Фахриддин Разидің иман түсінігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (350) февраль 2021 г.

Дата публикации: 15.02.2021

Статья просмотрена: 54 раза

Библиографическое описание:

Гаюпов, Мураджан. Фахриддин Разидің иман түсінігі / Мураджан Гаюпов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 8 (350). — С. 218-221. — URL: https://moluch.ru/archive/350/78647/ (дата обращения: 19.12.2024).



Зерттеу жұмысында Ислам әлемінде алғашқы дәуірлерден бастап пайда бола бастаған сенімдік тақырыптар жәнеде ақидалық мазхабтар жайлы сөз қозғалады. Сан ғасырлардан бері мазхабтар арасында пайда болған әр-түрлі ақида тақырыптарындағы мәселелер болды. Бұл мәселелерге әр мазхаб өзінше шешім беріп отырды. Солардың ішінде әхлу суннаның сенімдік мазхабтары Мадуридилік және Ашарилік болып табылады. Матуридилік ақылмен нақылдың ортасында ақылға көбірек маңыз беріп үкім берсе, Ашари мазхабы нақылға көберек маңыз берді. Ф.Рази Ашари каламдық мектебінің өкілі болғанымен исламның рационалдық бағытына көп мән берді. Ф.Рази ең алғашқылардың бірі болып ислам ғалымдарының ішінен аспан денелері, медицина тақырыптарында ой қозғап үлес қосты.

Кілтті сөздер: дін, еңбек, орта ғасыр, ислам тарихы, мужтахидтер, аударма жұмыстары, сенім мәселесі.

Исследование посвящено темам религиозных и доктринальных школ, возникших в исламском мире с древнейших времен. На протяжении столетий среди мазхабов возникали вопросы на различные темы веры. У каждой секты было свое решение этих проблем. Среди них школы мазхаба Ахль ас-Сунна и школы Мадхуридов и Ашари. В то время как Матуриди придавали большее значение на разум, школа Ашари придавала большее значение на писание. Хотя Ф. Рази является представителем философской школы ашари, он придавал большое значение рациональному направлению ислама. Ф. Рази был одним из первых исламских ученых, обсуждавших небесные тела и медицину.

Ключевые слова: религия, труд, средневековье, история ислама, муджтахиды, перевод, вера.

Фахриддин Рази 1149 жылы Рей қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Рей қаласында Хатиб қызметін атқарған сондықтан Рази Ибн ал-Хатиб атауын алған. Алғашқы білімін шафиилік фиқх ғалымы ал-Камала ас-Симнанидан алды. Философиялық ғылымдарды Мадждуддина ал-Джилидан үйренді. Ар-Рази отбасылық жағдайының нашарлығына байланысты орта Азия қалаларында көп жұмыс жасап әртүрлі ғалымдармен кездесті. Ол Гуридтік және Харезмшах сұлтандарының сарайында қызмет етті. Кейінірек ол Гератда медресенің негізін қалады. Өмірінің басым бөлігін Самарқанд, Бухара, Харезм қалаларында өткізді. Бухарада ол философиялық ғылымдарды үйреніп, тартыстарға қатысты. Хоремзшах сарайында үш жыл кеңесші ғалым болып қызмет атқарады. Ол өз дәуірінің жан-жақты ғалымдарынан болды. Өмірінің соңғы жылдарында Гератда медресе ашып, сонда өткізді. 1210 жылы сол қалада дүниеден өтеді.

Фахриддин Рази өзге идеялық қарсыластарымен күресі арқылы танымал болды. Ол муғтазилиттермен, ханбалилермен, исмаилиттермен идеялық тартыс жүргізді. Бұл идеялық күрес оның өмірінің басым бөлігін қамтыды. Негізінен Каррамиттермен күрес жүргізді. Кейбір ғалымдар Разидің өліміне себеб болғанда осы оқиға дейді.

Фахриддин Рази Абул Баракат ал-Бағдадидің шығыс перипатетиктерін сынға алуын дамытып, калама ілімі мен философияны жақындатуға еңбек етті. Рази Ал-Ғазалидің философия жайлы идеясына қарсы шықты. Разидің калам мен философияны біріктіру үшін жасаған әрекеттері ислам әлемінің наразылығын тудырды. Кейбір деректерге қарағанда Рази өмірінің соңына қарай калам ілімінен бас тартып сопылыққа бет бұрды дейді.

Фахриддин Рази біздің әлемнен басқада әлемдердің барлығын ақли дәлелдермен дәйектеген ғалымдардың бірі. Оның пікірінше тек біздің ғана әлемнің болуы Жаратушының құдіретіне нұқсан келтіреді. Ол өзінің еңбегінде былай баяндайды «біздің әлемнен тысқарыда шексіз кеңістік бар және Құдайдың құдыреті сондағы барлық құдіреттен асып түседі. Сондықтан бұдан басқа мыңдаған ғаламдарды жаратып және ондада аспан, жер, күн, ай сияқтыларме қамтамасыз ету заңды құбылыс. Философтардың жалғыз әлем барлығына негіздері әлсіз және негізсіз» [1, с. 78].

Құран тәпсірі саласында Фахриддин Разиге атақты аяқталмаған тәпсір Мафатих ал-Ғайб еңбегі тиесілі. Бұл еңбек басқа тәпсір еңбектерінен рационалисттік қырларымен ерекшеленеді. Бұл еңбек муғтазилиттердің ғалымы Замахшаридің «Ал-Кашшаф» еңбегіне жауап ретінде жазылған.

Ислам әлеміндегі ойлау дүниетаным әрекетіАшари мен Ғазали рационалисттік философияға соққы жасауынан соң, біртіндеп Аристотель рационализмінен суфилер мен ишраки (шығыс мұсылман) философтары интуициялық танымға және яишраки философиясына бет бұра бастады. Аббасилер халифатының соңғы кезеңдерінде ислам саяси және мәдени тұрғыдан әлсірей бастады да, мұсылман философиясы, әсіресе, шииттік әлемде өзін перипатетизм философиясының формаларынан арылу процесін өткерік жатты. Осы ағымның жеке дара тұлғаларының бірі- Фахриддин Рази рационалисттерге қарсы шабуыл жасауда ерекше рол атқарды. Хижри жыл санауы бойынша алтыншы ғасырда Ғазали исламның жаңа жаршысы болса, хижри жетінші ғасырда исламның жаңартушысы Фахриддин Рази болды. Ислам ғалымдары Разиді «Екінші Ғазали» деп атайды. Және мұсылман теологтарының шоқтығы биік тұлғасы ретінде сипаттайды.

Фахриддин Разидің әкесі Зиявуддин Рей қаласындағы атақты ғалымдардың бірі болатын және ол Разидің алғашқы ұстазы болды. Көп өтпей матиматика, медицина және жаратылыстану сияқты заманының барлық ғылымдарын игере бастады. Білімін жетілдірген соң, муғтазила мазхабындағылармен пікір таластыру үшін Хорезмге одан әрі Мауареннахрға сапар шекті. Рази Гури билеушілері Ғиясиддин және оның бауыры Фахриддин тарапынан ілтипатқа ие болды. Бірақ ол сарай ағаларымен сондағы ғылым иелерінің теріс әрекеттері мен қызғаныштарының нәтижесінде сарайда ұзақ қала алмады. Ол Гератқа біржолада қайтып сұлтан Алауиддин тарапынан салынып берілген медреседе шәкірт тәрбиелеумен айналысты. Өмірінің қалған бөлігін сонда өткізіп әлемнің түкпір-түкпірінен келген шәкірттерді тәрбиелеумен айналысты [2, с. 67–68].

Калам ілімі саласында Ашари мазхабын жақтаған Рази Ғазали мен Имам Харайайни салған сара жолды жалғастырды. Разидің бізге мәлім жүзге тарта еңбегі мұсылман өмірінің бүкіл салаларын қамтиды. Ибн Синаның «Ишарат ва танбихат», «уюн ал-хикма» және «Мабахис ал-Машриқия» сияқты еңбектеріне жасалған түсіндірме типтес оның еңбектері мұсылман ойшылдарын әсіресе Ибн Сина мен кейбір философиялық принциптерді сынаудан тұрады. Оның басқа да еңбектері логика, математика, метафизика, сияқты рационалисттік ғылымдар мен жаратылыстану, эзотериялық ілімдермен байланысты. Разидің атақты еңбектерінің тізімі мынадай

— Мафатих аль-гайб

— Асас ат-такдис фи илм ал-калам

— Джами ал-улум

— Ар-Рисала ал-камалия фил-хакаик ал-илахия

— Чахардах рисала

— Ал-Мабахис аш-шаркия

— Лубуб ал-ишарат

— Ал-Арбаин фи усул ад-дин

— Итикадат фирак ал-муслимин вал-мушрикин

— Мухассал афкар ал-мутакаддимин вал-мутааххирин [3, с. 385].

Рази жекелеген ілімдер жайлы жазған. Бұған мысал ретінде Замахшаридің синтаксис кітабына жазған түсіндірмесі, астрономия және астрология жайлы жазған «Китаб ас-Сир вал-Мақтум», медицина, геометрия және магия жайлы жазған бірнеше трактаттарын атауға болады. Разидің сараптаулары мен сынындағы тапқырлығынан қарастырылған ғылым салаларында тек өзіне тән методиканың артықшылықтарын байқауға болады.

Фахриддин Разидің теологиясында каламдық тақырыптар басқа ілімдердің тақырыптарымен астасып жатады. Мысалға келтірер болсақ парсы тілінде жазылған «Асар ат-Танзил» атты трактатында калам ілімін және этиканы, Лауани ал-Баянат атты трактатында калам мен суфизмді өзге еңбектерде кездесе бермейтін калам іліміне көркемдік шырай берді. Лауамидің алтыншы бөлімінде суфизмнің методикасы зікір жөнінде жаңа ой тұжырымдады. Зікірдің эзотерикалық формаларының бір көрінісі жайлы ол мынадай пікір білдіреді: «Зікірдің үшінші түрінде адам Алланың жаратқандарына ой жүгіртіп қарау керек, сонда әлгі жаратылыстардың мәні ғайып әлемін көретін айнаға айналады. Оған даланың көзімен қарағанн адамның рухани көзі Жаратқан иенің туындысын көре алады. Ол жайлы Рази былай дейді «Бұл шексіз хат ұшы-қиыры жоқ теңіз сияқты». Разидің каламдық көзқарастарын тану үшін осы салаға арнаған трактаттарына назар аударған жөн. Жарыққа шыққан күнінен бастап калам ілімінің классикасы саналатын «Мухассал» атты еңбегін қарастырғанда байқалатын ерекшеліктер бар [4, с. 35].

Рази калам ілімін төртке бөліп қарастырған: бастапқы кезең, болмыс және оның салалары, рационалды калам және соңғысы самиат. Алғашқы бөлімі логикалық негіздерді, дәлелдердің Алланың бар екендігін дәлелдеуге жеткілікті және әрбір мүміннің Алланың бар екендігін дәлелдеуге міндетті екендігі жайлы тақырыптар қамтылады. Ал болмыс пен оның салаларына қатысты бөлімде бар болуы мен жоқ болуға тән проблемалар, болмыстың сипаттары, бар болуы мен жоқ болуы арасындағы форманың қайшылықтары, даралықтың жалпылықпен байланысы, себеп пен салдар сияқты тақырыптар қамтылған. Құрандағы аяттармен мысал келтіре отырып, рационалды калам (теология) абсолюттік болмыс (Алла), оның сипаттары мен әрекеттері және Асма ул-Хусна тақырыптары баяндалады. Өасиетті жазбаларға негізделген самият бөлімі пайғамбарлар, ақырет күні, имамдық, иман және соған жақын тақырыптар кездеседі. Мұсылман каламшылары арасынан Фахриддин Рази тәрізді математика, жаратылыстану салаларында үлкен жетістікке қол жеткізген. Оның білімге деген құмарлығы мен талпынысы осы дәрежеге жеткізді. Имам Рази антика мәдениетіне тән ғылым-білімді қоса игерген. Разиді жоғарғы дәрежеге жеткізген ілімдердің бірі-медицина. Денсаулық және анатомия тақырыптарында бірнеше трактат жазған. Сонымен қатар Рази Гератта диагноз қою жағынан ерекше қәбілетімен және сол диагноз қоюдағы дәлдігімен халыққа аты шыққан. Имам Рази сонымен қатар геометрия, саясат, тарих және салыстырмалы түрде діндер жайлы трактаттар жазған. Рази эзотерикалық ілімдерге каламшылар мен философтарға қарағанда көп мән берген. Имам Рази кітабында калам, мұсылман құқығы, тафсир, тажуид және хадис сияқты дәстүрлі исламдық ілімдер орын алуымен қатар, грамматика қағидалары, синтаксис, морфология, өлең өлшемдері сияқты филология мен тарих салаларында зерттеген. Имам Рази ислам әлемінде тек калам саласында ғана емес Құран Кәрім тәпсірінде де ерекше абыройға иа болды. Құран үйренуді бала кезінде бастаған Рази тафсир саласындағы алғашқы сауатын әкесінен ашты. Өмірінің соңында оның былай дегендігі баяндалады: «Калам ілімінің барлық әдістерін және философияның бүкіл қырларын меңгердім, бірақ Құран Кәрім оқығандағы қол жеткізген пайдамды олардың ешбірінен кездестірмедім». Разидің Құран тәпсірлері: Тафсир ал-Фатиха, Тафсир ал-Бақара, Асма Аллах ал-Хусна және Рисала фи-Танбих ала бад ал-Асрар ал-Мауиза фил-Қуран. Соңғы еңбек сопылық пікірлермен толысқан каладық тәпсірден құралып, метафизика «Ихлас» сүресіне, нубууат идеясы «Ала» сүресіне, қайта тірілу «Тин» сүресіне және амалдардың белгіленуі «Аср» сүресіне негізделіп түсіндіріледі. Имам Разидің ең атақты тафсирі ауқымды түрде қамтылған «Мафатих ал-Ғайб» басқаша Тафсир ал-Кабир деп те аталады. Тафсир автордың өлімінен соң Ибнул-Хуул және Суюти тарапынан жинақталып реттелген. Бұл еңбек бүгінгі күнге дейін Құранға жасалған ең маңызды каламдық тәпсір болып табылады. Имам Рази бұл тафсирді жазғанда үйлесімді түрде энциклопедиялық білімін, тарих, география, және өзге ғылым салаларына тән мәліметтерді Құранның мәтіндерімен ұштастыра отырып жазған. Рази тәпсірінде ақылдық негіздер мен ислам уахиінің ұстындарын жүйелеген мұсылман ғұламаларына мысалдар бере отырып, оларды дәріптеген. Сонымен қатар Құрандағы оқиғаларды талдай отырып, олардың Құдайлық және метафизикалық мағыналарына тәпсір жасаған. Көлемі және тақырыбына байланыссыз көптеген мәселелерге қарамастан «Мафатих ал-Ғайб» ықпалы зор каламдық тәпсір екендігі даусыз. Кез-келген пікірталаста өзінің шешендігімен, тапқырлығымен және зеректігімен көзге түсті. Имам Разидің ақындық өнеріде бар болатын. Оның араб тілінде және парсы тілінде жазылған бірнеше өлеңдері жарық көрген [5, с. 59].

Мұсылман әлемінде XII-XIV ғасырларда халифат деңгейінде жалпы білім беретін жүйе сақталды деп айту қиын. Тарихи дәлелдер халифатта өз дәстүрі мен мәдениеті жүйеленген мемлекеттер қалыптасып жатқанын көрсетеді. Мысалға: Бувейхилер, Тахирилер, Сафарилер, Селчуктар.

Иранның Рай қаласының тумасы болған Разидің өмірі саяси қайшылықтарға, түрлі топтардың саяси билік үшін таласы кезеңіне сәйкес келді. Хорасан мен Мауареннахрдің түрлі аймақтарында билік үшін түрлі мемлекеттер күресіп жатты және олардың ішіндегі ең қуаттысы Гуридтер болатын. Рази Гуридтің сұлтаны Ғиясуддин Гури заманында өмір сүрді. Гуридтер Хорезмшахқа және Үндістандағы Ғазнауилерге қарсы соғыс жүргізді. Сұлтан Ғиясуддиннің билік құрған кезінде Гурид мемлекеті Үндістаннан Мервқа аймақты алып жатқан жерге иелік етті. Алоуаддин Текештің билік құрған уақытында Хорезмшах пен Руридтер арасында бейбіт келісім жасалынды. Бірақ Ғиясуддин сұлтанның өлімінен кейін Хорезмшах өзіне бүкіл Гур аймағын бағындырды. Бұл екі мемлекетте Ханифилік, Каррамилік және Шафиилік мазхабының ықпалында болды. Бұл мазхабтар мемлекет билеушілерінің қолдауларына ие болды. Разиге арнап Ғиясуддин сұлтанның бұйрығымен Герат қаласында медресе салынды. Сол медреседе Рази ақида іліменен сабақ берді. Сұлтан Ғиясуддиннің сарайында Ханифилермен Каррамилер арасында көптеп тартыс өткізілетін. Рази бұл тартыстардың белсенді қатысушысы болатын және көбіне шешендігімен жеңіске жететін. Мысалға бірде Рази Каррамилердің басшысы Ибну Кулухаға айтқан аргументінен кейін Кулуха сарайдан шығып кеткендігі айтылады. Бұл тартыстарда бір тараптың жеңісінен кейін жеңілген тарап не сарайдан шығуы керек болатын немесе қарсы тараптын көзқарасын қолдауы керек болды [6, с. 300].

Хорезмшах сарайында Рази ғалымға құштарлығы үлкен Текеш сұлтанның қолдауына ие болды. Сол кезден бастап Разидің ғалымдық атығы қалыптаса бастады. Осы уақыттан бастап Рази философия саласымен әуестене бастады. Шығыс перипатетиктерінен Фараби, Ибн Синоның ілімдерін зерттей бастады. Бірақ Рази калам ілімімен айналысқандықтан олардың пікірлерінің барлығын қолдай қоймады тіпті кей кездері қарсы шықтыда. Сол кезеңнің жақсы дәстүрінің бірі меедересе құрылысы болды. Сол кезеңнің билеушілері халықтың арасында атаққа бөлену үшін медресе құрылысымен қарқынды айналысты. Аббасилер кезеңінен бастау алған бостандықпен толеранттылық өзге конффессияға деген төзімділік басып алу жорықтарынан кейін әлсірей бастады. Бұл Мауареннахр мен Хорасанда түрлі топтардың қақтығысына алып келді. Әсіресе Исмаилилермен күрес өршіді. Таних Хорезмшах оларға қарсы күресін күшейтіп оларды барлық жерде қуғынға ұшыратты. Философтармен және муғтазилиттермен күрес күшейді. Осылардың барлығы Разидің дүниетанымының қалыптасуына әсер етті. Бұл қақтығыс қадария, жабирия, харижия, исмаилия, имамия мазхабтары арасында орын алды [7, с. 195].

Әдебиет:

  1. Имам, Фахриддини Рази. Ал-Арбаин фи усули дин. -Каир: Ал-Азхар
  2. Кулматов Н. Филасофия Фахриддина Рази. Душанбе, 1981.
  3. Имам, Фахриддини Рази. Ал-Этикад фирак-ул-муслимин вал Мушрикин. Каир, 1994.
  4. Yasin Geylan. Theology and tafsir in the major works of Fakhr al-Din al-Razi.
  5. Klavuz S. A., Köten A., Çetin O., Algül H. ж.к.е., 34-бет; Hamdi Döndüren. İslam ilmihali. — İstanbul: Altınoğluk matbaası, 1998. 18-б
  6. Ал-Мунтахаб фи тафсир ал-Куран ал-Карим (Избрание из комментарие и священного Корана).-Каир, 2000.
  7. Осмaн Қaрaбиық, Ислaм діні. — Aлмaты, 2007.
  8. Aсaлыоглу A. Ислaм мaзһaбтaры тaриxы, Түркістaн: 2011.
  9. Sulaiman Uludag. İslam Düşünncesının Yapısı. — İstanbul, 1956
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Ислам, кал, имам, Каир, XII-XIV, бар, большее значение, кал мен, оса.


Ключевые слова

дін, еңбек, орта ғасыр, ислам тарихы, мужтахидтер, аударма жұмыстары, сенім мәселесі

Похожие статьи

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан ...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Қазіргі шешендік өнерде би-шешендердің бата сөздерін қолдану тәсілдері

Қазақтың би — шешендерінің ғасырлар бойы жасап келе жатқан асыл мұрасы бата сөздерінің қазіргі таңда да Ұлы дала жастарының тіл мәдениетін дамытуда алар орны ерекше. Берілген мақалада би –шешендердің бата сөздерінің қазіргі таңда да қолданыстан шықпа...

Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынн...

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы егіс алқаптарын суғарудағы тиімді әдісін таңдау

Мақалада жалпы ауыл шаруашылығында қолданылатын суғару әдістері және оның ішінде тамшылатып суғару әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Ауыл шаруашылығындағы суармалы алқаптардағы пайладанатын су мөлшерін үнемдейтін тамшылатып суға...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Қазіргі заманғы білім жүйесіндегі әл-Фарабидің геометриясы

Мақалада әлемдік ғылымның дамуына өзінің іргелі еңбектерімен үлесін қосқан, Қазақстан тумасы, әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқыту туралы айтылған. Әл-Фарабидің әлем ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы айтылады. А.Көбесовтың еңбектеріне сүйен...

Ибн баттута саяхаттарының маңызы

Ибн Баттутаның Орта Азия тарихының салыстырмалы түрде аз зерттелгені туралы хабарларына көптеген шығыстанушылар ерекше назар аударған. Ибн Баттута жеке әсерлерге негізделген өзінің қызықты жазбаларымен сол кездегі жергілікті хронистер жазбаған көптег...

Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу

Бұл жұмыста «Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу» тақырыбы қарастырылған. Желінің қауіпсіздігі туралы алаңдағанда, сіздің желіңізді рұқсатсыз кіруден қорғаудың көптеген жолдары бар. Ықтимал қо...

Алматы қаласының саябақ ландшафты екпелерінің экологиялық жағдайын бағалау

Мақалада Алматы қаласының Тұңғыш Президенті паркінің негізгі ағаш түрлерінің қазіргі түр құрамы, жай-күйі және экологиялық амплитудалары зерттелді. Интродуценттер түрлерінің жалпы санының % құрайды. Парктерде өсетін ағаш-бұта түрлерінің сандық құрамы...

Похожие статьи

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан ...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Қазіргі шешендік өнерде би-шешендердің бата сөздерін қолдану тәсілдері

Қазақтың би — шешендерінің ғасырлар бойы жасап келе жатқан асыл мұрасы бата сөздерінің қазіргі таңда да Ұлы дала жастарының тіл мәдениетін дамытуда алар орны ерекше. Берілген мақалада би –шешендердің бата сөздерінің қазіргі таңда да қолданыстан шықпа...

Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынн...

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы егіс алқаптарын суғарудағы тиімді әдісін таңдау

Мақалада жалпы ауыл шаруашылығында қолданылатын суғару әдістері және оның ішінде тамшылатып суғару әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Ауыл шаруашылығындағы суармалы алқаптардағы пайладанатын су мөлшерін үнемдейтін тамшылатып суға...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Қазіргі заманғы білім жүйесіндегі әл-Фарабидің геометриясы

Мақалада әлемдік ғылымның дамуына өзінің іргелі еңбектерімен үлесін қосқан, Қазақстан тумасы, әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқыту туралы айтылған. Әл-Фарабидің әлем ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы айтылады. А.Көбесовтың еңбектеріне сүйен...

Ибн баттута саяхаттарының маңызы

Ибн Баттутаның Орта Азия тарихының салыстырмалы түрде аз зерттелгені туралы хабарларына көптеген шығыстанушылар ерекше назар аударған. Ибн Баттута жеке әсерлерге негізделген өзінің қызықты жазбаларымен сол кездегі жергілікті хронистер жазбаған көптег...

Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу

Бұл жұмыста «Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу» тақырыбы қарастырылған. Желінің қауіпсіздігі туралы алаңдағанда, сіздің желіңізді рұқсатсыз кіруден қорғаудың көптеген жолдары бар. Ықтимал қо...

Алматы қаласының саябақ ландшафты екпелерінің экологиялық жағдайын бағалау

Мақалада Алматы қаласының Тұңғыш Президенті паркінің негізгі ағаш түрлерінің қазіргі түр құрамы, жай-күйі және экологиялық амплитудалары зерттелді. Интродуценттер түрлерінің жалпы санының % құрайды. Парктерде өсетін ағаш-бұта түрлерінің сандық құрамы...

Задать вопрос