Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №37 (379) сентябрь 2021 г.

Дата публикации: 10.09.2021

Статья просмотрена: 783 раза

Библиографическое описание:

Жумагельди, И. К. Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы / И. К. Жумагельди, С. Е. Тапанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 37 (379). — С. 166-168. — URL: https://moluch.ru/archive/379/83987/ (дата обращения: 16.11.2024).

Ғылыми мақалада инновациялық, мультимедиалық, цифрлық журналистикаға толық сараптамалық талдаулар жүргізіліп, зерттеудің бүгінгі күннің өзекті де маңызды тықырыпқа құрылғандығы айқындалады.

Негізгі нәтижелері. Мақалада заманауи коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері, қоғам мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникация жүйесін орнату тетіктері толық зерделенеді.

Зерттеу өзектілігі. Өзгерістер заманында, цифрлық дәуір орнаған заманда медиа нарық мобильді сипатқа ие болуы қажет. Сол себепті адам танымастай трансформацияға ұшырап бара жатқан ақпараттық қоғамның тың, креативті мүмкіндіктерін дер кезінде игеру қажет.

Түйін сөздер: мультимедиа, цифрлық технологиялар, конвергентті журналистика, ақпараттық қоғам, жаңа медиа.

В научной статье проведен подробный анализ инновационной, мультимедийной, цифровой журналистики, выявлена актуальность и значимость исследования на сегодняшний день.

Основные результаты. В статье подробно изучаются новые возможности современных средств коммуникации, механизмы установления эффективной системы коммуникации между обществом и СМИ.

Актуальность исследования. В эпоху перемен, в эпоху цифровых технологий медиарынок должен иметь мобильный характер. Поэтому необходимо своевременно осваивать новые, креативные возможности информационного общества.

Ключевые слова: мультимедиа, цифровые технологии, конвергентная журналистика, информационное общество, новые медиа.

Бүгінде ғылыми технологияның қарыштап дамыған дәуірінде коммуникация ұғымы көпшілікке таңсық емес, санаға сіңісті түсінік болып кеткен. Латын тілінен енген бұл терминнің аудармасы «communicatio» — жалпы жасаймын, байланыстырамын деген мағынада келеді [1].

Біз қоғамдағы қатынастарды әлеуметтік коммуникация деп ұғынуымыз керек. Коммуникация — бұл жанды және жансыз табиғат жүйесі арасында ақпарат алмасу барысындағы байланыс. Қазіргі журналистиканы, масс-медиа құбылысын ақпараттық қоғам, киберкеңістік, ақпараттық орта, виртуалдық реалдылық контексінде қарастыру керек. Ғаламтор осы бұқаралық аудиторияны өзіне қаратуы жағынан еш ақпарат құралын алдына салар емес. Мұндай жылдамдық бұқаралық коммуникация және ақпарат құралдары тарихында болып көрген емес.

Зерттеудің өзектілігі. Жалпы коммуникациялық байланыстың тарихи формаларының қалыптасу кезеңдері бүгінгі күнге дейін әркелкі орын алып отырған. тілдің, яғни сөйлеу өнерінің пайда болған кезеңін — бірінші, яғни алғашқы коммуникациялық төңкеріс деп, жазу өнерін — екінші төңкеріс, Гуттенбер баспа станогы пайда болған кезеңді — үшінші, электронды коммуникацияның, телеграф, радио, телевидениенің, компьютердің қолданысқа енген кезеңін көп ғалымдар — төртінші революциялық кезең деп атайды. [2]

Жоғарыда айтып өткен төртінші революцияға тән ерекшеліктер адамдар үшін дәстүрлі медиадан тысқары шығып, қоғамдық импульс калыптастыруға орасан мүмкіндік тудырды. Бұл кезеңді ғылымда «медиалық коммуникация» деп атайды. Демек, ендігі кезекте медиа ақпаратты «өндіруші» мен «тұтынушы» болып бөлінбейді. Себебі, жаңа коммуникация жетістіктері кез келген тұлға үшін тиісті деңгейде жағдай жасап отыр. Оның айқын дәлелі масс медиадағы — интерактивтілік. Интерактивтілік пен ашықтық медиаиндустриядағы монополияның жойылуына ықпал болды. Адамдар өз алдына таңдау жасап, «ақпарат орталығы» ретінде қызмет ете алатын дәрежеге жетіп отыр.

Демек, мультимедиялық байланыс жүйелері — ақпаратты тез арада бере алатын, ақпараттық қоғам келбетін түбегейлі өзгертетін, жаңа өркениеттің қалыптасуына ықпалдасатын бағыт ретінде дамып келеді. Дегенмен, журналистиканың әлеуметтік мақсаттары да, қоғамдағы рөлі де, атқаратын қызметі де сол қалпында. Журналистика қоғам айнасы ретінде қызмет етуін жалғастыра береді. Мұндағы басты өзгеріс, автор мен қоғам арасындағы байланыстың, ақпарат тарату жолдарының өзгеріске ұшырағандығында. Ал, мұның барлығы ең алдымен, әлеуметтік желі, интернет әлемі арқылы жүзеге асатыныдығы белгілі.

Бүгінгі таңда заманауи медиаға қатысты көптеген ойлар, пікірлер қалыптасуда. Ең негізгілеріне тоқталар болсақ [3]:

– Бұрындары адамдар ақпаратқа қол жеткізуде шектеулі нысандарды — газет, журнал, радио, теледидарды пайдаланса, қазір әрбір екінші адам өзіне қажетті дербес ақпарат құралын арнайы сайт, арна, желі арқылы тауып, оқи алады.

– Дербестендірілген коммуникациялық контекст рөлінің артуы. Контент қанша жерден сапалы, өнімді болғанымен, ол көрермен, оқырман назарына дер кезінде жетпесе, өзектілігін жоғалтады. Геосервистердің пайда болуы — БАҚ мүмкіндіктерін кеңейте түсті.

– Жаңалықтың ыңғайлылығы. Егер бұрындары адамдар танымал басылымдарды оқу үшін газет дүңгіршектерінің алдында кезекке тұрса, бүгінгі масс-медиа коммуникация арналарын бір жүйеге топтастырып отыр.

– Медиа тұтынуды «ақпараттық ағын» ретінде ұйымдастыру. Виртуалды ақпаратты тарату кеңістігі бүгінгі, кешегі, не болмаса ертеңгі деп бөлінбейді. Мұнда тек «осы жерде және қазір» деген ұғым ғана бар. Бұрын адамдар оқыған жаңалығына немесе көрген материалына қатысты пікірін, редакцияға хат жазу арқылы білдіріп отырса, ал қазір кез келген адам бір ғана батырманы басу арқылы шыққан жаңалыққа қатысты пікір қалдырып, автордың өзімен тікелей байланысқа шыға алады.

Қазіргі медиа нарықта әлеуметтік желілердің шағын және үлкен топтамалары бар. Олар блогофплатформалардан, видеохостинг, фотохонстинг арналарынан тұрады. Олардың арасындағы әлеуметтік байланыс өзара өте ұқсас келеді.

Тыңдаушы, көрермен, оқырмандардың барлығы тәулік бойы онлайн болуға мүмкіндік алды. Зерттеулерге сүйенер болсақ, әрбір екінші адам күнделікті өмірін әлеуметтік желідегі парақшасына кіріп, жаңалық оқудан бастайды екен. Қазіргі таңда кез келген адам бұқаралық ақпарат құралдарын келесідей тәсілдердің көмегімен өзінің ұялы байланыс телефоны арқылы бақылай алады: браузер немесе арнайы сайт, браузерге қарағанда жылдам істейтін мобильді қосымшалар, әлеуметтік желіге орналастырылған посттар, мессенджерлер, браузерлер арқылы [4].

Адамзат үшін қолжетімді түрге айналып бара жатқан интернеттің даму қарқыны, жаңа технологияның үздіксіз прогресске ұшырауы — БАҚ тарапынан төмендегідей өзгерістерді күтеді: 24/7 форматында, яғни, тәулік бойы сұранысқа сай ақпаратты жылдам әрі оперативті түрде тарату; шыққан ақпаратқа барынша сараптамалық анализдің жасалуы; материалдың барынша мультимедиалық тәсілмен көркемделуі; журналистермен тікелей байланысқа шыға алу мүмкіндігі.

БАҚ-тағы мультимедиатизацияның орын алуына түрткі болған негізгі себептердің бірі, ол әрине, тұтынушы тарапынан жасалатын сұраныстың жаңа сипатқа ие болуы. Тарих көрсеткендей, ешбір инновация бос жерде пайда болмайды — ол қоғам тарапынан туындаған сұранысқа сәйкес пайда болады. Мәселен, ақпаратты сақтау қажеттілігі кітап басып шығарудың пайда болуына алып келді; қашықтан сөйлесу, байланыс орнатуға деген қажеттілік — телеграфтың, содан кейін телефонның пайда болуына алып келсе, ал, қозғалып келе жатқан бейнелерді түсіру қажеттілігі кино мен теледидардың пайда болуына алып келді. Сол секілді мультимедиалық БАҚ-та жоқ жерден пайда болған жоқ.

Бүгінгі күні медиатұтынушының өз алдына таңдауы бар. «Цифрлық орта» үнемі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді ұсынуда. Мәселен, көпшілігіміз үшін жақсы таныс «СМАРТ ТВ» бірегей арнасы. СМАРТ ТВ — теледидарға тікелей Интернеттен бейне қабылдауға мүмкіндік беретін технология. Бұл үрдіс телекөрермендерді хабар тарататын арналардан, эфирлік немесе кабельдік операторлардан тәуелсіз етуге ықпалдастық жасап отырғандығына тағы бір дәлел бола алады [5].

Сонымен, мультимедиа, цифрлық орта дегеніміз — коммуникация құралдарының әр түрлі тәсілдерінің, яғни, заманауи технологияның көмегімен қоғам мүддесі үшін ақпарат таратуы [6].

Қорытынды. Әлеуметтік желі түрлерімен үздіксіз байланысқа түсіп отыратындықтан, БАҚ үшін аудиторияға ұсынған ақпараттарының қайсысы көбірек әсерлі болғандығын, қаралым жағын, адамдарға ненің ұнайтынын, ұнамайтынын білу маңызды. Осының барлығы аудиториямен виртуалды жүмыс істеу кезіндегі қателер мен ең тиімді құралдарды анықтауға көмектеседі.

Сәйкесінше, замануи медиа өнім, сапалы дүниелер шығарылады. Сондықтан журналистика мен бұқаралық коммуникация мамандық ретінде жойылмайды, тек оның қолданыс аясы арнайы коммуникация құралдарының көмегімен кеңейе түседі деуге болады.

Әдебиет:

  1. Барлыбай С. Д, Рахманқұлов Е. С «Қазақстандағы және әлемдегі жаппай коммуникация». — Алматы, 2013 жыл, 148 б.
  2. Ибраева Д. М. Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның заманауи медиа коммуникациясы. — Алматы, 2015, 321 б.
  3. Ділмұратов Б. К. «Қазақстандағы медиакеңістік: зерттеудің негізгі бағыттары» -
  4. Әлімбеков Т. О. Қазақстан Республикасының жаңа ақпараттық кеңістігі.— Алматы, 2018, 367 б.
  5. Маклюэн М.И, Лиз Т, Джексон Б. Жаңа медиа: теория мен практикаға жаңа көзқарас. — Оксфорд университеті, 2019, 91 б.
  6. Гербнер Д. Ж, Гросс Л.О, Джексон Б. М. Основы цифрового медиа пространства— Лондон, 2009. — С. 176–177.
Основные термины (генерируются автоматически): коммуникация, медиа, бар, информационное общество.

Ключевые слова

мультимедиа, цифрлық технологиялар, конвергентті журналистика, ақпараттық қоғам, жаңа медиа

Похожие статьи

Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми — теориялық негіздері

Мақалада ақпараттық технологиялар көмегімен бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінің тиімді әрі түсінікті өтетіні анықталған. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі-мұғалімге мектептегі оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылар...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту бойынша е-ресурстар

Мақалада Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту бойынша Е — ресурстарды дамытуға қойылатын талаптар баяндалған, бұл оқушылардың білімін жақсартуға ықпал етеді. Әлемдік қоғам жаңа өркениеттік кезеңге көшуде, ол қоғамдық өмірдің барлық салаларында ақпарат...

Шеттілдік білім беруде академиялық жазылым құзыретін қалыптастырудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мағынасы мен мазмұны

Мақала шеттілдік білім беруде студенттердің академиялық жазылым құзыретін қалыптастыру мәселесіне бағытталған. Білім алушылардың академиялық жазылым кезінде қиындыққа тап болуы бұл жанрдың өзіндік стилінің ерекшеліктерін, академиялық стильге жататын ...

Саяси процестерге «әлеуметтік боттардың» әсері

Ақпараттық соғыс заманында дәстүрлі медиамен қатар, жаңа медиа, оның ішінде әлеуметтік желілер қолданысы өте үлкен қолданыста. Осы ғылыми жұмыс әлеуметтік желідегі ресми ақпараттан бөлек әлеуметтік боттар жұмысының әсерінің маңызы мен нәтижелілігін к...

Ұлттық-аймақтық компонент шетел тілін оқытуда әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде

Мақала шет тілін оқыту үдерісіне ұлттық-өңірлік компонентті интеграциялау арқылы білім алушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне арналған. Автор көркем әдебиеттің аудармалары, мәдениет туралы шетелдік мақалалар,...

Мектеп таңдау курстардың рөлі және «Дифференциалдық теңдеулер көмегімен математикалық модельдеу» курсты құрастыру туралы

Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Бұл қажеттіліктерді жалпы мектептерде толық күйде қанағаттандыра алмайды. Алайда қызы...

Lorawan технологиясындағы Алматы қаласының көліктерінен дерек жинау арқылы ақылды бағдаршам прототипін құру

Бұл зерттеу жұмысы Алматы қаласының транспорт жүйесінің көлік қозғалысына негізделген. Диссертациялық жұмыстың мақсаты бағдаршамның интелектуалды адаптивті басқару жүйесін дамыту. Зерттеу барысында қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі негіздел...

Үлкен көлемді сақтау және өңдеу әдістері растрлық форматтардағы кеңістіктік деректер

Мақала есептеу желісі ортасында таратылған географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Мұндай шешім кеңістіктегі деректердің үлкен көлемін (big data) сақтау және талдау мәселесін шешуді талап етеді. Таратылған ГАЖ қасие...

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымында заманауи басқару технологияларын енгізу тетіктері

Бұл мақалада мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік компаниялар пайдаланатын персоналды басқарудың заманауи технологияларын қолдану тәжірибесі қарастырылады. Осы орайда ғылыми ізденістің нәтижесі бойынша заманның ағымына...

Задать вопрос