Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру үдерісі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №50 (340) декабрь 2020 г.

Дата публикации: 07.12.2020

Статья просмотрена: 72 раза

Библиографическое описание:

Хияш, А. К. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру үдерісі / А. К. Хияш. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 50 (340). — С. 591-594. — URL: https://moluch.ru/archive/340/76260/ (дата обращения: 19.12.2024).

Мақала мазмұнында азаматтық қоғаммен ынтымақтастық орнату арқылы мемлекеттік қызмет қатынастары жетілуі мүмкін екендігі талқыланған. Бұл шаралар мемлекеттік қызметті халықаралық стандарттарға сай халықтың сұранысын қанағаттандыруға және оларға қызмет етуге қабілетті жаңа деңгейге шығаруға ықпал ететіндігі зерттелген.

Кілт сөздер: мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам, реформа, жетілдіру.

В статье рассматриваются возможности улучшения отношений между государственной службой через сотрудничество с гражданским обществом. Было изучено, что эти меры помогут вывести госслужбу на новый уровень, способную удовлетворить потребности населения и обслуживать их в соответствии с международными стандартами.

Ключевые слова: государственная служба, общество, реформа, совершенствование.

Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызметтік рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп жүрген адамдарға — мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқарылатын қызмет мемлекеттік қызмет деп аталады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Талқылау. Олар тек мемлекеттік сектордағы қызметтер емес, олар міндетті түрде төрт сипаттамада анықталады: саясаттың себептері бойынша; халыққа қызмет көрсетеді; қайта бөлу қажеттілігі болады; және олар бір біріне сенім ретінде әрекет етеді. Демек, олар өндірістен өзгеше жұмыс істейді, олардың басымдықтары, шығындары, қуаттылығы және нәтижелері де өзгеше [1].

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.

Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі.

90-шы жылдардың соңындағы мемлекеттік қызметті жүйелік реформалаудың алғашқы кезеңінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық тәжірибе мұқият зерттелді. Бұрынғы кеңестік кеңістікте тұңғыш рет қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң (1999 жыл) мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын саяси және әкімшілік қызметшілерге бөлу, мемлекеттік органның саяси басшысы (министр, әкім) ауысқан жағдайда әкімшілік қызметшілерді қорғау, мемлекеттік қызметке кіруде міндетті конкурстық іріктеуді енгізу сияқты жаңалықтарды бекітті [2]. Сондықтан мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері қашанда болсада өте өзекті мәселе болып табылады.

Талдау. Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Стратегиясында « Мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» — деп атап өткен . Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Қабылданған заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген [3]. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, соңғы 5 жылдың ішінде барлық қызмет көрсету саласы бойынша өсу динамикасын байқаймыз, тіпті жұмысқа орналастыру мемлекеттік қызметтер бойынша көрсеткіштер мәліметтер берілген соңғы екі жыл арасында 140 210,1 млн.-дан 260 647,3млн-ға дейін, яғни шамамен 2 есеге өскенін байқаймыз. Мұндай қолайлы жағдайдың қалыптасуына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының септігі мол болды. Бұл бағдарламаны іске қосу аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы жүргізілді. Жұмыспен қамту орталығы өз кезегінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мониторингін үнемі үздіксіз жүргізуде, сондай-ақ жобаларда жаңа жұмыс орындарының құрылуына жетекшілік етеді. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі әр қаланың әкімшілік инфрақұрылымында жедел штаб жұмыс істейді, онда жұмыс беруші-мердігерлермен өзара іс-қимыл жасайтын салалар бойынша бөлінген жоба әкімшілері бар. Әкімшілер басталған жұмыс санын, құрылған жұмыс орындарын және жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтылған жұмыссыздар санын бақылайды. Сондықтан кесте бойынша әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосалқы қызмет көрсету көрсеткіштерінде 2 еседен артық өсу динамикасы көрініп тұр (Кесте).

Кесте 1

Қазақстан Республикасы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер көлемі (млн.тенге) [4].

2013

2014

2015

2016

2017

Баспа қызметі

42 989,6

40 487,0

40 842,9

48 147,4

54 912,3

Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар,

фонограмма және музыкалық жазбалар

өндіру

24 404,7

31 852,5

34 462,7

33 009,5

50 269,3

Бағдарлама және теле-радио хабарлама

жасау бойынша қызмет

45 946,0

63 248,5

61 242,2

64 731,4

68 040,3

Компьютерлік бағдарламалау, кеңестер

беру және басқа ілеспе қызметтер

87 140,3

96 202,0

117 382,9

141 501,9

183 895,2

Ақпараттық қызметтердің

жұмысы

56 327,3

51 277,1

56 440,2

75 644,9

97 717,1

Жылжымайтын мүлікпен

жасалатын операциялар

512 797,5

559 541,9

717 037,5

896 020,6

933 180,7

Құқық және бухгалтерлік

есеп саласындағы қызмет

45 507,5

62 307,9

58 897,5

71 427,5

79 172,1

Бас компаниялар қызметі; басқару

мәселелері бойынша кеңестер беру

218 502,4

230 250,3

202 391,0

283 212,7

348 387,3

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау

саласындағы қызмет

554 692,0

578 096,4

594 031,5

745 288,4

740 744,1

Ғылыми зерттеулер және

әзірлемелер

104 236,7

117 273,5

104 332,0

114 491,6

118 575,0

Жарнама қызметі және

нарық конъюнктурасын зерттеу

154 466,1

154 116,5

151 811,6

178 849,9

194 310,2

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

96 510,5

138 821,7

195 060,3

297 576,0

210 343,6

Ветеринарлық қызмет

29 617,7

34 931,3

35 569,6

44 120,7

46 855,1

Жалдау, жалға беру, лизинг

260 160,7

293 357,2

358 937,0

478 865,2

437 552,8

Жұмысқа орналастыру

128 839,6

154 325,9

135 208,6

140 210,1

260 647,3

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және

тергеу жүргізу бойынша қызметтер

144 278,4

157 452,7

165 932,6

178 869,6

191 098,5

Ғимараттарға және аумақтарға қызмет

көрсету саласындағы қызмет

69 692,8

97 964,4

100 326,4

115 998,2

161 722,4

Әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосалқы қызмет көрсету

54 092,5

68 019,0

85 919,1

90 393,0

184 568,1

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

1 386 994,2

1 516 375,2

1 708 422,4

1 645 153,2

1 814 341,0

Шығармашылық, өнер және

ойын-сауық саласындағы қызмет

24 601,6

29 263,0

29 827,7

31 783,7

48 557,0

Кітапханалардың, мұрағаттардың,

мұражайлардың және мәдени қызмет көрсететін басқа мекемелердің

қызметі

28 690,8

29 546,2

28 840,5

38 953,8

39 081,7

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

22 769,7

24 551,8

23 810,0

21 948,8

15 555,2

Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет

101 387,7

118 721,0

139 998,5

160 921,1

180 856,7

Компьютерлерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтынатын заттарды жөндеу

19 272,8

21 516,7

26 102,8

29 770,4

33 510,4

Өзге де дербес қызметтер көрсету

91 885,8

106 013,7

144 984,3

226 403,8

322 570,2

Нәтижесі. Қазіргі жаһандану тәжірибелерінің жоғары белсенділігі жағдайында жаңа заманның талаптары үкімет қабылдайтын шешімдердің сапасын арттыру мәселелерінің өзектілігін күшейтті. Мысалы, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан кейін нарықты реттеудің заңнамалық қамтамасыз ету сапасы мәселелеріне аса зор көңіл бөлу қажеттілігі туды. Өз кезегінде осындай шешімдердің тиімділігі көбінесе мемлекеттік аппараттың кәсібилігі, адал қызмет ету құндылықтарына жақын болуы, меритократия қағидатының сақталу деңгейімен анықталады.

Мемлекеттік қызметті реформалау — саяси еркіндіктің, мемлекеттің қоғам арасындағы рөлінің, таңдалған әлеуметтік-экономикалық моделінің басымдылықтарымен, нақты талаптардың болуымен, сондай-ақ қоғамды демократияландырудың жоғары дәрежесінің негізінде жүзеге асырылатын үздіксіз үдеріс.

Қазақстанда мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық жаңарту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын арттыру бойынша басымдықтары мемлекеттік аппарат қызметінің басты бағыттары болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының тиімділігі мен табыстылығы көбінесе мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен анықталатындығын ескере отырып, мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау кадрлық саясатты жаңғырту мен жетілдіруге бағытталған.

Мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігі көбінесе оның құрамдас бөліктерінің ресурстарына, кәсіби кадрларға байланысты.

Әдебиет:

  1. Spicker, Paul. (2009). The Nature of a Public Service. International Journal of Public Administration. 32. 190–692. 10.1080/01900690903050927
  2. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453–1 Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 1999. № 21. Өнер. 773.
  3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2016 жылғы 2 шілдедегі № 267–1 Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2016. № 15. Өнер. 209.
  4. Stat.egov.kz
Основные термины (генерируются автоматически): мена, государственная служба.

Похожие статьи

Есепке жатқызуды қолдануға шектеу қойылған жағдайлар

Мақалада міндеттемелерді есепке жатқызуға заңмен қойылған шектеулер қарастырылып, аталмыш әдіс қолданылмайтын жағдайлар бойынша талдау жасалынған. Мақаланы жазу барысында міндеттемелік құқық саласындағы әдебиеттер мен заңнамалық нормалар қарастырылға...

Тұрақты даму мақсаттарының өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын жетілдіру мәселелері

Мақалада Қазақстан Республикасындағы Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылу барысы және мақсаттарды өңірлік деңгейде оқшаулау, жергілікті институционалдық механизмдер, тұрақты даму мақсаттарының индикаторлары қарастырылады. Жаһандық мақсаттарды іске...

Құқықтық мәдениет — Қазақстанның құқықтық саясатының маңызды факторы

Мақалада құқықтық мәдениет мәселесі — қазақстандықтардың дүниетанымына құндылық мән беретін және халықтың құқықтық санасын қалыптастыру үшін негіз жасайтын «мінсіз құбылыс» ретінде қарастырылады. Мақалада құқықтық, азаматтық қоғамның жалпыұлттық мәні...

Университеттің қашықтықтан оқыту порталының қауіпсіздігі

Бұл мақалада қашықтықтан оқытудың негізгі тұжырымдамалары, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Қашықтықтан оқытудың негізгі осалдықтары сипатталған. Талдау негізінде құпиялылықты, тұтастықты және қ...

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім алушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың маңызы

Мақалада қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың маңыздылығы негізделеді. Яғни, сабақ барысында оқушылардың аналитикалық ойлау жүйесін дамыта отырып, бірнеше маңызды дағдыларға үйрету. Аналитикалық ойлаудың ер...

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өзіндік жұмыстың рөлі

Бұл мақалада студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және оларды дамыту мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ, студенттердің шығармашылық қызғушылықтың функциялары, теориялық және практикалық проблемаларды шешу үшін студенттерге қажетті шыға...

Задать вопрос