Экологиялық туризмнің құқықтық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №23 (313) июнь 2020 г.

Дата публикации: 03.06.2020

Статья просмотрена: 125 раз

Библиографическое описание:

Серикбай, Алия. Экологиялық туризмнің құқықтық негіздері / Алия Серикбай, М. К. Жусупбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 23 (313). — С. 719-721. — URL: https://moluch.ru/archive/313/71219/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада экологиялық туризмнің мәні және қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы айтылады.

Кілт сөздер: экология, туризм, экономика, саяхат.

В статье рассматривается актуальность и сущность экологического туризма в настоящее время.

Ключевые слова: экология, туризм, экономика, путешествие.

Туризм әлемдік экономикада басты бағыттарының бірі болып табылады және манызды рөл атқарады.

Туризм түсінігіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 1 бабына сәйкес «туризм — жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты» деп белгіленген [1].

Жалпы айтқанда, туризм — сауықтыру, танымдылық, адамның өндіруші күшін қалпына келтіру сияқты рекреациялық қызметтің бірқатар түрлерін біріктіретіндіктен, рекреациялық қажеттілікті қамтамасыз ететін ең қажетті құрал болып табылады. Сонымен бірге, туризм — денсаулық сақтаудың, дене шынықтырудың негізгі құрылымдық бөлімі, жеке тұлғаның рухани, мәдени және әлеуметтік дамуының құралы.

Қазіргі кезде әр бір адам жер шарының кез келген жеріне баруына мүмкіндігі бар. Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала — аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Мысалы, Турция, Біріккен Араб Эмираттары т. б.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.

Қазақстан Республикасы территориясы орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналарынан тұрады. Қазақстанның көптеген бөліктерін ойпаттар мен қыраттар, шығыс пен оңтүстік-шығысын Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатаулары сияқты таулы шыңдар, Тянь-Шаньнның солтүстік жүйелері алып жатыр. Қазақстанның климаты шұғыл континентті, яғни материкке шұғыл континенттен және де теңіздер мен мұхиттардан алшақ орналасқан.

Қазақстан Республикасы табиғаты әр алуан, мұнда көптеген табиғат комплекстері кездеседі, яғни жақсы жағдайда сақталған әрі экологиялық туризмнің дамуына негіз болып табылады. Экологиялық туризмге тоқталатын болсақ, туризмнің бұл түрі адамның тамаша, танымдық, ғылыми, өлкетану қажеттіліктерін қанағаттандырады және табиғаттың кескіндемелік, экзотикалық, қайталанбайтын құбылыстарымен тікелей өзара қарым-қатынасының көрінісі, ең алдымен «ашық» табиғат жағдайындағы қарым қатынас деуге болады.

Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

– экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, табиғи ортада этикалық нормаларды жасау, табиғаттың және оның жеке элементтерінің тағдыры үшін жеке жауаптылық сезіміне тәрбиелеу;

– адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру, табиғи жағдайдағы табиғи ортада толыққанды демалысты қамтамасыз ету.

Әлемдік тәжірибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда айрықша іске асырылады. Экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде және экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қараса және дамытса Қазақстанды дамытудың маңызды элементі болуы мүмкін. Сонымен, экотуризм — жергілікті халықтың жағдайына қолдау көрсетумен және қоршаған ортаны қорғай отырып, табиғи зоналарға аймақтарға жүргізілетін жауапкершілігі мол саяхат болып табылады.

Осыған байланысты экологиялық туризмді дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын ұсыныстар ұсынамыз:

– экологиялық туризммен қатар ауыл туризмін қоса дамыта отырып, ауыл халқын экологиялық сауаттандыру ісін дамыту;

– Қызылорда облысындағы «Қамбаш көлінің» экологиялық туризм аймағы ретінде тану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қатарына кіргізу және мемлекеттік бақылауды күшейту, қызмет көрсету жүйесін кеңейту;

– «Қамбаш көлінің» экологиялық туризмімен айналысатын арнайы мамандар әзірлеу, туристерге қызмет көрсетерлік мамандарды арнайы даярлықтан өткізіп, білімдерін шыңдау;

– «Қамбаш көліндегі» туризм қызмет көрсету нарығында өз орнын алу үшін жарнамалық бейнероликтерді жасау және әлемнің жетекші телеарналарында көрсету, шетелдік жетекші БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу [2];

– экологиялық туризмді дамытуға мемлекеттік қаржыны көбейту;

– кез-келген тұлға экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде және экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қарастыру және дамыту;

– халықаралық және республикалық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерде аймақтың қайталанбас туристік бірегей тартымдылығын инновациялық жолмен көрсетіп отыру.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы.
  2. Қамбаш көлі болашақта туристердің демалыс орнына айналатын болады // Табиғат тынысы. — 2010. — № 11 (31).
Основные термины (генерируются автоматически): туризм.

Ключевые слова

Экология, экономика, туризм, саяхат

Похожие статьи

Зоофразеологизмдерді оқытудағы АКТ-ның рөлі

Мақалада зоофразеологизмдерді ақпараттық коомуникациялық технологиялар арқылы оқытудың прогрессивті жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, ғылыми тұжырымдамалар негізінде ақпараттық кооммуникациялық технологиялар түрлеріне анықтама берілді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Қазіргі замандағы бағдарламалаудың рөлі

Бұл мақалада Қазіргі замандағы бағдарламалаудың рөлі тақырыбына түсінік берілген. XXI ғасырдағы бағдарламалаудын алатын орны туралы айтылады. Мақалада əлемдегі бағдарламалаудың мәселесі өзектіленеді.

Медицина қызметкерлері ұжымын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлі

Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Ресей мен Қазақстан орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқытуды талдау

Мақалада орта мектептегі информатиканың қалыптасу тарихы қарастырылады. Информатиканы оқытуда Қазақстанның және Ресейдің орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқыту жүйесі талданады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы

Берілген мақалада автор Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгінін қарастырады.

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Геодинамикалық нысандарды геодезиялық мониторингтеудің дәлдігін жоғарылату

Мақалада Орталық Қазақстанда орналасқан кен орындарында Satbayev University ғалымдарының геодезиялық және аэроғарыштық технологиялар негізінде жұргізіп жатқан ғылыми жұмыстарының нәтижелері келтірілген.

Задать вопрос