Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің теориялық аспектілері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (305) апрель 2020 г.

Дата публикации: 11.04.2020

Статья просмотрена: 82 раза

Библиографическое описание:

Тоймурат, Ж. Т. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің теориялық аспектілері / Ж. Т. Тоймурат. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 15 (305). — С. 433-436. — URL: https://moluch.ru/archive/305/68726/ (дата обращения: 19.12.2024).

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемелекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің негізгі теориялық аспектілері баяндалған. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі, қоғам және мемлекет алдындағы ерекше ролі айқындалады.

Түйінді сөздер: мемлекеттік қызмет, заңнама, жауапкершілік, мемлкеттік қызметші, құқықтық жауапкершілік

В данной статье описаны основные теоретические аспекты юридической ответственности государственных служащих в Республике Казахстан. Рассматриваются виды ответственности государственных служащих за неисполнение или ненадлежащее исполнение своих обязанностей. Кроме того, определяется ответственность государственной службы, ее особая роль перед обществом и государством.

Ключевые слова: государственная служба, законодательство, ответственность, государственный служащий, юридическая ответственность.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі күрделі көп өлшемді құбылыс болып табылады және қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны және қызметтік тәртіпті сақтамағаны, заңдылық пен тәртіпті бұзғаны үшін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары үшін және заңда белгіленген басқа да негіздерді орындамаған кезде пайда болады. Сондықтан кез келген мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін заңнама талаптарына сай орындауға тиіс. Заңнама талаптарына кейбір жағдайларда, мемлекеттік қызметшінің өз құқықтарын пайдалануын да кіргізуге болады. Өйткені мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметте тек қана міндеттік сана-сезімде ғана емес, сонымен қатар берілген және кепілдендірілген құқықтарды орынды пайдаланушы да бола білуі қажет. Осындай жағдайларда ғана мемлекеттік қызметтің заңдылығы мен тиімділігі жоғары болатыны анық. [1]

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі олардың құқықтық мәртебесінің маңызды элементі болып табылады және мемлекеттік айыптауды көрсететін құқықтық норманың санкциясымен қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады.

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады. [2]

Қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметшілерді азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың нақты негіздерін ұсынады. Осындай негіздердің бірі — мемлекеттік қызметшілерге олардың кірістері, мүліктік және мүліктік міндеттемелері туралы, сондай-ақ егер мұндай ақпарат қажет болса, олардың отбасы мүшелерінің кірістері, мүліктік және мүліктік міндеттемелері туралы ақпарат ұсынбауы немесе жалған немесе толық емес ақпарат ұсынуы. [4]

Мемлекеттік қызметшілердің кірістері, мүліктік және мүліктік міндеттемелері туралы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің кірістері, мүліктік және мүліктік міндеттемелері туралы ақпаратты ұсынуы мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың бір әдісі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты осы ақпаратты ұсыну міндеті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңымен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңымен бекітілген. [1,3]

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау үшін жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша жол бергені үшін жауапкершілігі көзделген. Осы іс-әрекеттер мемлекеттік қызметтің беделін түсіреді және заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі — теріс қылық) — мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы. [1]

Терiс себептермен қызметтен шығаруға алып келетін тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен қызметтен шығару, адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құқыққа сыйымсыз тағайындау және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды құқыққа сыйымсыз босату, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды құқыққа сыйымсыз қолдану, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария ету, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамау, бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау да тәртіптік теріс қылықтар деп танылады.

Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;

5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар айқындалған, олар үшін жауаптылығы: мемлекеттік лауазымын төмендету, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту не қызметтен босату түрінде көзделген.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 50-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, атап айтқанда, ресми адамдарға лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда — қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде заңда белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғады. [1]

Заңның 50-бабы 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге, атап айтқанда өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерден және қызметі бойынша өздеріне тәуелді өзге де адамдардан, жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша жол бергені үшін сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, атқаратын мемлекеттік қызметінен босатуға әкеп соғады. [1]

Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына өзі немесе делдал арқылы бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлық беру, егер осы адам жасаған ісәрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластыққа байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Бұл жағдайда аталған тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес белгіленген әкімшілік жауапкершілікке тартылады. [5]

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікті уәкілетті органға толық немесе уақтылы бермегені үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, атап айтқанда: мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамға немесе оған теңестірілген адамға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтар ҚР ӘҚБтК 472-бабы бойынша (жеке тұлғаларға-айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға — Лауазымды тұлғаларға-15 АЕК, заңды тұлғаларға — 45 АЕК) қарастырылғанғанына назар аудару қажет. [5]

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексімен заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Мәселен, ҚР ҚК 247-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға болып табылмайтын қызметкері немесе оған теңестірілген тұлға, сол сияқты басқару функцияларын орындамайтын мемлекеттік емес ұйымның қызметкері өзінің міндеттері шеңберіне кіретін жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақы, жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз алғаны үшін, сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу, дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Осылайша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді және (немесе) шектеулерді сақтамау мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылады. [6]

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күштерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, өз Отаны — Қазақстан Республикасына әділ және адал қызмет етеді деп есептейді.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы // «Әділет» АҚЖ.
  2. Құқық қорғау қызметі туралы: Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы // «Әділет» АҚЖ.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы// «Әділет» АҚЖ.
  4. Вишневский А. Ф. Юридическая ответственность: некоторые аспекты теоретического осмысления в правовой науке // Вестник Пермского университета. Юридические науки. 2013
  5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Кодексі // «Әділет» АҚЖ.
  6. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық Кодексi // «Әділет» АҚЖ.
Основные термины (генерируются автоматически): немес, Юридическая ответственность, государственная служба.

Ключевые слова

мемлекеттік қызмет, заңнама, жауапкершілік, мемлкеттік қызметші, құқықтық жауапкершілік

Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігінің ерекшеліктері

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемелекеттік қызметшілердің жауапкершілігінің ерекшеліктері баяндалған. «Жауапкершілік» ұғымына түсінік беріледі, оның міндет ұғымынан айырмашылығы қарастырылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет ...

Орта білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалардың аралық нәтижелері мен сапасын бағалау

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде осы таңға шейін жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік реформалардың нəтижелерін басқа мемлекеттерде өтіп жатқан орта білім жүйесіне қатысты өзгерістермен салыстыра отырып бағалау жəне сапа...

Мемлекеттік басқарудағы «Үлкен деректерді» салыстырмалы түрде талдау

Бұл мақалада Үлкен деректер (Big Data) қолданылу аясы және мемлекеттік басқаруда үлкен деректерді пайдалану мүмкіндіктері мен перспективалары қарастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жинақталған тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік басқаруи...

Білім беру ұйымының қазіргі кезеңдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшелігі

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі білім беру ұйымының персоналды басқару ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны білім беру ұйымы қызметінің ерекшелігі, персонал функциялары, мотивациялық механизм мен мұғалімдердің дамуына тән ерекшелікт...

Агрессияның пайда болуына әлеуметтік-психологиялық факторлардың әсері

Мақала тұлғаның мінезіндегі ерекшеліктің бірі агрессивті әрекеттің орын алуына әлеуметтік-психологиялық себептердің орнын ашуға арналған. Агрессия ұғымына психологиялық талдау жасалған, мінез-құлықтағы агрессивті әрекеттің себептері келтірілген. Міне...

Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер

Мақалада, ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер қарастырған. Өзімізге белгілі қоғам қаншалықты дамысада, әлеуметтік мәселелер өзектігін жоғалтпайды. Олай болса авторлар мақалада, ислам дініні негізінде «жетімдер», «әйел адамдар», «ата -аналар» әлеумет...

Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы

Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін костюмнің рәміздік мән беруші қызметтерінің типтеріне жіктеме жасау ...

Таланттарды басқару Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жетілдіру құралы ретінде

Мемлекеттік қызмет жүйесі мемлекеттік саясатты іске асыру процесінде маңызды рөл атқарады. Мақалада таланттарды тартуға жеңілдетілген конкурстық іріктеу және шетелдік мемлекеттік қызметтегі таланттарды басқару ерекшеліктері, Қазақстанда таланттарды м...

Есту қабілеті зақымдалған балалардың логикалық ойлау ерекшеліктері

Бұл мақалада есту қабілеті зақымдалған балалардың сөздік-логикалық ойлау ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді. Есту қабілеті зақымдалған балалардың түрлері мен ерекшеліктеріне қысқаша тоқталды.Сонымен қатар, осы мәселені зерттеп, зор еңбек сіңірген ...

Тірі салмақ өзгергіштігі және қозылардың өсу қарқындылығы

Шығыс Қазақстан облысы «Қуат» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларын гемпшир тұқымды өндіруші қошқарлармен будандастыру нәтижесінде будан алынған. Мақалада будан және таза тұқымды қозылардың тірі салмағы, экс...

Задать вопрос