Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 26 октября, печатный экземпляр отправим 30 октября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №28 (370) июль 2021 г.

Дата публикации: 10.07.2021

Статья просмотрена: 112 раз

Библиографическое описание:

Курманаева, А. Ж. Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы / А. Ж. Курманаева, Е. Б. Бейлхан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 28 (370). — С. 211-214. — URL: https://moluch.ru/archive/370/83208/ (дата обращения: 16.10.2024).

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы жеке аналогиялық тұжырымдар арқылы дәлелденді.

Кілт сөздер: ойыншық, конвенция, фольклор, миф, экзистенция.

В статье рассматривается роль и значение игрушек в детской литературе на основе идей катарсиса. Предложен эвристический способ развития детской литературы. Прогрессивная роль детской литературы и игрушек в обществе доказана отдельными аналогиями.

Ключевые слова: игрушка, конвенция, фольклор, миф, экзистенция.

Ойыншық — бала дүниетанымының субстанциясы. Бала ойыншық ойнау арқылы дүниені кәміл (толық) таниды. Ол қоршаған орта туралы алғашқы гноесеологиялық түсініктерді де ойыншық берген тәлімнің арқасында қалыптастырады. Зайырын айтқанда, ойыншық бала экзистенциясында (өмірінде) аса маңызды рөл атқарады. Ойыншықсыз балалық шақты елестету мүмкін емес. Өткен ғасыр мен жаңа заман тоғысында да ойыншық ойнамаған бала жоқ шығар. Көркем әдебиеттің фарағатында да (кеңістік) ойыншықтар жайында жиі әңгіме өрбіп жатады. Мәселен, Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» туындысындағы: «Мысық Шоқанға бұрынғы үйірлігіне сеніп, ойыншықтарын тегіс көрсетті» [1,179 б] деген сөйлем біздің сөзіміздің жүйелі дәлелі болары хақ.

Ойыншық — мәдениет пен өркениеттің құтты қонағы. Ол — мәдениет тасушы һәм өркениетті қалаушы сардарбег. Шындап келгенде, ойыншық әрқашан бала ғайышының (өмірінің) саттары (қорғаушы) болмақ. Назыры, бала ойыншыққа өзгеден арттық сенім артады. Ойыншық бала үшін пірдаршы (қамқоршы) іспеттес денотаттық дүние өкілі. Ғаусал жүрек бала ойыншықты әркез өмірінің сәні мен мәні деп біледі. Ойыншық оны тілсіз түсінетін секілді. Әсілінде, ойыншық пен бала ежелден айырылмас достар болса керек. Өйткені тарихтың көмбесіне назар салсақ, ойыншық пен адам баласының арасындағы зұлфұқардай мықты достықты көреміз. Олай болса, ойыншық бүткіл адамзат алдында зор мәртебеге ие. Бірақ әдебиет сахнасында оның рөлі қандай? Қосалқы ма? Жоқ, әлде, негізгі ме? Бұл күрмеуі көп, күрделі сауалдың жауабын төменде біле жатарсыздар.

Балалар әдебиеті — ұлт тағдыры. Ұлттық код пен ділді сақтауды бар жан тәнімен қаласақ, әдебиет майданының тар жолында тайғақ кешу керекпіз. Алайда біз мынаны ескергеніміз жөн: ұлы әдебиет соғысы жер бетіндегі қанды қасаптардан өзгеше һәм ерекше. Әдеби қақтығыс жан үшін арпалыспен бірдей нәрсе. Түптеп келгенде, әдебиет пен рух егіз ұғым. Рухтың тірегі — әдебиет. Ал әдебиеттің арқасүйері — рух. Мұғайындап айтсақ, әдеби майданда сахих (әділ) жеңіске жету — рухқа байланысты. Рух пен сана біріккенде тарих өмірдің жаңа парағын аша бастайды. Яғни, латиф (ғажап) өмірді өткеру тікелей өзімізге келіп тіреледі. Міне, осыны негізге ала отыра, біз «әдеби бақты» гүлдендірудің жаңа жолын ойластыра бастадық. «Сіздерге өтірік, бізге шын» дегендей, ойыншықтардың жаһандық үдерістергі калокагатиялық рөлін зерттей бастадық. Сонда ұққанымыз: ойыншық пен әдебиет бір мақсатқа ұмтылғанда өркениет өзінің кемер (әсем) кірпішін қалайды. Бұл не деген сөз? Балалар әдебиетіндегі мифтік образдардың ойыншығын жасау қажетпіз дегенді білдіреді. Фольклорлық шығармалардағы кейіпкерлердің ойыншығы жасалса, өркениетіміздің зияпаты қанбақ (жаны жай табу). Мәселен, «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің жан достары Желаяқтың, Саққұлақтың, Таусоғардың ойыншығын ойнаған бала халық ауыз әдебиетін жетік меңгеріп алары сөзсіз. Я болмаса, фольклорлық кейіпкерлердің ойыншығы өндірілсе бұ балалардың мерейін асырып, кітап оқуға деген құлшылығын арттырмай ма? Ендеше, неге қазақ мифтік кейіпкерлерінің ойыншығын өндірмеске? Қазірден ойыншық фабрикаларын ашып, қазақ балалар әдебиетінің ойыншығын жасамасқа? «Менің атым Қожа» кітабындағы Қожа кейіпкердің ойыншығын жасап, балалардың әдебиетке ықыласын оятпасқа? Біздің бұ жаңғырық дауысымыз көк аспанды құлататындай шыққанымен де сіздерді тағы бір тың жобалармен таныстырып шығуға рұқсат етіңіздер:

Ойыншықтарды өндіруге кіріспес бұрын мына қадамдар атқарылу қажет:

  1. Ойыншық фабрикасы шетелдік тәжірибе негізінде ашылып, «Қазақ мифтік кейіпкерлері» (Хтоникалық, Тератологиялық, Ілкі қаһармандар және т.б) «Қазақ ертегі кейіпкерлері», «Қазақ балалар әдебиеті кейіпкерлері», «Қазақ этнологиясы» (Киіз үй, Домбыра және т.б ойыншықтары жасалса) деген сериямен ойыншықтар жасалып, жаппай сатылса;

Осы тұсты пайданала отыра біз әлемге аты әйгілі әрі алпауыт компаниялардың тізімін ұсынамыз:

  1. https://www.mattel.com/en-us/
  2. https://www.americangirl.com/
  3. https://barbie.mattel.com/shop
  4. https://www.lego.com/ru-ru
  5. https://shop.hasbro.com/worldwide
  1. Ойыншық фабрикалары балалар жазушыларымен, кино-режиссерларымен, продюсерлермен, менеджерлермен және әдебиеттанушылармен конвенцияға (келісімшартқа) отырып, ойыншық өндіруі қажет (Мәселен, «Шоко әлем» кітабындағы кейіпкерлердің ойыншығы жасалып, кітаппен қоса сатылса);

1-сурет. 2-сурет.

  1. «Алтын сақа», «Алтын сандық» деген атаумен арнайы қазақ ойыншықтары дүкендері болса һәм онда қазақтың ұлттық ойындарына байланысты ойыншықтар сатылса (Мәселен, «Көкпар» ұлттық ойынның ойыншығы жасалып, балалар кілем үстінде отырып көкпар ойнын ойнап жатқан ойыншықтарды рөлге салып, сюжетті ойындар ойнады. Осылайша, ұлттық ойындар туралы алғашқы түсініктер қалыптастырады);
  2. Ойыншық фабрикаларының маркетингі жоғары деңгейде болу керек (Мәселен, әлеуметтік желілерде қазақ ойыншықтарын насихаттау жұмыстарын жүргізу);
  3. Қазақ ойыншықтары фабрикасының жанынан мултипикациялық студиялар ашу (Шетелде бұ тәжірибе бұрынан бар);

Бәрінен бұрын мағрифатты (білімді) ұлықтайтын ойыншық түрлерін жасауымыз қажет. «Әліппе», «Кел, балалар, оқылық!», «Кел, санайық!» деген атаумен ойыншықтар өндірілсе нұр үстіне нұр болар еді. Балаларға қазақ әліпбиін үйрететін ойыншықтар көптеп өндірлуі керек-ақ. Бұл балалардың сауатын ерте ашады. Бала кішкентай күнінен әріп жаттап, мектепке психологиялық тұрғыда дайын болады. Бұдан бөлек, «Әліппе» деген атаумен саябақтар жанынан ойын алаңдары ашылуы керек деп санаймыз. «Әліппе» ойын алаңы мектепке дейінгі балалардың сауатын ашу үшін тегін қызмет ететін болады. Ошал (осы) алаңқайда 0–7 дейінгі балалар ана тілінің әріптерімен ойын арқылы танысып, жасынан бұрын хат таниды. «Жастар біздің болашығымыз» демекші, балалардың хұсни (жоғары деңгейде деген мағынада қолданып тұр) сауатты болуы — балалар әдебиетіне қосылған өлшеусіз үлес деп білеміз. Қалай дегенмен де әдебиетті рефалау (гүлдендіру) — тәрбие мен мағрифатты (білімді) дұрыс меңгеруден басталатынын ұмытпағанымыз жөн.

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы, педагогика ғылымдарының докторы Үмітхан Мұңалбаеваның ұсынысымен биылғы жыл Қазақстанда «Балалар мен жасөспірімдер әдебиетін қолдау жылы» болып жарияланған еді. Осыған орай, 2021 жылдың 23-сәуірінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоқты Райымқұловамен онлайн кездесу болып өтіп, балалар әдебиетін дамытудың бағыттары мен бағдарлары жан-жақты талқыланды. Біздің айтпағымыз, міне, сол кездің өзінде біз ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы туралы алғашқы концепцияларды ұсынған едік. Бұл жайында белгілі әдебиет сыншысы, әдебиеттанушы Анар Кабдуллина әдебиет порталында жариялаған мақаласында жазған болатын. Мақаладан үзіңді келтірсек:

Қазақ мифтік, ертегі кейіпкерлеріне арнап «Ертегілер елі» атты үлкен ойын-сауық орталығы ашылса. Мәселен, Францияда, Лос-Анджелесте әлемдегі ең ірі балалар кешені — осындай орталықтар (Диснейленд) орналасқан. Қазақстан да өзінің халық ауыз әдебиеті мұраларын насихаттау мақсатында «Ертегілер елі» балалар орталығын ашса деген ұсыныс бар. «Ертегілер елі» атты үлкен ойын-сауық орталығының ішінде «Балалар мұражайы» болғаны дұрыс. Қазақстан ойыншық өндіру өнеркәсібін жетілдірмей — балаларды кітап оқуға толық баули алмайды. Оның себебі — бала мектепке бармас бұрын бірден қолына кітап алмайды. Ең әуелі ойыншық ойнайды. Ол көркем шығарма кейіпкерлерін ойыншық арқылы таниды. Бұған бүгінгі балалар күнделікті тұрмыста қолданып, ойынға пайдаланып жатқан (яки, ойнап жатқан) шетелдік ойыншықтар куә. Мәселен, бүкіл әлемдегі Mattel ойыншық фабриксы ірі киностудиялармен конвенция (келісімшарт) жасай отырып, ойыншық өндіреді. Ал шетелдегі киностудиялар кітап желісі бойынша фильм түсіретіні баршамызға белгілі. Қазақстанда да әр көркем шығарма кейіпкерінің ойыншығы өндірілуі қажет. Осы бастамалардың барлығының «Ертегілер елі» балалар орталығында топтастырылғанын қалаймын. Қысқа айтып отырмын, бізде бұны жүзеге асырудың толық бағдармалары бар. «Балалар мен жасөспірімдер әдебиетін қолдау Кеңесі» жанынан «Көркемдік кеңес» құрылғаны дұрыс. Қазір балаларға арналып көптеген шығармалар, анимациялық фильмдер, комикстер жарық көріп жатыр. Өкінішке орай, кейбірінде біздің танымызға жат жоргондар мен көше тілі орын алуда. Балаларға арнап жазылған, шығарылатын барлық дүниелерді осы көркемдік кеңестің талқысына салсақ, сараптамасынан өткізсек ондай олқылықтар болмас еді. Көркемдік кеңеске танымал тіл мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері тартылады. Кеңес мүшелеріне жоғары статус беріліп, грант төленсе деген ұсынысымыз бар.ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен белгіленген «Балалар мен жасөспірімдер кітап оқуын қолдау жылы» аясында төмендегі әдеби байқауларды өткізу міндетті болмақ. Біз балалар шығармашылығына арналған республиакалық байқаулар өткізу арқылы, балаларға арналған тың дүниелерді жинақтап, антология ретінде шығарып, балалар әдебиетінің қорын молайта аламыз. Балалар жазушыларын ынталандырамыз. Жыл басталғалы 4 ай өте шықты. Жуық арада балалар шығармашылығына арналған бірнеше жанрда республикалық байқау жарияласақ деген ұсыныс бар, — Ербол Бейілхан [2].

Құрметпен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология бөлімінің студенті, жас ғалым, болашақ жазушы Алтыншаш Курманаева һәм ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі және Балалар әдебиетін қолдау кеңесінің төрағасы Ербол Бейілхан.

Әдебиет:

  1. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық / Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. 3-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2010.-304 бет.
  2. А. Кабдулина. Мәдениет министрімен балалар жазушыларының кездесуі болып өтті / Анар Кабдулина — Әдебиет порталы, — 2021.
  3. Курманаева, А. Ж. Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Молодой учёный, — 2021.
  4. Курманаева А. Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлерінің синхрондық классификациясы / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Әдебиет порталы, — 2021.
  5. Курманаева А. Ж. Қазақ фантастикасының диахронды сипаты / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Молодой учёный, — 2021.
  6. Курманаева А. Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлері күні / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Молодой учёный, — 2021.
Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, детская литература, бар.

Ключевые слова

миф, фольклор, экзистенция, конвенция, ойыншық

Похожие статьи

Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар...

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Мәтінді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері

Мақалада бастауыш мектепте көркем мәтінді оқытудың бастаулары сөз болады. Өткен ғасырлардағы ағартушы-педагогтардың озық идеялары бүгінгі жаңартылған білім мазмұнында жалғасып жатқанына мән береді.

Фразеологияның Қазақстанда дамуы мәселесі

Бұл мақалада фразеологияның қырларын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Аталмыш зерттеушілердің ізденіс жұмыстарынан негізгі топтастырулар, ой-пікірлер мен тұжырымдар талдана отырып, фразеологияға қатысты іргелі еңбектерге...

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім алушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың маңызы

Мақалада қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың маңыздылығы негізделеді. Яғни, сабақ барысында оқушылардың аналитикалық ойлау жүйесін дамыта отырып, бірнеше маңызды дағдыларға үйрету. Аналитикалық ойлаудың ер...

Қазақ мифтік кейіпкерлері күні

Мақалада қазақ мифтік кейіпкерлерінің әлеуметтік сипаты ашылған. Сонымен қатар, аталмыш кейіпкерлердің экзистенциялық мақсаты жайында түрлі аналогиялық тұжырымдар жасалып, олардың қазіргі қоғамда алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Задать вопрос