Лопе де Вега — испан реалистік драматургиясының ірі өкілі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (358) апрель 2021 г.

Дата публикации: 17.04.2021

Статья просмотрена: 91 раз

Библиографическое описание:

Кобланов, Ж. Т. Лопе де Вега — испан реалистік драматургиясының ірі өкілі / Ж. Т. Кобланов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 16 (358). — С. 383-385. — URL: https://moluch.ru/archive/358/80002/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада Лопе де Веганың драмалық шығармаларындағы кейіпкерлер табиғатын, кезең көрінісін ашудағы қаламгер шеберлігі жан-жақты сөз болады.

Драмалық шығармаларындағы келеңсіз оқиғаларды бейнелеуде жазушы өмірге сенім туғызатын оптимистік, образды тәсілдерді таба біледі. Автор қаламгердің осы қырларын мақалада толық ашып көрсетеді.

Түйін сөздер : ұлттық драма, образ, конфликт, монолог, диалог, пьеса, дәстүр, риторика, логика, сюжет.

В данной статье рассматривается художественное мастерство великого испанского драматурга Лопе де Вега в драматическом жанре. Лопе де Вега глубоко раскрывает характер своих героев и осуждает средневековое общество. Но драматург всегда оптимичен, он верит в будущее. Поэтому его персонажи борються за справедливость, за духовную независимость при этом высмеивая алчность и предательства. Автор статьи всесторонно анализирует образы некоторых исторических драм и оценивает роль испанского драматурга в развитии этого жанра в мировой литературе.

Ключевые слова: национальная драма, образ, конфликт, монолог, диалог, пьеса, традиция, риторика, логика, сюжет.

Қайта өрлеу дәуіріндегі испан реалистік театрының жоғары даму сатысына көтерілуі драмашы Лопе де Вега шығармашылығымен тығыз байланысты.

Лопе де Вега өте білімді жан болған. Ол әр түрлі жанрларда өз талантын сынап көреді. Сонет, романс, қасида, поэма, пастораллалар, хикая, роман және драмалық шығармалар жазады. Лопе де Вега өзінің бір комедиясында жазған пьесаларының саны 1500 болғандығын ескертеді. Драмашы өлімінен соң, оның өмірбаянын құрастырған шәкірті Перес де Монтальван болса Лопенің барлық пьесасы 1800 екендігін көрсетеді. Бұған қосымша тағы 400 діни мазмұндағы пьесалар жазғандығы белгілі. Жазушының осы уақытта табылған және жарияланған пьесаларының саны 500-ге жақын, соның 50-і діни тақырыптағы пьесалар.

Лопе де Вега драматургия саласында үлкен даңққа бөленеді. Өмір деректерін көп білуі оның тарихи, аңыздық және заманагөй тақырыптарда түрлі пьесалар жазуына мүмкіндік берді.

«Жазушының драматургия саласына қатысты ой-пікірлері «Комедия жазудағы жаңа өнер» (1609) атты өлеңмен жазылған туындысында анық баяндалған. Мұнда ол ХVІІ ғасырдағы итальян классицист теорияшылары тарапынан белгіленген көп қағидаларға қарсы шығады» [1,156].

Лопе де Веганың «Жаңа өнері» испан ұлттық драмасының негізгі қағидаларын белгілеп берді. Ол әрекет бірлігін сақтай отырып, әдебиеттің дамуына кедергі болатын орын және уақыт бірлігінен бас тартады. Өнерді шектеп қоятын антикалық әдебиет нормаларын формал түрде көшіріп алған итальян классицист теорияшыларының барлық әрекетті тек бір ғана қаһарман айналасына топтастыру сияқты принциптеріне қарсы шығып, ол ішкі бірлікке, шығармадағы негізгі мақсаттың толықтығына ерекше назар аударды. Пьесада бірнеше эпизод яки сюжет жолы болуы мүмкін, бірақ олар басты мәселені шешуге жәрдем беруі тиіс деді.

Лопе де Вега және оның драмалық мектебін қолдаушылар пьесада дәл өмірдегі сияқты қайғы мен күлкіні араластыра суреттеу қажет екендігін көрсетті. Өз эстетикалық пікірлерінің шынайы мазмұнын белгілей отырып, Лопе комедияны «өмір айнасы» деп атады. Ол еркін шығармашылық үшін жазушыны классицизм қағидаларына бағынбауға шақырады. «Қайғыны күлкімен» араластыра отырып, әрекет орнын өзгерту, уақыттан еркін пайдалану принципін де ұсынады.

«Маған комедия жазу керек болса, — дейді Лопе «Жаңа өнерде» — мен барлық қағидаларды үш құлыппен мықтап бекітемін де, өз бөлмемнен Плавт пен Теренцийді шығарып жіберемін» [1.168 б.]. Драмашының бұл пікірлері заман талабы мен халық мүддесіне сай шынайы туындылар жазу тілегінен туындағаны сөзсіз. Лопе де Вега пьесаның көлемі, көріністері туралы пікірлерінде оны 5 актіденн 3 актіге дейін қысқартады. Шығармадағы тартыс, интриганың өткірлігі мен пьеса түйінінің шешілуі туралы да өз көзқарасын білдіреді. Лопенің драма туралы мұндай пікірлері классицизмді қолдаушылардың күшті қарсылығына ұшырайды. Бірақ, көп уақыт өтпей, оның испан ұлттық драмасы туралы эстетикалық көзқарастары мен драмалық шығармалары үлкен даңққа бөленіп, антикалық және классицист жазушылардың туындыларын сахнадан ығыстырып шығарады.

Лопе де Вега пьеса композициясының ізшілдігі, диалог өнерін өзінен бұрын өмір сүрген жазушылардан үйренуі, орта ғасырдағы халық театры дәстүрлерінен пайдалануы нәтижесінде Қайта өрлеу дәуіріндегі көңілді мотивтерді бейнелейтін шығармалар жазды. Лопе де Вега 1635 жылы қайтыс болды.

Лопе де Вега драматургиясы көлемі, тақырыбы жағынан кең болғандықтан, оны классификациялау қиынға соғады. Діни тақырыптардағы пьесалары мен бір опера либреттосын есепке алмағанда, Лопе шығармармаларын негізінен үлкен үш топқа бөлуге болады. Олар: тарихи-қаһармандық, саяси-әлеуметтік және махаббат тақырыбындағы драмалар мен комедиялар.

Драмашының бізге дейін жеткен шығармаларының басым көпшілігі (бір жүз елуден аса пьесасы) өткен тарихты, соның ішінде Испания тарихындағы маңызды оқиғаларды қамтиды. Мұндай пьесаларында мемлекет мәселесі мен ерлік тақырыбы басты орында тұрады.

Лопе де Вега пьесаларында Испаниядағы ішкі қақтығыстар («Король Вамбаның өмірі мен өлімі» (1604), испан тайпаларының Рим билігіне қарсы көтерілістері («Жақсылыққа жақсылық»,1604), маврлармен күрес («Симанкастық бикеш») сияқты оқиғалар өз көрінісін тапқан.«Саламей алькальді» (1610) драмасында ар-намысын қорғаушы және ақсүйектік зорлыққа қарсы күресуші шаруа образы бейнеленеді.

Табиғи адал сезімге, салуатты, парасатты қарапайым кедей жандарға, шаруаларға деген құрмет Лопе де Веганың «Өз үйің — өлең төсегің» (1622), «Шаруа өз лашығында» (1617), «Басқалар назарында тентек, өз ісіне пысық» (1635) пьесаларында жарқын бейнеленген.

Лопе де Вега махаббат, отбасылық-тұрмыстық тақырыптарындағы комедияларында («Плащ пен семсерлер комедиясы» деп те аталады) махаббат еркіндігі және неке мәселелері көріністеріне ерекше көңіл бөледі. Жалпы, «Шалғындағы ит», «Ыдыс жуушы асыл текті әйел», «Күзе көтерген қыз», «Би мұғалімі» атты шығармаларында жазушы әр қандай ескі әдет-ғұрыптарды, келеңсіз феодалдық дәстүрлерді сынға алады, адалдық, парасаттылық, адамгершілік қасиеттері мол жандарды дәріптейді [2,6 б.].

Лопе де Веганың «Қой қайнары» («Фуэнте Овехуна», 1612–1613) пьесасы тарихи қаһармандық және саяси-әлеуметтік тақырыптағы драмаларының ішіндегі ең көрнектісі. Драмада баяндалатын негізгі пікір өз дәуірінің маңызды саяси мәселесі — залым байларға қарсы халықтың белсенді қарсылығын көрсету және күреске үндеуі болып табылады.

Шығармада жазушы испан монархиясының екіжүзділігін әшкерелеп, шаруалардың байларға қарсы көтерілісін қолдайды.

Драмада орталық сюжетке қосымша жалғасатын үш оқиға: король өкіметі мен кертатпа феодалдар ортасындағы күрес, қанауға ұшыраған халықтың озбырларға қарсы көтерілісі және Фрондосо мен Лауренсияның ғашықтық сезімдері бейнеленеді.

«Қой қайнары» — Лопе де Веганың халық көтерілісін шынайы бейнелеген, демократиялық рухтағы ең көрнекті драмасы.

Лопе де Вега Испанияда жеке биліктің дағдарысы және феодалдық-католиктік озбырлықтың күшейген дәуірінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысты. Ұлы қаламгер Лопе осы тұңғиықта ақиқат жолын іздеді, зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы гуманистік идеяларды үлкен ерлікпен қорғады. Халықтың өз тағдырын өз қолына алуы, өз бостандығы үшін күресі тақырыбын суреттеуі оның шығармашылығының демократиялық сипатын белгіледі. Сол себепті Лопенің жауынгерлік рухтағы туындылары Испанияда билік жүргізген кертарпа топтардың қарсылығына ұшырайды.

Лопе де Вега драматургиясына қызығушылық Ресейде ХVІІІ ғасырдың 30–40 жылдарында басталды. Сумароков оның шығармашылығын жоғары бағалап, оны ағылшын жазушылары Шекспир, Мильтон, итальян жазушылары Тассо және Ариостомен бір қатарға қояды. ХІХ ғасырдың бастарында испан әдебиеті мен театрын үйрену тағы да күшейеді. Пушкин «Әдебиеттің халықшылдығы туралы» (1825) атты мақаласында Лопе де Веганы халық арманын бейнелеуші деп бағалайды. В. Г. Белинский «испан драмасы Лопе де Вега және Кальдерон сияқты жазушылармен мақтануы тиіс» [3.399 б.] екендігін айтты.

Әдебиет:

  1. История зарубежной литературы ХVІІ-ХVІІІ в.в. Москва, Просвещение, 1973.

2. Лопе Вега «Учитель танцев». Москва, «Книга по Требованию». 2011.

  1. Қобланов Ж. Т. Шетел әдебиетінің тарихы: 3-кітап. 4-басылым. Оқулық. Алматы: «Лантар Трейд», 2020.
Основные термины (генерируются автоматически): Вега, мена, москва.

Ключевые слова

конфликт, образ, диалог, пьеса, сюжет, логика, монолог, риторика, ұлттық драма, дәстүр

Похожие статьи

Драматургиядағы эпикалық дәстүрді игеру проблемасы

Мақалада туысқан халықтар драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи жырлар мен аңыз-әпсаналар тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзін...

Мырзағали Дәрібаевтың «Көклен батыр» драмасы

Мақалада қарақалпақ ұлттық драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи тақырыпқа жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, ш...

Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері

Мақалада қазақ фольклорының еуропалық фэнтезимен ортақ антикалық сарындары қарастырылған. Еуропалық фэнтезидегі мифтік образдардың қазақ халық ауыз әдебиетінде прототиптері бар екендігі нақты мысалдармен келтірілген. Сонымен қатар, бүгінгі Еуропа мен...

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы

Осы курс 8–9 сынып оқушылары үшін құрастырылған. Ерекшелігі: оқу-танымдық және тәрбиелік бағыты. Құрастырған кезде мен жұмысымдағы бақылауды басшылыққа алдым: оқушылардың қазақ халқының өнері, тұрмысы мен салты жайында білімдері аз. Сондықтан дәл осы...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы тәрбиенің негізгі құралының бірі болып табылады. Балал...

Ұлттық дүниетаным кеңістігіндегі этномаркерлі бірліктердің алатын орны мен маңызы

Бұл мақалада ұлттың танымымен сан ғасырлар бойы қалыптасып келген этномаркерлі лексикалық бірліктердің этностың тілінде алатын орны мен маңызы туралы айтылады. Тұтас бір халықтың рухани және материалдық мәдениетін танытатын сөздердің мән-мазмұны ашыл...

Хип-хоп музыкалық сленгінің ерекшеліктері, түрлері, тіл біліміне ықпалы

Мақалада жастар арасындағы музыкалық сленгтердің ерешеліктері көрсетіліп, шығу тарихы зерттеліп, қазақ лингвистикасына әсері талқыланады. Жұмыстың негізі лингвистика тұрғысынан өзекті әрі маңызды болып табылады. Себебі, американдық мәдениеттің ықпалы...

Әл-Фараби — әдебиеттанушы хақында...

Бұл мақалада әлемнің екінші ұстазы, бар әлемге белгілі ғалым,философ, дәрігер,сазгер- Әл-Фарабидің тағы да жаңа қырынан көрсету мақсатында, ғалымның әдебиетші ретінде танымал болғанын дәлелдеу. Ол үшін біздер Әл-Фарабидің трактаттарын, фарабитанушыла...

Задать вопрос