Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығының жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №18 (308) май 2020 г.

Дата публикации: 30.04.2020

Статья просмотрена: 338 раз

Библиографическое описание:

Кадиргалиева, Л. Н. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығының жағдайы / Л. Н. Кадиргалиева, Ш. Ш. Турмаханбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 18 (308). — С. 569-573. — URL: https://moluch.ru/archive/308/69326/ (дата обращения: 18.12.2024).

Бұл мақалада инвестициялық климат ұғымдары және оның Қазақстан экономикасына әсері сипатталған. Сондай-ақ, ол елдің ауыл шаруашылығының дамуын қолдау үшін қандай жолдарды пайдаланатынын, соның ішінде елдің ауылшаруашылығындағы экономикалық көрсеткіштерге талдау жасады.

Кілт сөздер: инвестиция, ауыл шаруашылығы, нарықтық экономика.

В данной статье описаны понятия инвестиционного климата и его влияние на экономику Казахстана. Также расмотрены какие пути пользуется для поддержки развития сельского хозяйства страны, втом числе сделаны анализы на экономические показатели в сфере сельского хозяйства страны.

Ключевые слова: инвестиция, сельское хозяйство, рыночная экономика.

Нарықтық экономикада инвестициялық климат деп шынайы және әлеуетті инвесторлардың инвестициялық белсенділігіне елеулі әсер ететін саяси, заң, әлеуметтік — экономикалық, қаржы және географиялық факторлардың жиынтығын айтады.

Инвестициялық климат — берілген елдің немесе облыстың саласына салынатын капиталдың орта немесе ұзақ мерзімді шарты.

Инвестициялық климаттың қалыптасу кезіндегі мән беретін жағдай инвестициялық тартымдылықтың әлемдік рейтингісінде Қазақстан Республикасының алатын орнын анықтау мақсатында жүргізілетін кешенді бағалау жүргізу, инвестициялық климаттың сапасын анықтаушы факторлардың рөлін анықтау болып табылады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы төмен инвестициялық белсенділік өндірістік саладағы тиімсіз инвестицияларға ішкі бірқатар маңызды себептерге ие. Қазақстан экономикасына инвестициялар табыс әкелу үшін инфляцияны төменгі көрсеткіштерге жеткізу, экономиканың инфрақұрылымдық салаларын дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік протекционзмнің сатылы жүйесін қалыптастыру және нарықтық экономикада отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуші жаңа технологиялар мен текниканың өндірісін дамыту қажет.

Ауыл шаруашылығы саласының дамуы елдің экономикалық дамуына, азық — түлікпен қамтамасыз етуге, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік –экономикалық мәселелерді шешуде үлкен маңызға ие. Оның дәйегі ретінде 2014 жылғы 18 қаңтардағы елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық рельстеріне көшуді қамтамасыз ету маңызды. Бұл біздің дәстүрлі индустриямыз, мұнда біздің артықшылықтарымыз бар. Әлемдегі азық-түлікке деген сұраныс артады. Бұл салаға үлкен инвестициялар салынатын болады, сондықтан қазіргі фермерлер өндірістің өсуіне назар аударуы керек. Біріншіден, жаңа технологияларды енгізетіндер жерде жұмыс істеп, өнімділікті үнемі арттырып, үздік әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істеуі керек» жолдауынан айқын көруге болады. [1]

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына қатысты мемлекеттік қолдау келесідей жолдармен қарастырылған:

– субсидиялар, мемлекеттік сатып алулар және т. б. формасында ауыл шаруашылығы саласының субьектілеріне мемлекеттік қолдаудың әртүрлі формада көрсетілуі;

– ауыл шаруашылығы жабдықтары, негізгі құралдары, малдар паркін жаңғыртуға жағдай жасауға қолдау көрсетілетін қаржы құралдарын қолдану;

– ауыл шаруашылығы өндірісінің субьектілеріне қаржы- несиелік құралдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету;

– ауыл шаруашылығының даму жобаларына инвестиялар тарту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру;

– әлемдік нарыққа отандық өніімдерді экспорттауға қолдау көрсету;

– бюджеттің дұрыс жұмсалуын қадағалау, ветириналық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

– ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қажетті инфрақұрылым саласын дамыту;

– агротехникалық білімінің таралуы мен ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту.

Отандық ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға және қолдауға ауыл шаруашылығы тауарларының ортақ нарығын қалыптастыру және еуразиялық экономикалық интеграция мүмкіндіктері мен шарттарын қолдану маңызды. Сонымен қатар, КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің келісілген (келісілген) агроөнеркәсіптік саясат тұжырымдамасына сәйкес басты мақсат — бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік өндірісін оңтайландыру үшін КО мен БЭК мүше мемлекеттердің ресурстық әлеуетін тиімді іске асыру болып табылады.

Осыған қатысты негізгі тапсырмаларға келесілер жатады:

– тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы және өндірісінің теңдестірілген дамуы;

– мүше- мемлекеттердің субьектілері арасында әділетті бәсеклестіктің орын алуын және ортақ аграрлық нарыққа қол жетімділік шарттарын қамтамасыз ету;

– мүше- мемлекеттердің ішкі және сыртқы нарықта өндірушілердің қызығушылықтарын қорғау.

Қазақстан Республикасының ЖІӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі 2016 жылы 4,6 %, 2017 жылы 4,5 %, 2018 жылы 4,4 % және 2019 жылы 4,3 %-ды құрады. 2016–2018 жылдар аралығында Қазақстанның ЖІӨ құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 4,5 % ды құрады (1- сурет).Үш жыл қатарынан ауыл шаруашылығының үлесі төмендеп келеді.

1 сурет. Қазақстан Республикасының ЖІӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі, % (ҚР Статистика комитетенің ақпарат көзінің негізінде құралған) [3]

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы ауылшаруашылық өнімдерінің (қызметтердің) жалпы өнімі 3,6 трлн теңгені, 2017 жылы — 4,1 трлн теңгені, 2018 жылы — 4,4 трлн теңгені және 2019 жылдың тоғыз айында құрады — 3,6 трлн теңге. Үш жыл ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы өнімі 772,8 млрд. Теңгеге (21,4 %) өсті (2- сурет).

2 сурет. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы, трлн,теңгемен (ҚР Статистика комитетенің ақпарат көзінің негізінде құралған) [3]

ҚР Статистика комитетінің деректеріне сәйкес жалпы шығарылымның құрылымы бойынша мал шаруашылығы 2016 жылы 55,3 %, 2017 жылы 55,8 %, 2018 жылы 55,3 %, 2019 жылы 54, % құрады, ал өсімдік шаруашылығы 2016 жылы 44,7 %, 2017 жылы 44,2 %, 2018 жылы 46,7 % және 2019 жылы 45,5 % көрсеткіштерді көрсетті (3- сурет).

3 сурет. Ауыл шаруашылығыда мал және өсімдік шаруашылығының жалпы шығарылымының құрылымы % (ҚР Статистика комитетенің ақпарат көзінің негізінде құралған) [3]

ҚР Статистика комитетінің деректеріне сәйкес ауыл шарушылығына салынған инвестицялар көлемі 2016 жылы 252,9 млрд.теңгені, 2017 жылы 352,9 млрд.теңгені, 2018 жылы 395,6 млрд.теңгені құраса 2019 жылы 326,2 млрд.теңгені құраған (4- сурет).

4 сурет. Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі, млрд.теңге (ҚР Статистика комитетенің ақпарат көзінің негізінде құралған) [3]

Агроөнеркәсіптік секторды дамыту үшін мемлекет оны жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар қабылдауда, соған байланысты бүгінде ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемінің өсуі, республикада жаңа ауылшаруашылық нысандарының құрылуы және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялардың ұлғаюы байқалады.

Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері осы жағдайлар орындалған кезде нарықтық сын-қатерлерге жедел ден қоюды талап етеді — әлемдік азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздықтың ұзақ мерзімді тәуекелдерінің өсуі азық-түлік, өсімдік шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың өсуіне әсер етеді. Бұл тенденциялар елдің агробизнесіне жаңа азық-түлік нарықтарын жаулап алу үшін мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы, астық, көкөніс өсіру және оларды кейіннен өңдеумен айналысатын шетелдік агроөнеркәсіптік компанияларды Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына тарту қажет.

Шетелдік тәжірибені зерделеу дамыған елдерде ауылшаруашылығы мемлекеттік сектор болып табылатындығын растайды. Бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы өнімдері құнының орта есеппен 50 % құрайды. Осылайша, АҚШ Федералды Үкіметі мен Конгресс ауылшаруашылық өнеркәсіп тауарларының қолданыстағы ішкі тепе-теңдік бағасы бойынша тепе-теңдік бағасының индексін анықтайды және осы негізде ең төменгі баға шегін анықтайды. Үкімет инвестицияларды ынталандыру және ауылшаруашылық өндірісті ұлғайту мақсатында ауылшаруашылық кірістерін тұрақтандыруда.

Инвестициялық климат, өз кезегінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Экономикада бірнеше ондаған жылдар ішінде жинақталған құрылымдық, салааралық теңгерімсіздік өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тауарлардың, әсіресе энергия тасымалдаушылардың күрт жетіспеуіне әкелді.

Жағымды инвестициялық климат әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, өндірісті жаңғыртуға, кәсіпорындардың негізгі қорларын құруға, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 қаңтардағы Жолдауы
  2. Ақпараттық- аналитикалық орталығы //https:///ia-centr.ru
  3. Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің деректері https://state.gov.kz/
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Статистик, климат, сельское хозяйство страны, трлн.

Похожие статьи

Маңғыстау облысындағы ауыз су мәселесінің қазіргі жағдайы

Сапалы ауыз суы халық өмірінде әлеуметтік — экономикалық рөл атқарады. Мақалада Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының таралуы және ауыз суы мәселелеріне, Маңғыстау облысындағы су тапшылығы проблемаларына шолу жасалды. Аталған аймақтағы жан бас...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы

Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологияларм...

Орта Азия қалаларындағы тұрғын-үй кварталдардың ерекшеліктері мен түрлері

Мақалада Орта азия қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуіне және халықтың тұрғын үймен қанағаттануына қарай жаңа құрылыстың ауқымын кеңейту және салыстырмалы түрде жақсарту мәселелері қарастыры...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Қызылорда облысының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығына әсері

Ғылыми мақалада Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына экологиялық жағдайдың әсері қарастырылған. Қызылорда облысының экологиялық жағдайын өзгеріске ұшарататын факторлардың түрлері адам денсаулығына да әсер етеді. Қоршаған орта ластану жағдайы т...

Оқу үрдісінде аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі

Мақалада қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі негізделеді. Яғни, сабақ барысында оқушылардың аналитикалық ойлау жүйесін дамыта отырып, бірнеше маңызды дағдыларға үйрету. Аналитикалық ойлаудың ерекшелік...

Қазақстан туризм саласын дамытудағы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы

Мақсаты: Мемлекттік реттеу арқылы туризм саласын класификациялаудың маңыздылығын көрсету. Зерттеу әдісі: Зерттеу барысында Қазақтан туризм саласын дамытудағы мемлекеттік реттеудің орны мен мағыздылығына баға беру мақсатында сандық зерттеу әдісі қолд...

Түркістан қаласында туризм саласының дамуы

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы Түркістан қаласының туризм саласының дамуының қазіргі жағдайы 2018–2021 жылдар аралығы бойынша Түркістан қаласына келген туристер саны, туризм саласында жұмыспен қамтылған халық саны, туризм саласына тартылған...

Нұр-Сұлтан қаласының автотұрағын талдау және көшелеріндегі көлік кептелісі жағдайларын анықтау

Нұр-сұлтан, Қазақстан Республткасының елордасы көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ қала экономикасы мен халқының жақсаруы осы салада бұрын болмаған бірқатар проблемаларды анықтады. Енді қаланы қарбалас уақытта түсіру міндеті барған сайын...

Задать вопрос