Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық маңызды тарихи кезеңнен өтуде. Оқу процессіне ғаламдық тенденция болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен енгізілуде. Осыған сәйкес, білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту ең тиімді құралдарының бірі болып отыр.
Қашықтықтан оқыту — тьютор мен білім алушы оқу іс-әрекетін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қашықтықтан жүзеге асыруы. Бұл жүйе ЮНЕСКО-ның «баршаға білім беру», «өмір бойына білім алу» принциптеріне негізделеді.
Қашықтықтан оқыту нарықтық заманда уақыт үнемдеу, ақпарат алмасудың шексіз мүмкіндіктерін қамтамассыз ете алады. Сонымен қатар, қазіргі кездегі пандемияға байланысты карантиндік уақытта үздіксіз білім алудың негізі болып отыр.
Бұл жүйені оқытушылар да, білім алушылар да бірден қабылдай қойған жоқ. Ең қиыны орта білім беретін мектептерде бұл үлкен мәселеге айналып отыр. Педагогикалық білімі жоқ ата-аналар, ақпараттық-техникалардың жоқтығы, интернет ресустарын пайдалана алмау секілді мәселелер күннен күнге өршуде. Алайда, ұлт болашағы — тек қана мемлекетке немесе ұстаздарға ғана міндетті дүние емес. Ата-ананыңда бала алдындағы міндеттері бар.
Бұл мәселелер бірінші кезекте балаға ауырлық тигізде. Агрессияға берілген ата-ана бала психикасына кері әсерін тигізіп жатканын түсінбей жатыр. Бала өз-өзін ата-ана алдында кінәлі санап, масыл адамдай сезіну мүмкін. Соның салдарынан, көп білім алушылардың тіпті оқуға деген мотивациясы мүлдем төмендеп кеткен.
Психологиялық тұрғыдан қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыру үшін. Ең бірінші кезекте мекеме психологтары ата-аналармен байланысып, психологиялық кеңес беру тиіс.
Екінші кезекте, тьюторлар мен эдвайзерлер қарым-қатынас стильдерін алмастыру керек. Дәстүрлі білім беру жүйесінен шыға алмай жүрген оқытушылар әліде авторитарлы қарым-қатынас стилін ұстанады. Жаңа жүйені меңгере алмай жатқан бала үшін оқытушының жағымсыз қарым-қатынасы оқу процессінің алға жылжуына кедергі келтіргенімен қоймай, баланың стресске немес мотивациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осы тұрғыда, оқытушыларға білім алушылармен демакратиялық немесе либералды қарым-қатынас орнатуды ұсынар едім.
Демакратиялық қарым-қатынас — оқытушы мен білім алушы арасындағы ынтамақтастыққа негізделген. Ал, либералды қарым-қатынас — маман даярлайтын білім ошақтары үшін ғана тиімді. Себебі, бұл стиль бар жауапкершілікті білім алушының мойына арта салады. Осы арқылы студенттер өздігімен білім алуға деген жауапкершікті сезінуіне мүмкіндік туады.
Бұл тұжырымнан ұзтаз мәртебесі төмендейді деген қарсы пікір болуы мүмкін. Алайда, тұлға дамуы кезінде білім алушыларға толеранттылық мінез-құлықты қалыптастыру ұзтаздардың қолында екенін ескерген жөн.
Сонымен қатар, қарым-қатынастағы перцепцияда үлкен маңызға ие. Перцепция деп отырғанымыз қабылдау ұғымымен сәйкес келеді. Яғни, білім алушыны бар болмысымен қабылдау, ішкі жан дүниесін және психикалық жағдайын түсіну болып табылады. Бұл тек оқытушыларға ғана емес ана-аналарғада керек қарым-қатынастың жағы.
Жүйелі ақпарт алмасу үшін тиімді коммуникацияның техникалары мен тәсілдерін меңгеру артық етпейді. Яғни, коммуникатор (ақпарат беруші) реципентке (ақпарат алушы) ақпаратты нақты, аргументпен жеткізу. Мұндай міндетті шешу үшін кері байланыс қызметі іске қосылады.
Кері-байланыс дегеніміз — коммуникатордың іс-әркетіне реципенттің реакциясы. Кері-байланыстың түрдері өте көп. Бұл арқылы біз білім алушының алған ақпартты қаншалықты меңгергенін біле отырып, психологиялық ахуалын анықтай аламыз.
Қорыта айтқанда, қалыпты жағдайда кейбір студенттер дәрістер мен семинар сабақтарына жүйелі қатыспайды. Ал, қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы ақпаратты кез келген уақытта, шексіз қабылдай алады. Бұл деп отырғанымыз білім алушының оқу курсын толық меңгеруге үлкен мүмкіндігі бар. Мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін тиімді қарым-қатынас орнату үлкен маңызға ие.
Алғыс білдіру
Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының «ЖОО-дағы білім беру және тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.
Әдебиет:
- Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе. — Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 407 б.
- Арбузова Е. Н., Анисимов А. И., Шатрова О. В. Практикум по психологии общения. — СПб.: Речь, 2008–272 с.
- Маслоу А. Мотивация и личность. — СПб.: Питер, 2008. — 352 с.