Түркия мемлекеті оқулықтарындағы КСРО тарихы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №18 (308) май 2020 г.

Дата публикации: 27.04.2020

Статья просмотрена: 103 раза

Библиографическое описание:

Динашева, Л. С. Түркия мемлекеті оқулықтарындағы КСРО тарихы / Л. С. Динашева, Беимбет Мыктыбекулы Алипбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 18 (308). — С. 559-562. — URL: https://moluch.ru/archive/308/69344/ (дата обращения: 19.12.2024).



Мақалада Туркия Республикасының білім беру мекемелерінде Кеңес мемлекетінің 1923–1960 жж. тарихының оқытылуы мәселесі қаралады.

Түйін сөздер: Түркия, тарих, оқулық, КСРО, мектеп.

Встатье рассматривается вопрос изучения истории советского государства в 1923–1960 гг.в образовательных учреждениях Республики Турция.

Ключевые слова: Турция, история, учебник, СССР, школа.

Тарих ғылымының мәдениетаралық байланыс пен қоғамдық ортадағы әсерін әлемдегі ғылым мен техниканың дамуы бәсеңдеткенімен, ол — әлі күнге дейін өзіндік құнын жоғалтпаған маңызды базалық білім болып табылады. Басқа оқулықтар сияқты, Түркияда жоғары мектептерде тарих пәні базалық білім ретінде «Білім және Ғылым басқармасы» тарапынан мақұлданады. Сондықтан да, біздің мақаламыздағы хронологиялық шегі деп белгіленген уақыт аралықтарында, сол кезде елді басқарған биліктің ұстанған саясаты оқулықтардағы пікірлердің өзгеруіне тікелей әсер еткен. Сол себепті оларды үшке: Ататүрік, Инөнү және Демократиялық Партия кезеңіндегі түрік оқулықтарындағы Кеңестер одағы тарихының көрініс табуы деп бөліп, зерттеудың негізгі нысаны етіп алдық.

Ататүрік кезеңінің тарих оқулықтарындағы кеңестік / орыс бейнесі

Бұл жылдар түрік-кеңес қатынастарының өзара қиындық тудырмаған жылдары болды. 1925 жылы Парижде екі мемлекет арасында «Бейтараптық және Соғыспау» туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім екі елдің арасындағы саяси қатынастардың дамуына жағдай жасады. 1927 жылы қайтадан Анкарада «Сауда және Ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылып, коммерциялық ынтымақтастықты жақсартуға күш салынды. 1928 жылы шабуылдар мен соғысқа тыйым салған Брианд-Келлог пактісіне қол қойылған кезде, оған Түрік және Кеңес үкіметтері де қатысқан болатын [1]. Кеңес Одағы мен Түркия арасындағы жақсы қарым-қатынас 1936 Монтре Бұғаздар Конвенцияна дейін өзгеріссіз жалғасын тапты. Ататүрік кезеңіндегі саяси және сауда қатынастарының талабы ретінде түрік тарихы оқулықтарындағы Кеңес Одағының бейнесі, әдетте, бейтарап түрде қарастырылатындығы байқалады. 1931 жылы Білім және ғылым министрлігі тарапынан жазылған Түркия Республикасының тарих оқулығында Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі төңкерістерде Ресейдегі большевизм былайша сипатталады [2, 6 б.]: «Соғыстың соңында көптеген жеңіліске ұшыраған елдерде толқулар мен төңкерістер болды, нәтижесінде бұрынғы жеке үстемдік, яғни патшалық және империялық басқару республикалық режиммен алмастырылды. Орыс революциясы көп ұзамай саяси саладан әлеуметтік салаға өтті. Орыстанған түрік отбасынан шыққан Ленин есімді адамның ерік-жігерімен және теориясымен әлі күнге дейін қалған коммунизмді толық жүзеге асыруға тырысты. Бұрынғы Ресей империясы ұлттық көпшілікті ескере отырып, көптеген мемлекеттерге бөлінді. Ақырында Ресей атауы ресми түрде алынып тасталды. Бұрынғы Ресей империясы ақыры Кеңес Социалистік Республикалар Одағы деп аталды..”. [3, 167 б.].

Ұлттық күрес кезінде Түркия мен Кеңес Одағы арасындағы қарым-қатынастар «Вакит» газеті мен Ертемнің кітабында да айтылды. Осы жұмыстарға сәйкес 1921 жылы 16 наурызда Мәскеуде Кеңес Одағымен қол қойылған достық туралы келісім екі империалистік емес мемлекеттерді бір-біріне жақындата түсті. 1921 жылғы Мәскеу келісіміне сәйкес, бұған дейінгі екі тараптың бір тарапы қатыспаған ешқандай халықаралық конвенцияны қабылдаған жоқ, Ресей Ұлттық пактіні біршама өзгертулермен қабылдады және Патшалық пен Осман империясы арасында жасалған келісімдер жойылды. Сонымен қатар, екі ел бір-біріне қарсы қалыптасқан құрылымдарды өз елдерінде ескермеуге міндеттеме алды.

Большевиктер революциясының нәтижесінде Ресей келісімдер жасау арқылы Бірінші дүниежүзілік соғысты аяқтады; тарих оқулықтарында былайша сипатталады: «1917 жылғы төңкерістен кейін Ресейдің еуропалық мемлекеттермен арақатынасы бұзылды. Өйткені Кеңес Федеративтік Социалистік Республикасы мен Еуропаның капиталистік мемлекеттері арасында режим мен мүдделер тұрғысынан толық қайшылық бар болатын». Сол кітаптарда Еуропа мемлекеттерінің төңкерісшіл Ресейді жою үшін түрлі майданда шабуыл жасағаны және Еуропаның қолдауымен олар Польша, Балтық және Румыния майдандарын ұрыс алаңына айналдырғандығы; Одақтас Антанта мемлекеттерінің Стамбул мен Кавказды жаулап алуы, Британияның Иран мен Ауғанстандағы ықпалы Ресейді қоршап алғандығын көрсетеді [4, 167–168 б.]. Сонымен қатар, ортақ жауға қарсы Ресей мен Түркия арасында бір келісімнің жүзеге асқандығы, мұның географиялық қажеттіліктен болғандығы; Түркия мен Ресей территориялары бұл қоршау қозғалыстарына кедергі келтіргені атап өтілді. Сонымен қатар, екі мемлекет арасында келісімге қол жеткізілген кезде, екі түрлі саяси және әлеуметтік режимдердің айырмашылықтарды ескерусіз жүзеге асырғандығы баса айтылды [5, 250–251 б.], сол кезеңде жазылған тағы бір тарих оқулығында «жаңа Ресей өзінің мүдделерін түріктер үшін достық және пайдалы деп тапты» деп айтылған [4, 204 б.].

Бұл кезеңді Түрік тарихы және Тексеру Қауымдастығы тарапынан жазылған IV Тарих кітабы Түркия Республикасы жөнінде әңгімелейді. Кітапта Түркия-Кеңес Одағы қарым-қатынастарына тоқталады; Кеңес Одағы, идеологиясы құрметтелген мемлекет ретінде қарастырылды. Түркия большевиктер төңкерісінің өз елінде таралуына және Ресейде ұлттық жобалардың, өз еліне әсер етуіне жол бермеді. Түркия сыртқы саясатында Кеңес аумағында Тұраншылдық қызметтерін жалғастырмайтындығын Кеңес Одағына хабарлады, бұл бағытта тіпті түрік ошақтарыда жабылды [6, 59 б.].

Инөнү кезеңінің тарих оқулықтарындағы кеңестік / орыс бейнесі

Ұлтбасшысы ретінде де белгілі Исмет Инөнү кезеңіндегі Тарих оқулықтарында Кеңес Одағының бейнесі әртүрлі екендігі байқалады. Осы кезеңде Түрік тарихы және Зерттеу қоғамы дайындаған тарих курстары тоқтатылды; Шемсеттин Гүналтай, Кавид Байсун, Энвер Зия Карал, Ариф Муфит Мансель және Ұлттық білім министрлігі дайындаған кітаптар оқытыла бастады [7, 83 б.].

Ұлттық білім министрлігінің тапсыры бойынша жазылған 1945 жылғы тарих оқулығында «Ресей Осман империясының өрлеген кезеңінде Еуропадағы түрікшілдікке зиян келтірген алғашқы мемлекет болды», «Ол теңіздер мен Орталық Еуропаға ығысқысы келгендіктен Османлы империясына зиян келтірген мемлекет» ретінде сипатталады [8, 92–93, 111 б.]. Су мен Дурудың негізгі орта білімнің үшінші сынып оқушыларына арнап жазған тарих оқулығында Ресейдегі большевизм туралы былай жазылған [9, 138–139 б.]: «Ресейде соғыс аяқталғанға дейін саяси толқулар болды. Соғыс аяқталғаннан кейін орыс толқулары әлеуметтік формаға ие болды. Ленин Ресейде коммунистік билік орнатты. Бұрынғы Ресей империясы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы деп аталды. Еуропаның басқа мемлекеттері басқарудың бұл жаңа формасының өз отандарына таралуын қаламады және Ресейге қарсы шаралар қолданды. Алайда, коммунизм идеялары бұл елдерге де енді. Тіпті қысқа мерзімде коммунистік әкімшіліктер Баварияда, Венгрияда құрылды».

Сол кітапта Ұлыбритания, Франция және Италия үкіметтерінің түріктерге қарсы бірлесе әрекет еткені, бірақ Кеңес Одағы мен АҚШ-тың ұстанымдары әр түрлі екені айтылған. Түркияны бөлшектеп, жоқ еткісі келген үлкен мемлекеттердің Большевик Орыстарға да жау екендігі, сонымен қатар Орыстар мен Түріктердің жаулары бірдей екендігі айтылады.

Демократиялық партия кезеңінің тарих оқулықтарындағы кеңестік / орыс бейнесі

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем өзгерген кезде Түркияда да көппартиялық саяси өмірге қадамдар жасалады және сайлау нәтижесінде Демократиялық Партия билікке келеді. Демократиялық партия — жаңадан қалыптасқан әлемнің жетекші елі АҚШ-тың саясатына көп жағынан сәйкес келетін қадамдар жасай бастады. Сондықтан түрік тарихы оқулықтарында Кеңес Одағының бейнесі өзгере бастады. Унат пен Судың жазған орта мектеп тарихы оқулығында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ресей жаулап алған Еуропа елдерінде, өзінің мемлекеттік жүйесін мәжбүрлі түрде қабылдата отырып, оларды қысым астында ұстауы Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысын қиындата бастады; АҚШ-тың дүниежүзілік бейбітшілікті жаңа қауіп-қатерден қорғау үшін және Ресей ықпалының одан әрі таралуын болдырмау үшін қайтадан шаралар қабылдауы қажет екендігі айтылған.Сезардың айтуы бойынша [10, 207 б.], Ресейде 1917 жылдан бастап үстемдік еткен Коммунистік партия, коммунистік режимді бүкіл әлемге таратқысы келді. Осыдан басқа, Ресей үкіметі бейбітшілік жылдарында және тіпті Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін саясаттың шынайы ниеттері мен бет-әлпетін көрсетпестен, үнсіз және айлакерлікпен жалғастырды.

1950-ші жылдардан 1980-ші жылдардың ортасына дейін оқытылған тарих оқулықтарын жазушылардың бірі Эмин Октайдың оқулықтарында, Ресей 19-шы және 20-шы ғасырларда Еуропаның саяси тарихында маңызды рөл атқарды және Вена конгресінен кейін өз аумағын әсіресе Осман империясына зиян тигізетін аймаққа дейін кеңейтетін мемлекет ретінде сипатталды. Ресей, Шығыста Кавказды, Сібірді және Түркістанды иемденіп, Жапон теңізіне дейін жетіп, әлемдегі ең үлкен және ұжымдық отаршыл империяны құрды. Ол сондай-ақ тағы да Англия және Американың көмегімен үлкен қауіптен құтылды, алайда олар демократия әлемімен келісе алмады [11, 283 б.]. Орыс отаршылдығына үлкен мән берген Октай, тарихтың көптеген кезеңдерінде орыстардың отаршылдықпен айналысқанын, соңғысы большевиктік төңкерістен кейін, Түркістан мен Сібірде құрылған бірқатар байырғы үкіметтерді көп ұзамай Қызыл Армия Ресейге қосқанын жазды. Автор, Ресей Моңғолияны Қытайдан алып қана қоймай, онда коммунистік үкімет құрып, содан кейін Түркістанды да өзінің ықпалына алып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыстағы ықпалын сөзсіз арттырғанын мәлімдеді. Жапон шапқыншылығынан аман өткен Қытай мен Солтүстік Кореяда коммунистік үкімет құрылғанын айтты. Ресей құрған отарлық империя біз осы уақытқа дейін оқыған басқа ұлттардың отарлық империяларына ұқсамайтындығы, өйткені Ресей жаулап алған жерлерін тікелей орталыққа байлап, оларды барлық жағынан орыстандырғанын мәлімдеді [11, 314 б.].

Октай Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жаңа мемлекеттік режимдерді зерттегенде, Ресейдегі коммунистік режимді басынан бастап жай-жапсарын былайша түсіндіреді: «Осы мемлекеттің алғашқы президенті болған Ленин, 1924 жылы қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін коммунист көсемдері Троцкий мен Сталин бір-бірімен соғыса бастады. Ақыры Сталин Ресейді басып алды. Троцкий Ресейден қашып кетті, содан кейін өлтірілді. Сталин Ресейдің басшысы болғаннан кейін Ресейде коммунистік режим орнады [11, 204 б.]».

Атсыз және Оранның жалпы орта мектептер үшін жазған тарих оқулығында Ресейдегі большевиктік революция процесі, қабылданған қадамдар мен коммунистік қадамдардың нәтижелері төмендегідей қарастырылды: 1917 жылы Ресейдегі революция нәтижесінде патшалық жойылып, Кеңес Социалистік Кеңесі құрылды. Осылайша, революцияны басқарған Ленин, Троцкий және оның достары Карл Маркс пен Энгельс құрған құрған гипотетикалық социализмді, коммунизм деген атаумен қолданыс саласына енгізді. Сондықтан Ресей 1917 жылы жеке бейбітшілік орнатып, соғыстан кетті. Жеке меншіктің орнына ортақ меншік принципін қабылдаған бұл режимде буржуазиялық тапқа қарсы пролетариаттың, яғни жұмысшы табының билігі орнықты. Бұл жаңа басқару режимінде Ресей өзінің ішкі істерінде салыстырмалы түрде тәуелсіз болғанымен, өзінің сыртқы істерінде ортақ біртұтас мемлекеттік жүйені құрды. Дәл осы себептерге байланысты «Ресей ұзақ уақыт Еуропа мемлекеттерінің тобынан бөлек» тұрды [12, 213–215 б.].

Қорытынды

Ататүрік кезеңінің тарих оқулықтарында Кеңес Одағына көбірек орын берілгені байқалды. Осы кезеңде автор (лар) студенттердің санасында орыс бейнесін жасағанда Басқару айырмашылықтарына қарамастан жаңа қосымша түсініктермен Түркия Республикасының жанындағы көршілес дос ел деген сияқты мәлімдемелерге ерекше орын берілген. Ататүріктің кезінде орыс бейнесі достық ағымға ие болды және екі ел де бір-біріне мұқтаж деген түсінік пайда болды.

Инөнү және Демократиялық партия кезеңдерінде мұндай мәлімдемелер мүмкін болмады. Осы кезеңнің тарих оқулықтарында Осман империясына ең көп қауіп қатер әкелген және қиын жағдайда қалдырған мемлекет Ресей болғандығы ерекше атап айтылады. Осыған сәйкес, Орыстардың үнемі теңіздерге шығуды қалайтындығы және жол бойындағы Осман жерлерін нысанаға алып, ассимиляция саясатын ұстанғаны анық айтылады және Осман империясы үшін орыс патшасының «науқас адам» бейнесі ерекше атап өтілді. ХІХ ғасырда Осман империясы мен өте қызу күрес жүргізген мемлекеттердің бірі Ресей болды. Бұл жағдай тарих оқулықтарында теріс өрнектермен берілген. Инөнү мен Демократиялық партияның кезеңінде Ресейге байланысты теріс көзқарас ХХ ғасырда да өзгерген жоқ. Кеңес Одағы әдетте «экспансионистік» және «отарлаушы» деп саналды.

Әдебиет:

  1. Soysal, İsmail (2000). Türkiye’nin Siyasal Antlaşmaları. Ankara: TTK.
  2. Maarif Vekâleti (1931). Tarih 4: Türkiye Cumhuriyeti. İstanbul: Devlet Matbaası.
  3. Maarif Vekâleti (1939). Tarih: Ortaokul 3. İstanbul: Maarif Basımevi.
  4. Ertem, Sadri (1938). Tarih El Kitabı: Lise ve Lise Olgunluk Sınavlarına Hazırlık. Üçüncü Bası, İstanbul: Kanaat Kitabevi.
  5. Vakit (1932). Tarih El Kitabı: Lise ve Orta Mektep Bakalorya Sınıflarındaki Gençler İçin,. İstanbul: Vakit Basımevi.
  6. Türk Tarihi ve Tetkik Cemiyeti (1931). Türkiye Cumhuriyeti Tarih IV. İstanbul: Devlet Basımevi.
  7. Aktaş, Özgür (2006). Cumhuriyet Devri Tarih Ders Kitaplarında Rusya İmgesi. Kars: Kafkas Üniversitesi, (Yay. Yüksek Lisans Tezi).
  8. Milli Eğitim Bakanlığı (1945). Tarih: İlkokul 5. İstanbul: Maarif Basımevi.
  9. Su, Kamil ve Duru, Kazım Nami (1947). Tarih: Orta III. İstanbul: Milli Eğitim Basımevi.
  10. Cezar, Mustafa (1951). Tarih: Ortaokul 3. İstanbul: Okul Kitapları.
  11. Oktay, Emin (1952). Tarih: Lise 3 Yeni ve Yakın Çağlar. İstanbul: Remzi Kitabevi.
  12. Atsiz, Bedriye ve Oran, Hilmi (1953). Yeni Lise Kitapları: Tarih 3 Yeni ve Yakın Çağlar. İstanbul: İnkılâp Kitabevi.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, III, TTK, оса, Осман, партия, Турция.


Ключевые слова

тарих, Түркия, оқулық, КСРО, мектеп

Похожие статьи

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Қазақстандық қоғамды саяси жаңғыртудағы Қазақстан халық партиясының рөлі

Бұл ғылыми мақалада парламентте он жылдық тарихы бар солшыл партия — Қазақстан Халық партиясының қоғамдық-саяси қызметі қарастырылады. Зерттеудің аталған тақырыбының өзектілігі, ең алдымен, біз бәріміз саяси процесстің қатысушысы екенімізден туындайд...

Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану

Мақалада ойын технологиясының түрлері мен дамыту және түзету құралы ретіндегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады.

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Зияты зақымдалған мектеп оқушыларының ерік-жігер сферасының ерекшеліктері

Мақалада зияты зақымдалған мектеп оқушыларының еріктілік сферасының ерекшеліктері қарастырылған.

Жоғары сыныптарда тарих сабақтарында жобалау қызметін ұйымдастыру

Мақалада жалпы орта мектептердің жоғары сыныптарында тарихты оқытуда жобалау қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Еркіндік ұғымының мәні

Берілген мақалада еркіндік ұғымы діни, этикалық, құқықтық, тарихи категориялар тұрғысынан қарастырылады. Авторлар философия тарихындағы еркіндік тұжырымдарына талдау жасайды.

Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру

Бұл мақалада Lesson Study бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі баяндалады.

Бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімін спектралдық теория көмегімен зерттеу

Мақалада спектралдық теория көмегімен бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімдерінің құрылымы зерттеледі.

Похожие статьи

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Қазақстандық қоғамды саяси жаңғыртудағы Қазақстан халық партиясының рөлі

Бұл ғылыми мақалада парламентте он жылдық тарихы бар солшыл партия — Қазақстан Халық партиясының қоғамдық-саяси қызметі қарастырылады. Зерттеудің аталған тақырыбының өзектілігі, ең алдымен, біз бәріміз саяси процесстің қатысушысы екенімізден туындайд...

Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану

Мақалада ойын технологиясының түрлері мен дамыту және түзету құралы ретіндегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады.

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Зияты зақымдалған мектеп оқушыларының ерік-жігер сферасының ерекшеліктері

Мақалада зияты зақымдалған мектеп оқушыларының еріктілік сферасының ерекшеліктері қарастырылған.

Жоғары сыныптарда тарих сабақтарында жобалау қызметін ұйымдастыру

Мақалада жалпы орта мектептердің жоғары сыныптарында тарихты оқытуда жобалау қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Еркіндік ұғымының мәні

Берілген мақалада еркіндік ұғымы діни, этикалық, құқықтық, тарихи категориялар тұрғысынан қарастырылады. Авторлар философия тарихындағы еркіндік тұжырымдарына талдау жасайды.

Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру

Бұл мақалада Lesson Study бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі баяндалады.

Бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімін спектралдық теория көмегімен зерттеу

Мақалада спектралдық теория көмегімен бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімдерінің құрылымы зерттеледі.

Задать вопрос