Мақалада қазіргі жастар тіліндегі жаргондық лексика, олардың тілдегі түрлері, жасалу жолдары туралы айтылады.
Кілт сөздер: жастар тілі, жаргондық лексика, жаргон сөздер, студенттік жаргондар.
В статье рассказывается лексические особенности молодежного сленга, основные типы сленговой лексики, о том, как они формируются.
Ключевые слова: молодежный сленг, сленговая лексика, сленговые слова, студенческий сленг.
Бүгінгі күні әлеуметтік тіл білімінде жастар жаргондарының жеткілікті түрде зерттелмегендігін ескере келсек, қазіргі жастар дискурсындағы жаргондық лексиканы анықтау ғылыми тұрғыдан өзекті тақырып болып табылады. Қазақстандық жастардың саны миллионнан асады, олардың қатарында жас ұрпақтың білімді, мәдениетті және зиялы өкілдері де, басқалары да бар. Қоғамда жастардың өзіндік орны бар. Демек, осы әлеуметтік топ өкілдерінің тіліне назар аудару зерттеу жұмысымыздың тақырыбы өзекті мәселеге арналғандығын дәлелдей түседі.
Жаргон (ағылш. slang; jargon ;) — әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйемен ие болмайды. Жаргондық лексиканың бөлiгi — бiр емес, (соның iшiнде және одан тарлау жоғалған) көп әлеуметтiк топ [1].
Жаргонның лексикасы қайта мағыналау, метафоралау, қайта ресiмдеу, дыбыстық қысқарту тағы сол сияқтылар, сонымен бiрге басқа тiлдегi сөздер және морфемалардың белсендi меңгеруi. Мысалы: құламалы-сәндi, iскер, үй — пәтер, бакстер — долларлар, қол арба — автокөлiк, тартып қалсын — кетсiн, баскет — баскетбол, чувак — жiгiт. Жаргон қазiргi тiлде кең таралған, әсiресе жастардың тiлiнде жиі кездеседі.
Бұл терминнің этимологиясы даулы мәселелердің бірі. Алғаш рет ол 1750 жылы «көше тілі» ретінде тіркелген. Ағылшын лексикографиясында «сленг» термині шамамен ХІХ ғасырдан бастап кең қолданысқа ие болды,1850 жылдан бастап бұл термин ауызекі тіл лексикасының заңсыз атауы ретінде кеңінен қолданыла бастады.
Қазіргі таңда жастар арасында жаргон сөздерді қолдану 50 %-дан жоғары көрсеткішке ие және супер, класс, окей сөздері әдеби тілді бірте-бірте ығыстырып барады. Жастар сленгі қызықты лингвистикалық феномен, оның ауқымы тек жас ерекшелігімен ғана емес, өзінің аты айтып тұрғандай әлеуметтік, уақыттық және кеңістікпен шектеледі.
Жастар жаргоны — кез келген тілде қолданылатын және барлық уақытта өмір сүретін, тек сандық құрамы мен тілдік және тілден тыс факторлардың әсерінен қолданылу аясын өзгертетін құбылыс. Жаргондар жастар мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бір де бір мәдениет өзінің коммуникативтік кодтық сөзінсіз өмір сүре алмайды, тіл әртүрлі тұрмыстық, мәдени және саяси салада қолданыс табады. Студенттер тілінің негізгі ерекшелігі оның қызметінің көптігімен сипатталады. Жастар арасындағы жаргон сөздер әмбебаптық қызмет атқарады, белгілі бір мақсатты көздегендіктен тез таралады.
О. В. Цибизова жаргон бірліктерінің пайда болуының оннан астам жолдарын ашып көрсетеді және сол арқылы сленг сөздердің сөздік құрамының үнемі жаңарып, толығып отыратындығын дәлелдей түседі [2]. Жастар жаргоны лексикасының үнемі толығу және пайда болуының негізгісі ретінде төмендегі дереккөздерді көрсетуге болады.
Жастар жаргонын пайдаланудың басты функционалды міндеттерінің бірі — оның коммуникативтік қызметі. Ерекше әлеуметтік топ құрылады, сонымен қатар ішкі ұқсастық белгілер мен тілдегі жаңа қолданыстар өзінің құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, коммуникативтік актіге түсуге бағытталады.
Жастар жаргоны креативті қызметті іске асырады, бұл лексикалық бірліктерді қарым-қатынас жағдаятында өз ойын білдіруге қажетті құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Әдеби тілге тән нормалар мен табуларды бұзып, жаңа сөздерді ойлап шығарады, ол арқылы жастар дербестігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін аша түседі, тілдің лексикалық құрамын жаңартады.
Жастар жаргонын пайдалану көптеген мақсаттарды шешуге жол ашатындықтан, номинативті бірліктердің жасалуы мен таралуы түрлі бағытта болады. Бірінші кезекте жастар жаргонының лексикалық құрамының толығу ерекшелігін қарастыру керек, бұл көп жағдайда жастардың дүниені тану тәсілін анықтайды.
Жастардың жаргон сөздері — аға буын өкілдеріне қарсы тұру арқылы тұтас қоғамдық жүйеге қарсылық білдіруден пайда болған 13–30 жас аралығындағы адамдардың әлеуметтік диалектісі. Қалада оқитын жастар мен жекелеген шағын топтар арасында қолданылады.
Жастар жаргоны кіріктіру негізінде жүзеге асады. Жаргонға семантикалық әзіл тән. Әсіресе өте сәтті қолданылған мағынасыз сөз ойыны жоғары бағаланады. Жаргон сөздер тұрақты емес. Заман ағымына сәйкес сөздер ескіріп, жаңа жаргондар пайда болып отырады. Бұл процестер тез жүзеге асады. Егер басқа сленгтерде сөздер ондаған жылдар бойы сақталса, жастар жаргондарының соңғы онжылдықта ұмытылып кеткендері қаншама. Ұрпақ ауысып отырған сайын осыдан 5–6 жыл бұрын қолданылған жаргондар қазір күлкілі әрі құлаққа түрпі естілуі мүмкін. Қоғамдағы тенденциялардың өзгеруіне байланысты кейбір сөздер ескіріп қолданыстан шығып отырады.
Жаргон сөздердің басты ерекшелігі — күнделікті көңілсіздіктен арылу, кекесін, бетперде. Жастардың жаргон сөздері оларды күнделікті күйбеңнен, үлкендердің, ұстаздардың, ата-аналардың көңілсіз әлемінен бір сәт алыстау. Бұл заман ағымына ілесіп отыратын, қоғам мен елдің тірлігіндегі әрбір өзгеріске реакция беретін жанды сөз.
ХХ ғасырдың соңғы он жылында жалпы жаргондар қорының толығуына қылмыстық аргоның да үлесі мол болды. «Бұл негізінен кеңестік дәуірде түрме тілінің халықтан жасырын болмағандығына байланысты» [3] осылайша жалпы жаргонда келесі сөздер пайда болды: пахан, махан, мент .
Жаргон да мода сықылды жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен, бұрындары толық адамды — «бөшке» , арықты — «глиста» , жалқауды — «сачок» , мықты, күшті жігіттерді — «блатной», «фраер» , өсек-аяңға жақын жүретіндерді — «шестерка» , «стукач» , ауылдан келгендерді — «колхозник», «деревня», «ауылбай», «мырқымбай» деген екен. Бұлардың біразы қазір де айтылады. Оларды жаңасымен толықтырып, «творчестволық» шеберлігіміз жылдан-жылға шыңдалып жатыр. Бүгінгілер неғұрлым қысқа да нұсқа сөйлейді. «Қалың қалай?» деп созып тұрмай: «каксың?» дей салады. Оған жауап бергенде «жағдайым жақсы» деп жатпай-ақ, «лафа» дейсің, бітті. Әлдебіреу дауыс көтерсе «дік-дік етпе», одан әрі ұнамай бара жатса «қашып кет» десеңіз, әлгіңіз табан астында өзі жоғалады. Одан қалса қыздар: «жігітіммен ренжісіп қалып едім» деп сызылып тұрмай: «жігітімді лақтырып кеттім» десе бірден түсінікті. «Маған бірлік саласың ба?» деп сыпайыланбай-ақ: «единица атшы» десеңіз санаулы секундтардан кейін телефоныңыз сыңғыр ете түседі. Құрбыңмен кездескен кезде: «құлпырып кетіпсің» деп ағыңнан жарылмай-ақ: «ұрып тұрсың» десең бұл да сөзіңнің нысанаға дөп тиюіне жеткілікті.
Дара сөзден болған жаргондар: ботан — зерделі адам, жылауық -қызғаншақ, іші тар, ауру — адамға маза бермейтін адам, қуғынбай — артық сөйлеп кеткен, мылжың, сасымашы — босқа сөйлемеу, мамка, батя — ата-ана, шеф — бастық, читалка — оқу залы, общяга — жатақхана, аташка — ата, ажека — әже, сущняк — сусын, сындырды — көндірді, тартыл — қатарға қосыл, жыртты — жеңді, өшті — басылып қалды, қума — жөнсіз сөйлеме, Super – керемет, Forever– мәңгілік, крутой — мықты, тема — керемет, лох — аңқау, тупой — топас, хата — үй, баспана, мент — полиция қызметкері, кайф — рахат, ксерокстау — ксерокөшірмеден өткізу.
Ықшамдалу тәсілі арқылы жасалған жаргондар: универ — университет, академ — академия, зоофак –зоотехникалық факультет, препод — мұғалім, ұстаз, инет — интернет, геофак — географиялық факультет, филфак — филологиялық факультет, педфак — педагогикалық факультет, истфак — исторический факультет, физмат — физика-математикалық факультет, спортфак — спорттық факультет, музфак — музыкалық факультет, экономфак — экономикалық факультет, дш — дене шынықтыру, жатақ — жатақхана, степуха — cтипендия, перваш — бірінші курс, втораш — екінші курс, Ok — жақсы, шпор — шпаргалка, прикол — әзіл, комик — әзілкеш, старшак — топ басшысы, сотка — ұялы телефон, бірбаштар — орыстың «перваш» сөзінің әзіл түріндегі аудармасы, мағынасы «бірінші курстық», екібаштар –«втораш», яғни «екінші курстық», зачетка — сынақ кітапшасы.
Күрделі сөздерден болған жаргондар: « құлаққа лапша ілу» — өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу, «тормозы ұстап қалды» — бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, жындыларский зат — ыңғайсыз зат, тормозы ұстап қалу, зависать ету — бөгеліп қалу, базар жоқ, әңгіме жоқ — сенімді болу, талпамен келу — көпшілікпен келу, типаж болу — өзімшіл, өркөкірек, косякқа кіру — ыңғайсыздыққа тап болу, шпор жасау — жауап парағын дайындау, крышасы бар,танкасы бар — қолдау көрсететін ағасы бар, миды шіріту — көп сөйлеу, картоптыжарды — бәрін аузына қаратты, сағызша шайналды — жауап таппай дал болу, шемішкеше шақты — жауабын зуылдатып айтып тастау, ала көзіменстрелять ету — қадала қарау, маршруткаға міну — қоғамдық көлікке міну, потеря болу — қобалжу, әбіржу , ёё моё — мәссаған, таң қалу, құлақтан тепті — алдады, қуадыекенсің — жөнсіз сөйлейді екенсің, бітіпқалдым — шаршадым, лақтырыпкетті — тастап кетті, алдап кетті, қоянныңсуретінсалып кетті — алдап кетті, қораға кірді — алданды, балта қадады — сөзбен ұтты, мат қылды — жеңді, ұтты, ат екенсің — сұлу екенсің, күлкіден қырылып қалды — қатты күлді, шашып тастады — тез орындады, артымды жабыңдаршы — жоқтығымды білдірпеңдер, әрі ойна — мазаны алма, қашып кетші — аулақ жүр, қатырып кетті — алдап кетті, пуки-пуки — керемет, чики-чики –керемет, чики-пуки –керемет, единица ату — ұялы телефонға бірлік салу, единица салу — ұялы телефонға бірлік салу, бәрі OK — бәрі тамаша, селфилатпадық па? — фотосуретке түспедік пе? Кайф ұстадым — рахаттандым, автомат алу — емтиханды тапсырмай, «өте жақсы» деген бағаны алу.
Қазіргі кезде жастар арасында жаргон сөздер қолдану кеңінен тараған. Сонымен қатар орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі сөздерді араластырып сөйлеу де «модаға» айналды.
Тақырыптық бөлуде жаргондық лексиканың төмендегіше топтары анықталған:
1) жоғарғы оқу орнын, колледждерге атау беру ( универ, академ );
2) факультеттер мен мамандықтарды атау: ( зоофак, геофак, филфак, педфак, истфак, физмат, спортфак, музфак, экономфак );
3) кеңістіктегі атаулар: жатақ, читалка ;
4) әлеуметтік атаулар. Мысал ретінде қарапайым күнделікті өмірде қолданылатын «базар жоқ», «сындырды», «лапша ілді», «құлақтан тепті», «картопты жарды», «тартыл», «қуады екенсің», «бітіп қалдым», «лақтырып кетті», «жыртты», «қоянның суретін салып кетті», «қораға кірді», «балта қадады», «өшті», «мат қылды», «ат екенсің», «күлкіден қырылып қалды»,«шашып тастады», «менің артымды жабыңдаршы», «әрі ойна», «қашып кетші», «қума» т.б. сөздер мен сөз тіркестерін жиі естиміз. Осы сөздерді қолданушылардың дені жастар. Енді бұл сөздердің мағынасын ашып, негізгі нұсқасын анықтап көрейікші. Базар жоқ — айтуға сөзім жоқ, тамаша, өте жақсы, керемет; сындырды : екі мағынасы бар, мысалы: жігіт қызды сындырып алды десе, онда ол жігіт қыздың көңілін өзіне аударды, келісімін алды, қаратты дегенді білдіреді. Ал егер, ақша сындырды десек, онда күшпен ақша жинап алды деген ұғымды береді. Лапша ілді, құлақтан тепті, қоянның суретін салып кетті — алдап кетті, сазға отырғызды; картопты жарды — қатырды; тартыл — қатарға қосыл, кел; бітіп қалдым (батыс жақта) — ғашық боп қалдым; жыртты — өз дегеніне жетті, мақсатына қол жеткізді, таң қалдырды; қораға кірді — сәтсіздікке ұшырады; мына қыз «ат» екен — мына қыз керемет сұлу екен; прикол ұстады — мазақ етті, келеке қылды; мат қылды, өшірді — жеңді, тоқылдамашы — сөз тасыма, құлақ — аңқау деген сияқты мағыналарды береді.
5) кірме жаргондар: «степуха», ««перваш», «втораш», «super», «ok», «forever», «общяга», «шпор», «универ», «прикол», «комик», поточка, сушняк, старшак, крутой, тема, лох, супер-пупер, тупой, инет, хата, сотка .
6) мәнсіз жаргондар: «бірбаштар», «екібаштар», споки-чмоки, пуки-пуки, чики-чики, чики-пуки, трали-вали .
7) аралас жаргондар: « маяк таста », единица ату немесе единица салу, шашлык атшы, бәрі OK, селфилатпадық па?
Студенттік жаргондардың көбі — өзгертілген ресми атаулар. Қазіргі студент сөздеріндегі қолданылатын жаргондарды бірнеше тақырыптық топтарға бөлуге болады: оқу, оқу пәндері, уақыт, студенттік өмірдің қолданысындағы заттар, студенттік тұрмыс, оқытушылар және олардың психологиялық қасиеттері т.б. Әртүрлі жаргондық атауларды студенттер өз өмірлерінде маңызды орын алатын заттарға, адамдарға, уақыт кезеңдеріне қояды.
Студенттік жаргондардың көпшілігі оқыту құралдарына және тәртіпке қатысты пайдаланылады. Егер де оқытылатын пән атауы бір сөзден тұрса, студенттердің тілдік қарым-қатынасында философия, тарих, риторика, лексикология, фонетика, грамматика, т.б. тәрізді өзгертілмеген күйінде қалады. Егер ол бірнеше сөзден құралса, универбаттар қолданылады. Мысалы, хандық дәуір (хандық дәуір әдебиеті), қысқарған сөздер: ҚҚТ (қазіргі қазақ тілі) және эллиптикалық сөз тіркестері (редукцияланған) әдеби тіл (қазақ әдеби тілінің тарихы), стиль (қазақ тілі стилистикасы), т.б.
Жастар жаргондарын қарастыра келе, олардың синонимдес, антонимдес, омонимдес болып келетіндігін де байқадық.
Синоним болып келетін жастардың жаргон сөздері:
1) құлаққа лапша ілу // құлақтан тебу — алдау деген мағынаны білдіреді;
2) «маяк тастау» // «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу;
3) тормозы ұстап қалу // зависать ету — бөгеліп қалу;
4) базар жоқ // әңгіме жоқ — сенімді болу;
5) крышасы бар //танкасы бар — қолдау көрсететін ағасы бар;
6) лақтырыпкетті// қоянныңсуретінсалып кетті // қатырып кетті — тастап кетті, алдап кетті;
7) единица ату // единица салу — ұялы телефонға бірлік салу;
8) Super // тема — керемет.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы мәнде келетін жастардың жаргон сөздері:
1) Перваш — старшак;
2) Крутой — лох;
Омоним болып келетін жастар жаргондары:
1) Құлақ (аңқау) — құлақ (сөз жеткізуші, тыңшы);
Бітіп қалдым (шаршадым) — бітіп қалдым (ғашық боп қалды).
Жастардың киім кию үлгісі мен тәртібі сияқты олардың сөйлеу тілі де басқа әлеуметтік топ өкілдерінен өзгешеленіп тұрады. Жастар жаргондары осының нақты айғағы болып табылады.
Жаргонизмдер табиғатына зер сала отырып, олардың барлығы бірдей төменгі стиль туғызатын сөздер емес, белгілі бір әлеуметтік топтар тіліндегі жасырын мағыналы сөздер екенін түсіндік.
Әдебиет:
- Қазақ тілі. Энциклопедия. — Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998.
- Цибизова О. В. Современный молодежный жаргон: проблемы лексикографического описания. — Автореф.дисс.... к.ф.н. Архангельск, 2006.
- Аюшеев Б. Б. Студенческий жаргон как социальный диалект этнической Бурятии. Автореф.дисс.... к.ф.н. Улан-Удэ, 2006.