Жоғары оқу орны білім алушыларының инфантилизімін педагогикалық-психологиялық әдістер негізінде коррекциялаудың жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №43 (333) октябрь 2020 г.

Дата публикации: 27.10.2020

Статья просмотрена: 60 раз

Библиографическое описание:

Бегайдарова, А. Г. Жоғары оқу орны білім алушыларының инфантилизімін педагогикалық-психологиялық әдістер негізінде коррекциялаудың жолдары / А. Г. Бегайдарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 43 (333). — С. 340-343. — URL: https://moluch.ru/archive/333/74418/ (дата обращения: 18.12.2024).

Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың — болашақ мамандар, ең маңыздысы әр саланы өрге сүйреуі тиіс азаматтар, еліміздің болашағы болатынын ескерсек, олардың бойындағы инфантилизм өте қауіпті екенін түсінеміз. Сондықтан студенттердегі инфантилизм жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Кілт сөздер: инфантилизм, ересектердің инфантилизмі, студенттер арасындағы инфантилизмді коррекциялау.

Учитывая, что обучающиеся в вузах — будущие специалисты, а главное — граждане, которые должны развивать каждую отрасль, будущее нашей страны, мы понимаем, что инфантилизм у них очень опасен. Поэтому инфантилизм у студентов требует всестороннего изучения.

Ключевые слова: инфантилизм. инфантилизм взрослых. коррекция инфантилизма у студентов.

Проблема

Жоғарыда инфантилизмнің қауіпті екенін айттық. Нақты неге қауіпті? Инфантилизмнен арылмаған жоғары оқу орнының білім алушылары көп жағдайда өздерінің ізденуші екенін ескермейді, сол себепті де өз бетінше дамуға бет бұрмайды. Бұл өз кезегінде жауапкершілікті төмендетіп, оқу үлгерімін нашарлатуға ықпал етеді. Ал кәсіби тұрғыда мықты маман бола алмаған түлек жұмыссыздар қатарын көбейтеді. Жұмыссыз адамда сөзсіз әлеуметтік мәселелер ушыға түседі.

Шешу жолдары

Осы мәселені шешу үшін алдымен студенттердегі ифантилизмнің себептерін ғылыми-практикалық тұрғыда зерттеу қажет. Сол зерттеудің нәтижесінде проблеманың туындау себептерін педагогикалық және психологиялық әдістермен жоюдың жолдарын әзірлеу керек. Осы мақалада жоғары оқу орны білім алушыларының инфантилизімін педагогикалық-психологиялық әдістер негізінде коррекциялаудың жолдары жөнінде жазылған.

Инфантилизм деген не?

Біз зерттеу мақаламызды осы сұрақтан бастағанымыз жөн. Өйткені студенттермен жұмыс істегенде, ең алдымен оның бойында осындай олқылықтың барын анықтау, білу қажет болады. Ал анықтау үшін инфантилизмнің не екенін түсініп алуымыз керек.

Сонымен ағылшын тілінде «infant» деген сөз бар. Бұл сөз нәресте деген мағынаны береді. Ал инфантилизм — латынның сөзі, балалық дегенді білдіреді. Міне, сөздің шығу тегінен-ақ түсінуге болады, инфантилизм — дамудың кері кетуі, тежелуі, ақыл-есі дұрыс болғанымен, ой-өрісінің дамымай қалуы.

Енді инфант-адамдарды айналамыздан, өз өмірімізден, таныстарымыздың арасынан іздеп көрелік. Сіз жасы егде тартса да баланың қылығын жасайтын жандарды жолықтырдыңыз ба? Немесе ересек адамның өз жасына лайық жауапкершілікті арқалай алмауын кезіктірдіңіз бе? Тым болмаса өзінің жеке пікірін қалыптастыра алмаған, өз бетінше шешім шығарып, өз проблемасын өзі шеше алмайтын танысыңыз бар ма? Осы үш сұраққа да «иә» деп жауап берсеңіз, сіз инфеант-адамдарды білесіз.

Осы ретте кіріспеміздегі «Инфантилизм деген не?» атты басты сұрағымызға ғалымдар мен зерттеушілердің ой-пікірлерінен және деректер қоры жинақталатын кітаптарынан дәйек келтірейік. Инфантилизмді ғылыми тұрғыда алғаш зерттеген ғалымдардың бірі психолог, психотерапевт Карл Густав Юнг болды. «Инфант-адамдар жас бала сияқты өзінің де, өзгенің де жағдайын терең түсінуге қабілетсіз болады. Оларға ең бастысы — өз қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру», дейді. Ал 2005 жылы шыққан Қазақ энциклопедиясында: «Инфантилизм термині физиологиялық және психикалық құбылыстарға қатысты қолданылады. Бейнелі мағынада инфантилизм (балалық шақ тәрізді) күнделікті өмірде, саясатта және басқаларда аңғалдықтың көрінісі, сонымен қатар уақытында ойластырылған шешім қабылдай алмау болып табылады», делінген. Осы ретте тақырыпқа тереңдеп, оны өмірмен байланыста түсіну үшін Мәскеу мемлекеттік психо-педагогикалық университетінің профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Андрей Копьев пікіріне назар аударғанымыз жөн секілді. Оның ойынша, көптеген адамдар, инфатилизм дерт екенін ажырата алмайтын көрінеді. «Бұл үстірт пікір: сен не инфатилсың, не прагматиксың. Ең маңыздысы инфант болу емес, тек бойыңда балаға тән шынайы, жақсы әдептерді сақтай отырып, өмірді, адамдарды, қуанышты сол қалпында қабылдап, өмірді нақты шынайы көре білу», деп ой түйеді Андрей Копьев.

Коррекциялау

Сонымен инфантилизм — психологиялық кері кету, яғни дерт. Бірақ бұл ақыл-ойдың кемдігі емес. Сондықтан инфантилизмді аутизм секілді ауыр диагноздармен шатастыруға болмайды. Өйткені инфанттар абстрактілі-логикалық ойлаудың неғұрлым жоғары деңгейімен ерекшеленеді, үйренген тұжырымдамаларын жаңа нақты міндеттерге аудара алады және аутистерге қарағанда анағұрлым өнімді жұмыс істей алады. Жалпы инфантилизмді жалғыз аутизм емес, сол секілді қандай да бір қиын дерттен, кемістіктен ажырата алған абзал. Олай болмаған жағдайда психологқа да, психологтан кеңес алушы да белгілі бір деңгейде зардап шегуі мүмкін. Сол үшін де Кеңес психиатры Личко Андрей Евгеньевич өзінің «Акселерация және инфантилизм» атты еңбегінде: Қарапайым инфантилизмді дисгармониядан ажырату керек, бұл тұлғаның бұзылуына әкелуі мүмкін», деп ескертеді.

Бізге дейінгі инфантилизмді зерттерген ғалымдар мен зерттеушілердің, сондай-ақ ең маңыздысы іс жүзінде қолданып, нәтижеге жетіп жүрген психологтардың пікіріне сүйенсек, бұл дерттен айығуға болады. Осы ретте мен жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың бойындағы инфантилизмді коррекциялаудың жолдарын іздестіріп көрдім.

Коррекциялау жұмысы 3 кезеңнен тұруы тиіс. Біріншісі — анықтау. Екіншісі — жою жолдарын белгілеу. Үшіншісі — бекіту.

Бірінші кезең — анықтау

Инфантилизм — жоғарыда айтылғандай, ақыл-ойдың кемістігі емес. Сол себепті бұ дертке шалдыққандардың сана-сезімі, ақыл-есі орнында. Сондықтан да инфанттар бойындағы қажетсіз дерттен бастысы өзі айыға алады. Бар болғаны мамандар оларға жүйелі жұмыс арқылы көмектесу керек. Көмек пен консультацияның ең маңыздысы — инфанттарға дертінің бар екенін түсіндіру. Ал бұдан да тиімдісі — өзінің түсінуіне жағдай жасау. Өйткені өмірде идеологтар проблеманы шешу — проблеманың бар екенін мойындаудан басталатынын айтады. Осы тұжырымды ескеріп адамдардың бойында инфантилизмнің бар-жоғын өздігінен анықтаудың жолдарын зерделедік.

Бұл үшін «Өзімді зерттеймін» атты сауалнама-тестін жүргізуге болады. Мұнда бір ерекшелігі, оны орындаушы сұрақтарға өзінен жауап алу арқылы өз нәтижесін біле алады. Сауалдамада қолданылатын сұрақтар тізбегі:

  1. Осымен оныншы рет бір уақытқа үш кездесуді белгілеудің дұрыс болмайтыны дәлелденді. Соған қарамастан тағы да 1 уақытқа 3 кездесуді қоясыз ба?
  2. Тілегіңізді, қалауыңызды жақындарыңыздың өзіңіз айтпай түсінгенін қалайсыз ба?
  3. Не сезініп тұрғаныңызды сөзбен емес, әрекетпен жеткізесіз бе?
  4. Міндетіңізді сіздің орныңызға біреудің істеп қойғанын қалайсыз ба?
  5. Қаражатыңызды басқара білмейсіз бе?

Нәтиже: Осы сұрақтардың бәріне «иә» деп жауап берсеңіз, сізде инфантилизмнің белгілері бар.

1)Біз есейе келе өзгелердің уақытын өз уақытымыздай қадірлеу керектігін түсінеміз. Және соны әрекетпен көрсетеміз. Өзінің уақытын дұрыс үйлестіре алмайтын адам өзгелердің де уақытын заяға кетіреді. Міне, бұл — инфант адамның әрекеті.

2)Жақындарыңыздың ойыңызды оқығаны сізге ұнауы мүмкін, алайда бұл дағдыға айналып, сіз оны танымайтын адамдарға да көрсете бастайсыз. Сізге бірдеңе ұнамаса, айтпайсыз, айналаңыздағылар оны өзі табуы тиіс.

3)Сөзден іске көшу барлық оң нәтиже береді деуге болмайды. Айталық, көңіліңізге қатты тигенін жылап немесе айғайлап, ашуланып жеткізу де — есейген адамның емес, баланың әрекеті.

4)Бұл — енді инфантилизмнің қазіргі заманғы кең тараған түрі секілді. Әке-шешесіне болашақ мамандығын таңдатып қоятын талапкер; жұмыс тауып беруді көкесінің міндеті санайтын түлек; дені сау, аяқ-қолы балғадай, қолынан іс келетін қауқары болса да үйдегі зейнеткер қарияның зейнетақысына алақан жайып отыратын жұмысқа қабілетті жандар — соның айғағы.

5)Өзінің кірісі болғанымен, оны жөнді басқара алмайтын адам — ата-анасының нан мен сүт әкелуге берген ақшасына таусылғанша тәтті алатын баламен бірдей. Нарықтық заманда қаржының бар дүниені шешетінін ескерсек, осы проблеманың кесірінен жөн-жосықсыз несие мен қарыз алып, артынан қайтара алмай жүретіндер де соңы түрлі күйзелістерге ұшырап жатады.

Екінші кезең — жою жолдарын белгілеу

Егер жоғары оқу орынының білім алушысы осы сауалнамаға қатысып, нәтижесінде өзінің инфант екеніне көз жеткізсе, оған ең алдымен мойындаудың өзі — дертті жеңудің бастамасы болатынын түсіндірген жөн.

Екіншіден, студенттің оқу үлгеріміне, зейінінің ашылуына жоғарыдағы инфантилизмнің 5 белгісінің болуы (біреуінің немесе бірнешеуінің) кері әсер ететінің ұғындыру қажет.

Үшіншіден, нақты қай белгі бойынша инфантилизм дертінің бар екенін анықтап, сол бағытта бірнеше эксперимент жасап, оның нәтижесі туралы күнделікке жазу керек.

Төртінші, нәтижеден бастау. Консультант-студентке алдымен бойындағы инфантилизмнен арылғанда қандай нәтижеге қол жеткізетінін талқылап, көз алдына елестетуді тапсырған абзал. Нәтиже оған сөзсіз ұнайды, ал нәтижеге нақты әрекетпен жетеміз.

Бесіншіден, аяқ асты, ескертпестен бақылауға дайын болуын ескерту. Бұл студенттерге инфантилизмнен арылуға тек өзге үшін, экперимент немесе саулнама-тесттен анықталғаны себептен емес, шынымен де өзінің болашағының мүддесімен барғанын қадағалауға қажет.

Үшінші кезең — бекіту

Кез келген дағдыны игеріп қою аздық етеді, оны әдетке айналдыру керек. Біз бұны педагогикалық тілде бекіту деп атаймыз. Сондықтан студенттердің бойындағы инфантилизмнен арылуға жәрдемдесетін педагогикалық әдістерді қолдану нәтиже береді.

Мәселен, «Миға шабуыл» әдісімен білім алушыларды талқылауға шақыруға болады. Дәріс басталар алдында: «Бүгінгі жаңа тақырыпты бастамас бұрын шағын психологиялық жаттығу жасап алайық. Сіздерге бір мәтін оқып берейін», деп бастап кетуге болады.

Марат университеттің 3-курсында оқиды. Достарымен кафеде отыр. Күні кеше стипендиясын алған. Бір уақытта сүйікті қызы хабарласып, келіскен жерде оны күтіп отырғанын жеткізді. Содан Марат қызға аздап кешігіп баратынын айтты. Достарынан сұранып шығуға оқталды. Достары әдеттегідей кафеге кететін ақшаны бөлісіп төлейтінін ескертті. Марат жалма-жан банк картасына қол сала бастады. Кенет стипендиясын түсе салысымен қымбат бәтеңкеге жұмсап қойғанын есіне түсірді.

Сұрақтар:

  1. Мараттың орнында болсаң, не істер едің?
  2. Мараттың достары қайтеді деп ойлайсың?
  3. Мараттың сүйіктісі болсаң, оған қалай көмектесер едің?

Инфантилизмнен арылған студенттермен енді қайта бұл дертке шалдықпаудың жолдарын үйреткен дұрыс. Орыс психологы Юлия Люц инфантилизмге ұрынбаудың басты шарты қазіргі қоғамның біздерге таңып қойған өмір сүру стереотипінен бас тартып, адамның өзінің шын қалауын таба білуі және қоғамның тарапынан тайсалмай, үрей мен үмітсіздікті жеңіп, өмірдің мәнін өз бетімен түсіне білуде екенін айтады.

Әдебиет:

  1. Қазақ энциклопедиясы, 2005 жыл;
  2. «Ұстаз тілегі» сайты, педагогикалық 50 әдіс;
  3. Личко Андрей Евгеньевич өзінің «Акселерация және инфантилизм» атты еңбегі;
  4. wikipedia.org /Инфантилизм/
  5. Карл Густав Юнг «Инфантилизм»;
  6. Андрей КОПЬЕВ, «Инфантилизм: жизнь как магазин игрушек»;
  7. www.wonderzine.com /Инфантилизмді анықтаудың себептері/
  8. www.nlkg.kg /Инфантилизмге ұрынбаудың жолдары/
Основные термины (генерируются автоматически): Инфантилизм, оса, бар, инфантилизм атты, мена.

Ключевые слова

инфантилизм, ересектердің инфантилизмі, студенттер арасындағы инфантилизмді коррекциялау

Похожие статьи

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Агрессияның пайда болуына әлеуметтік-психологиялық факторлардың әсері

Мақала тұлғаның мінезіндегі ерекшеліктің бірі агрессивті әрекеттің орын алуына әлеуметтік-психологиялық себептердің орнын ашуға арналған. Агрессия ұғымына психологиялық талдау жасалған, мінез-құлықтағы агрессивті әрекеттің себептері келтірілген. Міне...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Жасыл экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Мақалада жасыл экономика ұғымы туралы және оның халықаралық тәжірибесі туралы баяндалады. Халықаралық практикада жасыл саясатты іске асырудағы елдердің табыстарын бағалау үшін Жасыл экономика индексі талқыланады. Жасыл экономиканы реттеудің мемлекетт...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Ғимараттар мен құрылыстардың энергия тұтынуын оңтайландыру әдістері

Бұл мақалада жылу жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі — энергия тиімділігін арттыру және оны оңтайландыру мақсаттары сипатталған. Ең жоғары энергия тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралар кешені ұсынылды.

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетігі: тиімділігі мен қолдану жолдары

Бұл мақалада діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетігі: тиімділігі мен қолдану жолдары маңызды мәселе ретінде қарастырылады. Біз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Қазақстан жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік аясындағы мәселелерді...

Задать вопрос