Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын саусақ ойындары арқылы дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (350) февраль 2021 г.

Дата публикации: 16.02.2021

Статья просмотрена: 1133 раза

Библиографическое описание:

Тунгатова, Н. А. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын саусақ ойындары арқылы дамыту / Н. А. Тунгатова, Г. У. Избанова, Ш. Е. Пирназарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 8 (350). — С. 221-224. — URL: https://moluch.ru/archive/350/78682/ (дата обращения: 18.12.2024).

Берілген мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ ойыны көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең шумағын сахналау, жаттығуларды жасау және ойын барысында саусақты кең қолданудың аясында қарастырылады.

Кілт сөздер: ойын, сөздік қор, мектеп жасына дейінгі бала, саусақ ойындары, ұсақ моторика, жаттығу.

В данной статье рассматривается использование пальчиковых игр для дошкольников при постановке сказок или стихотворений, выполнения упражнений и развития словарного запаса во время игры.

Ключевые слова: игра, словарный запас, ребенок дошкольного возраста, пальчиковые игры, мелкая моторика, упражнение .

Бала тілінің сөздік қоры, өскен ортасы мен қарым-қатынас жасау деңгейіне тікелей байланысты. Сөздік қорының мол болуы, өсіп келе жатқан баланың ақыл-ой деңгейін, психологиялық жай-күйін, бейнелі елестету қабілетінің көрініс табуынан біліне бастайды. Жас ерекшелігіне сай, баланың сөздік қорының саны ұлғая түседі. 3–7 жас аралығында баланың сөздік қоры 1000-ға жуықтайды.

Н. Х. Швачкин мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерінің дамуын төмендегідей көрсеткен:

  1. Бала сөздің мағынасын берілген суретке немесе іс-әрекетке қарап ұғынады. Мысалы: «дәрігер» мамандығы деген сөзде, бала дәрі беретін адам деп қабылдайды.
  2. Бала сөздік қорын дамытуда айтылған сөздегі көрші дыбыстарды дыбыстайды. Мысалы: қаламсапты — аламсап, балмұздақты — балуздақ және т. б. тілдік даму ерекшелігіне қарай айта бастайды.
  3. Жаңа сөздерді есту арқылы бала, өзі білетін сөздерге жақындатып айтуды жөн санайды. Мысалы: Зоопарк — парк, Тәтті сок — тәтті торт және т. б. күнделікті қолданыстағы сөзімен ауыстырып айтуға бейімделеді.
  4. Мектеп жасына дейінгі бала нақты, әрі тура мағынада сөйлеуді әдетке айналдырады. Мысалы: «ұшқыш» деген сөзді «аспанда ұшатын адам», «аспазшы» сөзінің орнына «тамақ пісіретін адам» деген көрген көрінісі арқылы түсіндіреді [1, 179 б.].

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің сөйлеу қабілеттерін дамыту арқылы төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:

– балалардың анық сөйлемдерді құрау қабілеті;

– адамдармен сөйлесу негізінде, ойын еркін жеткізу;

– ақыл-ойын дамыту негізінде, қоршаған ортаны тану;

– шығармашылық қабілетінің дамыту;

– өз іс-әрекетін жүйелі басқару.

Балаға тапсырмаларды беру барысында жас ерекшелігін ескеру қажет. Танымдық жаттығулар, тренинг ойындар, жағдаяттық тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға болады. Дегенімен балабақшада, отбасында, қоршаған ортада өсіп келе жатқан бүлдіршіннің санасы көбіне ойын үстінде дамитыны белгілі.

Ойын барысында бала өзіне қажетті сөздерді айтып, жаңа мәліметтерді жинақтайды, яғни ойын ойнауда бала жан-жақты ақпараттарды естиді. Бала өмірде қажет болатын, жоспарлы түрде ұйымдастырылған ойындар ақыл-ойын, қоршаған ортаға көзқарасын кеңейтеді, мінез ерекшелігі мен ерік — жігерін қалыптастырады. Психология ғылымын тереңінен зерттеуші ғалымдардың айтуынша, балабақшадағы бала ойын барысында өзін қай қырынан көрсетсе, ер жеткен соң да еңбекқорлығы сол деңгейде болатынын айтқан. Себебі, ойын өскелең ұрпақтың өмірінің алғашқы танымын білдіреді. Балалар өздерін ойын ойнау барысында еркін сезінеді, өзін-өзі басқарушылық, дүниетанымдық әрекеті (қабылдау, зейін қою, ойлау,ерік, сезіну) арқылы байқалады Ойын барысында бала болашақ өмірінің қуанышы мен ренішін сезінеді.

Мектеп жасына дейінгі балаға таңдалып жасалған ойын түрлері жас ерекшелігіне лайықтап, өзін-өзі басқара алатындай, іскерлік дағдыларын дамытатындай, ақыл-ойын қозғайтындай, бастаған ісін соңына дейін жеткізетіндей болуы керек. Себебі ойын балалардың тума табиғатымен сәкес келеді. Жастайынан ойынға қанық болған бала, өсе келе тек қана сөздік қорының дамуын қалыпқа келтіріп қана қоймай, өмірге деген көзқарасы жан-жақты қалыптасқан тұлға болады.

Ойын арқылы балабақшадағы беріліп жатқан білімнің көрсеткішін бақылауға мүмкіндік туады. Психолог А. А. Люблинская «Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған іс — әрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады» [2].

Балабақшада бүлдіршіндермен жүйелі жұмыс жасау арқылы әр баланың жеке даму ерекшеліктерін ескеру негізінде, саусақ моторикасын дамыту мақсатында саусақ ойындарын, тапсырмаларын беріп отыру қажет. Бұл саусақ ойындары баланың еркін сөздік қорын жоғары деңгейде дамытады.

Саусақ маторикасын дамытушы ойындар мен жаттығулар мынадай қағидаларға сүйенеді:

– балаларға берілген мәлімет қысқа, түсінікті, тартымды, әрі көрнекі болуы қажет;

– қарапайым түрлерден күрделігі қарай ұласуын қамтамасыз ету керек;

– қолданылатын материалдар түрлі-түсті, әрі анық болуы шарт.

Қол саусақтардың негізгі қызметін анықтайтын жалпы мәліметтердің ортақ тұжырымы ғылым әдебиеттерде кездесе бермейді. Дегенімен, ұсақ саусақ моторикасы массаждары, қолға арналған жаттығулар мен гимнастикалар және ойындар деген ортақ ұғымдар қолданылады. Ұсақ саусақ моторикасына аралған жаттығулар мен ойындарды орындау барысында түрлі тәсілдерді қолданамыз. Саусақ моторикасының қозғалыстары алуан түрлі қысқа ырғақты тақпақтарды айту арқылы есте жақсы сақталады. Олардың екі түрі бар.

  1. Бір орында отырып ойналатын саусақ ойындары;
  2. Қол саусақтарының бұлшық еттерімен қатар, барлық дене мүшелерін қатыстырып ойнайтын ойындар.

Мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның сөздік қоры да бай болады. Осы аталған ерекшеліктерді төмендегідей анықтадық:

– мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі ойындар ойнау арқылы ұсақ саусақтың ұсақ маторикасын дамытатын ойындарды қоса орындау қажет;

– саусақ ойындары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;

– баланың жас ерекшелігіне сай саусақ ойындарын таңдап алу;

– жақын қарым-қатынас орнату арқылы, баланың психологиялық жағдайын ескеру.

Саусақ ойындарын ойнау барысында мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады: саусақ гимнастикасы; саусақ театры; қағаздардан, ағаштан және ЛЕГО құрастыратын ойыншықтары; түрлі бастырмалар; пазл және мозайка және т. б.

Қазіргі уақытта көпшілік ғалымдардың зерттеулері бойынша, жаңашыл қоғамның балалары саусақ ойындарына қызығатынын айтады. Олар ұсақ моториканы жан-жақты дамытуға байланысты жаңаша саусақ ойындарын, релаксациялық және сергіту сәттерін, танымдық ертегілер қолдануды ұсынады.

Т. А. Ткаченко [3, 12 б.] балалардың бас миының сөйлеу қызметін арттыру үшін, саусақ жаттығулары мен сергіту сәттерін жиі ұйымдастыруды ұсынады. Ал В. В. Цвынтарный [4, 3 б.] «Саусақпен ойнау арқылы, сөздік қорды дамытамыз» атты еңбегінде сіріңкелерді санау мен есептегіш таяқшалардан түрлі фигураларды жасау арқылы ұсақ саусақ моторикасын дамытуға болады деген тұжырым жасады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын саусақ ойындары арқылы жетілдіру, ұрпақтан-ұрпаққа жаңаша көзқараспен жалғасын тауып келе жатқан мәдени-танымдық шығармашылық болып саналады. Саусақ ойыны қол саусақтарының көмегімен түрлі шумақ өлеңдер, танымдық ертегілер, шығармашылық тапсырмаларды сахналау болып табылады. Саусақ ойыны барысында, бүлдіршіндердің санасында қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т. б. көптеген бейнелерді түрліше елестете алады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының ептілігін толық жетілдіру, түзету және тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Ертеңгі ұрпаққа жан-жақты тәрбие мен білім деру жаңа заманның жаңа талаптары, әрі өзгермелі уақытта саналы ойлай алатын, өздігінен шешім қабылдап, зейіні тұрақты ұрпақ тәрбиелеу басты міндет. Осы арқылы бүлдіршіндердің бойында мейірімділік, адамгершілік, әдептілік, имандылық сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу болып отыр.

Әдебиет:

  1. Урунтаева Г. А. Детская психология. — М.: Издательский центр «Академия», 2013. — 336 с.
  2. Люблинская А. А. Детская психология. — М.: «Просвещение», 1971. — 410 с.
  3. Ткаченко Т. А. Логопедическая энциклопедия. — М.: ООО ТД «Издательство Мир книги», 2008. — 248 с.
  4. Цвынтарный В. В. Играем пальчиками и развиваем речь. СПб.: «Лань», 1998. — 32 с.
Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, Детская психология.

Ключевые слова

ойын, сөздік қор, мектеп жасына дейінгі бала, саусақ ойындары, ұсақ моторика, жаттығу

Похожие статьи

Оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту

Мақалада зерттеушілік оқытудың басты мақсаты баяндалады. Зерттеу қызметіне бейім оқушыға сипаттама беріледі: жұмысты орындауға ынталандырудың жоғары деңгейі; жаңа білім мен дағдыларға белсенді ұмтылу; алынған ақпаратты талдай, жинай, жинақтай және қо...

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту

Бұл мақалада сіздер мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамытудың түрлерімен, және де қандай ойын түрлері бүгінгі күннің сабақ үрдісінде қолданылатынын, балаларға ойынның берер ықпалы туралы мәлімет білетін боласыздар.

Бастауыш сынып оқушыларының таным белсендлігін жоғарлату факторы ретінде зерттеу іс-шарасының дағдыларын қалыптастыру

Заманауи мектеп оқушыларда кең ғылыми ой-өріс, жалпы мәдени қызығушылық қалыптастыруға, жалпы адами құндылықтар басымдылығын жасауды нығайтуға бағытталған. Сондықтан авторлар бастауыш мектептің басты міндеттерінің бірі — әр баланың жеке дамуына толық...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Сыни ойлаудың тұлға дамуындағы ролі

Бұл мақала жоғары оқу орындарында оқитын жас мамандар арасында сыни ойлауды қалыптастыру мәселесіне арналды. Мақала сыни ойлаудың заманауи тұлғаны дамыту мәселесіне арналған. Жоғары білікті маман болудағы тұлғаның сыни ойлау қабілеттілігінің маңызды ...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастырудың криминалистикалық сипаттамасы

Мақалада қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың шарттары мен жағдайларының қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер ететін объективті және субъективті факторлар қарастырылады. Сондай-ақ, қылмыс жасау үшін жағдай жасау, оны жасыру материалдық жә...

Орта Азия қалаларындағы тұрғын-үй кварталдардың ерекшеліктері мен түрлері

Мақалада Орта азия қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуіне және халықтың тұрғын үймен қанағаттануына қарай жаңа құрылыстың ауқымын кеңейту және салыстырмалы түрде жақсарту мәселелері қарастыры...

Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарында жерді пайдалану ерекшеліктері

Мақалада Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарындағы жеміс-жидек, егістік өнімдерінің алып жатқан аумағы, үлес салмағы арқылы санат бойынша жерді пайдалану көрсетілген. Ауданда орналасқан шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау жоқтығынан, өнім ...

Алматы облысының мал жайылымдарын басқару

Мақалада Алматы облысындағы мал жайылымдарының қазіргі даму және жұмыс жасау тенденциясы қарастырылған. Жер жәннәті аталып кеткен аймақтың бүгінде жартысынан астамы жайылым жерлерге тиесілі. Дегенмен, жайылым жетіспейді деп дабыл қағып жүрген шаруала...

Задать вопрос