Сыбайластық жемқорлықпен күресу бұл қоғамның және кез келген азаматтың ортақ ісі және әр адамның міндеті болып табылады. Бұны әрбір қазақстан азаматы терең ұғынып түсінуі қажет.
«Сыбайлас жемқорлық» бұл тек құқық бұзушылық болып қана табылып қоймайды, бұл бүгінгі күннің өзекті,маңызды мәселесі болып отыр, ауқымды әлеуметтік індет болып табылады.
Тарихқа зер салатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – көне заманнан адамзаттың дамуымен қоса келе жатқан санаттарға жатады, алайда бір де бір қоғамда бұл құбылысты түбірімен жойып жіберетін идеологияның қалыптастырылмағандығы да өкінішті. Бүкіл әлем елдерін бұл жағдай қатты алаңдатып отырғаны баршамызға аян.
Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарға өзінің кесірін тигізіп, мемлекеттің дамуына, болашағының өркендеуіне орасан зор қауіп туындататын мәселе.
Қазіргі коррупция яғни «сыбайлас жемқорлық» деген түсінік антикалық дәуірде рәсімделгені бізге Рим құқығынан белгілі, демек бұл мыңдаған жылдардан нәтижесіз екеніне көз жеткіземіз тағыда.
Рим құқығында «соччитріче» деген термин ұғым болған, латынша – «соччuрtio» деген сөз. Бұл сөз «зиян келтіру», бұзу, талқандау, параға жол беру» деген анықтама береді. Қорыта айтқанда, бұл күрес ұдайы және тоқтаусыз жүзеге асырылып келе жатқанын білеміз.
Бұл жерде мемлекеттің күші қоғамның қолдауына ие болмай оң нәтижеге жете алмайтыныда түсінікті. Сондықтан бұл келеңсіз құбылыспен күрес жүргізуде азаматтық қоғам нақты айқындаушы шешуші мәнге ие екендігі сөзсіз дегіміз келеді.
Ең бірінші жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруымыз қажет, яғни оларға жемқорлықтың келеңсіз салдарының негіздерін түсіндіріп, ұғындыруға тиіспіз. Жастардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған іс шаралар жүзеге асырылуы керек.
Бұл жерде айта кететін жайт, қазіргі таңда жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы курс ұйымдастырылып, дәрістер жүргізіледі.
Жоғарыда атап өткендей, кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы жастарға бүгінгі күннің білім алушыларына ғылыми зерттеу жұмыстарына баулып, ғылыми жетекшілік жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарына тартуды алдағы уақытта мақсаттаған.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қысқаша тоқталып, және сыбайлас жемқорлық қылмыстары белең алған салаларды атай өтетін болсақ, бұл қылмыстарға әдетте лауазымдық қылмыстарды жатқызамыз. Нақтырақ, бұл өз қызметтік өкілеттілігін заңға қарсы пайдалану, билікті немесе өзінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану, пара – оны алу мен беру, парақорлыққа делдалдықты атқару, қызметтік жалғандық жасау, қызметтегі әрекетсіздік, жалған жауап беру, жалған сөз жеткізу, тапсырылған біреудің мүлкін иелену сияқты түрлерін келтіре отырып, айтылып отырған қылмыстардың жемқорлық, сыбайластық қарым-қатынастарын пайдалануды жүзеге асыру арқылы жасалады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып атқарылуда.
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, бұл келеңсіз жағдайға төзбеушілікті сипаттайтын адами құндылықтардың кешенді жүйесін сақтап жетілдіруге, оның ішінде айта кететін жайт, білім алушылардың заң нормалары мен құқықтық талаптарды қатаң сақтап, олардың жігерін қалыптастырып, құқықтық түсіндіру жұмысын арттырып, деңгейін көтеруге бағытталған іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтар төңірегінде мұндай келеңсіздіктерге бөгет болып тосқауыл жасау, жол бермеу туралы мәселелер аясында заңдар нормаларын терең түсініп зерделеу жұмыстары атқарылады, түрлі тақырыптық ашық сабақтар, тренингтер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар, семинарлар өткізіліп отыратындығын айта кету керек.
Қорытындылай келе, «баланы жастан» деген халық даналығын ұмытпай жас ұрпақтың бойына тәлім-тәрбиелік мәнге ие іс әрекеттер мен пікір қалыптастырсақ, саналарына түзу ой сіңірсек, парасатты үлгі бола білсек, құқықтық сауатты, мемлекетке, халқына адал қызмет ететін ұрпақты өсіріп тәрбиелейміз.
Алғыс білдіру
Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарын құрметтеуді қалыптастыру» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.
Әдебиет:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗаңы.
- Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 Заңы.