«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар) | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар) / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 5.1 (347.1). — С. 6-7. — URL: https://moluch.ru/archive/347/78388/ (дата обращения: 18.12.2024).



Ғалымдар үшін рейтингтік журналдарда жарияланған маңызды. Оның танымал базаларда индекстелуіне ерекше көңіл бөлеміз. Осы уақытқа дейін аталмыш мәселеге көңіл бөлгенбіз [1]. Бұл жолы біз соңғы 2 жылда индекстелген қолжазбаларға назар аударуды жөн санадық. Әрине алдағы уақытта 2020 жылда өзгерістер болуы ықтимал.

«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы барлығы 643 (соңғы талдаудан кейін 59 материал қосылған), «political advertisement» кілт сөзі бойынша 166 (соңғы талдаудан кейін 59 материал қосылған) материал табылды.

Кесте 1

«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы табылған материалдар саны: 2019–2021 жылдар (01.02.2021 көрсеткіш)

Зерттеу саласы

Саны

Зерттеу саласы

Саны

1

Social Sciences

63

7

Engineering

4

2

Arts and Humanities

13

8

Mathematics

3

3

Business, Management and Accounting

12

9

Medicine

2

4

Computer Science

12

10

Environmental Science

1

5

Economics, Econometrics and Finance

7

11

Materials Science

1

6

Psychology

5

12

Multidisciplinary

1

Байқалып тұрғандай ғалымдардың басым бөлігі «political advertising» ұғымын қолданады. Зерттеу салалары бойынша кілт сөздер бірнеше салаларда пайдалануға болатындықтан, жылдар бойынша көрсеткіштер төмендегідей: 2019 жыл — 37 (соңғы талдаудан кейін 6 материал қосылған); 2020 жыл — 45.

Осы жылдар бойынша аталмыш кілт сөзбен ең көп бірлескен зерттеу жұмыстарын АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Мидлтаун қаласында орналасқан гуманитарлық университет болып табылатын Уэслиан университетінің ғалымы Э. Ф. Фаулер жариялаған. Жарияланған 7 еңбекте қалталы азаматтардың саяси жарнамаларға демеушілік жасауы, 2011–2012 және 2015–2016 жылдардағы АҚШ-тағы саяси жарнамадағы халықтың денсаулығына қатысты мәселелер, 2018 жылғы саяси жарнама тенденциялары мен демократиялық артықшылықтарды бағалау, АҚШ-тағы төрт сайлау цикліндегі (2012–2018) саяси жарнамадағы «қару», мемлекеттік және жеке теледидардағы бәсекелес жарнамалық науқандар, саяси жарнамадағы ерлер мен әйелдер дауыстарының ықпалы, мүдделер тобының жарнамалық мазмұны туралы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талданған [2].

Жылдың алғашқы 1 айы өтседе 2021 жылы базада осы кілт сөзбен 3 мақала индекстеліп үлгерген. З. Десаи және Дж. Дагган мүдделер тобының және жарнамалық науқанның әсер ету моделін зерттеген [3]. Жоғарыда еңбектері талданған Э. Ф. Фаулер осы жылы онлайн және офлайн саяси жарнама мәселелерін бірлесіп талдаған [4]. Саяси және әлеуметтік мүдделерге жақын телешоулардың контенттеріндегі генетикалық алгоритмді табудағы біріккен мәліметтер негізіндегі жеке артықшылықтарды зерттеу де саяси жарнамаға қатысты мәселелерді айқындайды [5].

«Political advertisement» ұғымы базада 2019 жылы 11, 2020 жылы 17 рет кездеседі. Бұл ұғымды қолданған ғалымдар арасынан Б. Гронбекті ерекше айта аламыз. Ол президенттік науқандарда кандидаттар жасаған имидждер бойынша кіріспеде [6, 15–18 бб.] және негативті саяси жарнама және американдық өзін-өзі бейнелеу мәселелерінде [6, 60–81 бб.] осы ұғымды пайдаланған.

Осы жылы К. Арнольд-Мюррей [7] саяси науқандардың жарнамаларындағы мультимодальды диалог мәселесіне мән берген. Автордың диалог құрудағы әртүрлі семиотикалық ресурстардың маңызды рөлі туралы тұжырымдары лингвистикалық стратегияларды талдау үшін мультимодальды тәсілдерді қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Ғалым саяси жарнамадағы диалогтың мультимодальды құрылысын әртүрлі семиотикалық ресурстарды қолдана отырып талдаған. Арнольд-Мюррей экрандағы мәтін, импортталған бейнелер мен аудиожазбалар, дене қимылдары, дискурсивті құрылымдар және осы семиотикалық ресурстардың қайталануы мультимодальды диалог құрады деп қорытындылайды.

Қорыта айтқанда, берілген жұмыстар саяси жарнама саласы бойынша зерттеулерді жалғастырып отыр. База үнемі жаңартылып отыратындықтан, зерттеу мәселесінің өзектілігін алдағы уақыттағы көрсеткіштерден біле аламыз.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

1. Насимов М. О. «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 24–26.

2. Rhodes S. C., Franz M. M., Fowler E. F., Ridout T. N. The role of dark money disclosure on candidate evaluations and viability // Election Law Journal: Rules, Politics, and Policy. — 2019. — № 18 (2). — P. 175–190

3. Fowler E. F., Baum L. M., Jesch E.b, Haddad D., Reyes C. Gollust S. E., Niederdeppe J. Issues relevant to population health in political advertising in the United States, 2011–2012 and 2015–2016 // Milbank Quarterly. — 2019. — № 97 (4). — P. 1062–1107

4. Fowler E. F., Franz M. M., Ridout T. N. The blue wave: Assessing political advertising trends and democratic advantages in 2018 // PS — Political Science and Politics. — 2020. — № 53 (1). — P. 57–63

5. Barry C. L., Bandara S., Fowler E. F., Baum L., Gollust S. E., Niederdeppe J., Hendricks A. K. Guns in political advertising over four US election cycles, 2012–18 // Health Affairs. — 2020. — № 39 (2). — P. 327–333

6. Shafer P. R., Anderson D. M., Aquino S. M., Baum L. M., Fowler E. F., Gollust S. E. Competing public and private television advertising campaigns and marketplace enrollment for 2015 to 2018 // RSF. — 2020. — № 6 (2). — P. 85–112

7. Searles K., Fowler E. F., Ridout T. N., Strach P., Zuber K. The effects of men’s and women’s voices in political advertising // Journal of Political Marketing. — 2020. — № 19 (3). — P. 301–329

8. Franz M. M., Fowler E. F., Ridout T. N. Accessing information about interest group advertising content // Interest Groups and Advocacy. — 2020. — № 9 (3). — P. 373–383.

9. Desai Z., Duggan J. A model of interest group influence and campaign advertising // Quarterly Journal of Political Science. — 2021. — № 16 (1). — P. 105–137.

10. Fowler E. F., Franz M. M., Martin G. J., Peskowitz Z., Ridout T. N. Political advertising online and offline // American Political Science Review. — 2021. — № 115 (1). — P. 130–149.

11. Padmanabhan B., Barfar A. Learning individual preferences from aggregate data: A genetic algorithm for discovering baskets of television shows with affinities to political and social interests // Expert Systems with Applications. — 2021. — № 168. — 114184.

12. Presidential Campaigns And American Self Images / Edited by A.H Miller, B. E. Gronbeck. — Taylor and Francis, 2019. — 306 p.

13. Arnold-Murray K. Multimodally constructed dialogue in political campaign commercials // Journal of Pragmatics. — 2021. — № 173. — P. 15–27.

Основные термины (генерируются автоматически): RSF, оса.


Похожие статьи

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2021 жыл)

Берілген мақалада 2021 жылғы «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері талданады.

Прагматизм — өткеннің шежіресін болашақтың көкжиегімен байланыстыратын жол

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Маневрлік тепловоздардың электр станцияларының жұмыс режимдерін анализі

Бұл мақаланың негізгі мақсаты- зерттеу нәтижесіндегі көп дизельді электр станциясының көмегімен маневрлік тепловоздардың пайдалану тиімділігін арттыру.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы)

Бөкей ордасында жергілікті бюрократиялық элитаның қалыптасуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)

Похожие статьи

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2021 жыл)

Берілген мақалада 2021 жылғы «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері талданады.

Прагматизм — өткеннің шежіресін болашақтың көкжиегімен байланыстыратын жол

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Маневрлік тепловоздардың электр станцияларының жұмыс режимдерін анализі

Бұл мақаланың негізгі мақсаты- зерттеу нәтижесіндегі көп дизельді электр станциясының көмегімен маневрлік тепловоздардың пайдалану тиімділігін арттыру.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы)

Бөкей ордасында жергілікті бюрократиялық элитаның қалыптасуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)

Задать вопрос