Зоофразеологизмдерді оқытудағы АКТ-ның рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №45 (387) ноябрь 2021 г.

Дата публикации: 06.11.2021

Статья просмотрена: 50 раз

Библиографическое описание:

Курманаева, А. Ж. Зоофразеологизмдерді оқытудағы АКТ-ның рөлі / А. Ж. Курманаева, А. К. Айдарханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 45 (387). — С. 321-323. — URL: https://moluch.ru/archive/387/85174/ (дата обращения: 20.12.2024).

Мақалада зоофразеологизмдерді ақпараттық коомуникациялық технологиялар арқылы оқытудың прогрессивті жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, ғылыми тұжырымдамалар негізінде ақпараттық кооммуникациялық технологиялар түрлеріне анықтама берілді.

Кілт сөздер: зоофразеологизм, инновация, педагог, технология, компонент.

В статье предложены прогрессивные пути обучения зоофразеологизмов посредством информационных коммуникационных технологий. Кроме того, на основе научных концепций были даны определения видам информационных коммуникационных технологий.

Ключевые слова: зоофразеология, инновация, педагог, технология, компонент.

Фразеологизм — көне грек тілінен аударғанда «тұрақты тіркес» деген мағынаны білдіреді. Ал зоофразеологизм деп «үй жануарларына негізінде туындаған тұрақты тіркестердің синтезін» айтады. Қазіргі қазақ тіл білімінде зоофразеологизмдерді АКТ-ы арқылы оқыту аса маңызды боп саналады. Қазақ әдеби тілінде зоорфразеологизмдердің алатын орны ерекше. Зайырында, ит терісін басына қаптады, қой аузынан шөп алмас, ат салды, өгіз аяң фразеологизмдерінің семантикасын оқушыларға түсіндіруде — ақпараттық коммуникациялық технологиялар катарсистік қызмет атқарады.

Біз осы тұрақты тіркестерді компьютер тіліне енгізу жолында ақпараттық технологиялардың сан түрімен танысып үлгердік. Назыры, Online Test Pad, Coogle test, Classroom, Kahoot, Plickers, ZipGrade, Quizlet, Class Dojo, Prezi, Survio.com, Padlet, Wordwall, Google Hangouts жүйесі зоорфразеологизмдерді оқытуда өте тиімді құралдардың қатарына жатады. Бұл ақпараттық технологиялар алтын уақытты дұрыс ұйымдастырып қана қоймай, оқушының функциональдық білімін қалыптастырады. Сөзіміздің айқын дәлелі ретінде әрбір жаһандық технологияның дидактикалық қызметіне тоқталып өтерлік:

Online Test Pad — нарықтық қоғамның озық технологиялардың бірі. Аталмыш бағдарлама цифрлық жүйеде сапалы тест құрастыруға мүмкіндік береді. Мұғалім онлайн форматта сұрақтар тізбегін құрастыру негізінде өткен тақырыпты пысықтайды. Бұндай тест формасын жоғарғы сынып оқушыларына қолдануға әбден болады.

Coogle test — құрылымы жағынан онлайн тестке ұқсас, бірақ жұмыс істеу мазмұны басқа АКТ-ының белсенді компонентті. Оқытушы берілген бағдарламаны зоофразеологизмдерді оқытуда да пайдалана алады. Мәселен, үй жануарлары негізінде пайда болған фразеологизмдерді табыңыз деген логикалық һәм конструктивтік сұрақтар қойып, оқушының гноеологиялық білімін арттырады.

Classroom — оқушылармен қандай да бір мәселені талқылауда тиімді технология түрі. Мұғайында, зоофразеологизмдерге арналған мәтіндік жұмыстарды, яки, практикалық тапсырмаларды классруумға сақтау еш қолайсыздық тудырмайды. Классруум технологиясын проблемалық оқыту жүйесінде кеңірек пайдаланған жөн. Мәселен, үй жануарларына қатысты фразеологизмдерге арнап бір құжат құруға болады. Оқушылар құжат ішінен зоофразеологизмдер жазылған көрнекіліктерді сабақ барысында пайдаланып, практика мен теорияны шебер ұштастырады. Зоофразеологизмдер туралы белгілі бір түсінік қалыптастырады.

Kahoot — Норвегиялық университеттің студенттері ойлап тапқан ақпараттық технологияның үздік өнімі. Бұл инновациялық өнім викториналар мен тесттерді ойын технологиялары арқылы жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Платформаны сабақта қолдану үшін интербелсенді тақта мен ғаламтор желісі қажет. Kahoot жүйесін зоофразеологизмдер тақырыбын бекіту сабақтарында қолданған тиімді боп саналады.

Plickers — аралас оқыту жүйесінде қолданылатын сенсорлық бағдарлама. Оқытушы онлайн форматта тест құрастырып, үлестірме карточкаларды тағайындайды. Жауаптар А,Б,С деген атаумен геометриялық фигуралы карточканың әрбір бұрыншына белгіленеді. Мұғалім сұрақ қойған кезінде оқушы дұрыс деп санайтын бұрышты жоғары көтереді. Оқушының жауабы кью-ар кодпен сканерленеді. Осылайша, білім алушының академиялық деңгейі бағаланады. Бағдарламамен жұмыс істеу туралы қосымша ақпаратты ресми сайттан ала аласыздар.

ZipGrade — тест жауабын жылдам анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама болса, ал Quizlet — жаңа сөздерді оқытуда қолданылады. Дәл сол сияқты Class Dojo, Prezi, Survio.com, Padlet, Wordwall қосымшалары да — сапалы сабақты ұйымдасыруға мүмкіндік туғызады.

Google Hangouts — онлайн конференциялар ұйымдастыруда өте ыңғайлы. Инфрақұрылымы зуум қосымшасымен бірдей болып көрінгенімен, смарт-мониторы әлдеқайда кең боп табылады.

Жоғарыда келтірілген барша технологиялар құнды ақпаратты синхронды түрде сүзгіден өткізуге һәм қабылдауға үйретеді. Ол берілген дидактикалық тапсырмаларды логикалық заңдылықтар шеңберінде орындатып, білім алушының шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіреді. Нарықтық заманда бәсекелестікке қабілетті болудың маңызын жақсы түсіндіреді. Әлқисасы, оқушы жаңа технологиялардың тәлімгерлігінің арқасында сөздік қоры мен танымын байытады. Қоғамдық өмірге ерте бейімделеді. Сөзімізді қорытындылай келе, зоофразеологизмдерді оқытуда АКТ-ның алар рөлі зор демекпіз.

Әдебиет:

  1. Костангельдинова А. А., Касенова Б. Р., Айдарханова А. К. Қоғамды ақпараттандыру процесінде АҚТ — ның ықпалы / / «Шоқан оқулары-19» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. — 2015.
  2. Курманаева А. Ж. Ұстаздықтың биігіне бойлаған / / Арқа ажары газеті. — 2020. — № 5 (18341) — 4 б
  3. Курманаева А. Ж. Жаңа форматтағы мұғалім қызметінің ерекшеліктері / А.Курманаева, Б. Б. Секенова / / Ұлағат журналы. — 2020.

Ключевые слова

инновация, технология, педагог, компонент, зоофразеологизм

Похожие статьи

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Геодинамикалық нысандарды геодезиялық мониторингтеудің дәлдігін жоғарылату

Мақалада Орталық Қазақстанда орналасқан кен орындарында Satbayev University ғалымдарының геодезиялық және аэроғарыштық технологиялар негізінде жұргізіп жатқан ғылыми жұмыстарының нәтижелері келтірілген.

Ресей мен Қазақстан орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқытуды талдау

Мақалада орта мектептегі информатиканың қалыптасу тарихы қарастырылады. Информатиканы оқытуда Қазақстанның және Ресейдің орта мектептеріндегі модельдеу негіздерін оқыту жүйесі талданады.

Мектеп математикасын оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану

Мақалада мектеп оқушыларына математиканы оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі туралы айтылады. Оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары көрсетілген.

Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту бойынша е-ресурстар

Мақалада Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту бойынша Е — ресурстарды дамытуға қойылатын талаптар баяндалған, бұл оқушылардың білімін жақсартуға ықпал етеді. Әлемдік қоғам жаңа өркениеттік кезеңге көшуде, ол қоғамдық өмірдің барлық салаларында ақпарат...

Зиянды URL мекенжайлары және оларды анықтау әдістері

Мақалада зиянды URL мекенжайы тақырыбы зерттелген. Зиянды URL мекенжайларының түрлері және де оларды анықтаудың қара тізімге енгізу, машиналық оқыту, эвристикалық әдістері талданған.

Экологиялық туризмнің құқықтық негіздері

Мақалада экологиялық туризмнің мәні және қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы айтылады.

Информатика пәні бойынша мобильді қосымша жасау және пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

Мақалада информатика пәнін оқытуда мобильді қосымшаларды жасау және пайдаланудың ерекшеліктері қарастырылады. Мобильді қосымшалармен оқыту арқылы мектеп оқушыларының білім алуға қызығушылығын арттыру және мобильді құрылғылардың мүмкіндігін білім алуд...

35/10 кВ қосалқы станциясының қорғаныстың алгоритмін жасау үшін техникалық диагностика және логикалық алгебра әдістерін қолдану

Мақалада авторлар 35/10 кВ қосалқы станциялардағы режимдер мен жағдайларды ток арқылы диагностикалау мүмкіндігін және логикалық алгебраны релелік қорғаныста қолдану мүмкіндігін көрсетеді.

Инновациялық білім берудегі оқушылардың метатанымдық қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары

Берілген мақалада инновациялық білім берудегі оқушылардың метатанымдық қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары қарастырылады.

Задать вопрос