Ойын технологиясының педагогикалық түсініктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тунгатова, Н. А. Ойын технологиясының педагогикалық түсініктері / Н. А. Тунгатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 5.1 (347.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/347/78384/ (дата обращения: 19.12.2024).



Ойын технологиялары педагогикалық технологиялардың ажырамас бөлігі болып табылады. Білім беру процесінде ойын технологияларын педагогикалық теория мен тәжірибеде қолдану мәселесі бұрыннан өзекті. Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т. б. ғалымдар ойын теориясын, оның әдіснамалық негіздерін, оның әлеуметтік табиғатын, педагогикадағы оқушының дамуындағы маңыздылығын зерттеді. Қазіргі таңда ойын технологиялары ұстаздар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Ойынды ғылыми жіктеуге және оны қандай да бір толық тұжырымдамамен анықтауға бірнеше рет әрекет жасалды. Бірақ, қазіргі уақытта ойын мен адамзат мәдениеті арасындағы байланыстар ғылыми тұрғыдан анықталған. Ойынның бала мен ересек адамның дамуына тигізетін маңыздылығы, ойынның биологиялық табиғаты эмпирикалық түрде анықталып, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысы белгіленді [1, 141 б.].

Ойын анықтамаларына келсек: Ойын — бұл ішкі құбылысқа, имманентті тұлғаға тән психикалық мінез-құлықтың түрі (Д. Н. Узнадзе). Ойын — баланың «ішкі әлеуметтенуінің» кеңістігі, әлеуметтік нұсқауларды игеру құралы (Л. С. Выготский). Ойын — бұл тұлға қиялындағы еркіндік, «орындалмайтын мүдделерді иллюзорлық іске асыру» (А. Н. Леонтьев). Ойын — бұл нақты анықталған және болжамды нәтижесі бар бір-бірінің артынан жалғасатын жасырын қосымша трансакциялар сериясы (Э. Берн). Ойын — бұл өзін-өзі басқарудағы мінез-құлықты дамытатын және жетілдіретін, әлеуметтік тәжірибені қалпына келтіруге және игеруге бағытталған ахуал шарттарындағы қызмет түрі (Г. К. Селевко) [2].

Ойын технологиясы мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады. Өйткені осы кезеңдегі жаста ойын жетекші әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасында игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың сыртқы және ішкі жақтарын ажырата бастайды, алаңдаушылық пайда болып, қоршаған ортаға бағдарлану басталады. Бала санасында қиялдау және символдық көріністер қалыптасып, бұл оған кейбір заттардың қасиеттерін басқаларына ауыстыруға мүмкіндік береді, өз сезімдерінде бағдар пайда болады және баланың ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қатысуына мүмкіндік беретін мәдени көрініс дағдылары пайда бола бастайды. «Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің кең тобын қамтиды. Жалпы педагогикалық ойынның қарапайым ойындардан айырмашылығы және маңызды ерекшелігіне оқытудың нақты мақсаты мен педагогикалық нәтижелерін негіздеуге, айқын көрсетуге және танымдық бағдарларын сипаттауын жатқызамыз. Сабақтың ойын формасы балаларды оқу іс-әрекетіне ынталандыру құралы ретінде әрекет ететін ойын мотивациясымен жасалады. Сабақтарда ойын әдістері мен жағдайларын жүзеге асыру келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: дидактикалық мақсат балаларға ойын тапсырмасы түрінде қойылады; оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады; оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойынға аударатын сайыс элементі енгізіледі; дидактикалық тапсырманы сәтті орындау ойын нәтижесімен байланысты.

Оқу процесінде ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі көбінесе ұстаздың педагогикалық ойындар қызметі және жіктелуін түсінуіне байланысты. Педагогикалық процестің сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: оқыту, жаттығу, бақылау және жалпылау; танымдық, тәрбиелік, дамытушылық; репродуктивті, өнімді, шығармашылық; коммуникативті, диагностикалық, психотехникалық және т. б. Ойын технологиясының мақсатына бірқатар мәселелерді шешу жатады: дидактикалық (ой-өрісін кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажетті белгілі бір икемдер мен дағдыларды қалыптастыру және т. б.); дамыту (зейін, есте сақтау, сөйлеу, ойлау, елестету, қиялдау, шығармашылық идеяларды дамыту, заңдылықтарды құру икемділігі, оңтайлы шешімдерді табу және т. б.); тәрбиелеу (дербестікке, ерік-жігерге тәрбиелеу, адамгершілік, эстетикалық және дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру, ынтымақтастық, ұжымшылдық, әдептілікке тәрбиелеу және т. б.); әлеуметтендіру (қоғамның нормалары мен құндылықтарына тарту; қоршаған орта жағдайларына бейімделу және т. б.) [3].

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығының «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Михайленко Т. М. Игровые технологии как вид педагогических технологий // Педагогика: традиции и инновации: материалы I Междунар. науч. конф. (г. Челябинск, октябрь 2011 г.). — Т. 1. — Челябинск: Два комсомольца, 2011. — С. 140–146.
  2. Понятие «игра» и «игровые технологии» в психолого-педагогической науке // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://multiurok.ru/blog/poniatie-igra-i-igrovye-tekhnologii-v-psikhologo-pedagogicheskoi-nauke.html
  3. Игровые педагогические технологии // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://psylist.net/pedagogika/ipt.htm
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Челябинск, Электронный ресурс.


Задать вопрос