Абайдың қара сөздерін ағылшын тіліне аудару кезіндегі лексикалық мағынасының сақталуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №3 (398) январь 2022 г.

Дата публикации: 16.01.2022

Статья просмотрена: 695 раз

Библиографическое описание:

Керимбаева, Б. Т. Абайдың қара сөздерін ағылшын тіліне аудару кезіндегі лексикалық мағынасының сақталуы / Б. Т. Керимбаева, Е. О. Есенбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 3 (398). — С. 405-407. — URL: https://moluch.ru/archive/398/87936/ (дата обращения: 16.11.2024).

Бұл мақалада Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» ағылшын тіліне аудару барысында өзгеріске ұшыраған сөздер мен сөз тіркестерін түпнұсқасымен салыстыра отырып, лексикалық түрлендірулердің іс жүзінде қолданылуы көрсетілген. Абай Құнанбаевтың философияға толы, әлі күнге дейін зерттеліп келе жатқан үлкен туындысы «Қара сөздердің» үзінділері мен сөйлемдері авторлардың талдау жұмысының негізі болып алынды. «Қара сөздерді» талдау кезінде алдымен лексикалық трансформациялардың қолданылуы көрсетіледі, яғни түпнұсқадағы сөйлемдердің ағылшын тіліне аудару кезінде сипаттамалық аударма және транслитерация қолданылады. Зерттеу барысында аударма жұмысын жүргізу кезінде барлық аудармашыларға бірдей бірнеше талаптар қоюылуы керек екендігі анықталды. Себебі кез келген шығарманы аудару барысында лексикалық мағынаның сақталуы — әр аудамашыға қойылатын негізгі міндет болып табылады. Сол себептен түпкі мағынаны сақтау үшін аудармашы автордың негізгі ойын сезініп түсінуі керек. Сонда ғана аударма жұмысы дұрыс аударылып, өз оқырмандарына түсінікті, қызықты және мағыналы болып жетеді, сонымен қатар үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз. Сол үшін де аудармашылар аудару үрдісінде жалпылау, алмастыру, кірістіру секілді түрлендірулерді пайдаланатындарын осы мақаладан байқасаңыздар болады.

Түйін сөздер: қара сөз, аударма, аудармашы, лексикалық мағына, жалпылау, алмастыру, кірістіру.

В данной статье показано практическое использование лексических преобразований, сопоставление слов и словосочетаний, претерпевших изменения при переводе «Слов назидания» Абая Кунанбаева на английский язык, с оригиналом. За основу аналитической работы авторов взяты фрагменты и предложения «Словa назидании» великого философского, до сих пор изучаемого произведения Абая Кунанбаева. При анализе «Словa назидании» сначала указывается использование лексических трансформаций, то есть при переводе предложений в оригинале на английский язык используется описательный перевод и транслитерация. В ходе исследования было установлено, что при проведении переводческой работы ко всем переводчикам необходимо предъявлять несколько одинаковых требований. Потому что сохранение лексического значения при переводе любого произведения основная задача каждого переводчика. Поэтому, чтобы сохранить конечный смысл, переводчик должен чувствовать и понимать основную мысль автора. Только тогда переводная работа будет правильно переведена и станет понятной, интересной и содержательной для своих читателей, а также будет пользоваться большим спросом. Из этой статьи видно, что переводчики используют в процессе перевода такие преобразования, как генерализация, замена, добавления.

Ключевые слова: слово назидание, перевод, переводчик, лексическое значение, генерализация, замена, добавления.

Кіріспе. Аудармашы өзі аударатын автордың ерекше стилін түсінуі және сезінуі маңызды. Автордың тілінен басқа тілді қолдана отырып, аудармашы автордың эмоциясы мен сезімдерін, стилі мен ерекшеліктерін көрсетуі керек. Алайда, бұл тек стильді қамту үшін жеткілікті ме? Немесе аудармашылардың алдында басқа да қиындықтар бар ма? Осылайша, біз аудармашыларға бастапқы мәтінді оның түпнұсқалығы, лексикалық мағынасы, оны аударудың ең жақсы нұсқасы ретінде өңдеу әдістері мен процедуралары тұрғысынан шешу үшін қандай талаптар қойылады деген сұраққа тоқталамыз.

И. Р. Халпериннің пікірінше, аударманың стилистикалық проблемаларына бірнеше тұрғыдан қарауға болады: тілдік стильдер, олардың ерекшеліктері, мақсаттары мен өзара байланысы; сөздердің стилистикалық мағынасы; стилистикалық әдістер, олардың табиғаты мен құрылымы, олардың экспрессивті функциясы; стилистикалық мақсаттар үшін тілдік құралдарды бөлу және олардың назар аудару функциясы [1; 24].

Абай біздің алдымызда тек ақын, прозашы, ойшыл ретінде ғана емес, ағартушы, көрнекті қайраткер, сонымен қатар жоғары дәрежелі аудармашы. Сондықтан қазіргі аудармашылар өзге халық ұлттары Ұлы Абайдың туындыларының барлық тереңдіктерін білуі және түсінуі үшін дұрыс аударуы керек.

Шын мәнінде Абайдың аудармашы ретіндегі рөлі орасан зор. Ол «Евгений Онегин” үзінділерін, Лермонтовтың бірқатар өлеңдері — «Демон», «Парус», «Кинжал», «Выхожу один я на дорогу», «Дары Терека» және Крыловтың оннан астам ертегілерін қазақ тіліне аударды.

Абайдың өз халқы алдындағы ең үлкен еңбегінің бірі — алғаш рет қазақтарды Пушкин поэзиясымен таныстыруы. Бүтін қазақ ұрпағы Абайдың аудармаларының арқасында Пушкин өлеңдерімен танысты. Абай аударған үзінділердің алғашқысы Татьянаның хаты болды. Абай Пушкин өлеңдерінің аудармашысы ретінде ғана емес, сонымен бірге олардың белсенділікпен насихаттаушы. Абай Татьянаның хатын аудара отырып оған ән жазды. Мұхтар Әуезовтің айтуынша, Пушкин поэзиясы қазақтар үшін түсінікті тілде болуы үшін әуендетуді қажет етті. Нәтижесінде Абайдың оырндауындағы Татьянаның хаты әуені қазақ даласына кеңінен тез таралды.

Негізгі бөлім.

Абай шығармаларын аударушының жұмысының бірінші кезеңі — зерттеу-түсіну кезеңі болып табылады. Бұл кезең — ақынның философиялық дүниетанымының ерекшеліктерін, оның эстетикалық құндылықтарының жүйелерін түсіну кезеңі. Көптеген аудармашылар осыған мән беріп елемейді.

Проза деп аталатын жазу жанры бар. Абай өзінің шығармашылық эволюциялық өмірінде жеке тұлға және қоршаған әлем туралы проза жазады, онда адамдарға деген өз сезімдерін және өмір туралы жеке ойларын білдіреді. Мысалы, біз қара сөздерінен бастай аламыз. Оның көрнекті сөздері әлі күнге дейін зерттеліп келеді, олар қазақ халқының өмірін және ерекше ойлау тәсілін бейнелейді.

Бірінші қара сөзі.

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік . Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін көрдік. [4]

Абай өз сөздерін философиялық, дидактикалық тұрғыда қолдануды ислам дінінің діни шарттары тұрғысынан қарастырған. Осылайша ол өз сөзінде көп сөзді қолданудан аулақ болады. Өз кезегінде оның сөздері күнделікті өмірдегі цитаталармен қатар әдеби қолданыста мақал-мәтелдерге айналды.

Алайда келесі аудармада контекстің экспрессивтілігін дамытатын « a lot and enough »дегеннің орнына « travelling a long road fraught » арқылы білдірілген алмастыру әдісіне жататын лексика-семантикалық аударма қолданылған. Сонымен қатар, « at my elderly age » дегенді білдіретін тіркес бар және ол « t hese advanced years to find myself at the end of my tether » деген тіркеспен берілген.

Ағылшын аудармасы.

Whether for good or ill, I have lived my life, travelling a long road fraught with struggles and quarrels, disputes and arguments, suffering and anxiety, and reached these advanced years to find myself at the end of my tether , tired of everything. I realized the vanity and futility of my labors and the meanness of me existence. [3]

Оның сөздеріндегі сөзжасам идеясы кейбір нақты ойларға қатысты. М.Авесов 1933 жылы сөздің маңыздылығы сөздің абсолютті әуеніне емес, ислам дінімен де, таныммен де, білім мен өнермен де үйлесетін философиялық тұрғыда екенін атап көрсеткен [2:38].

Бесінші қара сөзі.

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлытып, буынды құртып, иә көзден жас болып ағады, иә тілден сөз болып атылады. [4]

Ағылшын аудармасы.

Sorrow darkens the soul, chills the body, numbs the will, and then bursts forth in words and tears. [3]

Кейде тілдің кейбір лингвистикалық факторлары бар, олар аудармашылар үшін үлкен қиындық тудыруы мүмкін. Мұндай қиындық келесі сөйлемде кездеседі. Аудармашылар ағылшын тіліндегі аудармамен күресу үшін «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді» сөзінің антонимдік аудармасын қолданды. Ағылшын тіліндегі аудармасында « Sorrow darkens the soul » болады. Бұл да аударудың алмастыру әдісінің бір мысалы болып табылады.

Тиісінше аудармашы түрлендірудің әр түрлерін және аударудың түрлі әдістерін қолданатынын атап өткен жөн. Алайда, Абайдың қара сөздеріне келгенде, ой үйлесімін түсінуден басқа моральдық сабақтарды жеткізудің жолдары жоқ. Демек, келесі қара сөзін түрлендірудің жалпылау түрі арқылы аударуға болады.

Жиырма екінші қара сөзі.

Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? [4]

Ағылшын аудармасы.

Biys cannot be honoured because there are no such. Biy should be independent, and those whom we see today, are not free to dispose of even their own wealth. [3]

Егер қазақ тілінде Абай сөзбе-сөз «мал» дегенді білдіретін мал сөзін қолданса, ағылшын тіліне аударуда автор оның орнына байлық мағынасында «wealth» сөзін пайдаланып отыр.

Жалпылау — мәндері ұқсас мағыналас сөздерді жалпылау үшін қолданылатын лексикалық түрлендірудің бір түрі. Бұл әдетте мағыналары жалпы ұқсас екі немесе одан да көп сөйлемдердің бір сөйлемге өзгерген кезінде көрініс табады.

Жиырма бірінші қара сөз.

Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. [4]

Ағылшын аудармасы.

He who desires acclaim from his tribe will strive for plaudits from his nearest and dearest. [3]

Аудармашы лексикалық түрлендіруде қосымшаларды қолданып, аударма барысында түпнұсқада қолданылған ортақ семантикалық мағынадағы сөздерді шет тілінде түсіргенімен, контекстен оңай қалпына келтіруге болады. Түпнұсқада аудармашы «ағайын» сөзін қолданса, ағылшын тілінде …his nearest and dearest деген сөз тіркесін қолданып, іс жүзінде тіркесте қолданылатын жақын синониммен бірдей лексикалық мағынаны білдіретін dearest сөзін қосқан. Аудармашы аудармадағы мәтінді синхронды ету мақсатында бұл түрлендіруді пайдаланды.

Лексикалық жағынан фразеологиялық бірліктер әдеби шығармада маңызды орын алады, өйткені олар мәдениет пен тіл ерекшеліктерін білдіреді. Арнайы фразалар және идиомалармен көбінесе тек сауатты аудармашылар ғана айналыса алады. Демек, олар аудармада негізінен алмастырулар мен модификацияларды пайдаланады. Мысалы, қазақтың «буынды құртып» этникалық идиомасы басқа мәдениеттерде сирек кездеседі. Сонымен, мұндағы міндет контексттің лексикалық мағынасын жақсы өзгертуі мүмкін идиоманың кейінгі нұсқасын немесе жай ғана фразеологиялық бірлікті табуды талап етеді.

Қорытынды. Осылайша, біз Абайдың жазушылық стилін тек ақын және аудармашы ретінде ғана емес, сонымен қатар қазақ өміріне енгізілген дана сөздері мен сөздері арқылы көрінетін саясат пен философияның табысты адамы ретінде де зерттеу қажет деген қорытындыға келдік. Оның поэзиясы түсі мен сауаттылығы күшті, сонымен қатар әуезді және жұмбақ. Біз "Ұлы Абай”деп жиі айтамыз. Бірақ оның ұлылығы неде екенін әркім түсіндіре ала бермейді. Бұл — Абайдың туындылары терең мағыналы, философиялық астары бар жазбалар екендігінін айғақ дәлелі. Абайдың шығармашылығын оның дәуірінің контексінде қарастыру қажет деп айтуға болады. Сонымен қатар осы кезеңде қалыптасқан мәдениет оның ақын ретінде әдеби қызметін де дамытты және құрылды. Біздің жүрегімізде әлі күнге дейін өмір сүретін Абайдың шығармалары санамызды жаулап алғандықтан, олар мәңгі өмір сүреді. Шын мәнінде, Абай — даланың ұлы ақыны, қазақ поэзиясын философиямен байытқан алғашқы адам.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Халперин И. Р. 1977. Кишинев.: «Жазушының тілі мен стилін талдау туралы. Мақалалар жинағы»; Штиинца, 24 б.
  2. Әуезов М. О. 1967. «Абай Құнанбаев. Ғылыми мақалалар мен зерттеулер». Алматы. 38 б.
  3. Абай Құнанбаев, 2005. «Абай: Қара сөз кітабы». Семей: Халықаралық Абай клубы, — 184 б.
  4. Абай Құнанбаев, 2007. «Қара сөз» «Сөздер кітабы» Лондон: ЭЛЬ-Бюро. (ред.1995).
Основные термины (генерируются автоматически): абай, мена, Пушкин, английский язык, лексическое значение, переводчик.

Ключевые слова

аударма, қара сөз, аудармашы, лексикалық мағына, жалпылау, алмастыру, кірістіру

Похожие статьи

Айтыстағы шешендік өнердің қызметі

Билер мен айтыскерлердің шешендік өнерінің ерекшеліктерін салыстырмалы талдауға арналған мақала қазіргі кезде де өзекті болып отыр, өйткені ертерек олардың шешендік өнері бөлек зерттелген. Автор билер өнерінің кейбір қырларының өзіндік ерекшелігін сө...

Салауатты өмір-салтын ұстанатын ҚазҰМУ студенттерінің ОДҚ салыстырмалы түрде бағалау

Зерттеу мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайының студенттің физикалық жұмыс қабілеттілігі мен жаттығуының деңгейіне тәуелділігін анықтау. Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу нысаны: Зерттеуге 50 студент қатысты. Олардан екі топ...

Қазіргі кездегі болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері

Бұл мақалада қарастырып отырғанымыз, болашақ ұрпақтың жеке қабілетіне қарай дамуы мен қабілетін, дарындылықты арттыруда мұғалімнің маңыздылығына тоқталамыз. XXI ғасырдағы алдыңғы қатардағы дамыған ел — білімді, белсенді, шығармашыл азаматтар. Яғни, б...

Жүсіп Ақшораның «Саясаттың үш түрі» еңбегі және оның маңызы

Жүсіп Ақшора (1876–1935) жылдар аралығында өмір сүрген татар жазушысы, журналист, тарихшы. Түркішілдік идеяны таратушы, Түркі дүниесі мен оның құрамындағы халқы үшін орны бөлек қайраткер болып табылады. Жүсіп Ақшораның түркішілдік көзқарастағы еңбект...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Қазақстандағы мамандық атауларының құрылымындағы англицизмдер

Жаһандану үдерісіне байланысты ағылшын кірме сөздері қоғамда қалыпты жағдайға айналды. Кез келген тіл өзге тілдермен әрекеттесу арқылы дамиды және халықтың сұранысына орай өзгеріп отырады. Оның себебі әлемдік экономиканың, медицинаның дамуы, халықар...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Абайдың «Қара сөздеріндегі» сопылықтың моральдық негіздері

Биыл Абай атамыздың туылғанына 176 жыл болмақ. Ұлы дана Абай атамыздың мерей тойына байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, халықаралық және Республикалық конференциялар жоспарланған болатын. Дегенмен әлемдегі жұртшылықтың иманнан безіп, Тәңірін ұмы...

Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары

Мақала «Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризм дамыту мақсатындағы, округтің даму бағыттары мен жолдары» тақырыбын зерттеуге арналады. Мақала Қазақстан Республикасының жалпы туризм жағдайын және Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша туризмнің қазір...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Задать вопрос