Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №49 (339) декабрь 2020 г.

Дата публикации: 02.12.2020

Статья просмотрена: 26194 раза

Библиографическое описание:

Асылжанова, А. Б. Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті / А. Б. Асылжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 49 (339). — С. 587-590. — URL: https://moluch.ru/archive/339/75972/ (дата обращения: 16.11.2024).



Бұл мақалада жастардың тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениеті туралы айтылған, жастардың сөйлеу мәдениетіндегі тілдік қолданыстарға тоқталған.

Тірек сөздер: сөйлеу, сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті, жастар, жаргон, сленг, әлеуметтік желі.

В данной статье говорится о культуре языка и речи молодежи, о языковых подходах в культуре речи молодежи.

Ключевые слова: речь, культура речи, культура языка, молодежь, жаргон, сленг, социальная сеть.

Тіл — тірі құбылыс, әрқашан айналымда, қолданыста жүреді. Тіл мәдениеті ұғымына тоқталар болсақ, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу, дұрыс қолдана білу. Бірақ, бұл ұғымның дәл өз мағынасына тереңірек тоқталсақ, сөздік қоры дамыған, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысындағы күрделі қалыптасу тарихы барын білеміз.

Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы — сөйлей білу. Адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асыратын — тіл. Тілдік қатынас — адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, айтысу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс. Тіл мәдениеті жайлы бірнеше ғылыми тұжырымдарға тоқталатын болсақ, М. Балақаев: «Тіл мәдениеті дегеніміз — тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» дейді [1, 17 б.] Ал Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз — сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», — деп анықтама береді [2,17 б.].

Л. И. Ожегов: «Тіл мәдениеті — бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы — бұл қоғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» — деп тұжырымдайды [3, 287 б.]

Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова тіл мәдениеті: «Тіл мәдениеті дегеніміз — сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», — дейді [4, 24–25 б.]

Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті -кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады» [5, 261 б.].

Сөйлеу — адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі маржандай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұнның «ақыл-ойдың көркі — тіл, тілдің көркі — сөз» деп дәл айтқаны бар.

Сөйлеу мәдениетінің басты ұстанымы — орфоэпиялық норма. Орфоэпиялық норма — сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма-сөздерді іріктеп, сұрыптап қолдану, талғаммен қолдану, грамматикалық нормалар — сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма, бірақ кейбір стильдердің ауызекі сөйлеу стилінде бір септіктің ішінде басқа септік тұлғалары айтылу сияқты грамматикалық қате құрылымдар кездеседі. Бұл бір жағынан жеке адамдардың тіліндегі қолданыс та болып саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы, көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене іс-қимылдарын араластыра беру — сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру де сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, т.б. ақын-жазушылар шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Н.Уәли, Р. Сыздықова, Ғ. Қалиұлы, С. Исаев, Т. Арынов т. б. ғалымдарымыз зерттеді және зерттеу үстінде.

Сөйлеу мәдениеті — үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі — тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жетуіміз қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған.

Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті өзгеше дәрежеде, жастардың бір ауыз сөзді кібіртіктеп, ойланып барып әрең жеткізетінін көріп жүрміз. Тілді бақылау жүйесінен, нақты тіл саясатынан, БАҚ-тағы цензурадан және қазіргі заманғы көркем әдебиеттен бас тарту, компьютерлік-технологиялық прогресс ең алдымен жастардың тұтас тілдік бейнесін бұзды. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар. Жастар дағдысына қарай бұндай сөздерге өте оңай бейімделеді, әрі оларды кез келген жағдайда қолдана береді. Мысалы; түк те емес — чепуха; демалыс — халява; күлкі — угар; арзан — фуфло; мас — бухой; бай адам — оллигарх, олигатор; толық адам — пончик; тачка — машина; таргет — мақсат; скилл — дағды; сәнді — гламурный, т.с.с.

Жастардың сөйлеу мәдениетінде көзге түсетін, құлаққа жағымсыз да естілетін, өзіне тән тілдік ерекшелігі байқалатын тілдік элементтер бар. Сондай ерекшеліктердің бірі — жаргон, сленг сөздер.

Қазіргі жастардың сленг және жаргон сөздеріне мысал:

  1. Жындыларский зат- күшті зат
  2. Базар жоқ- сөз жоқ
  3. Типаж болу, блатной- өзімшіл, өркөкірек
  4. Құлаққа лапша ілу- өтірік айту
  5. Капустаға қарау- қаржы (материалдық) жағдайына қарау
  6. Ауру- адамға маза бермейтін адам
  7. Қуғынбай -артық сөйлеп кеткен, мылжың
  8. Сасымашы- босқа сөйлемеу
  9. Крышасы бар,танкасы бар- қолдау көрсететін ағасы бар
  10. Зубрить- жаттап алу
  11. Миді шіріту- көп сөйлеу
  12. Шіли — тым, аса
  13. Читалка- оқу залы
  14. Препод- мұғалім, ұстаз
  15. Общяга — жатақхана
  16. Инет- ғаламтор
  17. Потеря болу- қобалжу, әбіржу
  18. ё мoё- мәссаған, таң қалу
  19. Сущняк- сусын
  20. Тілге жатып алыпты — шешен, әңгімені жақсы айтады
  21. қумашы — бос әңгіме, болмайтын нәрсе айтқанда қолданады
  22. Мықты шарит, прошаренный — ойлау қабілеті жылдам
  23. типа — сол сияқты, тәрізді, секілді
  24. Забей — ұмыт, қоя сал
  25. тема екен — күшті, керемет екен
  26. Охота емес — зауқым жоқ
  27. Тачкаң құтты болсын! — көлік құтты болсын!
  28. Центр внимание болдық — бәрінің көзі бізде болды
  29. Бұқаланба — мақтанба
  30. Крышаны тайдырмашы — ашуландырмашы
  31. Ағаш болу — икемсіз болу
  32. Паника болмашы — мазасызданба
  33. Пати, тусовка — сауық кеші
  34. Тренька — жаттығу
  35. Базар бар ма? — әңгіме бар ма?
  36. Братуха, братан, бро — бауырым, досым
  37. изи (easy) — бәрі оңай
  38. сорян (sorry) — кешір
  39. жиза — өмірлік жағдай
  40. ору(орыс тілінде), жыртылу — жабайылана күлу
  41. кейс — жағдай (случай)
  42. инкам — кіріс (доход)
  43. эйчар (HR) — кадр қызметіндегі адам (кадровик)
  44. рисерч — зерттеу
  45. солд-аут — аншлаг.

Ағылшын тіліндегі ағылшын жастары қолданатын жаргон, сленг сөздерді айта кетсек: Chicken — қорқақ; Idiot box — теледидар; Monkey business — лас іс; Unkeyboardinated — компьютерде мәтін тергенде көп қате жіберетін адам; Picnic — күш қажет етпейтін іс; Pie in the Sky — орындалмайтын арман; buzzwords — әлеуметтік желідегі бос сөздер; Brofie — ағаңмен селфи түсу; Keep it https — құпияда ұстау; Wasbund (was + husband)- бұрынғы күйеу; Nexterday (next + yesterday) — бүрсігүні (послезавтра); On fleek — керемет; Emoji tennis — достармен эмоджи, смайл алмасу; Tip of my thumb — басымдағы сан түрлі ойлар; Sadventure (sad + adventure) — көңілсіз кездегі оқиға; 3-minute passion (трехминутная страсть) — 3 минуттық құмарлық; peanuts — төмен жалақы;

Сондай-ақ, жастарымыз әлеуметтік желіде сөйлескенде, хат алысқанда, көбінесе сөздерді қысқартып жазады және қазақ тілі әріптерінің орнына (қазақ тілі қаріптері жоқ қолданушылар) орыс, латын әріптерімен де жаза береді. Мысал келтіре кетсек, слм — сәлем, не жан — не жаңалық, не іст жат — не істеп жатырсың, кк- керек, бошы — болшы, раха — рахмет, дсм — досым, т.б. Калайсын? — қалайсың? Не истеватсын? — не істеп жатырсың? бари дурыс — бәрі дұрыс, жаксы — жақсы, т.б.

Ағылшын жастары да өзара жазбаларда, әлеуметтік желілерде қысқартылған сөздерді көп қолданатынын байқаймыз, мәселен: me2 — me too, abt — about, something — smth, OFC- of course, 2B — to be, 2MORO- tomorrow, 4EVA — forever, ASAP — as soon as possible, B4N — bye for now, BDAY — birthday, CU — see you, G2CU — good to see you, HAND — have a nice day, HRU? — how are you? LOL — lots of love, laughing out loud, және тағы басқа.

Қорыта айтқанда, жастардың сөйлеу мәдениетін дамытуға, ана тілін шұбарламауға көңіл бөлу керек. Теледидардағы бағдарламалар мен әлеуметтік желідегі ақпараттардың сапасын, сөздік қорын, тіліміздегі сөздердің дұрыс қолданылғанын саралап қарау, жастардың әдеби кітаптарды оқуға қызығушылықтарын арттыру қажет. Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай «тіл тазалығын сақтау — бейпіл, жаргон сөздерді пайдаланбау — біздің патриоттығымыз бен сауаттылығымызды арттырады» дегім келеді.

Әдебиет:

  1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев.-Алматы:Қазақстан,1965.-186 б. 1, 17 бет
  2. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984
  3. Ожегов Л. И. Лексикология. Лексикография. Культура речи / Л. И. Ожегов. — М.: Высшая школа, 1974. — 352 с.
  4. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптасуы.-Астана: Елорда,2001.2; 24–25 б.
  5. Қазақстан Совет энциклопедиясы.-Алматы: ҚазССР Ғылым Академиясы,1977. 631 б. Т.11.
  6. http://orleu-uko.kz/?p=2077
  7. https://oqu-zaman.kz/?p=5855
  8. https://massaget.kz/qaarc/qa/20070/
Основные термины (генерируются автоматически): ASAP, BDAY, HAND, HRU, LOL, OFC, бар, бола, жаргон, культура речи, культура языка, сленг.


Ключевые слова

сленг, жаргон, сөйлеу, сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті, жастар, әлеуметтік желі

Похожие статьи

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері

Берілген мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері талданады.

Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті

Қазіргі заманда бір күнімізді әлеуметтік желілерінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметік желілерді пайдалану адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы үшін сөйлесудің ең қолайлы, тиімді, оңай және тез жолы болып табылады. Әлеуметтік желілер XXI ғасыр...

«Әлеуметтік-мәдени орта» ұғымы және оның баланың дамуына әсері

Мақалада әлеуметтік-мәдени ортаның баланың жеке тұлға ретінде дамуына, оның тәрбиелік әлеуетіне әсерінің мәселелері қарастырады.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру жүйесінің маңызы

Мақалада кәсіпорындардың қызметтері мен мәселелері, бәсекелестікті дамыту тенденциялары,кәсіпорынға тән негізгі артықшылықтар, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру жүйесінің қажеттігі көрсетілген. Сонымен бірге, кәсіпорынд...

Аударма эквиваленттілігінің тарихи тұжырымдамалары, түрлері және әмбебап модельдері

Мақалада аударманың эквиваленттілігіне шолу берілген. Аударма эквиваленттілігінің түрлері мен әмбебап үлгілері көрсетілген, олардың әрқайсысы жеке қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Көркем мәтін аудармасының ерекшеліктері және аудармашының рөлі

Мақалада көркем аударма, оның тәсілдері және көркем шығарманы аударатын мамандарға қойылатын талаптар қарастырылады.

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Похожие статьи

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері

Берілген мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері талданады.

Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті

Қазіргі заманда бір күнімізді әлеуметтік желілерінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметік желілерді пайдалану адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы үшін сөйлесудің ең қолайлы, тиімді, оңай және тез жолы болып табылады. Әлеуметтік желілер XXI ғасыр...

«Әлеуметтік-мәдени орта» ұғымы және оның баланың дамуына әсері

Мақалада әлеуметтік-мәдени ортаның баланың жеке тұлға ретінде дамуына, оның тәрбиелік әлеуетіне әсерінің мәселелері қарастырады.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру жүйесінің маңызы

Мақалада кәсіпорындардың қызметтері мен мәселелері, бәсекелестікті дамыту тенденциялары,кәсіпорынға тән негізгі артықшылықтар, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру жүйесінің қажеттігі көрсетілген. Сонымен бірге, кәсіпорынд...

Аударма эквиваленттілігінің тарихи тұжырымдамалары, түрлері және әмбебап модельдері

Мақалада аударманың эквиваленттілігіне шолу берілген. Аударма эквиваленттілігінің түрлері мен әмбебап үлгілері көрсетілген, олардың әрқайсысы жеке қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Көркем мәтін аудармасының ерекшеліктері және аудармашының рөлі

Мақалада көркем аударма, оның тәсілдері және көркем шығарманы аударатын мамандарға қойылатын талаптар қарастырылады.

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Задать вопрос