Хип-хоп музыкалық сленгінің ерекшеліктері, түрлері, тіл біліміне ықпалы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (306) апрель 2020 г.

Дата публикации: 19.04.2020

Статья просмотрена: 161 раз

Библиографическое описание:

Рахман, А. Е. Хип-хоп музыкалық сленгінің ерекшеліктері, түрлері, тіл біліміне ықпалы / А. Е. Рахман. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 16 (306). — С. 370-372. — URL: https://moluch.ru/archive/306/69046/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада жастар арасындағы музыкалық сленгтердің ерешеліктері көрсетіліп, шығу тарихы зерттеліп, қазақ лингвистикасына әсері талқыланады. Жұмыстың негізі лингвистика тұрғысынан өзекті әрі маңызды болып табылады. Себебі, американдық мәдениеттің ықпалы қазақ халқының тілдік қорына өз әсерін тигізуде.

Кілт сөздер: музыкалық сленгтер, хип-хоп бағыты, жанр өкілдері, қазақы хип-хоп.

В статье раскрываются особенности молодежного музыкального сленга, изучается история его происхождения, обсуждается влияние на казахскую лингвистику.

Ключевые слова: музыкальный сленг, хип-хоп, казахский хип-хоп.

Тіл бір орында тұрмайтын, тоқтаусыз өзгерісте болатын дүние. Қазіргі уақытта, қазақ тіл білімінде заман талабына сай кейбір жаңашылдықтар зерттеуден тыс немесе зерттей түсуді қажет етіп отыр. Мұның бірі — жастар арасында қолданысқа ие музыкалық сленгтер. Сленг сөздер тек ауызекі сөйлеуде ғана емес, сонымен қатар газет-журналдар бетінде, кино мен теледидарда көрініс тауып жүр. Жастар сленгтері жалпы қазіргі тіл үшін өте маңызды үрдістерді айқындап, олардың жан-жақты зерттелуінсіз тілдің лингвистикалық сипаты толық бола алмай отыр. Аталмыш тіл ішіндегі тілдің ерекшелігі- оның кең өріс алуында болып отыр. Зерттеулер көрсеткендей, сленг сөздерді 13–23 жас аралығында, оның ішінде ұлдардың 50 пайызы, арулар қауымының 33 пайызы кең қолданады. Бұл –өте үлкен көсеткіш.

Жалпы, сленг деп белгілі бір ортада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді айтамыз. Көбінесе сленгтердің мол ауқымын музыкадан,әсіресе хип-хоп жанрынан таба аламыз. Себебі бұл қазіргі таңда ең актуалды қолданыс өрісі, тіпті мәдениетіне берік Қытай мен Жапон елі де ерік берген сала болып табылады. Мұның себептерінің бірі ретінде осы жанр өкілдерінің ерте кездерден бастап әлеуметтік өткір мәселелерді қозғап отырғандығын айта аламыз. Хип-хоп бағытындағы сленгтердің ерекшелігі- тілдің үнемдеу заңдылығына қарай бейімділігі мен, оның жаңашылдығы мен әдеттегіден тыс болуымен сипатталады. Сонымен қатар, осы сленг сөздерінің қолданысы осы бағытты басқа жанрлардан ерекше ететін фактор болып табылады.

Тарихқа көз жүгіртсек, хип-хоп бағыты шамамен 1970–80 жылдарда бой түзеді. Алғашқы туындыларды Кертис Блоу, Африка Бамбата, Грандмастер Флэш сынды орындаушылардан көреміз. 1980 жылдардың ортасында хип-хоп өлеңдері тек көңіл көтеру үшін ғана емес, енді әлеуметтік тақырыпта мәселелрді көтере бастады. 1980 жылдардың соңына қарай бұл бағыттың мәртебесі ірі мекемелердің құрамына енуімен көтерілді. Енді ірі Грэмми, American Music Awards рэп орындаушылары үшін арнайы мадақтамаларды ашты. 1990 жылдары өзінің аты шулы сөздерімен қара нәсілділер арасындағы қылмыстық өмірін сипаттайтын ганста-рэп бағыты дамыды. Шамамен осы уақытта бағыттың атақ-даңқы тек қана АҚШ көлемінде емес, одан тысқары мемлекеттерге де жайылған болатын. Сонымен қатар, хип-хоп жанрына g-funk, crunk, R’n’B, hardcore hip-hop және т. б. бағыттар кіретіні беогілі. Негізі хип-хоптың екі бағытын көреміз: Old school (ескі мектеп) және New School (жаңа мектеп). Екі бағыттың айырмашылықтары мардымсыз, біріншісі -1980 жылдары пайда болса, екіншісі- соңғы он жылдағы жағдайды бейнелейді. Негізінен ағылшын тілінде музыкалық сленгтердің мынадай классификациясын байқаймыз;

  1. Этникалық дискриминация негізінде туған сленгтер;
  2. Түрме лексикасы;
  3. Ақша, есірткі, арақ-шарапқа байланысты сөздер;
  4. Адамды суреттейтін сленг сөздер;
  5. Полиция немесе өзге қызметтегі адамға байланысты сөздер;
  6. Аббревиатуралар;
  7. Өзге сленг сөздер;

Жазбаша түрде де кейбір сленгтер қолданылады. Мәселен, 2nite- бүгін түнде, 13-оңтүстік, 187- адам өлтіру(Калифорния штатының қылмыстық кодексінің нөмірі), aw-ite- бәрі жақсы (all right).

Жаһандану үрдісінің себебінен Америкалық аталмыш сөздер тек қана ағылшын тілін түрлендіріп қана қоймай, қазақ тіліне де өз әсерін тигізуде. Батысқа еліктеген жастар өз елімізде қазақы хип-хоп негізін құруда. Хип-хоптың R’n’B тәрізді түрлері эстрадамызға әуелден шығып кетті және академиялық өнерге лайықтау, синтездеу де қатар жүріп жатқан құбылыс. Мәселен, «Алдаспан» тобы этно-рок бағытында, «Ұлытау» –этно-рок бағытында, Ерболат Құдайбергенов- этно-рэп бағытында жұмыс жасап жүр. Рэп бағытында жүрген ZhamahatPro, AshҚазақPro, Raphana Records саланы дамытып жүр.Өнер иелерінің ағылшын сөздерін қолданып, оларды сленгтерге айналдыруы қазақ лингвистикасына үлкен әсерін тигізіп жүр. Осыған сәйкес, біз шығу салдарына сәйкес қазақ сленгтерін 3 үлкен топқа бөлуімізге болады.

  1. Ағылшын тілінен енген сленгтер: хайп, фейк, мегабайтты байыту, чат, логиндау, спонсорың бар ма, патиға шақырмадың ба, кэш секілді сөздер.
  2. Орыс тілінен түбірін алатын сленг сөздер: фигураң ат екен, тормозы ұстап қалды, пахан, махан, зависать етіп қалу, удалить етіп тастау және тағы басқалары.
  3. Ұлттық тілімізде құрылған сөздер: жынды өлең, жынды көйлек, раха, өшіп қалу, тб. Негізінен бұл топтағы сөздер жоғарыдағы екі топқа қарағанда аз мөлшерді құрайды.

Көптеген сөздердің мағынасы біршама түсінікті. Мысалы, «тормозы ұстап қалды»- бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, «құлаққа лапша ілу»- өтірік айту, «өзіне көп алады»- артық кетті, «грамотно айтып тастады»- өте орынды пікір білдірді, «мықты шарит,прошаренный»- ойлау қабілеті жылдам, «типа»- сол сияқты,тәрізді, секілді. Бірақ кейбірін ересек қауым түсіне бермейді, мәселен, «мамка, батя курста ма»- ата-анаң біледі ме, «типаж болу»- менменсу, «забей»- ұмыт, қоя сал, «батон»- сабақты өте жақсы оқитын адам, «капустаға қарау»- материалдық жағдайына қарау, «счетчик қою»- ақша талап ету, «шестерка»- өсекші адам.Әйгілі Baller мен Кешью тобының орындауындағы «Swala La La» өлеңінде бірнеше ағылшын сөздері кездеседі және қазақи «киноға тартылсай» сленг сөзін көреміз. Бұл туындыдан кейін жастардың баққа тартылсай, кешкі серуенге тартылсай секілді тіркестерін жиі қолданғанын көреміз.

Зерттеу барысында, негізінен жастар осы сленгтерді мынадай себептермен қолданатындығы анықталды:

– Әсер қалдыру үшін;

– Өзіне сенімділік сезімін беру;

– Жаңа, өзгеше болу;

– Басқа біреу түсінбеу үшін;

– Әзіл ретніде;

– Белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығын көрсету үшін;

– Тілдік қорды байыту үшін.

Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді.Сол себептен көптеген сленг сөздері қолданыстан түсіп қалуы мүмкін. Алайда, кейде олардың тілде тұрақталып, сленг қатарынан ауызекі тіл лексикасына өтіп кетуін байқаймыз.

Қорытындылай келе, бүгінгі күні қандай бір тіл болмасын жастар тілі мәселесі лингивстердің назарына ие болып отыр. Біздің қоғамда сленг сөздер күнделікті ауызекі сөйлеуде кең тарауда және өскелең ұрпақтың сауатына әсер етуде. Алайда бұл сөздер өз бетінше өте маңызды, себебі олар- бүгінгі тіршіліктің бір көрінісі, заман талабы, әлемдік көштен қалмаудың бір жолы. Сол себепті қанша алдыңғы буын ескертіп айтса да, аталмыш «тіл ішіндегі тілдің» өмір сүруі әлі жалғаспақ. Жастар арасындағы сленгтердің құрылуына музыканың үлесі зор екені белгілі болды. Хип-хоп бағытының белең алуы сленгтердің үлкен қолданысқа ие болуын тудырды.

Әдебиеттер:

  1. Берестовская, Э. М. Молодежный сленг: формирование и функционирование /Э. М. Берестовская. — Москва: МГУ, 2012. — 354с.
  2. Колесников А. А. Лингвистический анализ языка представителей хип-хоп культуры как метод исследования социальной группы // Вестник МГОУ. Сер.: Лингвистика. М.: ИИУ МГОУ, 2013. № 5. С. 14–18.
  3. Колесников А. А. Реализация диалога исполнителя и аудитории в рамках дискурса хип-хоп культуры // Вестник МГОУ. Сер.: Лингвистика. М.: ИИУ МГОУ, 2014. № 3. С. 22–30.
  4. Колесников А. А. Язык представителей хип-хоп культуры: от социолекта к дискурсу // Ученые записки Национального общества прикладной лингвистики. М.: НОПриЛ, 2013. С. 60–66.
  5. Колесников А. А. Особенности референции в дискурсе хип-хоп культуры // Аксиомы и парадоксы языка: структура, коммуникация, дискурс. Материалы VII междунар. науч. конф. по актуальным проблемам теории языка и коммуникации (28 июня 2013 г.) / ред. Н. В. Иванов. М.: ЗАО «Книга и бизнес», 2013. С.347–355.
  6. Колесников А. А. Деривация сленговых неологизмов (на материале языка представителей английской хип-хоп культуры) // Инновации в преподавании иностранных языков студентам-юристам: межвуз. научпракт. конференция / отв. ред. А. А. Лебедева. М.: РПА Минюста России, 2013. С.74- 78.
  7. Словарь английского сленга [Электронный ресурс] — Режим доступа: www.langinfo.ru/ slang, свободный.
Основные термины (генерируются автоматически): хип-хоп культуры, сленг, VII, колесник, оса.

Ключевые слова

музыкалық сленгтер, хип-хоп бағыты, жанр өкілдері, қазақы хип-хоп

Похожие статьи

Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері

Мақалада қазақ фольклорының еуропалық фэнтезимен ортақ антикалық сарындары қарастырылған. Еуропалық фэнтезидегі мифтік образдардың қазақ халық ауыз әдебиетінде прототиптері бар екендігі нақты мысалдармен келтірілген. Сонымен қатар, бүгінгі Еуропа мен...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Агрессияның пайда болуына әлеуметтік-психологиялық факторлардың әсері

Мақала тұлғаның мінезіндегі ерекшеліктің бірі агрессивті әрекеттің орын алуына әлеуметтік-психологиялық себептердің орнын ашуға арналған. Агрессия ұғымына психологиялық талдау жасалған, мінез-құлықтағы агрессивті әрекеттің себептері келтірілген. Міне...

«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы

Осы курс 8–9 сынып оқушылары үшін құрастырылған. Ерекшелігі: оқу-танымдық және тәрбиелік бағыты. Құрастырған кезде мен жұмысымдағы бақылауды басшылыққа алдым: оқушылардың қазақ халқының өнері, тұрмысы мен салты жайында білімдері аз. Сондықтан дәл осы...

Қазақ жеріндегі қорықтар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері

Қазақ халқында ежелгі қасиетті жер-суды пір тұтудың нәтижесінде ерекше қорғалып сақталған табиғат ескерткіштері бар. Географиялық нысандарды «қасиетті», «киелі» деп жариялау арқылы, халық ғасырлар бойы қазақ жеріндегі орман қорын, өзен-көлді, таулы а...

Драматургиядағы эпикалық дәстүрді игеру проблемасы

Мақалада туысқан халықтар драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи жырлар мен аңыз-әпсаналар тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзін...

Тірі салмақ өзгергіштігі және қозылардың өсу қарқындылығы

Шығыс Қазақстан облысы «Қуат» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларын гемпшир тұқымды өндіруші қошқарлармен будандастыру нәтижесінде будан алынған. Мақалада будан және таза тұқымды қозылардың тірі салмағы, экс...

Қоғамдық дискурсты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы когнитивті эквиваленттікке жету мәселелері (денсаулық сақтау аясында)

Қазіргі дамыған заманда аудармашылар екі мемлекетті байланыстыратын “көпір” рөлін атқарады. Сонымен қатар, кейінгі жылдары лингвистер мен аударматанушылардың назары лингвистикадағы жаңа бағыт “когнитивистикаға” көптеп аударуда. Бұл мақалада біз медиц...

Задать вопрос