Мұнаралы крандардың жүк көтеру кезіндегі қауіпті аймағын бағалау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бергенева, Н. С. Мұнаралы крандардың жүк көтеру кезіндегі қауіпті аймағын бағалау / Н. С. Бергенева, Ж. Т. Сутемген, А. Т. Умбетбеков, М. М. Даулетбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 20 (310). — С. 665-669. — URL: https://moluch.ru/archive/310/69947/ (дата обращения: 19.12.2024).

Мақалада мүмкін болатын жүк көтеретін механизмдердің қауіпті аймағын болжау, бағалау және іс-шара кешені ұсынылды. КБ-473 мұнаралы кранының техникалық сипаттамалары мен мүмкіншіліктері көрсетілді. Мұнаралы крандардың қауіпті аймағының шегі, көтерілген жүктің құлауынан қауіпсіз аумағы және жүк көтергіш механизмнің жұмысы кезіндегі қауіпті аумақтың есебі берілді. Жүктің ықтимал ұшу қашықтығы көрсетілген. Мақалада инженерлік есептеулер бойынша зерттеу жұмысының нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары құрылыстағы мұнаралы крандардың қауіпті аймақты анықтау әдістемесімен жүргізілді.

Түйінді сөздер: мұнаралы кран, қауіпті аймақ, қауіпті аймақ шекарасы

В статье представлен комплекс мероприятий и прогнозирование опасной зоны возможных грузоподъемных механизмов. Были продемонстрированы технические характеристики и возможности башенного крана КБ-473. Были заданы пределы опасной зоны башенных кранов, безопасная территория от падения поднятого груза и расчет опасной зоны при работе грузоподъемного механизма. Указано возможное расстояние полета груза. В статье представлены результаты исследовательской работы по инженерным расчетам. Исследования проводились с методикой определения опасной зоны башенных кранов в строительстве.

Ключевые слова: башенный кран, опасная зона, граница опасной зоны

The article presents a set of measures and predicting the danger zone of possible lifting mechanisms. The technical characteristics and capabilities of the KB-473 tower crane were demonstrated. The limits of the dangerous zone of tower cranes, the safe area from falling of the lifted cargo, and the calculation of the dangerous zone during the operation of the lifting mechanism were set. The possible distance of the cargo flight is indicated. The article presents the results of research work on engineering calculations. The research was carried out with the method of determining the dangerous zone of tower cranes in construction.

Key words: tower crane, danger zone, danger zone boundary

Қазіргі өндірістік механизмдерді заман талабы бойынша өндірістік санитария мен нақты техника қауіпсіздігінсіз елестету мүмкін емес. Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша инженерлік есептеулер әдістемелік кешені бойынша зерттеу әдістемесімен жүргізілді. Қолайлы еңбек жағдайларын жасау және оның қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралардың кешенді жүйесінде ғылыми негізделген инженерлік есептеулерге, прогрессивті технологиялық процестерді енгізуге маңызды рөл атқарады. Бұл мәселелер өндірісті технологиялық дайындаудың барлық кезеңдерінде — жоспарлы шешімдерді, жобаларды және технологиялық процестерді әзірлеуден бастап оларды өндіріске енгізгенге дейін шешіледі. Пайдаланылатын жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді еңбекті қорғау ережелері мен белгіленген нормалық талаптарға сәйкес келтіру бойынша елеулі жұмыс қажет. Осы міндетті шешу үшін еңбек қауіпсіздігі бойынша инженерлік есептеулер дағдыларын ескеру қажет. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі берілген статистикалық мәліметтерде республикамызда 2018 жылы 1 568 адам өндіріс орнында жарақат алып, 220 адам өліммен аяқталған деп хабарланған (1-кесте). Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері қауіпсіз еңбек жағдайларын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілмегендіктен, қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытылмағандықтан орын алынады. Оқиға түрлері бойынша жазатайым оқиғалар қозғалатын, ұшатын, айналатын заттар мен бөлшектердің (14 %), зардап шеккендердің биіктіктен құлауы (13 %), заттардың, материалдардың құлауы (10 %) биіктіктен құлауы себептерінен туындайды (1-сурет). Бұл себептер мен жағдайлар жұмыс өндірісін ұйымдастырушылардан тікелей қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға немқұрайлы екенін көрсетеді.

1-сурет. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың 2018 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша негізгі себептері

Қауіпсіз жұмыс аумағын ұйымдастыруда ең маңызды рольді жалпы қауіпсіздік шараларын инженерлік есептеу арқылы жүргізу тиімді. Инженерлік есептеулер өндірістің алғашқы этаптарынан соңғы этаптарына дейінгі сұрақтарға нақты жауап беруге көмектеседі [4]. Кез келген жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді еңбек қорғау нормалары мен техника талаптарына сай келтіру бойынша елеулі жұмысты қажет етеді. Бұл міндетті шешу үшін еңбек қауіпсіздігі бойынша инженерлік есептеулер дағдылары көмектеседі.

Мұнаралы крандар — жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина. Мұнаралы крандар құрылыс негізінде ауыр жүктерді биіктікке жеткізу жұмыстарын атқарады (ҚР Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету заңы, 2014ж).

Ал, құрылыс алаңы — қауіптілігі жоғары аймақ. Қауіпті аймақ — денсаулыққа қауіпті немесе зиянды өндірістік факторлар әсер ететін аумақ. Қауіпті аймақтың көлемі тұрақты (біліктер, белдіктер және шкив арасындағы аймақ) және айнымалы (өңдеу режимі мен сипатын, кесу құралын ауыстыру кезінде кесу аймағы және т.б) болып бөлінеді.

Биіктіктегі жұмыстың қауіпті аумағы — жұмыс аймағы болып саналды. Жүк көтергіш механизмдердің қауіпті аймағын, жүктің құлауы мүмкін арақашықтықтығы арнайы әдістеме арқылы есептелінеді (Н. Т. Сурашев, М. И. Гудович, 2013ж).

Құрылыстағы жүк көтергіш механизмдер мен машиналардың жұмысы кезіндегі тіреуіштердің немесе тростардың үзілуінен жүктің құлауы мүмкін қауіпті аймақты анықтау, жұмыс аумағындағы жазатайым оқиғаларды азайтуға негізделген шараның тууына себеп болып отыр [3]. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін КБ-473 мұнаралы кранының қауіпті аймағы анықталды.

КБ-473 мұнаралы краны тұрғын үй, азаматтық және өндірістік ғимараттар мен жоғары қабатты құрылымдарды салу кезінде құрылыс монтаж жұмыстарын механизациялауға арналған. КБ-473 жүк көтергіш краны максимальді жүк көтергіштігі 8 т құраса (2-сурет), ал ең жоғарғы ұшу кезіндегі жүк көтергіштігі 2 т тең (1-кесте) (Ю. В. Ремизович, 2011ж).

Қауіпті аймақ ауданына қарай тұрақты немесе айнымалы болып бөлінеді. Қазіргі таңда құрылыс алаңдарында тұрақты қолданылатын мұнаралы крандардың бірі — КБ-473 (2-сурет).

1-кесте

КБ-473 мұнаралы кранының техникалық сипаттамасы

Максимальді жүк көтергіштігі

8 т

Ең жоғарғы жүк моменті

164 тм

Ең жоғары ұшу

50 м

Ең төменгі ұшу

3,2 м

Ең жоғарғы ұшу кезіндегі жүккөтергіштігі

2 т

Ұшу кезіндегі ең жоғарғы жүк көтергіштік

20,5 м

Бос тұрған кранды көтеру биіктігі

42,4 м

Ең жоғарғы көтерілу биіктігі

162,4 м

Аралық секциялар саны

40

Кранның салмағы

141,1 т

Қарсы салмақ плиталарының салмағы

9,4 т

Жалпы салмағы

150,5 т

Көтеру жылдамдығы

30 м/мин

Ұшып шығу жылдамдығы

33,6 м/мин

Айналу жиілігі

0,72 айн/мин

Қоршаған орта температурасы

+/- 400С

Сейсмикалығы

6 балл

Бұрылу бұрышы

10800

Тұтынатын ток

380 В, 50 Гц

Тұтынылатын қуаты

67 кВт

КБ-473 мұнаралы кранының төмендегідей мүмкіншіліктері бар:

− кранның негізгі орындалуы — стационарлық, бірақ ең танымал нұсқасы — 02, ол айналмалы рельстермен қозғалады;

− барлық модификацияларда жүк арбалары бар;

− кранды көтерудің ең жоғары биіктігі 42.4 метрге тең, ғимаратқа бекіту кезінде көтерудің ең жоғары биіктігі 162.4 метрге дейін артады;

− мұнаралар мен жебелер секциялары түйіспелері-тез алынбалы, бұл кранды монтаждау кезінде өте ыңғайлы болып саналады (Х. А. Дианов, 2012ж).

00139.gif

2-сурет. КБ-473 мұнаралы кранының жүк көтергіштігі

Құрылыста қолданылатын КБ-473 мұнаралы краны массасы 3 т жүкті 87 м биіктікке көтеретін болса, жүктің құлауы мүмкін аймақ қауіпті аймақты анықтауға болады. Биіктікте орындалатын жұмыстар кезінде төменде орналасқан қауіпті аймақтың шекаралары қауіпсіздік қашықтығына ұлғайтылған жұмыс алаңының көлденең сызығымен анықталады.

Жұмыс аумағындағы қауіпті аймақтың ені мен ұзындығын қауіпсіз қашықтыққа ұлғайту арқылы анықталды. Қауіпті аймақтың шекаралары жұмыс алаңының проекциясының ені мен ұзындығына қауіпсіз қашықтықты қосып есептелінді. Қауіпті аймақтың бірінші шекарасы жуықтап алғанда 169 м болса, екінші шекарасы 157 м тең. Бастапқы жылдамдықты көлденең құрайтын заттар түскен кезде l,м қауіпсіздік қашықтығы мынадай формула бойынша есептеледі:

L = S/9,81/m (20H + 0,235H) + 0,45ν, (1)

Массасы 3 т жүк биіктігі h=87 м көтерілгенде, құлаудың бастапқы жылдамдығы 0,3 м/с2 мәнінде қауіпсіз қашықтық 32 м тең екені анықталды. Жүк көтергіш машина жұмыс істеген кезде жүк арқандардың бірі үзілген кезде жүктің ықтимал ұшып кетуін ескере отырып, қауіпті аймақтың мөлшерін жүктің іліну бұрышы мен жүктің центрінен шетіне дейігі қашықтық Lon = 28 м тең (3-сурет).

Безымянный.png

3-сурет. Жүк көтергіш машинаның жұмысы кезіндегі қауіпті аймақтың шекаралары

Қорытынды

Жүк көтеру механизмдері ауыр жүктерді биіктіктерге көтеру барысында, қауіпсіздікті сақтау үшін қауіпті аймақты анықтау маңызды болып саналады. Мақалада мұнаралы КБ -473 кранының 3 т жүкті 87 метр биіктікке көтерген кезде, жүк арқандарының бірі үзілген кезде жүктің ықтимал ұшуы кезіндегі қауіпті аймақ 26 метр болатынын есептелді. Қауіпті аймақты анықтау құрылыс алаңында болатын жазатайым оқиғалардан сақтауға мүмкіндік береді.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары ретінде кран жұмыс істеп жатқан аймақты қоршау, белгілер ілу және де арнайы кранның жұмысын бақылайтын бақылаушы тағайындау қажет. Жүк көтергіш механизмдердің жұмысын бастамас бұрын жүк көтергіш механизмдер мен машиналар техникалық бақылаудан өтілуі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген нормативті актілер бойынша сай екенін анықталуы тиіс.

Әдебиет:

  1. ҚР Үкіметімен бекітілген № 359 30.12.2014ж Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
  2. Транспортно-технологические машины: методические указания / СибАДИ; сост. Ю.В.Ремизович. — Омск: СибАДИ, 2011. — 160 с.
  3. Н. Т. Сурашев, М. И. Гудович. Көтеру — тасымалдау машиналары.- М.: Оқулық. Алматы, 2013–344б.
  4. Дианов Х. А. Грузоподъемные машины. Курс лекций. — М.: Рготупс, 2012.- 105с.
  5. Горячева И. А., Н. Я. Технические Характеристики и выбор грузоподъемных кранов. Учебно-методическое пособие. — Минск: БНТУ, 2010. — 197 с.
Основные термины (генерируются автоматически): опасная зона, мена, кран, башенный кран.

Ключевые слова

мұнаралы кран, қауіпті аймақ, қауіпті аймақ шекарасы

Похожие статьи

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Қоңыр күріш ұны мен жақсартқыштарды галет өндірісінде қолдану

Мақалада қоңыр күріш ұнын жоғары сұрып бидай ұнымен алмастыру және «Paknar» жақсартқышын қолданып жақсартылған галет өнімдерін дайындау технологиясы құрастырылды және ғылыми негізелді. Опара қамыры мен дайын өнім сапасына қоңыр күріш ұны мен жақсартқ...

Ұлттық-аймақтық компонент шетел тілін оқытуда әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде

Мақала шет тілін оқыту үдерісіне ұлттық-өңірлік компонентті интеграциялау арқылы білім алушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне арналған. Автор көркем әдебиеттің аудармалары, мәдениет туралы шетелдік мақалалар,...

Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми — теориялық негіздері

Мақалада ақпараттық технологиялар көмегімен бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінің тиімді әрі түсінікті өтетіні анықталған. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі-мұғалімге мектептегі оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылар...

Үлкен көлемді сақтау және өңдеу әдістері растрлық форматтардағы кеңістіктік деректер

Мақала есептеу желісі ортасында таратылған географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Мұндай шешім кеңістіктегі деректердің үлкен көлемін (big data) сақтау және талдау мәселесін шешуді талап етеді. Таратылған ГАЖ қасие...

Lorawan технологиясындағы Алматы қаласының көліктерінен дерек жинау арқылы ақылды бағдаршам прототипін құру

Бұл зерттеу жұмысы Алматы қаласының транспорт жүйесінің көлік қозғалысына негізделген. Диссертациялық жұмыстың мақсаты бағдаршамның интелектуалды адаптивті басқару жүйесін дамыту. Зерттеу барысында қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі негіздел...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Саяси процестерге «әлеуметтік боттардың» әсері

Ақпараттық соғыс заманында дәстүрлі медиамен қатар, жаңа медиа, оның ішінде әлеуметтік желілер қолданысы өте үлкен қолданыста. Осы ғылыми жұмыс әлеуметтік желідегі ресми ақпараттан бөлек әлеуметтік боттар жұмысының әсерінің маңызы мен нәтижелілігін к...

Зиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке алумен, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау

Мақалада зиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке ала отырып, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері ұсынылған. Кәсіпорында еңбек жағдайларының жай-күйі және қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың мәні осы кәсі...

Задать вопрос