Прагматизм — өткеннің шежіресін болашақтың көкжиегімен байланыстыратын жол | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мухиткызы, Айна. Прагматизм — өткеннің шежіресін болашақтың көкжиегімен байланыстыратын жол / Айна Мухиткызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69135/ (дата обращения: 18.12.2024).



Еліміздің жүрегіне қан жүгірткен сарқылмас қуат көзі — егемендігімізге қол жеткізгеннен кейін, талай тарихи кезеңдерге аяқ бастық. Үлкен белестер мен асуларда табандылық танытып,дамыған елдердің қатарында иық тірестіретіндей дәрежеге жеттік.Жаһандану заманында Қазақ еліде озық технологияларға иелік ету мүмкіндігіне ие болды және өз қолтаңбасын қалдыра білді. Алайда, заманның өзгергіштікке бейім ағымы қазақ еліне де әсерін тигізбей қоймады. Осы тұрғыда ел тірегі Елбасымыздың халқымыздың өткеніндегі тарлан тарихы мен жарқын болашақтың көкжиегін байланыстыра рухани кемелденуіне алғышарт болып табылатын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» [1] атты мақаласын жариялады.

Осы мақалаға арқау еткен Елбасымыздың ұсынған 6 жолы бар, соның үшінші жолы — Прагматизм, көпшілікке таңсық философиялық термин болып табылады. Сондықтан бұл ұғымды қоғамдық сана қабылдап, оны өмірде қолдана алуы үшін саралап көрсетсек.

Алдымен сөз мағынасына тоқталсақ, прагматизм (πράγμα — іс-әрекет, яғни адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі) фәлсафа ғылымындағы субъективті-идеалистік бағыт. Субъективті-идеалистік бағыт — субъектінің сана сезімінің жасаған немесе біздің түйсігімізден алған әсеріміздің жиынтығын [2] айтамыз. Түп тамыры америкалық философиядан бастау алады. Мәдени айналымға ХІХ ғасырдың 70 жылдары американдық фәлсафашы Ч. Пирс енгізген. Прагматизм ұғымын фәлсафа әлемінде дамуына үлес қосқандар: Ч. Пирс, У. Джемс, Дж. Дьюи [3].

Прагматизм бағыты — іргелі ақиқатты санадан іздестіруді құптамайды, кез келген шыңдық тек практикалық тұрғыда дәлелденген нәтижеге негізделуі қажет дейді. Прагматизм бойынша заман 2 бағытқа бөлініп кетті: санаға сүйенетін (рационализм) және тек қана тәжірибеге (эмпиризм) арқа сүйейтіндер. Бұл тұрғыда атақты фәлсафашы Ф. Бэконды айтып кетсек болады. Өйткені прагматизм дәл Бэкон ұсынғандай тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, оны санаға салып сараптап, жақсы нәтиже шығаруға ұмтылады. Яғни, шапшаң әлеуметтік өзгерістердің кезеңінде дүниеге келгендіктен, парасатты ой мен логикалық әдістерді астастыра қолдана білген тәжірбиеге сүйенеді. Бұл бағыт бойынша адам өмірде белгілі себептермен емес, айқын жоспарлы мақсаттармен өмір сүру керектігін алға тартады. Негізгі ұстанымдары: шындықтың түпкі шыңына бағыттайтын білім; білімнің негіздері: ереже ұстаным; оны беріктей түсетін нақты игілік; оны жүзеге асырудағы іс-әрекет және барлығын қамтитын шыңға жетелейтін нәтиже болып табылады. Нәтижеге адастырмай бағыттайтын ол — астарлы ақиқат. Прагматизм — ақиқат теориясы. Осы тұрғыда У. Джеймс: ақиқат дегеніміз –«Біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет» [3] дейді. Мұндағы әрекет құралы — идея, оны жүзеге асыратын — тәжірибе, екеуі астастырғанда шығатыны — нәтиже.

Джон Дьюи пікіріне келсек, ол өміршең мәселелерді қарастырған. Оның ойынша зерттеу барысы: қиналыс сезімі; оны анықтау мен шекарасын түсіндіру; мүмкін болатын шешімді ұсыну; бұл ұсынысты пайымдау арқылы ашып беру; әрі қарай тәжірибеде тексеру және байқау [3] секілді сатылардан тұрады. Адам бұл фәниде өз өмірінің суретшісі болып өмір сүреді, яғни адам өмірі алға ұмтылыстан, үздік нәтижеден және үлкен өзгерістерден тұруы қажет деген ойға пара-пар тұжырымдарды ұсынады.

Парасатты ой-шындықты айқындайтын, қайшылықтың шырмауын үзетін болуы тиіс. Бұл бағытта пайдалылық, нақтылық, өнімділік секілді игі қасиеттер білім беру мен мәдениетке кең өріс алуы қажеттігі айтылады. Мысалы, балабақша, мектеп немесе ЖОО алсақ, ол тұлғаны өмірге әзірлеу емес, тұлғаны өмірге ендіретін және пайдалы нәтижелерді көрсететін, шыңдайтын, сынайтын, бір мезетте жетістікке жеткізіп, бір мезетте құз басынан құлататын тәрбиелеуші баспалдақ — сол өмірдің өзі болып табылады.

Елбасымыздың бұл бағытты рухани кемелденудің алғышартының бірі ретінде ұсынуының негізінде айқындылық, турашылдық, нәтиже, ақиқаттылық, нақтылық, дәйектік, күрмеуі шешілмеген нәтижеден шығудың оңтайлы жолын таба білу, сөзбен орақты орып емес, іспен көңілден шығу керек деген негізгі ұстанымдарды халықтың да басшылыққа алғанын қалайды. Жер анамызды алсақ, ол көптеген жылдар бойы кейбір жерлері игерілмей, кейбір жерлері дұрыс қолданысқа ене алмай, ал кейбіреулерін ысырапшылдықпен жыртқандықтан түрлі экологиялық апаттарға ұшырады. Бұл өткен тарих парақтарына көз салсақ, ата-бабамыздың бізге ақ қаймақтай сақтап келген жерін біздің дұрыс пайдалана алмауымызда, рухани кемелденуіміздің төменділік дәрежесінде болып табылады. Түсінік бойынша прагматизм — ұлт байлығын білу, оны тиімді пайдалану және болашаққа да пайдасы тиетіндей етіп жоспарлау. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің көрінісі болып пайдасыз сән-салтанат құрмақ емес, қанағатшылдық, қарапайымдылық, үнемшілдік секілді игі қасиеттерді бойда ұстанбақ болып табылады деген пайымдаулар жасайды. Қазіргі заман жағдайындағы біздің міндетіміз — біздің жас ұрпағымызды өз тарихында жинақталған халықтың өткеннің шежіресі мен болашақтың көкжиегін байланыстыратын прагматикалық даналығына баулу. Біз сондай-ақ өскелең ұрпақтың өзге халықтардың жетістіктерімен прагматизмнің ұлттық тәжірибесін жинақтай білуін қалыптастыруға ықпал етуге тиіспіз [4]. Олар басқа елдердің тәжірибесінен еліміздің өркендеп дамуы үшін өз пайдасын әкелетін барлық дүниелерді ала алуы үшін мүмкіндіктер жасауымыз қажет. Елбасымыздың ұсынған жобаларын практика жүзінде сараптап, үлкен нәтижелер көрсетуіміз үшін, көшті өрге сүйрейтін, ұлттық құндылықтарымызды өткеннің пернесінде қалдырмай, болашақтың зор үмітімен байланыстыратын прагматик ұрпақ болуымыз керек.

Алғыс білдіру

Студенттің өзіндік жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. — 2017. — 12 сәуір.
  2. Прагматизм // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://kk.wikipedia.org/wikiПрагматизм
  3. Асқар Л., Аташ Б. Прагматизм — рухани жаңғыруды жүзеге асырар жол // Түркістан. — 2017. — 23 қараша.
  4. Есенгараев Е. Прагматизм — это мудрость народа // Индустриальная Караганда. — 2019. — 6 апреля.
Основные термины (генерируются автоматически): Прагматизм, мена.


Похожие статьи

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Іс әрекеттегі зерттеу: 7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады?

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Похожие статьи

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Іс әрекеттегі зерттеу: 7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады?

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Задать вопрос