Сыр бойының Кете тайпасының батырлары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №6 (348) февраль 2021 г.

Дата публикации: 03.02.2021

Статья просмотрена: 930 раз

Библиографическое описание:

Ахметбек, Бакытжан Мукарамулы. Сыр бойының Кете тайпасының батырлары / Бакытжан Мукарамулы Ахметбек, К. З. Кипшакбаев, Д. Ж. Серкебаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 6 (348). — С. 470-472. — URL: https://moluch.ru/archive/348/78421/ (дата обращения: 18.12.2024).



Мақалада Сыр бойының Кете тайпасының батырлары туралы зерттеледі.

Кілт сөздер: ерлік, қаһармандық, майдандағы жауынгерлік айғы-шаралары, Отан алдындағы борыштылық.

В статье исследуется о героях племени Кете в Сыр бойы.

Ключевые слова: героизм, мужество, боевые заслуги на фронте, долг перед Родиной.

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның геосаяси жағдайы күрделі болғанын тарихтан білеміз. Орыс зерттеушісі А. И. Добромыслов өзінің еңбегінде былай дейді: «ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінің аяғына қарай солтүстіктегі Сібір казактары мен башқұрттардың, батыстан Еділ қалмақтарының, шығыстағы жонғар билеушісі Галдан Цереннің үздіксіз жорықтарынан әрі өз ішіндегі талас-тартыстардан азап шеккен қазақ халқы батыс және оңтүстік батысқа қарай жылжып, жаңа жайылымдарды иеленді». Осы қиын кезендерде елін жаудан қорғауда Сыр өңірінің батырлары да орасан ерлік көрсетеді. «Сыр елі- жыр елі!» деп келдік, біз қосар едік «Сыр елі — батырлар елі».

Сыр бойы батырларының үлкен ерлігі 1725 жылы Сыр өңіріндегі Қармақшы ауданында Жауғаш деген жерде қазақ-жонғар соғысында алғашқы рет жеңіске жетуінде. Әйгілі Аңырақай шайқасы кейін болған. Бұл дерек бізге айтылған тарих болып атадан балаға жетіп отыр. Біз Жауғаш шайқасымен мақтанамыз, бірақ өкініштісі кітаптарға енгізілмей тұр.

Сыр бойының атақты батыры — Текей Қарпықұлы. Текей батырдың атқарған қызметі, тарихи рөлі мен алар орнын жастарға айта беру керек, олардың санасына сіңіру керек. Біз келесі ұрпаққа патриот бол десек ол патриот болмайды ғой, оған батыр бабаларының ерліктерін, есімдерін таныстыру керек!

Текей Қарпықұлы (1667–1752) қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Текей батыр, қолбасшы, палуан, әнші болған. Тегі — Кіші жүз Алшын — Қаракесек — Байсары — Кете-Қара аталығынан шыққан. Кетенің ұраны — Майлыбай. Таңбасы — (Х).

Текей батыр бейіті — қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласыныңдағы Қ.А. Яссауи кесенесіндегі құлпытаста есімі кездеседі және қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Т. Көмекбаев атындағы ауылдың «Кекірелі» — деп аталатын шалғай бөлімшесінен (бұрынғы Бестам қала) онтүстікке қарай 20 км. жерде (облыстық тарихи және мәдени ескерткіштер қоғамының 1992 жылғы 1 сәуірдегі № 01/1992 қатынасы картасына № 41мазар болып енген) яғни Сыр бойы батырларына тән Текей батырдың 2 мазары бар [1].

Текей әз Тәукенің бас сардары болған. Деректерге сүйенсек 1711 жылы Текей батыр Тәуке ханның бас сардары болып үлкен жеңістерге жеткен. Кейін Тәуке ханның өлімінен кейін Әбілқайыр ханның батыры, жақын серіктерінің бірі болады. Текей батырды кезінде жау жағы «Тәуке батыр» деп те атаған. Текей батыр жауға шапқанда сыр мінез Ақбоз атымен шабады екен [3, 5, 6, 53, 58 бб.].

Текей батырдың алтын бесікті Ұлтай, Бөке сұлудан Абақан батыр, Ақкөбек батыр, Құтпенбет палуан туылады. Ал екінші әйелі жонғар қызынан Кеген батыр туады. Үшінші әйелінен — Шымырбай туылыпты.Текей батыр ақылгөй адам болған. Артында өлмейтіндей сөз қалдырған. «Ұлдары батыл, қыздары асыл елдің шегіне жау жетпес, ұлдары жасық, қыздары пасық елдің басынан дау кетпес» деген нақыл сөздері бізге жетіп отыр.

Текей батыр «Әке балаға сыншы» деген қағидамен балаларын шақырып алып өсиет айтыпты деседі. Сонда: Абақанға бірлікті, Ақкөбекке билікті, Құтмамбетке палуандықты, Шымырбайға байлықты, Кегенге батырлықты, Ұлтайға шанышқыны сыйлап, «несібеңді балық аулаудан тап» деген екен жарықтық.

Енді Текей батырдың ағасы Құдайназар батыр жайлы сөз қозғайын. Қарпықұлы Құдайназар — батыр, аталық. Құдайназар батыр — қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде ХVІІ ғасырдың 2-жартысында, ХVІІІ ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген. Батыр бабамыздың бейіті -белгісіз.

Құдайназар батыр Тәуке ханның аталығы болған. Әз Тәукенің абырой-беделін арттыруда, қазақ халқының биік шоқтығын өзгелерге көрсетіп, танытқан. Құдайназар батыр Әз-Тәуке қайтыс болғаннан кейін, Әбілхайыр ханның кезінде де қазақ-орыс арасындағы бітімгершілік қызметті мінсіз атқарады. Кезінде орыс елшісі Тевкелевтің жазуларында да Құдайназар батырдың аты жазылған. 1731жылдың М.Тевкелевтің жазуында Құдайназар батыр жөніңде дерек бар [6, 57–63 бб.].

Құдайназар бабасына ұқсап шөбересі Бәбекеұлы Құттыбай батыр болады. Құттыбай батыр — қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында ХVІІІ ғасырдың 2-ші жартысында, ХІХ ғасырдың 1-ші жартысында өмір сүрген. Батыр бабамыздың бейіті — белгісіз.

Текей батырдың баласы Ақкөбек батырдың ұрпағы Пірен жайлы сөз қозғайық. Ақкөбекұлы Пірен — батыр, би. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Пірен батыр Сыр бойының жаужүрек батыры, әрі биі болған. Шежіреге қарасақ Пірен Мырзалы баласы болады, яғни Ақкөбектің шөбересі болып тұр. Ақкөбек — Бөтек — Мырзалы — Пірен туады [7, 26, 29 бб.].

Текей батырдың немересі Абақан батырдың баласы «Текейдің дәуі» атанған Болат батыр ХVІІІ ғасырда Қызылорда облысы, Қармашқы өңірінде өмір сүрген. Батыр бабамыздың бейіті — қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында.

Болат батыр Сыр бойының атақты батырларының бірі, текті әулеттен шыққан әруақты Текей батырдың немересі. Өзі ірі денелі, батыр тұлғалы, сұлу пішінді кісі болған. Болат батырдың Көкала аты болыпты. Батыр баба осы Көкала атымен жауға шапқанда оны Текейдің дәуі деп атаған екен.

Деректерге сүйенсек Болат батыр жонғарлармен, Еділ қалмақтарымен соғыстарда талай ерлік көрсеткен. Бір күні Болат батыр мен Сәлтеке жау қолына түсіп қалады. Сәлтеке батыр зыңданнан қашып шығады. Ал Болат батыр зыңданда 3 (үш) жыл отырады. Батырдың өр тұлғасын көрген қалмақ ханы оған өзінің сұлу қызын қосып, артында мұрагер қалдырғысы келеді. Бірақ, Болат батыр көнбей, қалмақтың қызына шындығын айтып, елінде жанадан үйленген жас келіншегі барын, оның көзіне шөп салуға ары бармайтының айтып, өзін босатуды өтінеді. Қалмақ қызы Қойкелтір атқосшысы мен Болат батырдың имандылығына ырза болып қашырып жібереді. Еліне жеткен Болат батыр ауылына жақын тұрған төбенін үстінде отырып, көзімен сұлу келіншегін іздейді. Сол кезде қарны шермиіп, туарманға келіп жүрген сұлу келіншегін көріп, бармағын тістелеп отырып қалады. Сол күйінде төбе басында қайтыс болады.

Атқосшысы Қойкелтір Болат батыр өлімін ауылына жеткізеді. Болаттың әкесі Абақан батыр Болат батырды ел болып арулап жерлейді. Ал Болат батырдың сұлу келіншегін имандылық жолынан аттаған үшін Қойкелтір атқосшыға қосады. Артынша дүниеге Қарабай атты бала дүниеге келеді. Осы Қарабай аталығы бүгінде 15 (он бес) шанырақтай болады [3].

Болат батырдың белгілі ұрпақтарының бірі Есенжол ақын болған.

Текейұлы Құтпенбет палуанның Есіркеп, Мүсіреп, Жиенбай деген балалары болған. Жиенбайдан Жанышбай батыр, Байшуақ туылады. Байшуақтың немересі Тышқанбайұлы Жанқозы палуан болған. Жиенбайұлы Жанышбай — батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген.

Жанышбай батыр Сыр бойын жаулардан қорғап атын шығарған есіл ер. Батыр бабамыздың Мырзағабыл, Едіге батыр, Нұрымбет, Қаракөт деген балалары болған.

Текей батырдың шөпшегі Жанышбайұлы Едіге батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Едіге батыр туралы дерек аз болып отыр, ұрпағы жайлы дерек жоқ. Текей батырдың баласы Ұлтай батырдың ұрпақтары жайлы айтайық. Ұлтайұлы Нәдірәлі — батыр. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Нәдірәлі батырдың Көшбембет, Молдақара, Барақ деген балалары болған. Нәдірәлі батырдың немересі Барақұлы Жұбаныш батыр болған. Ұлтай батырдың шөбересі Өтебайұлы Бөрібай батыр болған. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Бөрібай батыр Текей батырдан былай тарқайды. Қарпық батыр — Текей батыр — Ұлтай батыр — Отаршы — Өтебай-Бөрібай батыр туылады. Бөрібайдың Малқар, Шалқар деген балалары болған. Малқардан Қылыбай, Қызбан, Тәукен, Есжан, Биман, Аймахан туады [7, 26, 29 бб.].

Енді Текей батырдың ағасы Қарабазар батыр жайлы айтайық. Асанұлы Қарабазар батыр қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Батыр бабамыздың бейіті — белгісіз.

Қарабазар батырдың ұрпақтарынан да елін қорғап, батырлығымен аты шыққан ерлер шыққан.Қарабазар батырдың немересі Өтепбергенұлы Итіке батыр — қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде ХVІІІ ғасырдың 1-ші жарытысында өмір сүрген. Батыр бабамыздың бейіті — белгісіз. Итіке батыр Сыр бойының айбынды батырларының бірі. Итіке батырдың ұрпақтары жөнінде мәлімет жоқ.

Қарабазар батырдың шөбересі Қанайұлы Айтуар батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Айтуар батырды Сыр бойының шежіреші ақыны Әлімбай Әлиасқаров (1908–1990) «Қазақ шежіреші» еңбегінде:

Қанайдан туған екен ер Айтуар,

Айтуардан Аманбай болыпты нар, — деп жырлаған [2, 115, 118, 121 бб.].

Қарабазар батырдың 8-ші ұрпағы Алтынбайұлы Қожық та батыр ХІХ ғасырда өмір сүрген. Сыр бойында ХІХ ғасырда Кете тайпасынан Қитар батыр және оның баласы белгілі Дәуімшар би, кете Боранқұл батыр, Қайықбай батыр өмір сүрген.

Осы аталған Кете руының батырларының есімдерін халық ұмытпауы керек. Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні, Сыр бойынан шыққан Кете тайпасының батырлары — текті тұлғалар. Зерделеп қарасақ, Сыр бойы батырларының рухы өскелең ұрпаққа адалдықтың, Қазақ Еліне деген сүйіспеншіліктің, бірліктің, батырлықтың қасиетті ақ жолын мұра қылып қалдырды.

Уақытында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қалтқысыз қамдай алмақ», — деген. Яғни, біз кейінгі ұрпақ қазақ деген намысшыл халық екенімізді биік ұстап, тарихымызды қастерлеп жүрсек, қазақтың Кете тайпасының батырлар елінен екенімізді мақтан етіп жүреміз.

Әдебиет:

  1. Исаев М. // Қазақ әдебиеті. — 1999. — 18 маусым.
  2. Әлиасқаров Ә. Қазақ шежіресі. — Қызылорда: Принт, 2008. — 15, 118, 121 бб.
  3. Исаев М. Текей батыр. — Алматы, 1996. — 5, 6, 53, 58 бб.
  4. Сыр сүлейлері. — Қызылорда: Қызылорда полиграфия, 2003. — 91 б.
  5. Қари З. Келмембет батыр. — Алматы, 1998. — 136 б.
  6. Бабақұлы Б. // Ақиқат. — 1993. — № 2. — 57–63 бб.
  7. Дайрабаев Т. Кете-Шөмекей шежіресі. — Алматы: Жазушы, 1995. — 26, 29 бб.
  8. Байділдаев М., Мағауин М. Бес ғасыр жырлайды: 2 том. — Алматы: Жазушы, 1989. — 468 б.
Основные термины (генерируются автоматически): батыр, сыр, Кет.


Ключевые слова

ерлік, қаһармандық, майдандағы жауынгерлік айғы-шаралары, Отан алдындағы борыштылық

Похожие статьи

Абай даналығы, шығармашылығы, ұрпақ сабақтастығы

Берілген мақалада авторлар Абай Құнанбаевтың ұрпақтарын қарастырады.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Қашықтықтан оқыту дарынды балалармен жұмыс жасау құралы ретінде

Жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дарынды балаларды оқыту мәселесі талданған.

Райымжан Мәрсековтың өмірі мен шығармашылығы

Мақалада Қазастан Республикасының XX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихына үлес қосқан ұлы тұлға заңгер Райымжан Мәрсеков туралы деректер берілген.

Қазақстан Республикасындағы спорт саласының даму мәселелері

Бұл мақалада автор Қазақстандағы спорт саласының дамуында бүгінде туындап жатқан мәселелері мен олардың салдарын айқындайды.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқыту

Берілген мақалада орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқытудың мәселелері қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Похожие статьи

Абай даналығы, шығармашылығы, ұрпақ сабақтастығы

Берілген мақалада авторлар Абай Құнанбаевтың ұрпақтарын қарастырады.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Қашықтықтан оқыту дарынды балалармен жұмыс жасау құралы ретінде

Жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дарынды балаларды оқыту мәселесі талданған.

Райымжан Мәрсековтың өмірі мен шығармашылығы

Мақалада Қазастан Республикасының XX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихына үлес қосқан ұлы тұлға заңгер Райымжан Мәрсеков туралы деректер берілген.

Қазақстан Республикасындағы спорт саласының даму мәселелері

Бұл мақалада автор Қазақстандағы спорт саласының дамуында бүгінде туындап жатқан мәселелері мен олардың салдарын айқындайды.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқыту

Берілген мақалада орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқытудың мәселелері қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Задать вопрос