дана/м2 болы, бұл көрсеткіш 85,2 %-ды құрады. Өсімдіктердің сақталуы бойынша 167дана/м2, 78,4 % құрады. Пиктор, 40 % к.с фунгициды қолданғанда танаптық өнгіштік 215 дана/м2 86 %. Өсімдіктердің сақталуы 165дана/м2 76,7 %құрады.

Кесте 4

Рапстын өнімділік құрылым элементтері, 2019 ж.

Зерттеу обьектісі рапс дақылы

1 м2 алаңдағы өсімдіктер саны, дана

1 өсімдіктегі дән саны, дана

1000 дәннің массасы, г

Биологиялық өнімділік, ц/га

Нақты өнімділік, ц/га

1

Өндеусіз (бақылау)

162

143

4,3

10,0

9,1

2

Амистар экстра 280

167

150

4,5

11,2

10,0

3

Пиктор, 40 % к.с

165

147

3,9

10,1

9,4

1000 дәннің массасы бойынша өңдеусіз бақылауда 4,3 г, Амистар экстра 280 4,5, Пиктор 40 % к.с 3,9 г көрсетті.

Рапстын өнімділік құрылым элементтерін зерттеу нәтежиелері бойынша өңдеусіз бақылау нұсқасында биологиялық өнімділік 10 ц/га, Амистар эктра 280 фунгицидімен өнделген мөлдектерде 11,2 ц/га, Пиктор, 40 % к.с фунгициді 10,1 ц/га құрады. Мұнда фунгицидтермен өнделген мөлдектер өнделмеген мөлдектерге қарағанда 0,1–1,2 ц/га қосымша өнімді қалыптастырды.

Нақты өнімділікті ең жоғары көрсеткен амистар фунгициді 10 ц/га. Өңдеусіз бақылау 9,1 ц/га өнім нақты өнім. Пиктор,40 % к.с фунгициді 9,4 ц/га нақты өнім берді.

Әдебиет:

  1. ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы. [Электрон.ресурс.]. — URL: http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy.
  2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. [Электрон.ресурс.]. — URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000894.
  3. Методика проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений. Утверждена приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от «13» мая 2011 года № 06–2/254.-81 c.
  4. Практикум по растениеводству. Можаев Н. И., Аринов К. К., Шестакова Н. А., Искаков М. А., Серекпаев Н. А. изд. Третье, доп. и перераб., Астана — 2014, 309 с.
  5. Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер анықтамалығы. [Электрон.ресурс.]. — URL: https://moa.gov.kz/documents/1549367142.
  6. Доспехов Б. А. Методика полевого опыта (с основами статистической обработки результатов исследований). — 5-е изд., доп. и перераб.-М.: Агропромиздат, 1985. — 351 с, ил. — (Учебники и учеб. пособия для высш. учеб. заведений).
Основные термины (генерируются автоматически): URL, рапс, дан, экстра.

Ключевые слова

пестицид, фунгицидтер, альтернариоз, өнімділік

Похожие статьи

Мақта егісіндегі кездесетін зиянкес түрлері және олармен күресу шаралары

Мақалада 2018–2019 жылдары Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ауылшаруашылық дақылдарында зиянды және ерекше зиянды организмдердің дамуына және таралуына мониторинг жүргізілді. Аудан және қала бойынша фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бар...

Солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау

Мақалада солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау үшін климаттық жағдайлардың оның ішінде, жылу және жауын-шашын режимі өзгеруінің әсері қарастырылып, Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті (ГТК...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Қалааралық жолаушылар әуе көлігі: бүгінгі күнгі жағдайы

Бұл мақалада авиациялық әуе көлігінің коронавирустық пандемияға дейінгі және оның кезеңіндегі жағдайы қарастырылады. Пандемия Қазақстандағы авиация саласына қалай әсер етті,оның COVID-19-ға дейінгі және одан кейінгі статистикасы көрсетілді. Сондай-ақ...

Оқылым мәтіндеріне зерттеу жүргізу түрлі стильге сай жазылым дағдыларын дамытудың тиімді жолы ретінде

Автор мақаласында оқушының жазылым дағдыларын жоғары деңгейге көтерудің тиімді жолдарын іздестіреді. Өзінің іс-тәжірибесіне талдау жасай отырып оқылым мәтіндеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу жазылым дағдылары деңгейін көтеруге ықпал етеді деген қорыты...

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі

Мақалада шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі, олардың қалыптасу және даму кезеңдері қарастырылады. Шаруа қожалығының ауыл шаруашылығындағы тұрақты динамикалық нысаны ретіндегі сипаттамасы келтірілген. Тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін олардың эконо...

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы

Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологияларм...

«Квадраттық функция» тақырыбын STEAM оқыту жолдары

Орта мектепте STEАM білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Алайда оны жүзеге асыруда кедергілер көптеп кездеседі. Мақалада STEАM оқыту — пәндердің интерациясын жүзеге асыру екендігі айтылып, математика сабақтарында оны орындаудың кейбір т...

Задать вопрос