Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (357) апрель 2021 г.

Дата публикации: 09.04.2021

Статья просмотрена: 75 раз

Библиографическое описание:

Байпелова, Г. С. Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру / Г. С. Байпелова, Г. М. Абилкасов, Мурат Абдирахманулы Хасен. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 15 (357). — С. 396-397. — URL: https://moluch.ru/archive/357/79894/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқыту және жоғары техникалық оку орындарында орыс тілінде білім алатын студенттердің риторикасын дамыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Өзара қатынастар құралы ретінде мемлекеттік тілді және оның әлеуметтік жақтарын, ішкі мазмұнын меңгерген соң, коммуникативті — дамыған тілдік тұлғаны қалыптастыру керек. Сондай — ақ мамандық бойынша кәсібитехникалық терминологияны енгізіп, техникалық ұйымдарда мемлекеттік тілде іс жүргізу сапасын жоғарылату барысын жақсартатын мәтіндерді пайдаланудағы қажеттілік туралы мәселе зерттелді. Берілген техникалық мәтіндер жоғары оқу орындарының студенттеріне ғылыми — кәсіби сөйлеуді дамытуға негізделеді. Басты мақсаты қазақ тілінің сөздік қорының кең көлемі бар техникалық саладағы білікті мамандар мен кәсіпқойлар санын ұлғайту болып табылады. Бүгінгі күні техникалық мамандықтар студенттеріне сөйлеу риторикасын да, ғылыми терминологияны да өз бетімен зерделеу үшін жағдай тудыру маңызды, ол үшін оқыту жүйелілігін қолдану қажет.

Кілт сөздер: риториканы дамыту, ана тілі, ғылыми терминологияны, техникалық мамандықтар, шешендік өнер.

В статье исследовано совершенствование методов преподавания казахского языка, развития риторики и ораторского искусства студентов, обучающихся в высших технических учебных заведениях на русском языке. С освоением государственного языка как средства взаимоотношений и eго социальных сторон, внутреннего содержания, отмечено в статье, формируется коммуникативно-развития языковая личность. Авторами рассмотрен вопрос о необходимости использования текстов, улучшающих процесс повышения качества ведения делопроизводства на государственном языке в технических организациях, а также внедрения профессионально-технической терминологии по специальности. Подчеркнуто, что данные технические тексты способствуют развитию научно-профессиональной речи у студентов в высших учебных заведениях. С целью увеличения количества квалифицированных специалистов и профессионалов в технической сфере, обладающих широким объемом словарного запаса казахского языка, авторы делают вывод, что на сегодняшний день важно создать условия студентам технических специальностей для самостоятельного изучения как риторики речи, так и научной терминологии.

Ключевые слова: развитие риторики, родной язык, научные терминологии, технические специальности, ораторское искусство.

Тәуелсіз елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді.Қазір барлық жерде әрбір ұлт өз тілін, мәдениетін, әдеби бай мұраларын, ұлттық құндылықтарын дәріптеп, оны жас ұрпақтың кәдесіне жарату мақсатында игілікті істер атқаруда. Ұрпақтарымызды парасатты, мәдениетті, білімді етіп тәрбиелеп, азаматтық деңгейін көтереміз десек, бойында ұлттық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бар күшімізді ғасырлар бойы сақтаған озық дәстүрімізді дәріптеуге жұмсағанымыз абзал. Сөз — қай ғасырда болсын тәрбие құралы.

Шешендік сөз қоғамдағы келеңсіздікті сынап, топ алдына шығара айта алатын тәрбиелік қызметімен де ерекше. Кез келген шешендік сөз бір ұлт, ел, көпшілік сөзін сөйлеп, немесе белгілі бір топ мақсат-мүлддесіне қарай құралады. Ұлтты, халықты, топты біріктіру үшін ортақ идеология керек. Шешендік сөздегі көркемдік құралдардың мол қолданылуы, ойдың көркем болуымен бірге, тыңдаушыға эмоциялы әсерлі екендігін де ескереді. Көркем сөз, кестелі ой айтушы-тыңдаушы арасына этикалық қатынас орнатары сөзсіз. Әрі қазақтын шешендік өнерінде кездесер тәлімі мол, үйретері көп ғибраттар — бүгінгі күні де тәрбие құралы [1].

Шешендік сөздің мән-маңызын нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден де анық танимыз. Дау-дамай үстінде бірлік, ынтымаққа шақырған, ұрыс, қақтығыс кезінде бітімге тартқан сөздер ел есінде сақталып, адамгершілік пен ізгілік жолы болып қалыптасты. Кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тағлымды сөздер тәрбиенің бай тәржірибесін, елдің салт-сана, дәстүр, жол-жобасын туғызды. Бұның өзі халықтың қоғамдық ортада қалыптасқан заң нормалары мен ұстанымдары болып есептеледі.

Шешендік сөздердің қай-қайсысын оқысақ та, табарымыз — биік мораль талаптары: ата жолын ардақтау, ел намысын қорғау, сөз асылын қастерлеу, үлкенді сыйлау, ізгілік қасиеттерді бойға жинау, т.б.

Шешендік сөздердің есте жақсы сақталуы оның ұйқаспен айтылуы, үндестік, құрылымындағы тұтастық сияқты белгілерімен байланысты.

Төмендегі Жанқұтты шешеннің өлеңмен ұйқасқан шешендік сөзіне назар аударайық:

Бір сөз айтсаң жақсыға,

Аталы сөзге тоқтайды.

Бір сөз айтсаң жаманға,

Өмірінде ұқпайды.

Надандықтың белгісі,

Өзін-өзі мақтайды.

Көкірегі соқырға,

Өмірде таң атпайды.

Шешеннің сөзі шын асыл,

Қап түбінде жатпайды.

Ұйқаспен, өлең болып құйылып келетін шешендік сөздер ғибрат ретінде ойға қонса, жыр сүйер халыққа өнер туындысы ретінде де бағалы [2].

Тіліміздің болмысын тану үшін ана тіліміздің ғана заңдылықтары тұрғысынан саралау жеткіліксіз, оның түпкі негізі сол тілде қарым-қатынас жасайтын этностың мыңдаған жылдар бойғы дүниетанымымен, тарихымен, тұрмыс-салтымен, ментальдық ерекшелігімен сабақтастыра қарастырғанда ғана шынайы ашылады.

«Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар»,-деп өсиет қалдырған Ыбырай Алтынсариннен бастап, тіліміздің тәрбиелік мәніне, айрықша қасиетіне тоқталған қазақтың ұлы тұлғалары қалдырған өнегелі сөздерін жастар арасында насихаттау бүгінгі күнде де маңызын жоймайды. Кез келген туындаған мәселені екі-ақ ауыз сөзбен шеше білген ұлы тұлғаларамыздың бүкіл өмір тіршілігіне арқау еткені — тіл. Сондықтан қазақ халқының ең басты тұғыры, құндылығы — ана тілі. Түркі тілдес халықтар ішінде, оның ішінде қазақтың сөз қадірін білуі содан тағылым, тәрбие алуы өлшеусіз. Айтылған сөзге тоқтай білу деген әрбір қазақ баласының негізгі қасиеті. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар деген қазақ өз ұрпағын дұрыс, қисынды сөйлеуге тәрбиелеген. Сөз қадірін білген қазақ халқының ішінен суырып салма ақындардың, жыраулардың, би-шешендердің көп шығуы жайдан жай емес екендігі белгілі. Тіліміздің тәрбиелік құдіретін қазақтың атақты би-шешендерінің сөз саптау мәнерінен анық байқауға болады. Әрбір айтылған сөздің күші, қуаты, нұры, шапағаты болады. Қазақ сөзінің қуатын, нұрын, шапағатын әйгілі қазақ шешендері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би қалдырған даналық сөздерден айқын аңғаруға болады [3].

Үш жүздің атақты ділмәрі, шешені атанған Төле бидің бала Жетеске берген батасына зер салайық: -бір үйдің баласы болма, көп үйдің санасы бол!

– бір елдің атасы болма, бар елдің данасы бол!

– бір тонның жағасы болма, көп қолдың ағасы бол!

– ақты ақ деп бағала, қараны қара деп қарала!

– өзегің талса өзен бойын жағала, басыңа іс түссе көпшілікті сағала!

– өзіңе өзің кәміл бол, халқыңа әділ бол!

– жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!

Төле бидің артына қалдырған, өнегелі де ұлағатты бұл даналық сөздерінен қазіргі уақытта да өскелең ұрпақ өмірлік тағылым ала алады [4].

Би-шешендеріміздің соңында қалған даналық — өнегелі сөздері туған халқымызбен бірге өмір сүріп, жасасып келеді. Қаншама ғасыр, уақыт өткен сайын бұрынғы би — шешендермен олардың ел ауызында қалған асыл мұралары тарихта бірге жасап келе жатқан қасиетті өнер ретінде ел құрметіне бөленуде. Ұлы дала елінің шешендік сөз тарихы сонау Майқы би, Аяз билердің өсиет сөздерінен бастау алып, аттары сөз өнерінде аңызға айналған, қазақ халық ауыз әдебиетінде ерекше орынға ие болған сөз ұсталары атанған Жиренше мен Асанқайғы есімдерімен қалыптасып, өркендеп, дами түсті.

Әдебиет:

  1. Жиреншин О.Сөз серкесі — шешендік.- Алматы, 2015.
  2. Айтбайұлы Ө. Тілтірес.-Алматы, 2014.
  3. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері.-Алматы, 2003.
  4. Әбілқасов Ғ.М.Шешендік өнер сабақтастығы.Қарағанды.-ҚарМТУ, 2013
Основные термины (генерируются автоматически): государственный язык, казахский язык, развитие риторики.

Ключевые слова

риториканы дамыту, ана тілі, ғылыми терминологияны, техникалық мамандықтар, шешендік өнер

Похожие статьи

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Есепке жатқызуды қолданудың алғышарттары

Бұл мақалада автор міндеттемені тоқтату тәсілінің бірі ретінде танылатын міндеттемелерді есепке жатқызу тәсілін қолданудың алғышарттарын, яғни міндеттемелердің біртектілігі, тараптардың өзара қарама-қарсы талаптарының болуы, міндеттемені орындау мерз...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Мектеп таңдау курстардың рөлі және «Дифференциалдық теңдеулер көмегімен математикалық модельдеу» курсты құрастыру туралы

Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Бұл қажеттіліктерді жалпы мектептерде толық күйде қанағаттандыра алмайды. Алайда қызы...

Орта білім беруде виртуалды оқытудың тиімділігі

Қазіргі уақытта «Виртуалды» деген атау күнделікті өмірде көп пайдаланатын сөзге айналды. «Виртуалды» термині латынның «virtus» (лат. virtus — ақиқат) сөзінен шыққан. Қазіргі таңда осы «виртуалдық» ұғымы білім беру саласына да енді. Виртуалды білім бе...

Ақпараттық жүйелерде криптоқорғау тәсілдерін қолдану

Бұл зерттеу криптография киберқылмыскерлерден өте құпия және құнды ақпаратты қорғаудың өте тиімді әдісі болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік бүкіл әлемдегі ең ыстық тақырыптардың бірі болып табылады. Ақпаратты қорғау әдістері мен кілттерін қамтамас...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Задать вопрос