Қазақ фантастикасының диахронды сипаты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №26 (368) июнь 2021 г.

Дата публикации: 26.06.2021

Статья просмотрена: 290 раз

Библиографическое описание:

Курманаева, А. Ж. Қазақ фантастикасының диахронды сипаты / А. Ж. Курманаева, Ербол Бимуратулы Бейилхан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 26 (368). — С. 424-426. — URL: https://moluch.ru/archive/368/82847/ (дата обращения: 15.11.2024).

Мақалада қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының диахрондық сипаты жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, ғылыми тұжырымдамалар негізінде қазақ әдебиетінде фантастика жанрының бар екендігі дәлелденді және оның прогрессивті сипатына нақты мысалдар келтірілді.

Кілт сөздер: фантастика, субстанция, миф, диахронды, фольклор.

В статье подробно рассмотрен диахронический характер жанра фантастики в казахской литературе. Кроме того, на основе научных концепций было доказано существование жанра фантастики в казахской литературе и были приведены конкретные примеры его прогрессивного характера.

Ключевые слова: фантастика, субстанция, миф, диахронический, фольклор.

Фантастика — балалар әдебиетінде ерекше орын алатын жанр. Ғасырлар тоғысында, фантастика жанры әлі де өзінің империалистік саясатын әлем әдебиеті сахнасында ұтымды жүргізіп келеді. Орта ғасырларда іргесі қаланған жанрдың тұсаукесеріне халық миян болмай, «мордар» жанр есебінде қабылдағанын мойындауымыз қажет. Әуелде, халықтың танымына мүлдем сыймай, дүрбелең шақ тудырған жанрдың тұғыры бүгінде биік һәм өзгеше. Әдебиет айдынын кешкен жанрлардың ішінде қазақ фантастиканың алтын тәжі — ғаусылдан жасалған мәрмәр іспеттес. Мұхиттың түпсіз терең көндегінде өзінің иесін тағатсыздана күткен алтын тәждің сарғаймай, зұлфұқардай жер бетіне жарқырай шығуы — құлпы көп, көмбесі ашылмаған сандық сияқты. «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды», — дегеніміз ошал (осы) болар, сірә. Осыған орай, біз кәнәптай жұқа шоқжұлдыздардың (қазақ фантастикасының элементтерін) сынықтарын тауып, қоржынымызды сіздермен бөлісуді жөн көрдік....

Бірақ бәрінен бұрын істің мұғайына жетіп алсақ дейміз. «Фантастика мен фэнтезидің» бір еместігін түсінгендеріңізді шын көңілмен қалаймыз. Соңы ұғындырғанда ғана көңіліміз жай тауып, зияпатымыз асатын сынды. Ендеше, әдебиетімізге ұлфат болып енген жанрдың диахронды сипаты жайында біраз сыр шертіп көрелік: Фантастиканың субстанцясы — қиял мен ғылым. Ол ғылыми түсінікті қиял тілімен өрнектеп, бедерін айшықтап, көпшілікке жеткізеді. Ал фэнтези болса, халық тәжірибесін, нақтырақ айтқанда, фольклорын қиял құдіретімен жеткізуші жанр. Өткен мақалаларда айтқанымыздай, фэнтези — фольклордың жаңа замандағы елшісі. Ұлттық кодты заман ағымына сай дәріптеуші де, дүмпіген мәселенің шешімін үдетуші де — фэнтези. Ұғынықты тілмен айтсақ, фантастика — ғылым мен қиялдың, ал фэнтези — қиял мен дәстүрдің тоғысқан жері. Фантастикалық шығармалардың ғылыми негізі болады. Бұндай ерекшелік фэнтезилік туындыларда сирек кездеседі. Белгілі фэнтезист-жазушы, «Шоко әлем» атты көп сериялы кітаптың авторы — Рүстем Серікұлы Сауытбай «Таңшолпан» арнасына берген сұқбатында:

«Ғылыми фантастиканы жазу қиын. Не үшін? Өйткені, сіз ғылыми сауатты болуыңыз қажет. Ал Фэнтези терең мағлұматтарды қажет етпейді», — деп бекер айтпаған еді. Расында, фэнтези — қиялсүйер оқырманның отаны.

Фантастика — ғылымның әдебиеттегі айнасы. Фаруанадай құлпырып, әдебиет бағын гүлдендірген — Фантастика жанрының рағна шашағы дүниежүзілік әдебиеттану саласында өзге жанрларға қарағанда кеңірек тарап, жаңа заман тарихынан терең тамыр тартады. Әсілінде, фантастика жанрында қалам тартпаған жазушы кемде кем шығар. Қай әдебиетті сұрыптап қарастырсақ та, біз міндетті түрде фантастикалық нышандарды байқаймыз. Қазақ әдебиетінде де ғарыш әлемін баптап, фантастика сақшысы атанған жазушылар аз емес. Фантастикалық кеңістікке терең бойлап, қиял әлеміне құлаш сермеген даңқты жазушылар өмірбаянына әлі тоқтала жатармыз. Оған дейін қазақ фантастикасының тарихын қопарып, тамырын зерттеген мына біздерге ең алдымен фантастика жанры туралы біраз ой парақтауға рұқсат етсеңіздер:

Ғаламтор деректеріне сүйенсек, фантастика ғылыми пайымы әлі қалыптаспаған тұста мифологиялық һәм діни шығармаларда көрініс тапқан. Кейінірек, Фрэнсис Бэкон, Жюль Верн, Герберт Уэлс сынды ұлы жазушылардың ерен еңбектерінің арқасында фантастика әлем әдебиеті тарихына феномен болып енді. Қазақ әдебиеті де фантастикадан құр алақан емес. Өткен ғасырда да, жаңа ғасырда да қазақстандық жазушылар фантастика жанрында қалам тартқан және әлі де тұғыры биік туындыларды жазып, еліміздің мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлестерін қосып келеді. Қиял қисындарынан өрнек тоқып, кесте тіккен қазақ жазушылары көп-ақ. Алайда, өкініштісі сол, қазақ фантастикасының жалауын көтерген ұлы қаламгерлердің есімін көпшілік біле бермейді. Қазақ фантаст жазушылары мен оқырмандары арасындағы қыл көпірдің үзілуінің басты себебі — шығармалардың дұрыс насихатталмауында деп ұғынамыз. Көпірді қайта жалғау — жолдың түзелуіне байланысты болмақ. Өйткені, көпірге апаратын жол бой түземесе, арбаның морт сынғаны, жолдың жабылғаны...Қалай дегенмен де, мадақтау һәм ұлықтау — бүгінгі нарықтық заманда әдебиет дәстүрін сақтап қалудың жалғыз әрі негізгі құралы емес пе?

Фантастика — көне грек тілінен аударғанда «көзге елестеу өнері» дегенді білдіреді. Шынында да, қиялымен көрген жоқ әлемді бар қылып көрсету — нағыз өнер. Кеңістік пен уақытты қиял қисындарына салып, утопиялық әлемді тірілту — кез келген адамның қолынан келмейтін ұлы іс екені айдан анық. Оның үстіне қиялы ұшқыр қарапайым адамның өзі дәл фантаст-жазушылардай «вакуумдық» әлемге жан бітіре алмас. Сондықтан біз қазақ ғарышының гүлін суарып, ағашын түзу өсірген Абдул-Хамид Мархабаев, Жүніс Сахиев, Ақжан Машанов, Талап Сұлтанбеков, Медеу Сәрсекеев, Шоқан Әлімбаев, Раушанбек Бектібаев, Совет-Хан-Ғаббасов, Төлеш Сүлейменов, Нарбей Кенжегулова, Төлеу Шаханов пен Төлеш Шаханов сынды қарымды қаламгерлерге басымызды иеміз. Аталмыш жазушылардың көз майын тауысып жазған туындылары — балаларға әдебиетіндегі жалыны әлі сөңбігін шырағдан іспеттес. Шөміш болып жаңған шырақты мүлдем өшіріп алмау — барша әдебиет жанашырларының қолында дегіміз келеді. «Жаман» айтудан аулақпыз, бірақ, ғылыми фантастика һәм фэнтези жанрда қалам тербеген жазушыларымыз санаулы. Күндердің күнінде, өткеннің өкінішінде, қазақ әдебиетінің фантаст жазушыларының қатары жаңа қаламгерлермен толығып, әдебиетіміз әлі талай асуларды бағындырады деген нық сенімдеміз. Қазірдің өзінде қазақ фэнтезиі мен ғылыми-фантастикасын дамытуға үлес қосып жүрген Зира Наурызбаева, Рүстем Сауытбай, Зәуре Төрехан, Мақсат Рамазанұлы сынды қарымды қаламгерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз! Сәттілік серіктеріңіз болғай! Құрметпен, Ерболат Баятұлының шәкірті, жас ғалым, болашақ жазушы Алтыншаш Курманаева һәм ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ербол Бейілхан

Әдебиет:

  1. Мархабаев А-Х. Ф. Қиялгер қисындары — 1. Оқу құралы. — Алматы: «Санат», 2002. — 232 бет.
  2. Курманаева, А. Ж. Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Молодой ученый, — 2021.
  3. Курманаева А. Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлерінің синхрондық классификациясы / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Әдебиет порталы, — 2021.
Основные термины (генерируются автоматически): фантастика, ала Фэнтези, жанр, казахская литература, мена, Фэнтези.

Ключевые слова

миф, фольклор, фантастика, субстанция, диахронды

Похожие статьи

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Рүстем Сауытбайдың шығармашылығына рецензия

Мақалада фэнтези жанрының шебер жазушысы — Рүстем Сауытбайдың шығармашылығы аналогиялық концепциялар арқылы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, прогрессивті идеялар негізінде автордың көркем туындысына жоғары баға берілді.

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Қазақ драматургиясындағы комедия жанры

Мақалада қазақ драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің рөлі қарастырылады. Тарихи эпостар мен аңыздар тақырыбына жазылған комедиялардың табиғаты айқындалады. Жеке жазушылардың шығармашылық дағдылары мен ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан ...

Қазақ мифтік кейіпкерлері күні

Мақалада қазақ мифтік кейіпкерлерінің әлеуметтік сипаты ашылған. Сонымен қатар, аталмыш кейіпкерлердің экзистенциялық мақсаты жайында түрлі аналогиялық тұжырымдар жасалып, олардың қазіргі қоғамда алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Новалистің «Генрих Фон Офтердинген» туындысындағы миф пен ертегі

Мақалада герман романтизмнің алтын өкілі — Новалистің «Генрих Фон Офтердингин» туындысындағы миф пен ертегінің калокагатиялық мотивтері қарастырылды. Ұлы жазушының көркем туындылары катарсистік өрлеуге шақыратыны аналогиялық сараптамалар негізінде дә...

Фразеологияның Қазақстанда дамуы мәселесі

Бұл мақалада фразеологияның қырларын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Аталмыш зерттеушілердің ізденіс жұмыстарынан негізгі топтастырулар, ой-пікірлер мен тұжырымдар талдана отырып, фразеологияға қатысты іргелі еңбектерге...

Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы замана көріністері

Берілген мақалада автор Мағжан Жұмабаев лирикасының, соның ішінде табиғат лирикасының көркемдік қырын талдайды.

Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар...

Қазақ прозасындағы бинарлы когнитивті модельдердің көркемдік сипаты

Бұл мақалада әдебиеттегі бинарлы когнитивті модельдер, оның ішінде әлеуметтік концептуалды когнитивтердің көркемдік сипаты қарастырылады. Бинарлы-когнитивті модельдердің әлеуметтік концептуалды жағы зерттеу нысанына алынып, қазақ қаламгерлерінің туын...

Задать вопрос