Жоғары білім беру жүйесінде «Педогогтің сөз мәдениеті» пәнін оқытуда сөйлеу этикетін қалыптастырудың мүмкіндіктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №2 (344) январь 2021 г.

Дата публикации: 10.01.2021

Статья просмотрена: 130 раз

Библиографическое описание:

Тазабек, А. К. Жоғары білім беру жүйесінде «Педогогтің сөз мәдениеті» пәнін оқытуда сөйлеу этикетін қалыптастырудың мүмкіндіктері / А. К. Тазабек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 2 (344). — С. 300-302. — URL: https://moluch.ru/archive/344/77368/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада ЖОО-да «Педагогтің сөз мәдениеті»пәнін оқытуда сөйлеу этикетін қалыптастырудың әдістемесі қарастырылған. Тұлға қарым-қатынасының қатысымдық диалогтік, монологтік, полилогтік сипаттарына түсінік береді.

Тірек сөздер: педагогтің коммуникативті құзіреттілігі, сөз мәдениеті, сөйлеу этикеті, тұлға, полилог.

В статье рассматривается методика формирования речевого этикета в преподавании предмета «Культура речи педагога » в высшей школе. Разъясняется коммуникативные, монологичные, полилогические особенности межличностных отношений.

Ключевые слова: коммуникативная компетентность учителя, культура речи, речевой этикет, личность, полилог.

Ғаламдану үдерісі жағдайында педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің сөз шеберлігін қалыптастыру маңызды мәнге ие. Олай болса, жоғары білім беру жүйесінде тілді оқытудың түпкі нәтижесі ретінде болашақ педагог мамандардың сөз мәдениетін қалыптастырудың, кез келген ортада сөйлеудің ең тиімді амал-тәсілдерін сауатты қолдануға төселдірудің жолдарын функционалдық сауаттылық тұрғысынан зерделеп шешу қажет. Сөз мәдениеті, біріншіден, сөз шеберлігіне, екіншіден сөзді дұрыс қолдануға, көпшілік алдында еркін жүйелі, әсерлі сөйлеуге дағдыландырады. Дұрыс, жүйелі, нақты, дәлелді сөйлеуді шәкірт бойына сіңіруде педагогтің берер үлесі мол. «Тіл мәдениеті дегеніміз — тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар ол тіл жұмсаудуғы ізеттілік, сауаттылық, тілдік тәсілдердідұрыс қолдану дағдысы», дейді М. Балақаев [1,с.45].Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің сөз шеберлігін қалыптастырудың жолында «Педагогтің сөз мәдениеті» атты пәннің білім мазмұны заманауи талаптарға сай кәсіби маман қалыптастыруда өзекті болып табылады.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің кәсіби-интеллектуалдық әлеуетін жақсартудың негізі бағыттарының бірі — коммуникативті құзіреттілігін дамыту болып табылады. Ғалым Ж. Дәулетбекова: «Педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары келешек мұғалімнің, мейлі ол қай пәннің мұғалімі болсын, бірінші кезекте оның кәсіби құзіреттілігі ретінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға мән беруі тиіс» дейді [2,с.13]. Солардың бірі болашақ педагогтардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру. Білім беру құрылымдарын ізгілендіруге, «Оқушы-Оқушы», «Оқушы-Мұғалім» арасындағы субьективтік қатынасының бағдарлануына байланысты педагогтің коммуникативті құзіреттілігі ерекше мәнге ие. Педагогтің коммуникативті құзіреттілігінің маңызды компоненттерінің бірі — сөйлеу этикеті нормаларын білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан педагогикалық мамандықта оқитын ЖОО студенттерін кәсіби сөйлеу қарым-қатынасында этикеттік сөйлеу нормаларын үйрету маңызды болып саналады. Жалпы, этикет сөзі француз тілінен шыққан «рәсімді жасаушы» деген мағынаны береді. Тарихи деректерде «этикет» ұғымының қолданысы Людовик XIVғ заманында сарай қонақтарына арнап өзін қалай ұстау керектігіне байланысты ережелердің жиынтығы болған деген деректер бар.Сонымен қатар, бұл ұғымды күштеп ендіру мәселесі, Петр I заманында Ресейде батысеуропалық үрдістердің орын ала бастауы, дворяндарға шет тілінде сөйлеу міндеттелгеніайтылған. Сол мақсатта сөйлеу этикасының нормаларын меңгеру қажеттілігі туындаған [ 2,с. 57 ]. Жалпы, этикет — адамның басқа адамдармен сыртқы қарым-қатынасына негізделген, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Сөйлеудегі ізет, құрмет, сыпайыгершілік кісінің сезіміне әсер етеді. Олар сөйлеу этикетіне (амандасу, қоштасу, ризалық білдіру, кешірім сұрау, құттықтау т.б) жатады.Сөйлеу этикеті белгілі бір ұжымда қарым-қатынас дағдыларын меңгеруді, түсіндіру, түсінісу қабілеттерін реттейді. Сөйлеу этикеті, ең алдымен, практикалық мәнге ие болғандықтан, студенттерге этикеттік сөйлеу формаларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу байланысын орнату, қолдау, ризашылық сезімін білдіре алу, құттықтау сөз айта білу студентке коммуникативті ынтымақтастықты орнатуға басымдық береді. Мысалы, әртүрлі сөйлеу жағдайларында студенттермен сөйлеу этикетінің формаларын пайдаланып, нәтижесінде студенттер қажетті форманы таңдау, яғни кім, кімге, қандай жағдайда және қандай өзара қарым-қатынаста айтатынына байланысты айтылатын сөз екенін түсінеді, белгілі бір форманы таңдау арқылы өз таңдауын жасайды. Топтық жұмыстағы сөз формалары ата-анамен әңгімелесу, педагогпен әңгімелесу, әріптеспен әңгімелесу секілді сипатта болады. Студенттердің дидактикалық сөйлеу қарым-қатынасына белсенді қатысуы интерактивті оқытудың бір түрі оқу-дискуссиялық диалог сияқты оқыту формасын қамтамасыз етеді. Бұл әдістер студенттерде сөйлеу әрекетін ауызша және вербальды емес тәсілдермен және қарым-қатынас жағдайына сәйкес ұйымдастыра білу қабілетін қалыптастырады. Сөйлеу жағдайларын рөлдік ойындарға салу, сахналау коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру жолында тиімді болып табылады.

Сөйлеу этикетін жақсартуға бағытталған мүмкіндіктер:

– Бейнероликтер арқылы этикеттік диалогтардың жазбаларын көрсету;

– Бейне жазбаға студенттердің үй жағдайындағы диалогтары жазылып, аудиторияда дұрыстығын талдау, талқылау, бұл студенттерді сыни ойлауға дағдыландырады,

– Бейне жазбадағы фильмнен, жағдаяттық диалогтарды тыңдау, түзету жұмыстарын орындау;

Жалпы, болашақ педагогті даярлау үдерісінде студенттердің сөйлеу шеберлігін арттыру мақсатында шешендік қабілетін шыңдаудың маңыздылығы зор. Осы жолда «Педагогтің сөз мәдениеті» атты элективті пәннің негізі педагогтардың кәсіби, тілдік даярлық мәселесіне толық жауап береді. Сөз мәдениетін игерту арқылы болашақ педагог мамандардың кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеруге болады. Жалпы, қазіргі цифрлық дәуірде оқушыны сөз еркіндігіне, өз ойын дұрыс жеткізуге, ашық айтуға дағдыландыру арқылы сөз мәдениетіне баули аламыз. «Сөйлей-сөйлей шешен боларсың, көре-көре көсем боласың» дейді халық даналығы, сөйлейбілу де, сөйлесе алу да өнер. Сөз өнерін, Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы айтқандай,«адам санасының ақылына, қиялына, көңіліне» құрылатынын ескерсек, сөз шеберлігіне баулу арқылы Тұлғаның интеллектуалды, эмоцоналды әлеуетін арттыратынымыз сөзсіз. Қазіргі әлемдік білім кеңістігенде оқушының, студенттің, жалпы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне басымдылық беріліп отыр. Ендеше, жоғары білім беру жүйесінде тілді оқытудың түпкі нәтижесі ретінде болашақ педагог мамандардың сөз мәдениетін қалыптастырудың, кез келген ортада сөйлеудің ең тиімді амал-тәсілдерін сауатты қолдануға төселдірудің маңыздылығы зор болмақ. Ал, адами қарым-қатынастың негізі– cөйлеу дағдымыз арқылы жүзеге асырылатындықтан құндылықтық сипаты маңызды болып саналады. Тіл — мәдениет пен адамзат құндылығының көрсеткіші. Ол адамзат қарым-қатынасы мен сөйлеу мәдениетінің жарқын көрінісі. Тіл білім саласында антропоцентристік жаңа парадигманың түп негізі тілдік тұлғаның сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, қатысымдық қабілеттерін жетілдіруге жол ашатыны белгілі. Оқушы бойындағы танымдық, қатысымдық қабілеттерін қалыптастыра отырып дара тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу басты мәселе болуы тиіс. Ендеше, дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасай отырып, сөйлеу мәдениетін, стилін қалыптастыру тұлға дамуының басты көрсеткіші болып табылады.

Тұлға қарым-қатынасының қатысымдық сипатының негізі де диалогтік, монологтік, полилогтік сөз мәдениетінде жатса, сол арқылы тілге сүйіспеншілігін, сауаттылығын арттыру арқылы сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ету Дара Тұлға тәрбиелеу барысында маңызды мәнге ие. Дара тұлғаның сөзге ділмәр, ұтқыр сөйлей алуы өзара ынтымақтастық орнатуға ықпалы бар. Әл-Фараби өзінің философиялық трактатында: «Сөзге тапқырлық — жақсы адамгершілік қасиет», дейді [3,с.300]. Демек, сөз сөйлеуші адамның шешендігі, сөз сөйлеу шеберлігі Адамдық болмысы мен ой тазалығынан көрініс табары ақиқат. Тілдік қарым-қатынастарда сөздің сөйлеушілер санына қарай монологтік, диалогтік, полилогтік түрлері болады. Полилог — сөйлеу қарым-қатынасының ерекше түрі болып саналады. Лингвист ғалымдар Р. А. Будагов, Т. Г. Виноградовтың пайымдаулары бойынша, «Полилог сөйлеу қарым-қатынасының ерекше түрі, сөйлеу актісіне қатысушылардың көп санын қамтиды» деген пікір айтады [4]. Полилог-бұл диалогқа қарағанда адами қарым-қатынастың күрделі түрі. Полилогтың монологтан басты ерекшелігі — байланыс процесінің көптігі, яғни бірнеше әңгімелесуші-коммуниканттың болуы, сөз иесінің логикалық тапқырлығы, шешендігі айрықша байқалады. Тілдік қарым-қатынастың әрқайсысының арасында өзара байланыс бар. Монолог түрінде адамның ішкі толғанысы сөз шеберлігінде көрініс тапса, диалог түрінде (пікірталас, сұхбат, әңгіме, ойбөліс) пікірлесу шеберлігін арттыруға, полилог түрінде сөз шеберлігін бірнеше адамның бір-бірінің сөзін жалғастыру арқылы ойын дамыту көзделеді. Ой дамуы логикалық тапқырлыққа, сөз ұтқырлығына тәрбиелейді. Демек, шешен сөйлей білу педагог құзіреттілігінің басты көрсеткіші болса, студент үшін биік белестерге жетелейтін қуатты құрал болып саналады. Педагогтің тәрбие жүйесінде оқушымен қарым-қатынасы адамгершілік принциптерге негізделу қажет.«Сабақ — ұстаз бен шәкірттің адами қарым-қатынасы», дейді ғалым А. Қыраубайқызы. Ендеше, педагог мамандығын таңдаған әрбір студент, оқушы мен тәрбиеленушінің алдында ғана емес, сонымен қатар,өзін-өзі жауап беруге және өзінің кәсіби даярлығы үшін әрбір педагог жауапты екендігін естен шығармауы тиіс. И. А. Зимняянің «Педагогикалық психология» кітабында педагогтің кәсіби маман ретінде педагогикалық бірқатар міндеттер атқаратынын нақтылап көрсетеді. [5,с.7]

Педагогтің өзін-өзі бағалау, эмоционалдық, дидактикалық, коммуникативтік қасиеттерінің маңыздылығы таным белсенділігін арттыруына мүмкіндік беретініне тоқталады. Педагогтің «Мұғалім-Оқушы» субьективтік қатынасындағы «фасилитатор» қызметінің маңыздылығы зор. Ендеше, педагогикалық мамандықта оқитын ЖОО студенттерінің сөйлеу этикетін шыңдай түсу коммуникативті құзіреттілігін айқын, қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларына дайын, ұтқыр, сөз мәдениеті қалыптасқан,интеллектуалдық әлеуеті жоғары тұлға болуының кепілі. Бұл орайда болашақ педагог мамандардың тұлғалық, кісілік қасиеттерімен қатар тілдік тұғырларын жетілдірудің маңыздылығы зор екенін байқаймыз.

Литература:

  1. Культура речи и пресса. — Алматы, 1972. — 222 с
  2. Даулетбекова Ж. Речевая культура — это результат знания языка. — Алматы: Институт интеграции науки и образования, 2017. — 239 с.
  3. Аль-Фараби. Философские трактаты. — А., 1973. — 448 с.
  4. Круглова С. Л. Полилогическая речь: На материале англ. яз. [Электронный ресурс]. https://www.dissercat.com/content/polilogicheskaya-rech-na-materiale-angl-yaz(дата обращения: 3.12.2020).
  5. Зимняя И. Педагогическая психология. Москва. «Логос». 2005. — 368 с
Основные термины (генерируются автоматически): педагог, полилог, речевой этикет.

Ключевые слова

полилог, педагогтің коммуникативті құзіреттілігі, сөз мәдениеті, сөйлеу этикеті, тұлға

Похожие статьи

Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы стереотиптер

Адамдардың өмір тіршілігіне қатысты стереотиптер — стереотиптер арасындағы маңыздысы. Стереотиптер салт-дәстүрмен, аңыз-әпсаналармен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты, тек салт-дәстүрлер обьективті маңыздылығын ашық түрде байқатса, ал стереотиптер ж...

Тұлғаның көшбасшылық қасиеттерінің жиынтығы және маңызды сипаттамалары

Мақалада студентті көшбасшы ретінде тәрбиелеу және оның өзін-өзі тәрбиелеу процесі әрқашан жүреді деп қарастырылған. Студент көшбасшы болу үшін мәдениетке, білімге, өмірлік тәжірибе мен кәсіпқойлыққа қол жеткізу керек. Авторлар көшбасшының өзін тәрби...

Кіші мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері келтіріліп, олардың бала өмірінде қандай маңызға ие екендігі айтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық мұраларымызды бала бойына ерте жастан сіңіртіп, оның өмірінде өшпес із қалды...

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Әкімшілік юстиция: кіріспе және тарихи шолу

Мақалада қазіргі уақытта әлемде өзекті болып табылатын әкімшілік сот төрелігінің ҚР да шығу тарихы туралы, әкімшілік іс-жүргізу жайында, ҚР әкімшілік іс-жүргізу кодексінің жобасы туралы мәселелерді қарастырады.

Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің компьютерлік үлгіленуі

Мақалада компьютерлік үлгіні жетілдіру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталған, оны жеке өрт қауіп — қатерін есептеу және өрт сөндіру жоспарларын дайындау үшін өрт қауіпсіздігі мамандарын дайындау процесінде одан әрі дамыту және қолдану жолда...

Болашақ информатика мұғалімдерінің әлеуметтік-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда тренинг сабақтарының тиімділігі

Мақалада болашақ мұғалімдерінің еңбек функциясында әлеуметтік-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру мәселесінің шешу мақсатында тренинг сабақтарын қолданудың тиімділігі көрсетілген.

Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы

Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін костюмнің рәміздік мән беруші қызметтерінің типтеріне жіктеме жасау ...

Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерді жүзеге асыру

Мақала қазіргі күні шет тілін үйренудегі ең танымал әдіс — коммуникативті әдіс арқылы мектеп оқушыларына ағылшын тілін тиімді оқыту мәселелеріне арналған. Мақалада коммуникативтік әдістеменің негізгі түрлері келтірілген.

Еуразия Ұлттық Университетінің локальді желісінің қауіпсіздігін Palo Alto NGFW көмегімен автоматтандыру

Мақала авторлары университеттің локальді желісіндегі қауіпсіздіктің маңыздылығы мен оны автоматтандыруда Palo Alto NGFW мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді тұстарын көрсетуге тырысады.

Задать вопрос