Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (351) февраль 2021 г.

Дата публикации: 01.03.2021

Статья просмотрена: 1952 раза

Библиографическое описание:

Курманаева, А. Ж. Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов / А. Ж. Курманаева, Е. Б. Киккаринов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 9 (351). — С. 247-252. — URL: https://moluch.ru/archive/351/78924/ (дата обращения: 16.11.2024).



Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, ұлы тұлғаның дүниетанымдық көзқарастары трайбализмдік идеологияға қарсы саяси-прагматизмдік ұстанымдарының негізінде айқындалды.

Кілт сөздер : Әлихан Бөкейханов, алаш, петиция, экзистенция, субстанция.

В статье рассматривается экзистенциальный путь и деятельность Алихана Букейханова. Были представлены ценные материалы из жизненного архива Алихана Букейханова, подробно обсуждалась роль и значение общественного деятеля в партии Алаш. Вместе с тем, мировоззренческие установки великой личности определялись на основе политико-прагматических позиций против трайбалистической идеологии.

Ключевые слова: Алихан Букейханов, алаш, петиция, экзистенция, субстанция.

Қазақ халқының алдыңғы қатарлы қоғам қайраткері, алаш партиясының көшбасшысы, заңғар тұлға — Әлихан Бөкейханов 1866 жылы Семей облысының Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты № 7 ауылында дүниеге келді. Көкірегі ояу, көзі ашық ұлт зиялысының дүниетанымдық ойлау-формасы қазақ фольклоры негізінде, ал саяси көзқарастарының қалыптасуына ұлы француз революциясы әсер еткен болатын. Болашақ ғалым білім жолын алғаш 1890 жылы Омбы техникалық училищесінде бастап, 1894 жылы Санк-Петербургтегі Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетінде жалғастырды. Аталмыш оқу орындарын сәтті аяқтай салысымен ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, кейінірек, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз жыл педагогтық, ғылыми һәм әкімшілік қызметтерді жемісті атқарады.

XX ғасырдың басында алаш ұлтының ардақты да айбынды көсемі болған Әлихан Бөкейханов алдымен Тобыл губерниясының саяси-экономикалық жағдайын жан-жақты қарастырып, Ф.Щербинаның зерттеу жұмыстарына белсенді қатысты. Дәл осы кезеңде керегесі биік, туырлы қазақ елінің географиялық жағдайы Ресей ғалымдар кеңесінің негізгі зерттеу нысанына айналды. 1905 жылы Петербург шаһарында «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген атпен көлемді еңбектің он сегізінші томы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары бірі Алаш жұртының кемеңгер тұлғасы — Әлихан Бөкейханов еді.

1905 жылы Мәскеуде Ресейдің земство және қала қайраткерлерінің арнайы съезі өтеді. Алқалы жиынға Әлихан Бөкейханов делегат болып қатысады. Жиналыстың биік мінберінен көрінген ол қазақ тілінің мәртебесі жайында сөз сөйлеп, баяндама қорғайды. Ағартушы өз мәлімдемесінде: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін...созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз(қазақ. авт.) деген халықтың өкілімін...Бізде...қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады...шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлдем жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж»... [1,272 б.] — дейді.

Әлихан Бөкейхановтың ерен еңбегін Омбы жандарм басқармасының өзі мойындайды. Ол кезекті сөзінде: «Әлихан Бөкейханов барлық петициялар мен үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі болды» — деп қазақ халқының біртуар перзентінің бойындағы ең жақсы қасиеттерді атап өтті.

Әлихан Бөкейханов Ресей империясының I Мемлекеттік Думасына Семей облысы атынан депутат болып қатысқаны баршамызға белгілі. 1905–1907 жылдар аралағында кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты үнжариясында болашақ ғалым-зерттеушінің мақалалары жарияланып тұрады.

1913 жылы Әлихан Бөкейханов сол кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері саналған Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовпен бірігіп тұңғыш жалпыұлттық редакция ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырады.Үнжарияның әрбір санағында білім алудың маңызы жайында түрлі мақалалар мен жазбалар жарық көріп отырды. Ұлы тұлғаның ұлы ісі бұнымен аяқталмайды. Әлихан Бөкейханов ғылымның тар жол, тайғақ кешуін де өткерді. Мәселен, ол Ресей империясындағы беделді ұйымдардың бірі атанған жоғары Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысып, ғылыммен шұғылданды. Орыс тілін ана тілі дәрежесінде білетін Әлихан Бөкейханов екі тілде де емін-еркін мақалалар жазды. Заңғар тұлғаның киелі қылқаламынан бізге «Қырғыздар», «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», ұлы Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазынамалық мақаласы тағы басқа зерттеулері қалды.

Алаш орда үкіметінің субстанциясы — Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21–26 шілдесінде Орынбор шаһарында I Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комитетінің басшысы қызметіне сайланады. Қазақ халқының ділі мен тілі жоланда жанын құрбандыққа шалуға даяр болған тұлғаның аталмыш жиынның төрағасы атанауы заңды деп білеміз. Уақытша үкіметтің қарасы жоғалып, кеңес үкіметі орнаған шақта Әлихан Бөкейханов ғылыми, әдеби, аудармашылық жұмыстармен айналысады. Саналы ғұмырын қазақ жұртының болашағына арнаған ол жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесілді. Көне Ресейдің саяси қайраткерлерінің арасында жиі айтылатын «Столыпинский галстукқа» Әлихан Бөкейханов іліккенімен, 1988 жылы ақталып шыққанын білуіміз шарт.

Негізгі бөлім

Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, трайбализмдік идеяның қарсыласушысы, күресушісі, тұғырнамасы тереңде жатқан Алаш орда үкіметінің маңызды субъектісі — Әлихан Бөкейханов Ақтоғай ауданында төре тұқымынан шыққан Нұрмұхамедтің шаңырағында дүниеге келіп, тоғыз жасқа келген шағында жергілікті ауыл медресінде мұсылманша білім алады. Молданың білімін қанағат тұтпаған ол қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке ауысады.

Нұрмұхамед сұлтанның тұңғыш ұлы (Бес ұл мен бір қыздың ішіндегі бірінші бала), яғни, Әлихан Бөкейханов тоғыз жасында әкесінің қолдауымен Қарқалы қалалық ер балалар мектебіне оқуға түсіп, 1879 жылғы 16 қыркүйектен 1886 жылғы 16 маусымға шейін тәрбиеленіледі. 1886 жылғы маусым айының емтихан қорытындысы бойынша Әлихан Бөкейханов мектепті үздік бағаға бітіреді.

Кейін сол жердегі үш жылдық училищеге құжат тапсырып, оны да «үздік» деген бағамен аяқтайды. 1890 жылы Омбы техникалық училищесінің, 1894 жылы Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтының түлегі атанады.

1886 жылы алып шаһардың қасиетті табалдырығын аттап, білім ордасының киелі сахнасына жол тартқан Әлихан Бөкейхановтың Омбы техникалық училищесінің құжаттамасының сыртқы мұқабасына: «Омбы техникалық училищесінің Қарқаралы Уезд Бастығының қатынасына сәйкес, училищеге қазақ баласы Әлихан Нұрмұхамедовты қабылдау туралы ісқағазы», — деп жазылады. Міне, осы жазбадан бұл мектепке тек арнайы кепілдемесі бар қазақ жастары қабылданғандығын көруге болады.

Қабылдау емтиханын жоғары бағаға тапсырып, сынақтан мүдірмей өткен Әлихан Бөкейханов мемлекеттік оқу орны атынан жатақхана, киім-кешек, оқу құралдары сынды дүниелермен толықтай қамтамасыз етіледі. Аталмыш білім ордасында төрт жыл оқу оқып, білім алады.

Әлихан Бөкейханов оқуға түсер жылдың алдында техникалық училищеден алғашқы түлектер маман болып қалыптасып шығып үлгірген еді. Техника саласында істейтін білікті де білімді жастардың қажеттігін сезінген үкімет білім ордасын ашуға рұқсат бергенен кейін оқу орны өзінің ірге-тасын аз уақыт ішінде қалап, түлектерге білім туралы куәлікті табыстай бастады. Бұл кезең Әлихан Бөкейхановтың оқуға қабылдану жылымен тұспа-тұс болды десек еш қателеспейміз. Училищенің тұңғыш директоры Доброхотов түлектерге қызметтің алғашқы кезеңі ауыр жұмыстан болатындығын шын жүректен, ізгі тілекпен ескертеді.

Кадет корпусындағы жылдар Әлихан Бөкейхановқа зор мүмкіндіктер сыйлады. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті жас ғалымның санасын жаңа білімдермен кеңейтті. Оқытушылардың дәрістерін құлшына тыңдап, Ұлы Пушкиннің поэзиясы мен Шекспирдің драмасынан қазақтың сарыны мен үңдестігін іздеген Әлихан Бөкейханов ғылым мен білім жолын қатар ала білді.

Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлының «Әлихан Бөкейханов» атты еңбегіне сүйенсек, Иса пайғамбардың туылған күнінен басталатын қысқы демалыстарда Омбы оқу орны түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрды. Әдеби кештер, театрлық қойылымдар мен концерттер оқу орнының бар сәні мен мәніне айналды. Озат оқушылардың бірі Әлихан Бөкейханов та бұндай кештерден қалыс қалмады.

Алмас қылышының ауырлығы желдің өтімен сезілетін қаһарлы қысқы демалыстарды қалада өткергені болмаса, Әлихан Бөкейханов жазғы демалыстың келуін, елге аман-сау жеткен сәтін асыға күткен ішкі жан дүниесі рухани білімге бай озат та озық оқушы болды. Бұдан Әлихан Бөкейхановтың тұлғалығы бала кезден қалыптасқандығын, ойы мен санасы ерте жетілгенін аңғара аламыз.

Омбы кадет корпусын ойдағыдай аяқтаған Әлихан Бөкейханов оқу орнынан мадақтау қағазын алады.

1894 жылы орман шаруашылығының экономисі біліктілігін алған Әлихан Бөкейханов Омбы мектебінде үшінші дәрежелі оқытушы болып жұмыс істеп, кейін қоныс аударушы басқармасының шенеулігі қызметіне ауысады. Білім майданына ерте шауып, ілім мен ғылымды жанына серік еткен Әлихан Бөкейханов жұмыс барысында да ғылыми-зерттеушілік жолды қатарынан алып жүреді. Кемеңгер тұлғаның ғылым жорығындағы адал академиялық қызметі Тобыл губерниялық статистикалық санаққа шақырылуынан басталады. Әлихан Бөкейханов губернияда шаруашылық, әлеуметтік жағдаяттарды суреттейтін сандық мағлұматтарды синтездеу ісімен айналысады. Одан соң үкіметтің ұлы дала елін ғылыми-зерттеу жұмысына белсене араласып, ғылым майдангерлеріне өзінің оң үлесін, еншісін қосады. Бұл ғылыми жасақтар тобында Әлихан Бөкейханов алғашқыда статистік ретінде қызмет атқарса, алғырлығы мен елгезек мінезінің арқасында көп ұзамай жеке зерттеушілер тобын басқарады.

Воронеждегі земство статистігі Федор Андреевич Щербина 1896 жылы басқарып келген, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының 12 уезінде бес жылдай зерттеулер жүргізген экпедицияның негізгі мақсаты — қазақ жерлерінің артық, бос аймақтарын анықтау, сөйтіп орыс қоныс аударушыларына керек кеңістікті белгілеу болған-ды. Ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударушылары — переселендерді — қоныстандыру қоры сол экспедиция материалдары негізінде жасамақшы еді [2,32 б].

Экспедиция зерттеушілерінің қорытындылары «Статистік Ф. А. Щербинаның бастамасымен экспедиция жинаған және өңдеген Қазақы жер пайдаланыс жөніндегі материалдар» атты тақырыппен 1903–1905 жылдары Воронеж шаһарында жарияланғандығын білеміз. Бұл зерттеу-жұмыс қазақтың біртуар тұлғасы Әлихан Бөкейхановқа туған халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тереңінен зерттеуге үлкен көмек берді. Осылайша, Әлихан Бөкейханов алаш орданың алғашқы іргетасын кіші қадамдардан қалап, орыс географиялық қоғамына танытты. Оның ғылыми жұмысын әріптестерінің бірі Сергей Порфиьевич Швецов жоғары бағалады. Бұл экспедицияның экцистенциялық ұраны — қазақ жерінің артық, бос алқаптарын анықтап, кірмелерді қоныстандыру болатын. Дегенмен патша үкіметі геодезиялық жұмыстан еш нәтиже шықпаған соң бұл істі ақыры тоқтатып тастайды. Қоныс аудаушыларға қажет жерді ешқандай «заңсыз-ақ» тартып ала берді.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Сібір темір жолының өң бойындағы Челеябі және Том қалалары аралығын қоныстаған қазақтардың малшаруашылығы өнеркәсібінің жай-күйін экономикалық тұрғыда зерттейтін ғылыми экспедицияға қатысады. Аталмыш экспедиция артынан «Сібір темір жолы аудандарын экономикалық тұрғыдан зерттеу жөніндегі материалдар» деген атпен 1904 жылы Том қаласында жеке кітап болып жарыққа шықты. Бұл жинаққа Әлихан Бөкейхановтың «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы» атты монографиясы енді.

Жоғарыда аталған деректерді қорытындылай келе, Әлихан Бөкейхановтың алаш партиясындағы дара да дана жолы айтарлықтай ерте басталды деген тұжырымның ақиқат екендігін мойындамақпыз.

Ресей империясының ваккумдық торына түскен Қазақ халқы өз мүддесі мен құқығын дәлелдеу жолында түрлі ісқағаздарды жүргізгені баршамызға белгілі. Көненің көзіндей қастерленіп сақталған алуан ісқағаздардың ішіндегі ең негізгі құжат — петициялар (өтініш-жолдау) болды. Аталмыш петициялар сонау 1902–1903 жылдардың ширегінде жазылып, жоғары үкіметке жіберілген еді. Бұл құжаттардың жарық дүниені көруіне бірнеше тарихи факторлар әсер етті. Оларды парақтап өтсем: алаш жұртын христиан дініне енгізу саясатына регресс қою, мұсылман оқу орындарын ашуға және дамытуға жағдай жасау, молдалардың қызметін жандандыруға жол ашу сынды тағы басқа скептицизмдік бастамалар болатын. Бұндай петицияларды алғашқы уақытта діни қызметкерлер басқарды (молдалар, медресе оқытушылары). Бірінші орыс революциясы жылдарында талиондық үмітпен жазылған петициялардың сырлы парақтарын алаштың сауатты да зиялы өкілдері өз қолдарына алып, жаңа үндеулермен толықтырады. Алайда қанды бояумен өрнектелген петициялардағы жалынды да намысты сөздеріне патша үкіметі көз қиығын да тастамады. Қаншама халықтың көз жасын жинаған петициялар Ресей империясының патшасы II Николайдың атына да жолданды. Ұлы жібек жолындай керуенге тиілген петициялар кейін Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқарылыдан және басқа да жерлерден зымыранның оғымен жөнеліп жатты. Отаршыл саясаттың қайнар бастауы болған үкімет петицияның сөзіне «ескі әдетінше» құлақ аспады...

Көптің көз майын тауысқан іштегі майшамның жарығындай шөміш үміт ақыры көлемді де мазмұнды петицияның жазылуына себепкер болды. Алып державаның атына жолданған бұл жолғы петиция — Қарқаралы петициясы еді. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына маңындағы Қоянды, яки, Ботов жәрмеңкесінде тарихтың бетіне өшпестей із қалдыратын ерекше оқиға болады. Ұлт көсемдері жиналған жәрмеңкеде II Николай патшаға арналған петиция ұйымдастырылады. Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасына кең танымал беделді де белгілі 42 қазақ петицияға өз қолдарын қояды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарынан басқа да қазақтар қол қоя бастады. Жарғақ құлаққа жаңғырықтай естілетін елдің үмітін арқалаған петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Жауынгерлік мінез жүгін тасыған петицияны ұлт зиялылары 1905 жылғы 22 шілде күні жергілкті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына арнайы жолдады. Петицияны жазуға гносеологиялық һәм скептицизмдік парагдигмасы ұшқыр қазақтың білімді азаматтары, атап айтқанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Темірғали Нұрекенов сынды тұлғалар атсалысты.

Қарқаралы петициясында ұлан байтақ өлкедегі әкімшілік басқару жүйесін қайта мұқият шолып шығу, азаматтық һәм сот ісін қазақ тілінде жүргізуді реформалық (заңды) тұрғыда бекіту, отаршыл шенеуліктерді қысқарту, жоғары билік басқармалары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға, я болмаса, қатыстыруға жаңа талаптар қою сынды мәселелер кеңінен қарастырылды. Шыны керек, петиция жолдаушыларды сол кезгі үкімет жақтырмады...Мұны Семей облысы әскери губернаторының Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жолдаған іштар хатынан көруге болады: «Қырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».

Қарқаралы петициясы тек Ресей империясының патшасына ғана жолданып қоймай, «Сын Отечества», «Русские ведомисти» сықылды орталық үнжариялардың редакция алқаларына да жіберілді.

Петицияның бір вариантын (нұсқасын) Темірғали Нұркенов орыс тіліне тәржімалап, Ішкі істер министрлігіне жолдады. Петициясының орысша нұсқасы айтарлықтай толық жазылған еді. Ол бақандай 47 парақтан тұратын. Петицияның фабулалық мазмұны XX ғасырдың бас кезіндегі экзистенциялық маңызы бар күрделі де қақтығысты өзекті мәселелерді толық қамтыды.

Қорытынды

Қазақ жеріндегі алты миллион халықтың басын қосқан Алашорда 1918 жылғы 4 қарашада патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырап, өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Әрине, қазақ халқының болашағы үшін жасалған бұл игі бастаманың кенеттен жабылып қалуы Әлихан Бөкейхановтың қабырғасын қайыстырды. 1919 жылғы ақпанның басында Әлихан Бөкейханов өзінің адал серіктесі Зәки Валидовтың хатын алды. Онда: «Жақын күндерде Кеңестер жағына өтпекпіз, — Талаптарымызды айтып, оларға өкілдер жібердік, енді жауаптарын тосудамыз» [2,145 б.]., — деген хабарлама болады.

Валидовтың хатынан кейін 1919 жылғы 11 ақпанда Коропачинский төрағалық еткен үлкен жиналыс болады. Бұл жиналыста Әлихан Бөкейханов Алашорда партиясының жұмысын алға тартып, баяндама қорғайды. Ол өзінің жалынды мәлімдемесінде: «1918 жылғы 4 қараша жарлығынан кейін, одан әрі не боларын білмей, біз бос отырдық, — Енді, міне, сіздер бізді шақырдыңыздар да, біз осында бауырларыңыз ретінде келдік. Қазақ халқының сепараттық пиғылы жоқ, ол Ресейден бөлінуді қаламайды» [2,147 б.]., — дейді.

Жарысссөз барысында Әлихан Бөкейханов қазақ халқының соттарының хал-жағдайын, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін әңгімелеп айтып береді.

Аталмыш мәжілістен кейін башқұрт әскерінің бірінші және екінші әскері Орынборда сап түзеп, қызылдар жағына өтеді. Аккомадация аяқталғанан кейін алып империяның қазақтарға «Өзін-өзі билеу құқығын» беруге ынталары жоқтығын Әлихан Бөкейханов іштей сезеді. Қызыл әскерді ұнатпаса дағы, Әлихан Бөкейханов кеңес үкіметінің үстемдігін мойындады.

Қазақ кеңестерінің 1920 жылғы 4 қазанының қарсанында ашылған бірінші съезге Әлихан Бөкейханов қонақ ретінде шақырылып, өзінің жастарға ақыл-кеңесін бүкпесіз айтты. Әлихан Бөкейхановтың аға жетекшілік қызметі өзінің жемісін осы кезде бере бастады. Қазаткомның жас та талапты мүшелері Смағұл Сәдуақасов пен Дінше Әділов жаңа отаршылдық миссияға деген оппазициялық көзқарастарын білдіру арқылы алғашқы жеңіске жетті. Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Смағұл Сәдуақасовтың ерен еңбегіне Әлихан Бөкейханов ақ батасын берді. Смағұл Сәдуақасов Әлихан Бөкейхановтың қызын алып, Алашорда көсемінің күйеу баласы атанды.

Алашорда үкметінің жас қайраткерлерінің бастамалары жергілікті үкіметті сескендірді. Ескеретін жайт, Алашорданың қара шаңырағы бой көтергенде Ақмоладағы большевиктер Мәскеуге, Ленин мен Сталинге хат жолдаған еді. Ол аз болғандай, қазақ большевигі: «Алашорда» деген — бұрынғы қазақ халқының желкесіне мінген хандықты қайта орнатудың әрекеті» [2, 151 б.]., — деп Ресей патшалығына түсіндірді.

Алашорданың жұмысы тоқтатылуының салдарынан қазақ зиялыларының басым көпшілігі жұмыссыз қалды. Бұның себебі айқын еді. Мемлекет сыртынан жоспар құрған кісілерді патша үкіметі өз маңайына жолатпады. Жатырқаған үкіметтің бөгде баласына айналған қазақ зиялылары оңтайлы сәтті күтіп, болашақтан күдер үзбеді. Алайда траймбализмдік үкіметтің ықпалы зор болатын. 1920 жылы қызылдардың Семей жағындағы 59-дивизияның айрықша бөлімі Әлихан Бөкейхановты қамауға алады. Елінің қамын, ұлтының келешегін ойлаған ұлт зиялысына жасалған бұл әрекетке мыңдаған қазақ қарсы болып, митингке шығады. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады ғой деген заманның кезінде де Қазақ Республикасы үкіметің өзі Әлихан Бөкейхановты ұстауға тапсырма береді...

Ташкенттен Түркістан Республикасының басшылығындағы қазақ азаматтары Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуге, Ұлт істері жөніндегі халық коммиссары Иосиф Виссарионович Сталинге шұғыл хат жолдайды: «Қазреспублика өкіметінің жарлығымен 14 қазанында Қарқаралыда Әлихан Бөкейхановты тұтқынға алынды. Алашордашыларға амнистия жариялаған декретті еске ала отырып үтір Кеңестің жергілікті қазақ халқы бұқарасымен байланысының әлсіздігін және Қазақстан Кеңестерінің соңғы жұмысының нәтижесінде орнаған ахуалда үтір сондай-ақ бұл оқиғанының қазақ халқы бұқарасына қолайсыз әсер етуі ықтималдығын ескере келе үтір Сізден осы іске араласуыңызды өтіну қажет деп есептейміз үтір негізі жоқ болған жағдайда Бөкейханов шапшаң босатылсын нкт Түрортатком төрағасының орынбасары Кожанов үтір Түрхалкомат төрағасы Рысқылов нктк» [2, 150 б.].

Әлихан Бөкейханов түрмеден шығарылысымен Сталиннің өзімен кездеседі. Сталин онымен аграрлық-революциялық мәселелер жөнінде сөйлеседі. Әлихан Бөкейханов Сталинге қазақтың өмірі мал-шаруашылығымен тығыз байланысты екенін, халықтан малды тартып алуға болмайтындығын айтады. Бұл маңызды әңгімеден соң Қазөлкепарком бірінші хатшысы Левон Исаевич Мерзоян естелік жазбасында былай дейді: «Өзіне, Қазақстанға барарыңда, Сталин жолдас айтқан екен, — Бөкейханов деген біреу оған келіпті де: малы ортақтандырылса — көшпелі қазақ қырылады деп. Большевиктік шындық оның қатты қателескенін көрсетіп отыр, Қазақстан — ұжымдық мал шаруашылығы қауырт өркен деген тамаша өлке».

Әлихан Бөкейханов жайында Мұстафа Шоқай өзінің 1937 № 91 жылғы жазған «Большевиктердің құтырынған шабуылдары» атты жазбасында: «1921 жылы «Алашорда» Кеңес үкіметіне қарсы күресін тоқтатқан. Әлихан Мәскеуде болатын. Егер тіпті барон Унгерн 1 Әлиханға хат жазған күннің өзінде, мұны Әлиханға бәлендей бір қылмыс есебінде таңуға болмайды. Өйткені, Әлихан қазақтың және қазақ жерінің тағдырын ешқашан барон Унгерннің әрекетімен байланыстырған емес» [3,249 б.]. , — дейді. Жазбаның мазмұнына үңілсек, аса көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай «Казахстанская правда» үнжариясында жарық көрген Феликс есімді кісінің мақаласы негізсіз, жалған айып екендігін түсіндіргісі келсе керек. Өйткені, Феликс Жапониямен келіссөзде болған барон Унгерннің Әлихан Бөкейхановпен байланысын пайдаланып, «Алашорда Жапон офицерлерінің қаруларымен қаруланған» деп жала жапқан болатын. Соның салдарынан Алашорда Патша үкіметі тарапынан аяусыз сыналды. Ал шын мәнісінде, Әлихан Бөкейхановтың да, Алашорданың да Барон Унгерннің істеріне еш қатысы болмаған. Міне, Алашорданың жауларының қаншалықты көп әрі надан болғандығын осыдан-ақ байқауға болады. Алаштың келешегі үшін өз жандарын құрбан қылған ұлы тұлғалардың ерен ерлігі мен еңбегіне біз басымызды иеміз. Олардың ерлігі ешқашан халық жадынан ұмытылған емес. Ұмытылмайды да. Әсіресе, қазақтың асқақ тұлғасы Әлихан Бөкейхановтың Алаш жұртының жүрегінде алар орны ерекше. «Елім, жерім» деп жырлаған ардақты да аяулы тұлғаның ерлігі біздерге, жас ұрпаққа мәңгі үлгі болып қалмақ.

Уақыт бәріне де емші. Жазықсыз көз жұмған ұлы тұлғалардың өмірі уақыттың қатал да қатаң сынағынан өтіп, тарихтың алтын керуеніне жол тартты. Ал оларға жала жапқан фактикалды ойлау жүйелері басым, яки, тайыз жандардың аты шаң басқан архивтердің арасында күлге оралып қалды...Ол жерден босап шығулары екіталай. Кезінде Алашорданы вакуумдық кеңістікке салғысы келіп еді, міне, енді өздері екі есе тұншықты. Күл-қос оларға өлі кеңістікте де маза бермеді...Саналы ғұмыр кешкен алып тұлғалардың есімдері Лос Анджелестегі «Жұлдызды аллеядан» (Hollywood Walk of Fame) кем түспейтіндері айдан анық. Қазақ жерінде де бұндай аллея қаланса, біз алдымен Әлихан Бөкейхановтың есімі таңбаланғанын қалар едік. Бұған бірталай себеп бар-ақ...

1937 жылдың сұр күзінде ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханов Алашорда идеясын бастағаны үшін, қазақ халқының мүддесін қорғаны үшін Мәскеуде өлім жазасына кесілді

1920–1930 жылдар аралығында Алаш ұлы Әлихан Бөкейханов үш рет НКВД органдарымен ұсталған болатын. 1930 жылдың 27 қыркүйегінде «Террорлық шараның бастамашысы» деген айыппен атылды. 1988 жылдың 14 мамыр айында СССР сотының жоғары үкімімен Әлихан Бөкейханов толықтай ақталып шықты. С.Жусипов есімді кісінің айтуы бойынша, Әлихан Бөкейхановтың атылар алдындағы ең соңғы сөзі: «Мен советтік билікті жақсы көрген емеспін, бірақ, мойындадым», — деген сөйлеммен аяқталды...

Егер уақытты кері қайтаруға мүмкіндік берсе, яки, уақыт машинасы шынымен де болса, біз жазықсыз абақтыға қамалған Әлихан Бөкейханов пен барша қазақ зиялыларын түрмеден алып шығып, олардың баянды ғұмыр кешулеріне көмектесер едік деген ой маза бермейді. Алайда тарихты өзгертуге болмайды. Тарих өзгерсе, болашақтың қандай боларын кім білсін. Сондықтан, біз тарихты сыртынан бақылауға мәжбүрміз...Олай болса, «Уақыт машинасына» отырудың пайдасы бар ма деген күмәнді сұрақ осы жерде туындайды. Өткенді қазбалаудан не шығады деп ойлайтын шығарсыздар...Бірақ бар. Тарих сол үшін де бізге ауадай қажет. Өткен шақтан сабақ алуға болады. Сол себептен, біз Алаш қайраткерлеріне жасалған істің қайта қайталанбасына сенеміз.

Әдебиет:

  1. Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған Қазақстан тарихы оқулығы, Алматы «Атамұра» — 2012 жыл.
  2. Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы «Әлихан Бөкейханов», — Алматы: Жеті жарғы, 2001 жыл.
  3. Мұстафа Шоқай, «Таңдамалы шығармалар», — Алматы «Қайнар» 2007 жыл.
Основные термины (генерируются автоматически): Алаш, Мена, атта, Ахмета, бар, оса, петиция, Семей.


Ключевые слова

экзистенция, субстанция, Әлихан Бөкейханов, алаш, петиция

Похожие статьи

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Қазақ мифтік кейіпкерлері күні

Мақалада қазақ мифтік кейіпкерлерінің әлеуметтік сипаты ашылған. Сонымен қатар, аталмыш кейіпкерлердің экзистенциялық мақсаты жайында түрлі аналогиялық тұжырымдар жасалып, олардың қазіргі қоғамда алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Фразеологияның Қазақстанда дамуы мәселесі

Бұл мақалада фразеологияның қырларын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Аталмыш зерттеушілердің ізденіс жұмыстарынан негізгі топтастырулар, ой-пікірлер мен тұжырымдар талдана отырып, фразеологияға қатысты іргелі еңбектерге...

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы

Мақаланың авторы ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдерді қарастырып, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін сипаттап, айғақтайды.

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау мәселесі және оны БҰҰ заңнамалар регламентіне сәйкестендіру перспективасы

Бұл ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау аспектілері, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының регламенттеріне сәйкес оларды реттеу қарастырылады. Қазақстан Республикасында ада...

Похожие статьи

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Қазақ мифтік кейіпкерлері күні

Мақалада қазақ мифтік кейіпкерлерінің әлеуметтік сипаты ашылған. Сонымен қатар, аталмыш кейіпкерлердің экзистенциялық мақсаты жайында түрлі аналогиялық тұжырымдар жасалып, олардың қазіргі қоғамда алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Фразеологияның Қазақстанда дамуы мәселесі

Бұл мақалада фразеологияның қырларын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Аталмыш зерттеушілердің ізденіс жұмыстарынан негізгі топтастырулар, ой-пікірлер мен тұжырымдар талдана отырып, фразеологияға қатысты іргелі еңбектерге...

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы

Мақаланың авторы ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдерді қарастырып, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін сипаттап, айғақтайды.

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау мәселесі және оны БҰҰ заңнамалар регламентіне сәйкестендіру перспективасы

Бұл ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау аспектілері, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының регламенттеріне сәйкес оларды реттеу қарастырылады. Қазақстан Республикасында ада...

Задать вопрос