Отанға деген құрмет, сыйластық тәрбиелі ұрпақты қалыптастырады | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мураткызы, Айжамал. Отанға деген құрмет, сыйластық тәрбиелі ұрпақты қалыптастырады / Айжамал Мураткызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 5.1 (347.1). — С. 5-6. — URL: https://moluch.ru/archive/347/78381/ (дата обращения: 16.11.2024).



Жалпы қазақ халқының «Туған жер» дегенде тұла бойы ерекше сезімге бөленеді. Себебі кіндік қаны тамып, тәрбие алып, көріп өскен жері болғандықтан ыстық сезіледі. Қай елдің, қай жердің түкпірі болмасын туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшеуі шексіз. Өскелең ұрпағымыздың қаны мен санасына дарыту үшін осы «Туған жер» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Қазақ халқы үшін атам заманнан туған жер мәселесі қашанда алғашқы орында тұрған. Кең байтақ жеріміз бізге оңай жолмен келмеген. Себебі ата-бабаларымыз бұл жерді қасық қаны қалғанша айқасып, білектің күші, найзаның ұшымен қорғап бізге тарту етті. Ұлан-ғайыр жерімізді сақтап, келер ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз. Өз отаныңа деген құрмет, патриоттық сезім, туып өскен жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

«Туған жер» бағдарламасы [1] — халықтың өткені мен бүгінін сабақтастыратын, ұлтшылдықтың темір қазығы. Бұл бағдарлама мемлекетіміз үшін, еліміз үшін, жас ұрпақ үшін тарихи маңызы зор. Сол себепті осы бағдарлама тыңғылықты жүзеге асырылып, өз дәрежесінде орындай алсақ, тарихи құндылықтарымызды ұрпақ санасына жеткізіп, ғылыми жаңалықтарға кеңейтер едік. Жүзеге асыру үшін елім деген әр азамат үлес қосуы керек.

Әрбір жас үшін ұлан-ғайыр қазақ елінің асыл мұраларының мән-мағынасын, құндылығын біліп, көкейге түйіп өскені абзал. «Туған жер» арқылы ұрпағымызды елжандылыққа тәрбиелеу үшін кіндік қаны тамған жерінің экологиялық жағдайына көңіл бөліп, таза ұстауға ұмтылу керек. «Туған жер» бағдарламасы айқындалған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған 4 кіші бағдарламадан тұрады [2]:

  1. «Тәрбие және білім», бұл — қазақстандық патриотизм үлгісінде жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу;
  2. «Атамекен», бұл — қазақстандықтардың кіші Отаны алдындағы жауапкершілігін күшейте отырып, олардың азаматтық белсенділігін арттыру;
  3. «Рухани Қазына», бұл — туған аймақтың тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықты ояту, құрметтеуге баулу;
  4. «Ақпарат толқыны», бұл — Бағдарлама туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың жүзеге асырылып жатқан жобаларды қоғамдық бақылау жасауы үшін ақпараттық инфрақұрылым жасақтау.

Жоба аясында бүкіл ел бойынша 700-ден астам жоба жүзеге асырылды. Осы бағдарламалардың арқасында отандастарымыз өз елінің рухани құндылықтарын, өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын құрметтеп, отансүйгіштік, рухани болмысы арта түсті десек те болады.

«Туған жер» бағдарламасы қазіргі таңда екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту. Меценаттардың қолдауының арқасында ауруханалар, мәдениет үйлері, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б салынды және жөндеуден өткізілді.

Қорытындылай келе, өскелең ұрпағымыз бен халқымызды өз еліне деген сүйіспеншігі мен елжандылығын, ұлтжандылығын артуымыз керек. Болашағым жарқын болуы үшін ұрпағымызға тәлім-тәрбие мен білімді үйретуіміз қажет. Бұл бағдарлама арқылы біз ұлттық кодтан және ұлттық болмыстан айырылмай, әлемдік құндылықтармен үйлестіре отырып, қазақ жерінің игілігіне жарату жолындағы мақсатқа жетеміз.

Алғыс білдіру

Тезистер «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» пәні және «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Туған жер — жалпыұлттық патриотизмнің қайнар бұлағы // Almaty Aqshamy. — 2018. — 15 қазан.
  2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы: Туған жер жобасы // kazinform.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос