Қазақ мифтік кейіпкерлері күні | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №28 (370) июль 2021 г.

Дата публикации: 04.07.2021

Статья просмотрена: 263 раза

Библиографическое описание:

Курманаева, А. Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлері күні / А. Ж. Курманаева, Ербол Бимуратулу Бейилхан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 28 (370). — С. 209-211. — URL: https://moluch.ru/archive/370/83094/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада қазақ мифтік кейіпкерлерінің әлеуметтік сипаты ашылған. Сонымен қатар, аталмыш кейіпкерлердің экзистенциялық мақсаты жайында түрлі аналогиялық тұжырымдар жасалып, олардың қазіргі қоғамда алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Кілтті сөздер: миф, прогресс, утопия, экзистенция, ренессанс.

В статье раскрывается социальный характер казахских мифических персонажей. Кроме того, были сделаны различные аналогии с экзистенциальным предназначением этих персонажей, подробно обсуждалась их роль и значение в современном обществе.

Ключевые слова: миф, прогресс, утопия, экзистенция, ренессанс.

Миф — ғылыми түсініктің утопиялық көрінісі. Мифология — ақиқат пен аңыздың тоғысқан жері. Реализм мен утопияны бір-бірінен ажырата алмай, кәнәптай ақ санасын тотемдік түсінікпен қаруландырған заманда миф дүниеге келген болатын. Миф — болмысты қиялмен көруге мүмкіндік беретін халық ауыз әдебиетінің ерекше жанры. Зайырын айтқанда, тамыры тереңнен, тарихы ежелден басталатын жанрлар ішінде миф — айрықша рөлге ие. Миф — әркез зүрриятын заман ағымына сай баптап, фольклорды прогресске итермелейтін әдебиеттің асыл тегі. Әсілінде, мордарлық (қарғыс атқан) белгіден алшақ, қиял мен шыңдық майданында мәрт болған мифтің қаны трайбализмдік идеалогиядан һәм регресстік танымнан таза болса керек. Өйткені, қазақ әдебиетінде онтологияның алтын парагдигмасын жасап, қиялмен өрнектеген латиф (әсем) мифтер жеткілікті. Олардың қатарына: «Үркер», «Жетіқарақшы», «Шолпан», «Есекқырған», «Ай мен Күн», «Ұмай-ана» сынды космологиялық, архаикалық және антропогондық мифтерді жатқызуға болады.

«Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері» атты ғылыми мақаламызда: фольклортану ғылыми өз ғылыми айналымына енгенге дейін түрлі тарихи кезеңдерді бастан өткергенін айтқан едік. Бұл кезеңдер ежелгі дәуір әдебиетінде танылу арқылы қазіргі фольклортану ғылымының жаңа қырынан ашылуына негіз болғаны рас. Бұған фолькортанушы ғалымдарымыздың ерен еңбектері айқын дәлел болмақ. Ғұламалардың ғұмырлы еңбектерін парақтап өтуге рұқсат етсеңіздер: Немат Келімбетовтың «Ежелгі дәуір әдебиеті», Мәлік Ғабдулиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Әуелбек Қоңыратбаевтің «Қазақ фольклорының тарихы», Риза Әлмұханованың «Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар», Шәкір Ыбраевтің «Қазақтың мифтік әңгімелері» және т.б [1].

Қазақ мифологиясының зерттелім тарихы тек бұнымен шектелмейді.

Қазақ мифологиясын зерттеумен: Ш.Уәлиханов, Ә.Қоңыратбаев, С.Қондыбай, С.Қасқабасов, Ш.Ыбраев, Р.Әлмұқанова және т.б бірқатар ғалымдар айналысты. Әр фольклортанушы-ғалым мифке сипаттама беріп қана қоймай, мифтік кейіпкерлердің диахрондық образын ашуға тырысқан болатын. Мәселен, Еуропа мен Азияның жәдігері, ұлы кемеңгер тұлға — Ш. Уәлиханов өзінің ғылыми мақалаларының бірінде қазақтың шамандық қалдығына сілтеме жасай отырып, жағымсыз кейіпкерлердің мотив-суреттемесіне айқын дәлелдер келтірді. Ғұлама ғалым қазақ мифологиясында мыстанның бірнеше түрі болатындығын ескертті. Атап айтқанда, Мыстан, Жезтырнақ, Сөрел, Көңаяқ, Албасты, Жалмауыз. Мифология кеңістігіне құлаш сермеген — Серікбол Қондыбай ағамыздың көзмайын тауыса жазып, мұқым әдебиеттішілерді тамсандырған — Арғықазақ мифологиясы атты еңбегін біз қазақ фольклористика ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі деп білеміз [2].

Астарын көндекке салып, көмбесін фольклорда жасырған миф ешқашан өз тұғырынан тайған емес. Мәселен, бүгінгі әдебиетімізге ұлфат (дос, бауыр) жанр болып еніп, әдебиеттану ғылымының өзекті саласына айналған фэнтези — мифологияның жаңарған нұсқасы іспеттес. Рағна шашағын кеңге жайып, Байшынар ағашын бала арманымен суғарған фэнтезидің ниеті ғаусалдай таза, мінезі зұлфұқардай өткір. Бала тілегін жарылқап, үмітіне сәуле шашқан фэнтези — әлі де мұқым әлемнің пірдаршысындай (қамқоршы) әдебиетке риясыз қызмет етіп келеді. Оқырманның көзқуанышына айналған шығармаларды атап өтсек: Эдваррд лорд Дансенидің «Эльфландия королінің қызы», Роберт Э. Говардтың «Конан», К. С. Льюистің «Нарнидің хроникалары», Дж.Р. Р. Толкиннің «Жүзік әміршісі», Ж. К. Роулиңнің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» және т. б.

Жоғарыда сөз еткен шетел әдебиетінің кейбір туындылары көркем шығарма есебінде ғана қалып қоймай, тарих сахнасына «әдеби мейрам» болып енген еді. Мәселен, өркениетті елдерде «Өлілер күні», «Хэллоуин», «Патрик күн» сынды мифтік мейрамдардың бары һәм дүркіретіп тұрып атап өтілетіні баршамызға белгілі. Шамандық дүниетанымның пргрессивті жалғасына айналған бұл мерекелердің концепциясына тоқталмас бұрын, әрқайсысының жеке эстетикалық сипатын ашқанымыз жөн болар.

Ғаламтор желісіндегі ресми деректерге сүйенетін болсақ, Хэллоуин (Анг. Halloween) — 31 қазан мен 1 қараша арлағында АҚШ пен Канада елдерінде тойланатын ежелгі мейрам. Оның шығу тегі байырғы кельт тайпаларының экзистенциялық ұстанымына саяды. Мәселен, аңызға сенсек, бұрынғы ағылшындықтар жылды екі мезгілге (қыс пен жазға) бөлген. 31 қазан — жылдың соңғы күні болып есептеліп, қысқа дайындық ерте басталған деседі.

Өлілер күні (Исп. El Día de Muertos) — қайтыс болған жандарды еске алуға арналған ежелгі ольмеки мен майя халқының қасиетті мейрамы. Қараша айының 1–2 аралығында тойланатын бұ мереке «Коконың құпиясы» (Тайна Коко) мультфильмінде көрініс тауып, мыңдаған көрерменді тамсандырған еді. Мексика халқының дәстүрлі мерекесі саналатын «Өлілер күні» — көптеген көркем туындылардың, әсіресе, кинокартиналардың сюжетіне арқау болу негізінде әлем өркениеті тарихында өзінің «Ренессанстік» (Қайта өрлеу) дәуірін орнатты. Мерекенің қайта түлеуі — мәдениет пен өркениеттің субстанциясын жаңартты. Міне, жалпыадамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағы жаңа арналармен осылайша толықты.

Бұл мерекелердің зияпатын асыра тойланыуы — зәуіқайыр(кездейсоқ) жайт емес. Ошал (осы) күндердің қасиетті де қадірлі деп танылуының астарында терең мән жатыр. Мәселен, батыс еуропадағы әрбір бала «Хэллоуин» мейрамы кезінде хтоникалық, зооморфтық, демонологиялық образдарға ену арқылы өз халқының мифтік кейіпкерін бес саусағындай жатқа біледі. Кейіпкер бейнесін сомдап, енғам (үлес) алған баланың мифтік кейіпкерлер жайында қалыптасқан гносеологиялық өрісінің кеңейетіндігі айдан анық. Аталмыш мейрамдардың экзистенциялық мақсатына қарап, біздің санамызға оғаштау болса дағы: «Неге бізге де мифтік кейіпкерлер күнін тойламасқа?» деген сұрақ келді. Жоқ, батыс еуропалық мерекелерге «мемесис» (еліктеу) жаса демейміз. Керісінше, шетелдік тәжірибеге арқа сүйей отырып, «Қазақ мифтік кейіпкерлер күнін» тойлаған дұрыс болатын сықылды. Әрі, Бразиялия мемлекетіндегідей «Карнавал» қылып өткізсек тіптен жақсы. Мұғайын істің түптің түбінде катарсистік өрлеуге, скептитицизмдік дамуға шақырарына нық сенемдіміз. Сондықтан, «мифтік кейіпкерлер күні» мерекесіне оптимистік көзқараспен қарауларыңызды өтінеміз.

Әдебиет:

  1. Курманаева, А. Ж. Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Молодой ученый, — 2021.
  2. Курманаева А. Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлерінің синхрондық классификациясы / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Әдебиет порталы, — 2021.
  3. Курманаева А. Ж. Қазақ фантастикасының диахронды сипаты / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Молодой учёный, — 2021.
Основные термины (генерируются автоматически): миф, мена.

Похожие статьи

Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар...

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Новалистің «Генрих Фон Офтердинген» туындысындағы миф пен ертегі

Мақалада герман романтизмнің алтын өкілі — Новалистің «Генрих Фон Офтердингин» туындысындағы миф пен ертегінің калокагатиялық мотивтері қарастырылды. Ұлы жазушының көркем туындылары катарсистік өрлеуге шақыратыны аналогиялық сараптамалар негізінде дә...

Қазақ фантастикасының диахронды сипаты

Мақалада қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының диахрондық сипаты жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, ғылыми тұжырымдамалар негізінде қазақ әдебиетінде фантастика жанрының бар екендігі дәлелденді және оның прогрессивті сипатына нақты мысалдар ке...

Рүстем Сауытбайдың шығармашылығына рецензия

Мақалада фэнтези жанрының шебер жазушысы — Рүстем Сауытбайдың шығармашылығы аналогиялық концепциялар арқылы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, прогрессивті идеялар негізінде автордың көркем туындысына жоғары баға берілді.

Ағылшын және қазақ тілі негізінде «ар-ұят» концептісінің лингвомәдени талдауы

Бұл мақалада «ар-ұят» концепті, яғни әлеуметтік-мәдени мағынаның бірлігі зерттеледі, ол үшін оның тілдік репрезентация құралдарын және оның өмір құбылыстарында корреляциясын анықтау қажет. «Ар-ұят»сөзі мен концептісінің тарихы сипатталады. Қазақ және...

Жарнама — қазіргі заманғы мифтік құрылым ретінде

Мақалада жарнама мен қазіргі заманғы мифтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сарапталады. Сонымен қатар жарнаманың қазіргі қоғамдағы рөлі талданады.

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Фразеологияның Қазақстанда дамуы мәселесі

Бұл мақалада фразеологияның қырларын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Аталмыш зерттеушілердің ізденіс жұмыстарынан негізгі топтастырулар, ой-пікірлер мен тұжырымдар талдана отырып, фразеологияға қатысты іргелі еңбектерге...

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Задать вопрос