Бұл мақалада «ар-ұят» концепті, яғни әлеуметтік-мәдени мағынаның бірлігі зерттеледі, ол үшін оның тілдік репрезентация құралдарын және оның өмір құбылыстарында корреляциясын анықтау қажет. «Ар-ұят»сөзі мен концептісінің тарихы сипатталады. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «ар-ұят» концептісін талдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Тірек сөздер: концепт, ар-ұят, сана, феномен, мораль, адамгершілік.
В данной статье исследуется концепт «совесть», т. е. единица социально-культурного смысла, для которой необходимо определить её средства языковой репрезентации и её коррелят в явлениях жизни. Описывается история слова и концепта («совесть»). Отдельное внимание уделяется анализу концепта «совесть» в казахском и английском языке.
Ключевые слова: концепт, совесть, сознание, феномен, мораль, нравственность.
This article explores the concept of «conscience», i.e. unit of socio-cultural meaning, for which it is necessary to determine its means of linguistic representation and its correlate in the phenomena of life. The history of the word and the concept of «conscience» is described. Special attention is paid to the analysis of the concept of “conscience” in the Kazakh and English languages.
Key words: concept; conscience; consciousness; phenomenon; morality; moral.
Мәдениет пен тілдің өзара байланыс идеясы 18-ші ғасырға жатады, бірақ бұл мәселені мақсатты түрде зерттеу өткен ғасырдың соңында ғана басталды. Бұл зерттеулер көп декларативті сипатқа ие болды және 70-ші жылдардың басына дейін орыс және қазақ лингвистикада да, шетелдік лингвистикада да осы тақырыпқа арналған терең және жан-жақты зерттеулер болған жоқ.
Лингвомәдениеттану өзінің лингвистикалық және мәдениеттанулық бастауларын біріктіретін өзінің ұғымдық-терминологиялық аппаратын жасайды. Осындай аппарат үшін соңғы уақытта белсенді дамып келе жатқан концепт ұғымы негіз бола алады.
Лингвомәдени талдау зерттелетін концептінің мәндік сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Концепт-ұлттық болмысқа негізделген ұжымдық және тұлғалық санадағы ақпараттар бірлігі ретінде танымдық линвстиканың басты ұғымы болып табылады. Ол зерттеудің түрлі қырларына қарай линвгомәдениеттану, психолингвистика және когнитивті лингвистикада жан-жақты қарастырылуда.
Ал, А. В. Маслова концептінің бірнеше анықтамасын төмендегіше кілтіреді: “… концепт- біздің санамызды ментальдік немесе психикалық ресурстардың бірліктерін және адамның білімі мен тәжірибесін бейнелейтін ақпаратты құрылымды түсіндіру қызметін атқаратын термин; концепт-сақтаудың, ментальдік лексивконның, концептуалдық жүйе мен тілдің, ақыл-ойдың, адам жүйкесінде бейнеленген дүниенің бүкіл бейнесінің мазмұндық бірлігі; концепт-өзінің іске асырылатын бүтін бір тілдік тобымен берілетін, тиісті лексика-семантикалық парадигма жасайтын, мәдениеттің таңбаланған вербалді мағынасы, сондай-ақ тіл арқылы айтылатын этномәдени ерекшелікте таңбаланған ұжымдық білім бірлігі” [1,23]. В. А. Маслова концептіге өз ұғымы бойынша тағы да төмендегідей анықтама берді: “... ол лингвомәдени ерекшелікті таңбалаған және белгілі бір тұрғыда этномәдениетті тасымалдаушыларды сипаттайтын семантикалық жасалым. Концепт этникалық дүниетанымды бейнелей отырып, дүниенің этникалық тілдік бейнесін белгілейді, “болмыс шаңырағы” құрылысындағы бір кірпіш болып табылады.(М. Хайдегтер бойынша). Сондай-ақ концепт эмоциялық, экспрессивтік және бағалаушы қасиеттерге ие” [1,25].
Концептінің маңызды функциясы алмастыру функциясы болып табылады, өйткені концепт ойлау процесінде сол түрдегі көптеген нысандарды алмастырады. Концепті білу этномәдени бейнені, ана тілінің менталитетін қалыптастыруға көмектеседі. «Концепт — ойлаудың этникалық ерекшелігінің көрінісі және оны вербализациялау тұжырымдамалық жүйенің иесінің лингвокогнитивті этномәдени белгілері бар ассоциативті құзыретіне байланысты»
Адам ағзасының ішінде адам өмірінің материалдық емес саласын жүргізетін және қандай жағдай болмасын көруге болмайтын мүшелер бар. Адамның ең басты көрінбейтін мүшесі-жан.
Ар-ұят этикалық, адамгершілік баға беретін адамның басты мәні. Ол сезім мүшесі емес, ол тек адамды сезімдерді сезінуге мәжбүр етеді. Ар-ұят мәселесі және оның адам тұлғасын қалыптастырудағы рөлі қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі әртүрлі философиялық және діни жүйелер контекстіндегі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Адамдық асыл қасиетті көрсететін этиканың өлшемі — ар мен ұят бірін-бірі толықтырып отыратын құбылыстар. Ежелгі Грецияның көркем әдебиетінде «ар-ұят» ұғымы "өз кінәсін түсіну»мағынасында жазылған деген болжам бар. Кейін христиан діңінде «ар-ұят» ұғымы Апостол Пауылдың жолдауларымен байланыстырылып, Құдайдың дауысы адамда деп түсінді. [3,62–69б]
Сонымен қатар ар-ұят проблемасындағы маңызды мәселе түрлі мәдениеттерге сәйкес келмейтін рациональды және иррационалдық аспектілердің арақатынасы болып табылады. Біз шартты түрде ар-ұят ұғымын рациональды аспект деп атаймыз. Ар-ұяттың " дауысы " Құдайдың дауысы немесе ақылдың дауысы ретінде бола алады.
Пьер Абеляр ар-ұят феноменін (conscientia) өз отбасының алдында және өз мемлекетінің алдында жауапты және ол екі қызметтің бірін таңдап, екіншісінен бас тартуға мәжбүр болатын адам мысалында қарастырды. М. Мамардашвили ар — ұят -«бұл біз үшін түсініксіз дауыс, алдын ала ешқандай критерилері жоқ, біз алдын ала анықтай алатын ешқандай пәндік белгілері де жоқ, таза дедуктивті үғым деп қарастырды. [2]
Философ И.Кант ар-ұятты ақыл есі бар тіршілік иесіннің барлығында бар «біртұтас адамгершілік заң» деп санады. Шекспир: «Ар-ұят — махаббаттың қызы», — деп жазды. Ал, В.Гюго үшін жер бетіндегі ең жоғарғы сот — ар-ұят соты болып саналады. Шәкәрім Құдайбердіұлы ар-ұятты «адамның қарапайымдылығының, әділдік пен мейірімділіктің бірлігі" деп анықтайды.Ар-ұят адамға адамгершілік пен инабаттылықты және абыройды сақтауға көмектеседі. [4, 5–7б]
Ұят туралы жадынан шығармау отанына және үйіне яғни “ұя” түбірінен алынған, адал және жанқияр болуды білдіреді. “Ар” шекара, шек және тазалықты білдіреді.
Бір ғана «ар-ұят» концептісі арқылы бүтін бір этностың өзіне тән, өзге ұлттардан ерекше болмыс бітімін аңғаруға болады. Қазақ халқы «ар- ұят» деген инсандық қасиетті ең жоғарғы адамдық қасиеттерге жатқызады. Адамның адам екендігін танытатын бірден-бір көрсеткіш «ар-ұят» категориясы. «Ар-ұят» арқылы адамның азаматтық ортадағы адами болмысы танылады. Осы «ар-ұят» деген адами ерекше қасиетті әр қазақ баласы қалайда қастерлеп жүруге бар күш жігерін жұмсайды. Осы айтқандарды мынадай тілдік деректер негізінде танып білуге болады. Мысалы: «Өлімнен ұят күшті», «Бет көрсе, жүз ұялады», «Ақылың болса, арыңды сақта, Ар, ұят керек әр уақытта»., «Ұялған тек тұрмас», «Жарлы болма, арлы бол». «Жарлы болсаң да, арлы бол» т.б. мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің семантикалық құрылымына үңілу арқылы «ар-ұят» лексемасының концептілік өріске қатыса алатынын көруге болады. «Ар-ұят» концептісі адамның азаматтық қасиетін сақтау арқылы тектілік, тәртіптілік, азаматтық, инсандық, адамгершілік, дегдарлық, мәрттік, т.б. әлеуметтік мәнділігі жоғары логикалық модельді білдіретін концепт жасауға құрылымдық элемент ретінде қатысады.
Ағылшын тілінде тек 18 ғасырда ғана consciousness «сана,зердесіне жету» және conscience «ар-ұят»ажырата бастады. Көптеген еуропалық тілдерде «ар-ұят» христиандық әлем бейнесі негізінде қалыптасады және ол латын сөзі con-scientia және грек συν-έιδησις: идея үлгісі бойынша құрылған.: орыс тілінде со-весть, неміс тілінде Ge-wissen, ағылшын тілінде con-sciencе, италия тілінде co-scienza және испан тілінде сon-ciencia. Бұл сөздер “үйлесімділік” деген мағына білдіретін префикстерден және «білім» түбірінен тұрады. Осылайша, ар-ұят «ортақ, бірлескен білім» дегенді білдіреді деп болжауға болады. Ар-ұяттың ерекшелігі-бұл біздің іс-әрекеттеріміздің себептері бойынша түсініктердің эмоционалдық құндылығы туралы зердесіне жету немесе хабар.
Ағылшын тілінде «ар-ұят» ұғымы келесідей түсіндіріледі: conscience — consciousness within oneself of the choice one ought to make between right and wrong. Яғни, дұрыс әрекет пен бұрыс әрекет арасындағы таңдауды түсіну. Сонымен қатар ағылшын тілінде ар-ұят ұғымы адамның іс-әрекетіне моральдық баға берумен байланысты. [5]
Айтып кеткенімдей ағылшын тілінде ар-ұят «conscience»лексемасымен беріледі. Мысалы: to have no conscience –ар-ұяты жоқ, to make a matter of conscience — ар-ұят бойынша әрекет жасау. Сонымен қатар ағылшын тілінде have a heart (ауызекі сөйлеу кезінде) — ар-ұяттың қайда, my heart smote me — ар-ұяттың мазалауы (испытывать угрызения совести). Ағылшын тілінде ар-ұятқа байланысты көптеген мақал-мәтелдері де бар. Мысалы: «Clear conscience never fears midnight knocking». «A good conscience is a constant feast». Ағылшындықтар таза ар-ұят адамның жанына тыныштық әкелетініне, оны күш пен бақытқа бөлейтініне және жаулардан жеңілмейтін адам ретінде қарастырады. «Conscience is the dog that can’t bite, but never stops barking». «Conscience is what tells you not to do what you have just done». Ағылшын халқы өздерінің сана-сезімінде мақал-мәтелдерде көрініс тапқан ар-ұятқа үлкен мән береді және қандай жағдай болмасын оны бірінші орынға қояды.
Әдебиет:
- Маслова В. А. Лингвокультурология: учебное пособие- М: Академия,2001.-С.5.
- Мамардашвили М. К., Пятигорский А. М. Символ и сознание. Метафизические рассуждения о сознании, символике и языке. М.: Школа «Языки русской культуры». 1999.
- Пименова М. В. Совесть как составная часть внутреннего мира человека // Этно-герменевтика: фрагменты языковой картины мира. Кемерово: Кузбассвузиздат; Landau: Verlag Empirische Pädagogik, 1999. С. 62–69.
- Газета «Кредо» № 2(270)'18 Kазахский мыслитель Шакарим и его теория совести. С. 5–7
- Hornby A. S. Oxford Students Dictionary of Current English. Oxford: Oxford University Press, 1984.