Қазақстандағы мамандық атауларының құрылымындағы англицизмдер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №7 (402) февраль 2022 г.

Дата публикации: 17.02.2022

Статья просмотрена: 93 раза

Библиографическое описание:

Турсынташова, Ж. Т. Қазақстандағы мамандық атауларының құрылымындағы англицизмдер / Ж. Т. Турсынташова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 7 (402). — С. 286-287. — URL: https://moluch.ru/archive/402/88906/ (дата обращения: 18.12.2024).

Жаһандану үдерісіне байланысты ағылшын кірме сөздері қоғамда қалыпты жағдайға айналды.

Кез келген тіл өзге тілдермен әрекеттесу арқылы дамиды және халықтың сұранысына орай өзгеріп отырады. Оның себебі әлемдік экономиканың, медицинаның дамуы, халықаралық туризм, ғаламтордың әсері болып табылады. Қазіргі кезде кірме сөздер тіл білімінің негізгі мәселесіне жатады және отандық ғалымдар оны зерттеу нысаны ретінде алып отыр. Замануи мамандық атауларының пайда болуы қазақ тілінің тілдік экспансияға ұшырауының бір дәлелі. Кірме сөздердің тілімізде пайда болуының себептеріне тілдік құрамда сәйкес ұғымның болмауы, жаңалылықтың әсерлігі, ұзақ сөйлемді немесе тіркестерді бір сөзбен жеткізу қажеттілігі жатады.

Мақала мамандық атауларының құрылымындағы заманауи ағылшын кірме сөздерінің ерекшеліктерін анықтауға арналған.

Кілтті сөздер: кірме сөздер, англицизмдер, мамандық атаулары.

В связи с процессом глобализации английские слова стали нормой в обществе.

Любой язык развивается путем взаимодействия с другими языками и меняется в зависимости от спроса населения. Причиной является развитие мировой экономики, медицины, международный туризм, влияние интернета. В настоящее время заимствованные слова относятся к основной проблеме языкознания и воспринимаются отечественными учеными как объект ее исследования. Появление современных названий профессий свидетельствует о том, что казахский язык подвержен языковой экспансии. К причинам появления в нашем языке заимствованных слов можно отнести отсутствие соответствующего понятия в языковом составе, впечатлительность новизны, необходимость передать одним словом длинное предложение или словосочетание.

Статья посвящена выявлению особенностей современных английских заимствованных слов в структуре названий профессий.

Ключевые слова: заимствованные слова, англицизмы, названия профессий.

Тұңғыш Президенттің тапсырмасына орай енгізілген үш тілділік тілімізде көптеген өзгерістердің ұшырауына себеп болды. Қазіргі уақытта ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда, ол жоғары әлеуметтік мәртебеге ие және әлемдік тіл ретінде қызмет ету аясын кеңейтуде. Ағылшын тілінен енген кірме сөздерді англицизмдер деп те атайды. С. И. Ожегов сөздігінде англицизмге мынадай анықтама берілген: «Англицизм — ағылшын тілінен енген немесе ағылшын тілін негізге ала отырып қалыптасқан сөздер немесе сөз тіркестері. [1, 30 б]

Бұқаралық коммуникацияның үздіксіз дамып келе жатқан мүмкіндіктерімен байланысты қазіргі ақпараттық қоғамдағы жаһандық өзгерістерді ескере отырып, бұл өзгерістер өмір сүру жағдайларына ғана емес, ең алдымен ойлау тәсіліне, қазіргі адамның қабылдау жүйесіне және оның тіліне әсер ететінін есте ұстаған жөн.

Л. П. Крысин кірме сөздердің ену себептерін төмендегідей бөліп айтты:

  1. Жаңа затты, жаңа құбылысты атау (кино, радио, такси)
  2. Мағынасы жақын, бірақ әртүрлі ұғымдарды ажырату (страх –паника)
  3. Бір салаға байланысты ұғымдарды мамандандыру (вывоз-экспорт)
  4. Ұғымды сөз тіркестерімен емес, бөлінбейтін бір сөзбен атау қажеттілігі (снайпер-меткий стрелок)
  5. Алынған тілде белгілі бір пәндік салаға, кәсіптік ортаға қызмет ететін және осы терминдерді алу көздері жағынан азды-көпті таралған терминдердің қалыптасқан жүйелерінің болуы.
  6. Шет тіліндегі сөзді беделді, әдемі дыбыс ретінде қабылдау. [2, 146–147 б]

Ал М. А. Брейтер өзінің зерттеулерінде мынадай себептерді атап өтті:

  1. Тілдің танымдық базасында тиісті ұғымның болмауы
  2. Затты нақтылау және толықтыру
  3. Шет ел мәдениеті мен дәстүрінің әсер етуі
  4. Кейбір англицизмдер айтылуы жеңіл, тезірек және нақтырақ естілуіне байланысты ана тілді сөздерді ығыстырып шығарады [3, 37 б]

Жаңа сөздердің ену процесінің жылдам жүретіні сонша, зерттеулер көп жүргізілгенмен, ауызекі тілде болып жатқан өзгерістерге ілесе алмайды. Тіл әрқашан қоғамның сұранысына тез және икемді жауап береді. Кірме сөздер халықтар мен мемлекеттер арасындағы байланыстардың, қарым-қатынастардың нәтижесі болып табылады. Қазірде англицизмдерді спорт, экономика, мәдениет, саясат, бұқаралық ақпараттар тағы басқа қызмет салаларында кеңінен қолданылады.

Қазақстанның дамуына байланысты соңғы жылдары заманауи мамандық атаулары пайда болуымен қатар, ескі мамандықтар жаңа атауға ауыстырылып жатқаны байқалады. Бұл жерде газеталар, жарнамалар, теледидар, жұмыспен қамту сайттарында шет елдік сөздер мен англицизмдерді кеңінен қолданыла бастағанын айтқым келеді. Мәселен: супервайзер, тютор, эдвайзер , курьер және т. б. Бұл жаңалылық қоғамда түсініспеушілік тудыруы мүмкін, өйткені жаңа сөздердің мағынасы баршаға таныс емес.

Қазақстанда заманауи атаудағы мамандықтардың пайда болуына мынадай себептер әсер етуде:

— халықаралық серіктестік, медицина, бизнестің дамуы, шет ел компанияларымен жұмыс істеу жаңа жұмыс орындарының ашылуы: сейлз менеджер, веб-редактор, лашмейкер, проект менеджер, бьюти-кеңесші.

қоғамда бұрын болған, қазірде беделінің өсуіне байланысты заманауи атауға ие болған мамандықтар: клинингер, карщик, архивариус, хостес, нэйлмастер.

— кәсіби қызметтер мен лауазымдардың жаңа атауларының вариативтілігі: киім дизайнері, интерьер дизайнері, фитодизайнер,PR менеджер, HR менеджер.

интернетте онлайн табыс таба алу мүмкіндігі қоғамда жоқ жаңа мамандықтардың пайда болуына әкелді: SMM маманы, мобилограф-сторисмейкер, криэйтор.

Ал кірме сөздердің тілге енуі туралы М. А. Брейтер мынадай жолдарын айтып өткен: [3, 55–56 б]

  1. Тікелей берілген кірме сөздер, яғни бастапқы формасын сақтап, еш өзгеріссіз енген сөздер. Мәселен: контент менеджер (content manager) — сайтқа мәтіндік, графикалық, басқа да ақпараттармен толықтырып отыратын маман; трейдер (trader) — биржада бағалы қағаздарды сатумен, сатып алумен айналысатын маман; рекрутер (recruiter) компанияға мінсіз кадрларды іздейді, интервью алады, бос орындарға талаптар жазатын маман; батлер (butler) — қонақ үйде белгілі бір қонаққа немесе нөмірге қызмет етуге тағайындалған маман; мерчендайзер (merchandiser) сауда желілерінде жұмыс істейтін, өз тауарын жарнамалайтын компанияның өкілі; раннер (runner) даяшы көмекшісі; криэйтор — жаңа жарнамалық идеяларды әзірлеуге және жүзеге асыруға жауапты тұлға; ресечер (researcher) — интернет желісінде резюме жинаумен айналысатын тұлға; сорсер (sourcer) белгілі бір дереккөздерінен мамандар іздейтін тұлға,тек қана ақпаратмен жұмыс жасайды; [4]
  2. Гибридтер, яғни ана тілінің ерекшелігіне байланысты жартылай фонологиялық, морфологиялық өзгеріске ұшыраған сөздер. Мысалы: референт-аудармашы (referent translator) — құжаттар мен хаттардың кәсіби аудармасын, сондай ақ компания жұмысы туралы есептер дайындайды; SMM маманы (SMM specialist) — әлеуметтік желіде компанияның немесе брендтің жарнамасымен айналысатын маман; карщик (car) тиегіш механизмін жүргізетін тұлға; IT маманы/айтищник (IT specialist) ; стретчинг тренері (stretching trainer) — адамның бұлшық еттерінің икемділігін, сезімталдығын жақсартатын жаттығулармен айналысатын маман; бьюти кеңесші (beauty consultant) — парфюм, бет күтімі, аксессуар және т. б. ақпарат беретін маман. [4]
  3. Компазиттер, яғни екі англицизмнің бірігуі арқылы жасалынып, өзге тілге енген сөздер. Мәселен: фрилансер (freelancer) — ресми жұмыс орны, уақыты бекітілмеген дербес жұмысшы; лэшмейкер (lash maker) — кірпікті ұзарту бойынша кәсіби маман ; нейлмастер (nail master) — маникюрдің қыр-сырын білетін маман; сторисмейкер (stories maker) — Instagram желісінде сторис түсіру арқылы брендті жарнамалайтын маман; беллбой (bellboy) қонақ үйде келген қонақтарды күту, нөмірді көрсетумен айналысады; фитодизайнер (phytodesigner) — бөлмелер мен интерьерді гүлдер мен басқа да өсімдіктер композицияларымен безендіретін маман ландшафты; медиабайер (media buyer) — түрлі ақпараттық платформаларда жарнаманы насихаттау және орналастыру бойынша маман; хендмейдер (handmader) қол бұйымдарымен айналысатын маман. [4]

Қорыта келе, интернет желісіндегі жарнамалардан алынған заманауи кәсіптердің жоғарыда аталған барлық мысалдары қазақ тілінде өзгерістер болып жатқанының айқын дәлелі. Жаһандану жағдайына байланысты кірме сөздердің тілімізде көбеюі қалыпты үдеріске жатады және ол тоқтаусыз жүруде. Көптеген мамандық атаулары ертеден таныс болғанмен, қазірде басқа атаумен танымал. Мәселен, гүл сатушы қазірде флорист деп аталса, тазалаушы - клинингер және сол сияқты. Дегенмен, тілімізге енген сөздердің орынды пайдалануын мұқият назарға ұстанған дұрыс, өйткені шет ел сөздерін теріс пайдалану оқырмандарға немесе тыңдаушыларға түсініспеушілік туғызады, мәтіннің негізгі түсіну мақсатынан алшақтатады. Еліміздің ұлттық ерекшелігін, құндылығын жоғалтпау үшін тіліміздің бірегейлігін сақтағанымыз жөн.

Әдебиет:

  1. Ожегов С. И. Словарь русского языка — под ред. Н. Ю. Шведовой.-14 изд.-М.: Рус. яз.,1983 г.
  2. Крысин Л. П. Иноязычные слова в современной жизни // Русский язык конца ХХ столетия. — М.: 1996.
  3. Брейтер М. А. Англицизмы в русском языке: история и перспективы: Пособие для иностранных студентов-русистов. — Владивосток, Диалог-МГУ, 1997 г.
  4. https://hh.kz/
Основные термины (генерируются автоматически): SMM, маман, мена, менеджер, немес, русский язык, слово.

Ключевые слова

кірме сөздер, англицизмдер, мамандық атаулары

Похожие статьи

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Жайық өзені алабының техногенді ластануы мәселелері (Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты мысал ретінде)

Құрлықтың су ресурстары шектеулі болып табылады, бұл өсіп келе жатқан тұтынуды ескере отырып, уақыт өте келе әлеуетті даулы жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін. Жайық өзені Еуропаның ірі өзендерінің бірі болып табылады. Мақалада Жайық өзені алабын...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс

Бұл жұмыстың өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің өзгеру жағдайларына байланысты. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандардың қажеттілігі, өсіп келе жатқан қоғамның қажеттіліктерімен байланысты. Шет тілі сабақтарында тұлғаға бағытталған әдісті қолдану за...

Абай облысы, Бесқарағай ауданы «Оразхан» шаруа қожалығы жағдайында амарант өсіру технологиясы

Мал шаруашылығының тұрақты жем-шөп базасын құруда сүрлемдік дақылдар маңызды рөл атқарады. Ірі қара малдың жылдық рационының 30 %-ға жуығын, ал қысқы қорек кезеңінде 50 %-ға дейін сүрленген жем құрайды. Мал азықтық дақылдарды силостаудағы басты мәсел...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Оқу нәтижелерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру өлшемдері

Мектеп тарихында білімді қатаң жеке есепке алу жүзеге асырылған және осы мәселе бойынша алғашқы маңызды ғылыми жұмыстар пайда болған сәттен бастап білімді тексеру және бағалау үш негізгі функцияны атқаратыны анықталды: бақылау, оқыту және тәрбиелеу. ...

Задать вопрос