Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.
Кілтті сөздер: әлеуметтік-психологиялық орта, ұжымды басқару.
В статье представлены результаты исследования, связанные с определением роли социально-психологической среды в повышении эффективности управления коллективами медицинских работников.
Ключевые слова: социально-психологическая среда, управление коллективом.
Кез келген ұйымның қызметкерлері үшін өз жұмысына жауапкершілікпен және адал қарау керек, бұл еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасына айтарлықтай әсер етеді,бұл өз кезегінде шығарылатын өнімге деген сұранысты арттырады. Қызметкерлерден психологиялық тұрақтылық және басшылық құрылымы мен функционалдық міндеттері тұрақты өзгерістерге бейімделу қабілеті талап етіледі. Әрбір жеке ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климаттың оңтайлы деңгейіне көбінесе қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас атмосферасы байланысты.
Американдық әлеуметтік психологияда ұйымдарда "ұйымдастыру мәдениеті" туралы, жұмысшылар мен менеджерлердің қарым-қатынасы туралы айтады.
Э. Мейо [1, б.22] бірінші кезекте қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың психологиялық климатын қалыптастыруға сүйенеді.
Отандық әлеуметтік психологияда алғаш рет «психологиялық климат» терминін Н. С. Мансұров қолданды, ол өндірістік ұжымдарды зерттеді [2, б. 127].
Алғашқылардың бірі болып В. М. Шепель әлеуметтік-психологиялық ортаның мазмұнын ашты. Психологиялық орта, оның пікірінше (3, б.128), бұл ұжым мүшелерінің психологиялық байланыстарының эмоционалдық бояуы, олардың жақындығы, көзайымы, мінез-құлқы, қызығушылығы, бейімділігі негізінде пайда болады.
Топтағы қолайлы атмосфера оның нәтижелеріне оң әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар адамды қайта құрады, оның жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады және әлеуетті танытады.
Бұл проблеманың өзектілігі қазіргі уақытта адами қызметтің ұжымдық сипатымен және адамдарды басқаруды ұйымдастыру тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың арасында өрістетілетін қарым-қатынастарды реттеумен, көңіл-күй мен өндірістік көрсеткіштерге әсер ететін тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді пайдаланумен байланысты тәжірибе сұрауларынан туындайды. Тиісінше, ұйымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалы, ұйымның өз қызметінің нәтижесіне әсерін тигізеді.
Зерттеудің мақсаты орталық қалалық аурухананың медицина қызметкерлері ұжымының әлеуметтік-психологиялық ахуалын талдау болып табылады.
Зерттеуге орталық қалалық аурухананың 30 медицина қызметкері қатысты. Барлық зерттеуге қатысушылар ретінде — жоғары немесе орта арнаулы білімі және осы мекемеде 5-тен 15 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар әйелдер алынды.
Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ортаны зерттеу үшін келесі әдістемелер таңдап алынды: К. Томас сынағы; О. С. Михалюк және А. Ю. Шалыто еңбек ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ортаны зерттеу бойынша экспресс-әдістеме және психологиялық жану сауалнамасы.
Зерттеу нәтижесі бойынша жалпы орталық қалалық аурухананың медициналық ұжымының қолайлы әлеуметтік-психологиялық ортасы қызметкерлердің жұмыстан тыс байланысымен шектеледі. Бұл мекеменің басшыларын алаңдатады.
Ұжымдағы қарым-қатынас компоненттерінің көрсеткіштері және қақтығыс жағдайларындағы мінез-құлық стратегиясын таңдау бойынша корреляция олардың арасындағы байланысты көрсетті.
Жанжал жағдайларындағы қызметкерлердің мінез-құлқы мен ұжымның эмоциялық аясының деңгейі арасындағы, сондай-ақ ұжымның эмоциялық аясының деңгейі мен ұжымдағы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас арасындағы сенімді байланыстар анықталды.
Корреляциялық талдау қарастырылатын белгілердің келісілу дәрежесін нақты бағалауға және олардың арасындағы тығыз байланыстарға мүмкіндік берді. Корреляциялық матрицада есептелген корреляция коэффициенттерінің барлық дерлік мәндері 1-ге тең, бұл қарастырылатын белгілердің тікелей пропорционалды тәуелділігін білдіреді.
Осылайша, орталық қалалық аурухананың медициналық қызметкерлері ұжымындағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық ортасы туралы екі белгі бойынша айтуға болады: олардың даулы жағдайлардағы мінез-құлқы және жұмыс бойынша әріптестеріне қатысты.
Өткізілген зерттеу нәтижелері бойынша, орталық қалалық аурухананың медицина қызметкерлерінің ұжымдағы оң әлеуметтік-психологиялық орта қалыптастыру үшін келесідей ұсыныстар ұсынуға болады:
– әлеуметтік-психологиялық ортада мінез-құлықтық және когнитивті компонентінің деңгейін арттыру, өйткені медқызметкерлер жұмыс уақытында бір-бірімен қарым-қатынас жасауға ниет білдірмейді;
– әдістемелік семинарларда, консилиумдарда медицина қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру;
– медицина қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін ынталандыру;
– жағымсыз жағдайларды анықтау және жою үшін медицина қызметкерлерінің жұмысқа тартымдылық белгілерін жан-жақты зерттеу.
Қорытынды: Ұйымның әлеуметтік-психологиялық ортасын басқарудағы менеджмент жүйесінің орны анықталды. Ұйымның әлеуметтік-психологиялық ахуалына әсер ететін кәсіби қызметтің ерекшелігі анықталды. Кәсіби жанжалдардың себептері қарастырылды және даулы жағдайларда мінез-құлық стратегиясы анықталды. Ұйымда әлеуметтік-психологиялық ортаны басқару әдістері ұсынылды. Зерттеу нәтижесі бойынша орталық қалалық аурухананың ұжымында әлеуметтік-психологиялық ортаны оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар ұсынылды.
Әдебиет:
- Почебут Л. Г., Чикер В. А. Организационная социальная психология: Учебное пособие. — СПб.: Изд-во «Речь», 2000.
- Мансуров, Н. С. Морально-психологический климат и его изучение / Н. С. Мансуров. — М.: Приора, 2007.
- Шепель В. М. Пособие по психологии для мастеров и бригадиров. — М.; 2010.