Карантинді зиянкес – кауын шыбыны және онымен күресу шаралары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кожамурат, Еркебулан Болатулы. Карантинді зиянкес – кауын шыбыны және онымен күресу шаралары / Еркебулан Болатулы Кожамурат, М. М. Жанзаков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 8-10. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69124/ (дата обращения: 18.12.2024).



Қазақстандық Арал өңіріндегі бақшалықтардың негізгісі қауын дақылы болса, Сырбойылық егіншілер, өңдеу кәсіпорындарың басты, тікелей міндеті – жоғары, сапалы өнімін алу мен тұтынушыларды жыл бойына қауынның өңделген өнімдерімен қамтамасыз ету. Оның балғынды жемісі маусымдап тұтынылатындықтан, ұзақ уақытқа сақталмайтындықтан, әрі қарай тек терең қайтаөңдеуден өткен фабрикат түрінде тағамдық қажеттілікке жаратылады.

Қауын дақылы, жемісін бүлдіретін және өнімінің мөлшері мен сапасын төмендететін түрлі зиянкестермен зақымданады. Зиянкестер пайда болуының алдын алу, олармен күресуден жеңіл. Сондықтан алдын алу шаралары зиянкестер биологиясын, олардың даму ерекшеліктерін ескерумен жүргізген қажет [1]. Соңғы жылдары Сырдың өңірінде мың гектардан асатын егістік жерлерде өсірілетін қауынның «қауын шыбыны» деп аталатын зиянкеспен зақымдана бастауларынан, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясының комитеті шешімімен бұл зиянкес карантиндік нысандар тізіміне енгізіліп, оған карантин жарияланды [2]. Осы ұйғарымға қарсы жасалынатын іс-әрекетте, қарантиндік нысан – қауын шыбынымен күресуде дақыл өсірілетін жерлерде уақытылы, жүйелі шаруашылық-ұйымдастыру, агротехникалық, химиялық және биологиялық шаралар іске асырылуы керек болса, бәріненде бұл жұмыстармен айналысатын мамандардың шыбынның морфологиялық ерекшеліктері мен биологиялық қасиеттерін білгені жөн.

Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina) ала қанаттылар тұқымдасына

(Tephritidae) жататын екі қанатты насеком (сурет). Асқабақ тұқымдасының өсімдіктері – қауын, қарбыз, асқабақ және т.б. дақылдар жемісінің зиянкесі. Денесінің ұзындығы 5,5-6,5мм, күйгін-сары түсті. Қанаттарында 3 сарғыш жолақтар болады.

C:\Users\user\Desktop\Новая папка (5)\1.jpg

Сурет 1. Қауын шыбыны: 1-ересегі; 2-дернәсілі; 3-қуыршағы

Қауын шыбыны Жерортатеңізі, Азия, Кавказ, Ливан, Турция, Ирак, Ливан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Пәкістан, Сирия, ТМД елдері – Украина, Ресейдің оңтүстігі, Грузия, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, сондай-ақ Қазақстанда (Түркістан облысының Шардара, Арыс, Түркістан, Отырар аудандары мен Қызылорда облысы) таралған.

Насекомның ұшатын мезгілі зиян келтіретін өсімдіктерінің гүлдеу уақытымен сәйкес келеді. Жылына 2-3 генерация. Бірінші ұрпақтың ұшу кезеңі бір айға созылады. Шыбын өзінің жұмыртқа салатын жерімен түйінді тесіп қарбыз бен қауынның жас өсімдіктері шырынымен қоректенеді.

Шыбынының ұрғашысы жемістердің бастапқы жас қабығы астына бір жұмыртқадан салады. Дернәсіл дамуына қолайлы температурада, 3-4 күннен кейін көптеген ирелең жолдар жасаумен жемістер етіне еніп қоректенеді. Қуыршақтану алдында дернәсілдер жемістерден кетіп, жердің 15см тереңіне еніп, сонда қуыршақтанады. Жалған піллә топырақта қыстайды.

Дернәсілдер негізінен дақылдар жемістерінің, сиректеу – қауын, жылан тәрізді қауын, жабайы қауын (Cucumis trigonus), кәдімгі қарбыз, кәдімгі қияр, құтырған қияр дақылдары тұқымдарының зиянкестері . Осы зиянкес таралған аймақтарда жемістер зақымдануы кейбір жылы 50-70% дейін, тіпті 100%-ға жетуі мүмкін. Имаго да өсімдікті зақымдайды, тесілген жерден жемістер шырыны тамшылап, онымен шыбынның өзі қоректенеді. Жемістің тесілген жері вирус және саңырауқұлақ аурулары жетілуінде орта қызметін атқарады.

Қауын шыбынымен зақымданудың бірінші белгісі жемістің тістелген жерлерінде ұсақ төмпешік дақтар немесе жәй төмпешіктердің пайда болуы. Кейінірек, дернәсілдер жетілгеннен кейін – жеміс ішінде шіру басталады. Зақымданған жемістер, шіриді және әрі қарай пайдалануға жарамсыз.

Басты шара қауын жемістерінің зақымданған аумақтан бақша шыбыны жоқ аумақтарына әкелуін карантиндік қадағалау. Агротехникалық күрес – терең сүдігер жырту, ауыспалы егісті сақтау, ертепісетін сорттар пайдалану, себуалды тұқымды ылғалдау, дәрілеу. Химиялық тәсілдерге жапырақтануда, желі сабақтануда егісті инсектицидтермен профилактикалық өңдеу. Жүйелік препараттарды сұйық тыңайтқыштармен тамшылы таспалау (фертигация).

Қазақстан территориясында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтердің ішінде тиімділері – Нурелл Д (0,5-0,7л/га) мен Энжио 247 (0,15л/га). Гүлдеу фазасы мен жемістер жинар алдында химиялық өңдеу жүргізбейді.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясының «Қазақстандық Арал өңірінің тұзданған топырақтарына бейімделген егістік дақылдардың жоғары сапалы және интенсивті типті сорттарын шығару, біріншілік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және бәсекеге қабілетті отандық сорттарды көбейту» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Дуйсенбеков Б.А., Бегалиев К.Б., Токтамысов А.М., Жанзаков М.М. и др. Методические рекомендации по сортоиспытанию дыни в условиях Казахстанского Приаралья. - Кызылорда, 2019. – 44 с.
  2. Справочник по карантинному фитосанитарному состоянию Республики Казахстан - Астана, 2008. - 48 с.
Основные термины (генерируются автоматически): Ливан, мена.


Задать вопрос