Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін тұрғын үй құрылысында пайдалану тиімділігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №50 (340) декабрь 2020 г.

Дата публикации: 15.12.2020

Статья просмотрена: 56 раз

Библиографическое описание:

Имашева, Л. З. Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін тұрғын үй құрылысында пайдалану тиімділігі / Л. З. Имашева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 50 (340). — С. 587-591. — URL: https://moluch.ru/archive/340/76462/ (дата обращения: 18.12.2024).



Бүгінгі күні Қазақстандағы тұрғын үй мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. Бұған бірқатар факторлар: тұрғын үй қорын молайту үшін ресурстардың жоқтығы, халықтың басым бөлігінің төлем қабілетсіздігі, урбанизация және республикалық маңызы бар қалалардың жаппай өсуі және т. б. ықпал етуде. Еліміздегі жүргізіліп жатырған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламамаларына қарамастан, еліміздегі тұрғын үй тапшылығы тұрғын үй құрылысын жүзеге асырудың балама тетіктерін дамытуды талап етеді. Мақалада мемлекеттік — жеке серіктестікті тұрғын үй құрылысында пайдаланудың тиімділігі, қазіргі жай-күйі, қолдану мүмкіндігі бар әлемдік тәжірибе мысалдары қарастырылып талданды.

Кілт сөздер: мемлекеттік-жеке серіктестік, тұрғын үй қолжетімділігі, тұрғын үй құрылысы.

На сегодняшний день жилищный вопрос в Казахстане является одной из актуальных тем. Этому способствует ряд факторов: отсутствие ресурсов для воспроизводства жилищного фонда, неплатежеспособность большей части населения, урбанизация и массовый рост городов республиканского значения и др. Несмотря на реализуемые в стране программы льготного жилья, дефицит жилья в стране требует развития альтернативных механизмов осуществления жилищного строительства. В статье рассмотрена и проанализирована эффективность использования государственно-частного партнерства в жилищном строительстве, современное состояние, примеры мирового опыта с возможностью применения.

Ключевые слова: государственно-частное партнерство, доступность жилья, жилищное строительство.

Еліміздегі жүргізіліп жатырған бірқатар жеңілдетілген мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қарамастан, тұрғын үй мәселесі әлі де толыққанды шешімін табар емес. Бүгінгі күні, елімізде 2,5 млн адам, яғни тұрғындардың 14 % -ы тұрғын үйге зәру [9]. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепке қойылған мұқтаждар саны жыл санап артып келеді, 2019 жылға олардың саны 541 700-ге жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2019 жыл бойынша, елімізде 3 441 үй апаттық жағдайда, 69 389 адам апатты тұрғын үйлерде тұрып жатыр [7].2019 жыл бойынша, Қазақстан Республикасындағы тұратын бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі — 22,2 ш.м. құрайды, халықаралық стандарттарға сәйкес, оның көлемі — 30 ш.м.-ден кем болмауы тиіс. Бұл көрсеткішке жету үшін тұрғын үй қорының орташа жылдық дамуын шамамен жыл сайын 5 есеге дейін арттыру қажет. Бұл көрсеткішке жету үшін тұрғын үй құрылысын мемлекет тарапынан ғана қолдау аздық етеді, яғни жеке бизнес өкілдерін тартудың маңыздылығы зор.

Президентіміз Қасым –Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздегі тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін қолжетімді талаптармен жеңілдетілген бағдарламаларды іске қосуды, осы мәселелерді шешу үшін бизнес өкілдерін тарта отырып, шаралар қабылдауды тапсырды. Яғни, мемлекет басшысының өзі мемлекет пен жеке бизнес ынтымақтастығының еліміздегі тұрғын үй мәселелерін шешуде маңызы зор екендігін айқындап отыр [1].

Мемлекеттік -жеке серіктестік мемлекет пен жеке бизнес арасындағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған, өзара тиімді ынтымақтастық болып табылады. Мемлекет пен жеке бизнестің өзара ынтымақтастығы бюджетке салынатын салмақты азайтуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бюджеттік түсімдердің көлемін арттыруға, шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысын жандандыруға, өнім сапасын арттыруға және т. б. мүмкіндік береді.

Мемлекеттік жеке серіктестікті тұрғын үй құрылысында қолданудың тиімділігі:

– келісімшарттың түпкі нәтижеге бағытталуы;

– жобаға кететін шығындардың қысқаруы;

– мемлекет пен жеке серіктес арасында тәуекелдердің бөлінуі;

– көрсетілетін қызмет сапасының жоғарылауы;

– мемлекеттік органдарға жүктеменің азаюы;

– жобаны жүзеге асыру кестесінің, сонымен қатар жобаны аяқтау мерзімінің қатаң сақталуы және т. б.;

Мемлекеттік жеке серіктестік түпкі нәтижеге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру шығындарының азаюы ең алдымен қаржыландырудың мемлекет пен жеке сектордың бірігіп жүзеге асыруы нәтижесінде орын алады. Жеке серіктестің басты мақсаты пайда табу, міне сондықтан олар жобаны жүзеге асыру барысында кететін шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Ол үшін жеке серіктес тиімді әдістер мен тәсілдерді, заманауи технологияларды қолданады, кәсіби мамандарды жұмылдырады. Бұл өз кезегінде, құрылыс нысандарының сапасы мен қызмет көрсету сапасының артуына алып келеді.

Серіктестік әдетте жобаның өмірлік циклінің екі немесе одан да көп кезеңдерін біріктіреді. Бұл жеке секторды салынған инвестицияның максималды қайтарымдылығын ұйымдастыруға ынталандырады.

Мемлекеттік жеке серіктестік аясында тәуекелдер қатысушылар арасында бөлінеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әдетте қаржылық тәуекел жеке серіктеске жүктеледі. Жоба мерзімінің бұзылуы немесе ұзаруы қосымша шығындарды талап ететіндіктен, жеке серіктес жобаны жүзеге асыру және аяқтау кезеңдерін қатаң сақтайды. Жобалардың белгіленген мерзімнен ерте аяқталу жағдайлары да тәжірибеде көптеп кездеседі.

Жеке серіктестің жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қатысуы нысанды пайдалануға беру мен нысанды басқару функцияларын орындауда мемлекеттік органдарға жүктемені азайтады. Бұл мемлекеттік органдардың күштері мен мүмкіндіктерін аумақты дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Алайда, ресми ақпараттарға сүйенсек, елімізде мемлекеттік — жеке серіктестіктің тұрғын үй құрылысында жүзеге асырылуы мардымсыз күйде. Оның әрине өзіндік себептері де жоқ емес. Мысалы, төменде елімізде 2015–2019 жылдар аралығында мемлекеттік — жеке серіктестік аясында жасалған шарттар туралы ақпарат көрсетілген. Сонымен қатар, келесі суретте шарттар дың қолданылу саласына, олардың үлес салмағына қатысты ақпарат берілген.

1 сурет. Қазақстан Республикасында мемлекеттік — жеке серіктестік аясында жасалған шарттар саны

Суреттен көріп отырғанымыздай, 2015–2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында мемлекеттік — жеке серіктестік аясында құны 1 509,69 млрд. теңге 714 келісімшарт жүзеге асырылған [2].

2 сурет. Салалар бойынша жобалар саны

Мемлекеттік жеке серіктестік аясында жасалған шарттардың 54 % — білім беру, 21 %- денсаулық сақтау, 8 %-мәдениет және спорт, 7 %-энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, 5 % — автокөлік және инфрақұрылым, 6 %-басқалар үлесіне келеді (2019 жылдың қазан айына ) [2].

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ мәліметіне сәйкес, республика бойынша мемлекеттік- жеке серіктестік аясында жасалған жалпы жобалар саны 2020 жылдың қараша айына — 1362. Тартылған және жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі — 1,184,1 млрд. теңге. Келісімшарт жасау кезеңдеріне қатысты ақпарат 3 суретте көрсетілген.

3 сурет

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ мәліметіне сәйкес, мемлекеттік — жеке серіктестік аясында көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша республика деңгейінде барлығы 27 шарт жасалған, ол барлық шарттар санының шамамен 2 % құрайды. Жасалған шарттар бойынша өңірлер үлесі:

Ақмола облысы — 1

Шымкент қаласы — 3

Маңғыстау облысы — 3

Түркістан облысы — 20

Республикамыздың әр өңірінде де тұрғын үй мәселесінің маңыздылығы басым болғанымен ақпараттан көріп отырғанымыздай, өңірлерде тұрғын үй құрылысын жүзеге асырудағы мемлекеттік — жеке серіктестік үлесі төмен. Аталған жағдайда көш бастап тұрған өңір Түркістан облысы [3].

О. И. Беляева, М. М. Мукушев өз зерттеулерінде сарапшылық зерттеулерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысында мемлекеттік — жеке серіктестікті қолданудың маңызды мәселелері ретінде, заңнамалық нормаларды жасау кезінде бизнес өкілдерімен тығыз байланыстың жоқтығын, соған байланысты бизнес өкілдерінің мүдделерінің бүгінгі күнге дейін толыққанды қорғалмағандығын, мемлекеттік –жеке серіктестік аясында қатысушыларды таңдау үрдісінің толыққанды ашық еместігін, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін шетелдік серіктестермен байланыстың жоқтығын, мемлекеттік — жеке серіктестік жобалары бойынша ақпараттық жүйенің толыққанды дамымауын атап көрсеткен [4].

«Forbes» іскерлік жорналында «Қазақстан Құрылысшылар одағы» РЗТБ –нің сарапшылар бөлімінің басшысы А.Нуркенованың құрылыс саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестік көлемін арттыру еліміздегі тұрғын үй тапшылығын жоюдың, халықтың сатып алу қабілетін арттырудың, құрылыс бағасын төмендетудің бірден бір жолы екендігін атап айтқан мақала жарық көрді.

А.Нуркенованың пікірінше, Қазақстанда құрылыс компаниялары құрылыс жүргізу үшін жер телімдерін сатып алу кезінде көп шығындарға ұшырайды. Жер телімі иесіне сатып алу құнын төлесе, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде мемлекетке төлемдер төлеуге тура келеді. Аталған жағдайды құрылыс саласында мемлекеттік-жеке серіктестік көлемін арттыру жолымен өзгертуге болады. Мемлекеттік –жеке серіктестік көлемін арттыру үшін А.Нуркенова мемлекеттік — жеке серіктестік шеңберінде мемлекет тарапынан құрылыс компанияларына құрылыс материалдарын сатып алу үшін 20–30 % көлемінде субсидия бөлуді, құрылыс материалдарын, соның ішінде отандық құрылыс материалдарын сатудың бірыңғай онлайн ресурсын жасауды ұсынады. Бірыңғай онлайн ресурс құрылыс компанияларына құрылыс материалдарын делдалдарсыз төменгі бағада сатып алуға, сонымен қатар, отандық өндіріске қолдау көрсетуге мүмкіндік береді деп есептейді [5].

Жобаның қатысушылар үшін тиімді жүзеге асырылуы мемлекеттік — жеке серіктестік тетігі модельдерімен тығыз байланысты. Себебі, жобаны жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдер, тараптардың жауапкершілігі, нысанға иелік ету және де басқа да жағдайлар мемлекеттік — жек серіктестік моделін дұрыс таңдауды талап етеді. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, тұрғын үй құрылысында мемлекеттік — жеке серіктестіктің келесідей тиімді моделдерін қолдануға болады:

  1. «Құрылыс– басқару– беру» моделі (BOT, Build–Operate–Transfer) — жеке серіктес нысанды салуды жүзеге асырады, құрылыс объектісін ішінара немесе толықтай қаржыландырады, жұмсалған инвестицияның толық қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін келісімшартта белгіленген уақытта нысанға иелік етеді, мерзім аяқталғаннан кейін нысан мемлекет меншігіне өтеді. Мемлекеттік әріптес объектінің одан әрі жұмыс істеуін дербес шешеді.
  2. «Құрылыс-беру-пайдалану/басқару» моделі (BТО, Build-transfer- operate); Жеке серіктес қаржыландыруды, жобалауды, құрылысты және пайдалануды ұйымдастырумен айналысады. Механизм объектіні құрылыс аяқталғаннан кейін бірден мемлекетке беруді көздейді, содан кейін ол жеке серіктестің пайдалануына түседі, бірақ оған меншік құқығын бермейді.
  3. «Құрылыс — иелену-пайдалану/басқару-беру» моделі (BOOT, Build- Own–Operate-Transfer) Бұл жағдайда жекеше әріптес келісімнің қолданылу мерзімі ішінде объектіні пайдалану ғана емес, сондай-ақ иелену құқығын алады, содан кейін ол жария билікке беріледі. Мемлекет құрылысты қаржыландыруға қатыспаған, бірақ іс жүзінде жобаның бастамашысы (тапсырыс берушісі) болған концессияларда пайдаланылуы мүмкін.
  4. «Жобалау — құрылыс — қаржыландыру — пайдалану/басқару» моделі (DBFO, Design-Build-Finance-Operate) — жеке әріптестің инфрақұрылымдық объектілердің құрылысын қаржыландыру үшін жауапкершілігі арнайы келісіледі.
  5. «Дизайн және құрылыс» моделі (D &B, Design- Build) Жеке әріптес «толық аяқталған» объектісін жобалайды және салады, оны пайдалануға мемлекетке береді [6].

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік –жеке серіктестік тұрмыс жағдайы төмен, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуде кеңінен қолданылады.

Көптеген елдерде мемлекеттік жеке серіктестік аясында тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет тарпынан жеңілдік жағдайында жер учаскелері беріледі.

Германияда жеке компания салатын көпқабатты тұрғын үйдің белгілі бір бөлігі әлеуметтік шарт негізінде мұқтаж халықтың бөлігіне беріледі, ал мемлекет өз тарапынан құрылысқа субсидия бөледі. Германиядағы салық жеңілдіктері мен мемлекеттік субсидия бөлу арқылы салынған кейбір тұрғын үйлер белгілі бір уақыт аралығында коммерциялық емес болып саналады. Соған байланысты, бірнеше уақыт кезеңдерінде (15–20 жыл) тиісті заңдармен реттеледі. Көрсетілген мерзім аяқталған соң, аталған үйлер нарықтық секторға өтіп, сатылуы мүмкін.

Кейбір елдерде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда кросс субсидиялау тәжірибесі кездеседі. Кросс субсидиялау негізінде жеке құрылыс компаниясы салынған тұрғын үйлердің бір бөлігін коммерциялық емес жалдауға береді. Жеке компания оған кеткен шығынды қалған коммерциялық үйлердің бағасын көтеру арқылы жабады.

Бельгияның кейбір өңірлерінде кез келген тұрғын үй құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынатын пәтер саны 50 ден асатын болса, пәтерлердің жалпы санының 20 %-дан кем емес бөлігі коммерциялық емес тұрғын үй қорына өтеді. Егер жер мемлекетке тиесілі болса, коммерциялық емес пәтер көлемі 40 % -ға дейін артады.

Люксембургте заңнамаға сәйкес, кез келген тұрғын үй құрылысы жобасының 10 %-нан кем емес үлесі коммерциялық емес жалдамалы тұрғын үй болуы тиіс. Мемлекет өз тарапынан коммерциялық емес жалдамалы пәтерлер құрылысының 70 % шығынын өтейді [8].

Әлемдік тәжірибеде жоғарыда аталған мысалдардан бөлек, мемлекеттік — жеке секторды тұрғын үй құрылысында пайдаланудың тәжірибелері көптеп кездеседі.

Қорытындылай келе, еліміздегі тұрғын үй мәселесін шешудің тиімді жолы ретінде мемлекеттік — жеке серіктестік тетігін дамыту мемлекет пен бизнестің қаржылық, ұйымдастырушылық ресурстарын біріктіру жолымен халықтың тұрғын үй проблемаларын бірлесіп шешуге, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға, жобаға кететін шығындарды қысқартуға, келісім-шартты нақты түпкілікті нәтижелерге бағдарлауға, қатысушылар арасында тәуекелдерді бөлуге, жобаны іске асыру кестесін және оны аяқтау мерзімдерін сақтауға, орындау бөлігінде билік органдарына жүктемені төмендетуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, тұрғын үйді әлеуетті тұтынушылардың спектрін кеңейтуге және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына жеке компаниялардың қатысуға мүдделілігін арттыруға, инфрақұрылымдық ресурстар үшін ресурстардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy
  2. Нуршаихова Ж., «ГЧП в Казахстане: кто больше рискует — государство или частный партнер?» https://strategy2050.kz/ru/news/gchp-v-kazakhstane-kto-bolshe-riskuet-gosudarstvo-ili-chastnyy-partner/
  3. Қазақстандық мемлекеттік — жеке меншік әріптестік орталығының ресми сайты, https://kzppp.kz/projects
  4. Беляева О. И., Мукушев. М.М., «Тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік — жеке серіктестікті дамыту (Астана қаласының мысалында) https://www.elibrary.ru/item.asp?id=38059799
  5. «Қазақстан тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік –жеке серіктестік үлесін арттыруды ұсынады. Forbes Kazakhstan іскерлік журналы, https://forbes.kz/news/2020/03/03/newsid_220298
  6. https://studme.org/127193/menedzhment/mehanizmy_modeli_gosudarstvenno_chastnogo_partnerstva_algoritm_otsenki_effektivnosti_zaklyucheniya_soglash
  7. Ұлттық статистика бюросының ресми сайты https://stat.gov.kz/edition/publication/collection
  8. Иванкина E. В., Косарева Е. Н./ Рогожина Н. Н. «Тұрғын үй саласындағы мемлекеттік — жеке серіктестік», Мәскеу, 2016 https://books.google.kz/books?id=8r0YCwAAQBAJ&pg=PT2&hl=ru&source=gbs_toc_r&cad=2#v=onepage&q&f=false
  9. https://kapital.kz/real_estate/62362/v-kazakhstane-nuzhdayutsya-v-zhil-ye-2–5-mln-chelovek.html
Основные термины (генерируются автоматически): жилищное строительство, BOOT, BOT, DBFO, беляево, бизнес, государственно-частное партнерство, Казахстан, мена, пена, сан.


Ключевые слова

мемлекеттік-жеке серіктестік, тұрғын үй қолжетімділігі, тұрғын үй құрылысы

Похожие статьи

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолғ...

Орталық Азия аймағының су-энергетикалық мәселелері

Орталық Азия елдері үшін ең күрделі мәселелердің бірі тұщы судың тапшылығы және осыған байланысты трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері. Орталық Азиядағы қалыптасқан шындық жүргізіліп жатқан экономикалық саясатпен, су ресурстары...

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, Қазақстан Республикасы егемендік алған тұстан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қаз...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Есту қабілеті зақымдалған балалардың логикалық ойлау ерекшеліктері

Бұл мақалада есту қабілеті зақымдалған балалардың сөздік-логикалық ойлау ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді. Есту қабілеті зақымдалған балалардың түрлері мен ерекшеліктеріне қысқаша тоқталды.Сонымен қатар, осы мәселені зерттеп, зор еңбек сіңірген ...

Қазіргі заманғы білім жүйесіндегі әл-Фарабидің геометриясы

Мақалада әлемдік ғылымның дамуына өзінің іргелі еңбектерімен үлесін қосқан, Қазақстан тумасы, әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқыту туралы айтылған. Әл-Фарабидің әлем ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы айтылады. А.Көбесовтың еңбектеріне сүйен...

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі шағын және орта бизнесті аймақтық қолдау

Түркістан обылысындағы ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнестің жай-күйі туралы материал ұсынылды және өңірдің ауыл шаруашылыңындағы шағын және орта бизнес қыметінің дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелер анықталды. Агробизнес саласындағы...

Big Data технологиялары негізінде білім сапасына болжамдық талдау жасау

Big Data (Үлкен деректер) термині жақында енгізілгеніне қарамастан, ол қазіргі білім беру жүйесіне кірігіп кетті. Мақалада заманауи бағалау технологияларының жаңа түрі ретінде білім беру тәжірибесіне үлкен деректерді енгізу қарастырылған. Білім беру ...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде әдебиеттік оқу пәнінің маңызы

Мақалада бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде әдебиеттік оқу пәнінің маңызы қарастырылды. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе — адамгершілік тәрбиені күшейту болып табылады. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі мақсаты — дұры...

Похожие статьи

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолғ...

Орталық Азия аймағының су-энергетикалық мәселелері

Орталық Азия елдері үшін ең күрделі мәселелердің бірі тұщы судың тапшылығы және осыған байланысты трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері. Орталық Азиядағы қалыптасқан шындық жүргізіліп жатқан экономикалық саясатпен, су ресурстары...

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, Қазақстан Республикасы егемендік алған тұстан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қаз...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Есту қабілеті зақымдалған балалардың логикалық ойлау ерекшеліктері

Бұл мақалада есту қабілеті зақымдалған балалардың сөздік-логикалық ойлау ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді. Есту қабілеті зақымдалған балалардың түрлері мен ерекшеліктеріне қысқаша тоқталды.Сонымен қатар, осы мәселені зерттеп, зор еңбек сіңірген ...

Қазіргі заманғы білім жүйесіндегі әл-Фарабидің геометриясы

Мақалада әлемдік ғылымның дамуына өзінің іргелі еңбектерімен үлесін қосқан, Қазақстан тумасы, әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқыту туралы айтылған. Әл-Фарабидің әлем ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы айтылады. А.Көбесовтың еңбектеріне сүйен...

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі шағын және орта бизнесті аймақтық қолдау

Түркістан обылысындағы ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнестің жай-күйі туралы материал ұсынылды және өңірдің ауыл шаруашылыңындағы шағын және орта бизнес қыметінің дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелер анықталды. Агробизнес саласындағы...

Big Data технологиялары негізінде білім сапасына болжамдық талдау жасау

Big Data (Үлкен деректер) термині жақында енгізілгеніне қарамастан, ол қазіргі білім беру жүйесіне кірігіп кетті. Мақалада заманауи бағалау технологияларының жаңа түрі ретінде білім беру тәжірибесіне үлкен деректерді енгізу қарастырылған. Білім беру ...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде әдебиеттік оқу пәнінің маңызы

Мақалада бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде әдебиеттік оқу пәнінің маңызы қарастырылды. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе — адамгершілік тәрбиені күшейту болып табылады. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі мақсаты — дұры...

Задать вопрос